Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ашық сабақ
2013-11-13, 8:59 AM
Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжі
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Ана тілім – ардағым. Буын. Тасымал.»
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: Студенттерге ана тілінің қасиеті туралы, буын және тасымал, олардың ерекшеліктері туралы түсінік беру.
2)Дамытушылық: Өзіндік жұмыс жүргізуге, ойын жүйелі, дәлелді, жоспарлы жеткізуге дағдыландыру, сөйлеу тілін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3)Тәрбиелік: Студенттердің бойында отансүйгіштік және елжандылық қасиеттерді қалыптастыру, мемлекеттік тілді қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндірмелі, ой қозғау, сұрақ- жауап, кластер әдісі
Сабақтың көрнекі құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, слайд, кітап көрмесі
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.

Сабақтың эпиграфы:
«Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ» (Н.Назарбаев)

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Студенттермен амандасу
2. Кезекшімен сұхбат.
3. Топты «Аманат» және «Мұрагер» топтарына бөлу.

ІІ.Өткен тақырыпты сұрау:
Үй тапсырмасын сұрау.
1-топқа тапсырма:
ҚР тіл туралы Заңы туралы айтып беру.
2-топқа тапсырма:
Әнұранның авторларын атаңыз.
1-топқа тапсырма:
ҚР мемлекеттік елтаңба туралы қысқаша мәлімет беру.
2-топқа тапсырма:
ҚР мемлекеттік туы туралы қысқаша мәлімет беру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
1- кезең. «Ана тілім- ардағым» ойтолғау. Студенттер өздері жазған ойтолғауларын оқиды.
2- кезең. «Ана тілі» бейнежазбасы.
3- кезең. «Жаңа сабақты түсіндіру. («Ана тілім» әні ойналады)

Ана тілім - ардағым

«Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі тағдыры емес, ертеңгі тағдыры»- дейді Бауыржан Момышұлы.
Адам сияқты ұлттың да жаны бар. Оның тілі мен жаны табиғи тығыз байланысты. Тілінен айырылған халық міндетті түрде ұлттық қасиетінен айырылады және жоғалады. Біріншіден, ол – қатынас құралы. Әр халық өкілдері бір- бірінің ойын ең алдымен, ана тілі арқылы түсінеді, бір –бірімен ана тілінде сөйлейді. Екіншіден, әр адам ана тілінде оқып білім алады, тәрбиеленеді, өнер үйренеді, халықтың тарихы мен әдет- ғұрпымен танысып, тұрмыс- тіршілігін танып біледі.
Адам баласы дүниеге келіп, есі кіре бастағаннан – ақ адамдық қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер әсер- күйін ана тілінде ұғып үйренеді.
«Ана тілім менің, Сен маған ризасың ба білмеймін, бірақ менің тілегім сенсің, сені мақтан етемін» - деп жырлайды ақын Расул Ғамзатов.
«Уа, туған тіл... ата- анамның тілі. Ең әуелі осы тілмен шешем бесікті тербеген, ұзақ түнге әжем менің хикаялар сөйлеген. Уа, туған тіл, әр уақытта көмегіңмен бір сенің, Сәби күннен сезілетін шаттығым менің»- деп тебіренеді Ғабдолла Тоқай.

4- кезең. «Мәтінмен жұмыс». Мәтінді оқып, түсініктерін айту. Сұрақтар дайындау.
5- кезең. Жаңа сөздермен жұмыс. Жаңа сөздерді буынға бөлу, түрін анықтау.
Ана тілі –родной язык
Тағдыр- судьба
Ұлт - нация
Қатынас құралы- средство общения
Адамдық қасиеттер- человеческие качества
Уақыт- время
6- кезең. Буын, тасымал туралы түсінік беру.

Буын
Сөздегі дауысты мен дауыссыз дыбыстардың дауыс толқынымен бөлшектеніп айтылатын тобын буын дейміз. Сөз ішінде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар:
• Ашық буын - Дауыссыздан басталып, дауысты дыбысқа бітеді немесе тек дауысты дыбыстан тұрады.М. а-та
• Тұйық буын - Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітеді. Көбінесе бірінші буында кездеседі. М. ет, ұл-ан
• Бітеу буын- Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын. М. жер, қас-қыр.

Тасымал

Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы арқылы екінші жолға тасымалданады.
Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт,т.б.
2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды.: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т.б.
3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды:А.Құнанбаев, М.Әуезов, С.Торайғыров, Г.Дулатова, т.б.
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11-сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз,
70 км, 52 кг, 120 г, т.б.
5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ, т.б.

7- кезең. «Кім жылдам?» сайысы. Буынға бөліп, буын түрлерін анықтау қажет.
1-топқа:
табыс, өрік, оймақ, жапырақ, әнұран, табақ, үй;
2-топқа:
ата, қамал, жүйрік, от, белбеу, дұрыс, аманат;
8 – кезең. «Тапқырлық» деп аталады. Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Бал тамған тілден ... (у тамған).
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар)
4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ)
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең)
10. Тіл қылыштан ... (өткір).
11. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
12. Тілден артық ... (қазына жоқ).
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді).
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде).
15. Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл).
16. Өнер алды - ... (қызыл тіл).
17. Айтылған сөз - ... (атылған оқ).
18. Жылы-жылы сөйлесең, жылан да ... (інінен шығады).
19. Басқа пәле - ... (тілден).
20. Білім кілті - ... (тіл).
9- кезең.
Поэзиялық үзіліс. Студенттер өлең оқиды.

10- кезең. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» сайысы. Екі топқа сөздер таратылады, сол сөздермен өлең құрастыру керек.

1- Топқа
Ана тілім
Дана
Құдіретті
Мақтаныш

2- Топқа
Тіл
Қазына
Білім
Сыйлау

11- кезең. «Бұл кімнің сөзі?» ойыны.

12-кезең. «Ана тілім- ардағым» тақырыбына дайындалған бейнежазбалар мен слайдтарды тамашалау.Сабақты пысықтау. Кластер әдісі бойынша тақырыпты қорытындылау.

Үйге тапсырма: «Ана тілім - ардағым» шығарма жазу.
Бағалау кезеңі

Қорытынды:
Оқытушы: Ана тіліміз қазір де үлкен өріске жол тартты. Дегенмен «Ана тілі – қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес, көкірегімізге жазатын кез жетті. Олай болса, біздің мақсатымыз – ана тілімізді қадірлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.
Қымбатты шәкірттер! Өзіңнің байлығы, сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тілің бар екенін ұмытпа! Ана тіліңнің көсегесін көгерту, мәртебесін өсіру, баянды ету ендігі жерде өздеріңе байланысты. Оқу – білім, еңбек жолында ана тіліңнің қамқоршысы бола біл!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: абуся
Просмотров: 3037 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-30, 3:36 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru