Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ашық сабақ 6 сынып "Астана қаласы"
[ Скачать с сервера (66.0 Kb) ] 2014-01-22, 8:44 PM
Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы. «Көмекші есімдер».
Сабақтың мақсаты: «Менің қалам» модуль бойынша
Білімділік: білімдері мен түсініктерін кеңейту, көмекші есімдерді
практикалық жолмен меңгерту.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: туған жеріне деген сүйіспеншілігін, туған қаламызға патриоттық мақтаныш сезімін туғызу, бір-біріне көмек беруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімілеу, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, «Астана» мәтін бойынша слайдтар, карточкалар, тест сұрақтары.
Сабақтың ұраны: «Біле бер қанша білсең тағы білесің
Жетерсің мақсатыңа біле-біле» /Жүсіп Баласағұн/

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі./ кезекшінің есебі/
- Балалар, бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Қонақтарға не көрсетулерің керек?
- Қонақжайымызды.
- Қалай?
- Жақсы білімімізді көрсетсек, қонақтар демалып қайтады.
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызын мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне, балалар, ғұлама ақындарымыздың тілі- қазақ тілі сабағын бастаймыз.
/Сабақтың тақырыбын , мақсаттарын хабарлау.
Сабақта жаңа сөздермен танысамыз, сөздермен және сөз тіркестерімен сөйлем құраймыз, көмекші есімдердің түрлерін ажырата біліп , сөйлемдерде дұрыс қолдана білуіміз керек .
ІІ. Үй тапсырманы тексеру. /Ізденіс жұмыс /
Үйге берілген тапсырманы кім орындады? Туып өскен жеріміз, туған қаламыз туралы не біліп келдіңдер?
ІІІ. Жаңа тақырыппен жұмыс.
1. Грамматикалық тақырып
Жарайсыңдар. Енді жаңа тақырыппен танысайық. Грамматикалық тақырып . Көмекші есімдер.
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және жаңа тақырыпты жазыңдар.
1.Көмекші есімдер дегеніміз не?
2.Қандай көмекші есімдерді білесіңдер?
( Балалар көмекші есімдерді атайды)
( үсті,асты,алды,қасы, жаңы, арты,іші)

1.( Көмекші есімдерге жатыс септігінің жалғауын жалғаңдар)
2.сөз тіркестер құрастыру.
3. Сөйлем құрастыру.
(Тақтада жұмыс.)
6-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.
Қаланың ортасында, дәріхананың қасында, театрдың алдында, саябақтың ішінде, үйдің үстінде, көше бойымен,ауылдың маңында, қала сыртында, үстел басында, олардың арттарынан , теміржолдың үстімен.
ІҮ. Сергіту сәті
2. Лексикалық тақырып.
Енді балалар бүгінгі сабақтың Лексикалық тақырыбын білу үшін мына сөзжұмбақты шешейік:
А л м а т ы
С Ы н е с і м
Т а б ы с
А н ы қ т а у ы ш
Н е ш і н ш і
а с т ы қ қа
1 қазақстанның бірінші астанасы
2 заттың сынын, түсін,түрін білдіретін сөз табы?
3. ны,ні,ды,ді қай септіктің жалғауы?
4. ілік септігіндегі сөз сөйлемде қандай қызмет атқарады?
5. реттік сан есімнің сұрағы?
6. Қостанай облысы неге бай?
Балалар сендер Қазақстанның неше астанасы болғанын білесіңдер ме?
Қазақстанның тұңғыш астанасы – Орынбор қаласы , екінші астанасы- Қызылорда қаласы, үшінші астанасы – Алматы қаласы болған.( слайд арқылы осы қалаларды көрсету )Ал 1997 жылы 20 қазанда Ақмола Қазақстан Республикасының астанасына айналды.Ал 1998 жылы Ақмола қаласы Астана қаласы деп аталды.
Сабақ бастамас бұрын өздерің дайындап келген қала туралы шығармашылық жұмыстарыңнан бастаймыз.
Балалар өздері алдын – ала дайындап келген көрнекіліктерін пайдаланып, Астана қаласы туралы сөз қозғайды.
Өте жақсы. Бүгін біз Астана қаласы туралы қаншама деректерді білдік.
-Презентация
3. Кітаппен жұмыс
Ал енді балалар, бүгін біз сабағымызды жас қала, әсем қала, бейбітшілік қаласы Астана қаласымен танысамыз. (72 бет, 2-тапсырма)
Мәтінді оқымас бұрын сөздіктермен танысайық.
Жаңа сөздер:
Тұрғын – житель
Орталық – центр
Ғимарат – здание
Бой көтерді – выстроились
Қасиетті – священный
-Сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару.
-Дұрыс айтуға дағдыландыру.
-Сөз тіркестерін құру.
-Сөйлем құру.

Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып, түсіну.
Мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қойыңдар. Әр оқушы кезекпен оқып, аударту.
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана.
Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан .
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы,Парламент үйі, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Жастар сарайы,
көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би,
Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында бес жұлдызды “Алатау” қонақ үйі салынды.
Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.
Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.
Астана – болашағы үлкен қала.

-Көмекші есімдерді өзі байланысып тұрған зат есімдермен бірге теріп жазыңдар.
(Есіл өзенінің бойында, уақыттың ішінде ,Парламент үйінің алдында, Қаланың ортасында)
III. Грамматикалық бөлім. Дәптермен жұмыс.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңдар.
Парламент үйі қаланың ортасында тұр. Көшенің бойы... ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сырты... орналасқан. Мектептің қасы... үлкен саябақ бар. Саябақтың іші... қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр. Саябақтың қасы... жаңа тұрғын үйлер салынған. Ескерткіштің арты... үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алды... әдемі гүлдер егілген.
5-тапсырма. Өлеңді жаттап алу.
5-өлең құрастыру.
1. Астана
2. Бас,әсем
3. Орналасқан, тұр,бар
4. Астана- бас қала Сарыарка жерінде орналасқан.
5.Елорда

Сабақты бекіту.Оқушыларға сұрақ қою
1.Қазақстанның неше астанасы болған?
2.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінді орналасқан?
3.Есіл өзеннің бойында қандай ғимараттар бар?
4.Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерткіш бар?
5.Астана қаласында неше астам ұлт өкілдері тұрады?
Тест.
1.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан.
а) Сарыарка б) шығыс в) батыс с )оңтүстік
2.Астана қаласының рәмізі:
а)ту б)елтаңба в)әнұран с)Бәйтерек
3.Астана .... қала:
а)көне б)ескі в)бас с)таза
4.Астана – Қазақстан Республикасының нешінші астанасы
а) бірінші б) алтыншы в) екінші с) төртінші
5.Астана қаласының тұсаукесер тойы:
а)1998 б)1991 в)1997 с)1995
6.Астананың бұрынғы аты:
а)Ақтобе б)Алматы в)Ақмола с)Орал
7.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
а)Еділ б)Есіл в)Қарасу с)Жайық
8.Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?
а )100 –ден астам б) 130-дан астам в). 200-ден астам с.) 50-ден астам
9.»Астана-столица Казахстана» аудармасын тап:
а)Астана күшті қала б)Астана-Қазақстанның астанасы в)Астана-Қазақстан қаласы с)Астана жас қала
10.Астананың туған күні:
а)6 шілде б)10 шілде в)10 маусым с)6 маусым

Жауабы:1.а 2.с 3.в 4. С 5.а 6.в 7.б 8.а 9.б 10.а
VI. Балалар білімін бағалау.
VII. Үйге тапсырма. Қ.Мырзалиевтің «Астана» өлеңін жаттап келу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: OspanovaSS | Теги: Ашық сабақ Астана қаласы
Просмотров: 3073 | Загрузок: 141 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 9:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru