Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақстан – біздің Отанымыз
2014-06-12, 4:09 PM
Тақырып: Қазақстан – біздің Отанымыз.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
М. Мақатаев
Мақсат: Оқушылардың қос тілдік мәдениетін қалыптастыру
Міндеттер:
1. Білімділік: Қазақстан елінің жері, рәміздері, тіл саясатын, тәуелсіздік жолындағы белестерге тоқталып, оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін тудыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың алдындағы өткен сабақтарды қайталай келіп, ойларын қорыта біліп, ауызекі еркін жеткізуін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік : Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті сездірту. Патриоттық сезімді ояту.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту әдісі.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтадағы слайдтар, тірек сызбалар, Құрманғазының күйі.
Сабақтың барысы
Қайырлы күн құрметті қонақтар, әріптестер және балалар! Балалар, бүгін біздің сабақ ерекше түрде өтеді, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Ал сіздерден тілейтініміз білім, дағды және жақсы көңіл-күй. Көңіл - күйлеріңіз қалай? Өздеріңіздің көңіл – күйлеріңізді көрсетуге сіздерге «Көңіл – күй сөздігі» көмектеседі. Экранға назар аударайық. Өздеріңе ұнаған сын есімді таңдап алып, сөйлем ішінде пайдаланыңдар.
Ойын «Көңіл – күймен алмасу»
1. Оқушы: Мен өз көңіл –күйімді үміт ететін деп айта аламын, өйткені бұл сабақтан мен білімімді көрсетіп, жақсы баға аламын деп үміттенемін.
2. Оқушы: Ал менің көңіл –күйім сабырлы. Мен қиындықтан, қателесуден қорықпаймын, себебі жаңашылдықты жақсы көремін.
3. Оқушы: Менің көңіл –күйім көтеріңкі. Мен қазақ тілі мен ағылшын тілін үйренуді жақсы көремін. Бұл сабақтарда біз оқимыз, аударамыз, қызықты тапсырмаларды орындаймыз, тілде сөйлеуге үйренеміз.
4. Оқушы: Ал мен көңіл –күйімді қуанышты деп атадым. Қазір мен өте қуаныштымын, себебі менің жақсы көретін сабақтарым жүріп жатыр.
Мұғалім – Сонымен өзі ыстық, өзі тәтті, оның атын естіген адам еміренбей, тебіренбей тұра алмайтын. Отан деген не? Кім өз пікірін айтады?
(Отан деген – ата – бабамыздың туып –өскен қасиетті де, құрметті жері.
Отан деген – әрбір адамның туып – өскен жері
Қобыланды батыр жырында айтылғандай, туған жер дегеніміз
Атам күйеу болған жер,
Анам келін болған жер
Кіндік қаным тамған жер)
Мұғалім – Отан –ана деп неге аталған?
(Отан-ана сияқты, өз қазынасымен барлық адамдарды асырайды.)
Сөздікпен жұмыс:
Мемлекет
Халық
Астана
Тәуелсіздік
Егеменді
Рәміз
Елтаңба
Әнұран
Ту
Елбасы
Оқушы: Қазақстанның Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің жолдауын жариялап, білім, ғылым және мәдениет салаларына көңіл бөледі. Болашақ ұрпақ үш тілді жақсы меңгеруі тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін.
Оқушы: «Туған жер, өзің дегенде»
Алыс кетсем, мен сені аңсап жүрем!
Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!
Ауылымның түтіні қымбат маған,
Қымбат маған белдері күн қақтаған, туған жер!
Туған жер, өзің дегенде ,
Жүремін әркез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!
Жұппен жұмыс.
Біздің таңғажайып Отанымыз туралы айта беруге болады. Ақын-жазушылар туған жеріміздің сұлулығын аңызға да , өлеңге де, әнге де қосып көрсете білген. Келесі тапсырмада қазақ тілі мен ағылшын тілінде жұппен Қазақстан туралы берілген сөз тіркестерін пайдалана отырып диалог құрастырыңыз.
1. - Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Ресупубликасы егеменді тәуелсіз мемлекет.
2. - Мемлекеттік әнұраны нені мадақтайды, неге шақырады?
- Мемлекеттік әнұран достықты , татулықты жырлайды, бейбітшілікті ұрпаққа аманат етеді.
3. - Иір мүйізді қанатты аттар неге ишара жасайды?
- Иір мүйізді қанатты екі ат тарихи әуендер мен дәстүрлерге ишара жасайды.
4. - Қазақстанның егемендігін танытатын қандай белгі?
- Еліміздің егемендігін танытатын республика жерінде экономикалақ қарым- қатынас ретінде жүретін теңгеміз бар.

Мұғалім : Кіші Отан

Оқушы: « Екібастұз қаласы менің кіші Отаным»
Мен Қазақстан Республикасында, Павлодар облысында, Екібастұз қаласында тудым. Менің қаламның өз тарихы бар. Екібастұз 1957 жылы құрылған, бірақ оның тарихы 1876 жылы жер жағдайын жақсы білетін көне көз қария Қасым Пішембаевтың бұл жерден жанатын қара тас тауып алуынан басталады. Осыдан 20 жыл өткен соң, мұнда көмір өндіру ісі қолға алынды. Біздің Екібастұз – мәдениетті және әсем қала. Екібастұзды жиі энергетиктер, кеншілер, шахтерлер, қаласы деп атайды. Мұнда жөндеу – механикалық, темір-бетон, қалалық сүт, ет өндіру зауыттары жұмыс істейді. «Богатырь», «Северный», «Восточный» разрездері бар. Біздің қаламыздағы әр түрлі ұлт өкілдері тату өмір сүреді.
Оқушы: «Менің туып - өскен жерім.»
Туған жер –адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап – ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Бәріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған қала, туған көше. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Екібастұз қаласынан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және балабақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Қазір бой жеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным болып қала береді.
Оқушы: «Менің туып - өскен жерім.»
Әр адамның туған елі , туған жері бар. Менің туған жерім, алтын бесігім- Екібастұз қаласы. Мен 1995 жылы 14 қазанда дүниеге келдім. Ең тәтті уақыт- балалық шақ. Менің балалық шағым №1 « Түймедақ» балабақшасында өтті. Сол кездегі өмірім әлі есімде.
Мен алаңда Анеля мен Адина құрбыларыммен ойнадым. Олармен әлі де кездесіп жүрмін. Менің балалық шағым өте көңілді өтті. Біз балабақшадан келгеннен кейін, алаң ауласында доппен ойнап,велосипед теуіп ойнадық. Қазір мен 10 сыныпта оқысам да , сол балалық шағымның алаңы маған өте ыстық. Құрбыларымды кездестіргенде біз қуанамыз. Алыстап кеткен тәтті шақтың кезеңдерін еске түсіріп қыдырамыз. Осы қалада туғаныма мен өте бақыттымын, күннен күнге қаламыз өсіп, көшелері кеңейіп көркеюде. Биыл біздің қаламызға 55 жыл толады. Қаламыздың әр тұрғыны, оқушысы,ұстазы, зейнеткері өз үлесін қосуға тырмысады. Сондықтан біздің қаламыздың келешегі мол!
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыз.
Біздің туған жеріміз- ... Республикасы . Бұл ел ... орталығына орналасқан.
Қазақстанда Азия мен Еуропаның қалаларынан қалмайтын ... , ... , ... сияқты көрікті қалалар бар.
( Еуразияның , Қазақстан, Астана , Алматы , Павлодар )
Синквейн әдісін пайдалана отырып, Қазақстанның азаматы кандай болуы тиіс? деген сұраққа жауап беріңіздер.
1. 1 зат есім
2. 2 сын есім
3. 1 етістік
4. Сөйлем
Мысалы:
1. Азамат
2. Адал,нағыз
3. Болуы тиіс
4. Мемлекетіміздің нағыз азаматы өз елінің алдында адал болуы тиіс!
Балалар, сендердің алдарыңдағы міндет, білімдеріңді көрсету, Қазақстанның жаңашыл ұрпағы екенін дәлелдеу. Келесі тапсырма « xxi ғысырдың басшысы» - ойыны. Экранға назар аударыңдар! Екі тілде сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Қазақстанның жалпы көлемі 2.7 мың шаршы километр.
2. Қазақстан кандай мемлекеттермен шекаралас? Қазақстанның парламенті екі палатадан тұрады: сенат және мәжіліс.
3. Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар? Қазақстан егеменді, тәуелсіз көп ұлтты ел.
4. Қазақстанның мемлекеттік тілі қандай? Қазақстанның тәуелсіздігі 16 желтоқсанда 1991 жылы жарияланды.
Мұғалім:
1 оқушы: «Туған елге.»
Қазақстан!
Сүйікті.
Туған уй, туған елімсің.
Асық атып, доп қуып,
Асыр салған жерімсің.
Бөленіп гүл мен нұрыңа,
Бағында ойнап күлгенмін,
Таңында сайрап бұлбұлға
Ән қосып жырлап жүргенмін.
Жұбан Молдағалиев

2 оқушы: «Туған елге.»
Туған ел,
Атамекен,
Тыңда, Отаным!
Мен саған жүрегіммен үн қатамын.
Өзіңсің- ақ шаңқан үй, нұрлы отауым,
Өзіңсің –қимасым да қымбат арым!
Тұрғандай құлақ түріп дәуір мына
Ақынға үнсіз қалу-ауыр күнә.
Танимын сен арқылы бауырды да,
Танимын сен арқылы жауымды да.
Өзіңсің әділеттің шын көсемі.
Өткеннің өткеліңмен үндеседі.
Тыныштық күзетінде сен тұрмасаң,
Дүние көзін бір сәт ілмес еді.
Исраил Сапарбай

3 оқушы: «Туған жер» өлеңінен үзінді
... Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің?
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.
Қасым Аманжолов

4 оқушы: «Қазақстан»
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қасым Аманжолов

Мұғалім: Балалар, ал енді ағылшын тілінде Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Мұғалім: Бүгін Қазақстан туралы көп жақсы мәлімет алдық. Отанға деген қандай тілектерің бар?

Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша – бау!
Құя берсін күн нұрын кең далаға,
Күн мен дәнді сықаған елге жаңа.
Асқақтаған Алатау шыңдарындай
Қазақстан көрінсін айналаға!

Рефлексия. Балалар, бүгін сендер «Қазақстан-біздің Отанымыз» тақырыбы бойынша өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Сабақты қорытындылай отырып, «Отан» деген сөзге екі тілде ассоциация жасаңдар.
Елбасы
Саны
Рәміздері

Жер көлемі Мемлекеттік тілі
Ұлт өкілдері
Шекарасы
Кіші Отан

Мәртебесі
Үй тапсырмасы: Үйде бүгінгі сабақтан алған ой – пікірлеріңді ата-аналарыңа «Жеделхат» түрінде құрастырыңдар. Жеделхат қысқа да нұсқа болуы тиіс.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Gulnar58
Просмотров: 1332 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 12:41 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru