Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«АСТАНА – АРМАН ҚАЛА. ШЫЛАУ СӨЗДЕР» АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ – 9 СЫНЫП
[ Скачать с сервера (9.3 Kb) ] 2014-01-12, 11:27 PM
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШҚО БОРОДУЛИХА АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ «КАМЫШЕНКА ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
«АСТАНА – АРМАН ҚАЛА. ШЫЛАУ СӨЗДЕР»
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ – 9 СЫНЫП
Құрастылған: Бекбулатова Б.К., қазақ тілі мен әдебиетінің І санатты мұғалімі
САБАҚ ЖОСПАРЫ

9 сынып

Сабақ тақырыбы: Астана-арман қала. Шылау сөздер.
Мақсаты:
1.Білімділік: Отанымыздың Елордасы жайлы ілімдерін кеңейте отырып, ұлттық құндылықтарымызды тани білу, оқушыларға шылау арқылы сөздер мен сөйлемдер бір-бірімен байланыс жасайтынын түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін толықтырып, түрлі тапсырмалар арқылы ойлау, қазақша сөйлеу, таза да, көркем жазу қабілеттерін, сөйлем құрай білу дағдысын дамыту.
3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, қаламызды сүюге, аялауға тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ түрі: жаңа ұғымды қалыптастыру.
Оқытудың әдісі: сұрақ-жауап әдісі, жұптық және жеке жұмыс түрлері.

САБАҚ БАРЫСЫ:
1. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Амандасу. 2.Түгендеу. 3. Сыныпты сабаққа даярлау.

2. Балалар, бүгінгі сабақ көңілді өтуі үшін, бір-бірімізге қарап, сәттілік тілейік. Өте жақсы, балалар! Ал енді қазақ тілі сабағына назарымызды аударайық. Мен қазір сендерге бір сурет көрсетемін, сол сурет арқылы біз бігінгі сабақтың тақырыбын табамыз. Балалар, бұл сурет не туралы? Астана – бұл бүкіл қазақ елі армандаған қала, қазір бұл біздің мақтанышымыз, әсем, нұрлы , көркейіп келе жатқан қала.
Сабақ бастамай, қаланы картада көрсету, бұл қала қандай жерде орналасқан?
Ой шақыру стратегия бойынша оқушылардың білімдеріне сүйене отырып, тірек сызба дайындау. Дәптерінді ашып, бүгінгі күнді жазайық.
ХХІ ғасыр қаласы
1998ж.10 маусым-
Сарыарқа жері АСТАНА түсаукесер тойы.
1832ж. 1998ж. 6 мамыр
негізі 1961ж. 1992ж. тарихи 1997ж. 10 желтоқсан Астана деп
қаланған Целиноград аты Ақмола Ақмола жаңа астана белгіленді.

3. Видиоролик бойы сұрақтар арқылы жаңа сабақты бекіту.

4. Сабақтың екінші бөліміне көшеміз: лексикалық тақырып. Қазір сөзжұмбақ шешіп, тақырып атын атаймыз. 1. Батыр қол бастайды, шешен сөз бастайды.
2. Кітап – ғылым,тілсіз мұғалім.
3. Ғылым теңіз, білім қайық.
4. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
5. Ағайын алтау, ана біреу.
5. Жаңа сабақ. Шылау.
Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермер үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін. (Абай)
Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. (Ғ.Мұстафин)
Бұл мысалдардағы үшін, мен деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және термек сөздеріне мақсат мән үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір-бірімен салыстыра байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр. Сөйтіп шылау:

• Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;
• Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;
• Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;
• Шылаулар түрленбейді
Шылаулар атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді:
Септеулік Жалғаулық Демеулік
(шылаулар жазылған плакат ілінеді)

6. Бекіту: 136б., берілген шылауларды топқа бөліп жазу:
Септеулік Жалғаулық Демеулік
Үшін, арқылы, дейін, шейін және, өйткені, бірақ ма, ме, соң, бен, ба, бе

7. Тест:(10 сұрақ) Үлгі бойынша бір-бірін тексереді, бағалайды: 0-1 қате – «5», 1-2 қате – «4»,
3-5 қате – «3», 6-10 қате – «2»

8. Рефлексия: Астана туралы берілген сурет артында,бес жол өлең құррастыру.

9. Қорытындылау, бағалау.

10. Үйге тапсырма: 135б., 1-тапсырма, 137б., ереже жаттау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Bakyt
Просмотров: 3482 | Загрузок: 114 | Рейтинг: 4.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 6:51 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru