Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Мәңгілік ел: ана-жер-ана" әдеби-сазды қойылымы
2014-09-11, 4:42 PM
«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ
«Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы аясында өткізілген

атты әдеби-сазды қойылымның әзірлемесі

Қойылымды ұйымдастырған қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушылары
¬¬¬¬Гульжазира Төлеуқызы Базилбаева, Мейрамкул Тастанқызы Рахымова

Астана

Қойылымның мақсаты:

Білімділік:
Қазақстан Республикасы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын уағыздау, түсіндіру арқылы студенттердің алған білімдерін шыңдай отырып, оның пікірлерінің құндылығына, өміршеңдігіне көздерін жеткізу, сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу;

Дамытушылық:
Студенттердің ой еркіндігін, байқампаздығын, эстетикалық сезімін ояту, сөйлеу мәдениетін дамыту, талдау жұмыстарына дағдыландыру, тіл байлығына үлес қосуға жол ашу;

Тәрбиелік:
Студенттерді тарихи мәліметтерімен таныстырып, жалпы тіршілік атауының тұтастығын түсіндіріп, әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту, егеменді еліміздің жас ұрпақтарын жан-жақты жетілген адам атына лайықты азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу.

Әдеби-сазды қойылымның барысы:

Астана қаласының «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК мәжіліс залы қалалық Әдістемелік күнге арналып дайындалған. Зал мерекедегідей рәсімделген. Кешке қонақтар, топ оқытушылары, студенттер шақырылған. (Сахнада «Адай» күйі орындалады).

1-жүргізуші:

- Армысыздар, ардақты ағайын!

2-жүргізуші:

-Қайырлы күн, құрметті ханымдар мен мырзалар! «Мәңгілік ел: Ана-Жер-Ана!» әдеби-сазды қойылымына қош келдіңіздер!
(ҚР әнұраны орындалады).

(«Сарыарқа» күйі аясында жыршылар өлең оқиды).

1-жыршы:
Беу, туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың-мың дастан жатыр
Халқым басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай
Даналықтың жырын жастар іздер ме?
Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!
Нұрына шомылдырып алтын күннің,
Республикам ертеңге талпындырдың.
Өзінен шабыт алып ақын қиял,
Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.

2-жыршы:
Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.
Жақсылар жанын қиды қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Арманым болмас еді-ау туған елім,
Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.
Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,
Бабалар өнегесін алып келдім.
Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,
Мына жалған өмірге неғып келдім?

3-жыршы:

Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.
Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, туысу әр елдің халқымен.
Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
Таныған Жер-Ана Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын.

Ернар Қабжалелдің орындауында Б.Шукеновтың «Отан- ана» әні («Қазақ деген осындай...» көрінісі сахнада көрсетіледі)
(Сахна төріне қолдарына шырақ ұстаған студенттер шығып, жартылай доға түрінде тұрады. Қобыз дауысы сахнада орындалады).
Толғанай:
- Жер-ана, жан жаратқан Жер-ана, сен бізге бақыт бермесең неменеге жер боп тұрсың,
біз не үшін дүниеге келеміз?! Біз сенің балаларыңбыз. Жер-ана, тілектес бол, ақ тілеуімізге жеткіз!

Жер-Ананың сөзі:

-Мен ештеңені ұмытпаймын, Толғанай. Жарық дүние орнағаннан бергі ғасырлар сыры бәрі менде. Кітапқа сыймаған, адамның есінен шығып жоғалған тарихтың бәрі менде. Сенің де басыңнан өткен тағдырың – жүрегімде. Мен сені дүниеге қайта әкеліп өмір сыйладым. Ұрпақ сүйгіздім.
( Қолдарына шырақ ұстаған студенттер сахнадан шығып кетеді).
1-жүргізуші:
-Ей, адамзат, қара түнді күн еткен, қара жерге гүл еккен, Жер-ананы қадірлеп, қорғай біліңдер! Жер-ана бізді өмір үшін күреске шақырды, оны қадірлей білуге үйретті, ешқашанда туған жеріңді, туып өскен, кіндік қаның тамған Жер-анаңды ұмытпа.
2-жүргізуші:

-Туған жерден қанша жырақ жүрсең де, тарихтың талайынан бізге жеткен мәңгүрт Жоламан секілді туған жеріңнен, тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен саған өмір сыйлаған анаңнан безінбе...

(Жүріп келе жатқан пойыздың дыбысы естіледі. Сахнаға темір жолшы киімін киген, қолына жолаушы шамын ұстаған қарт Едіге шығады ).

Едіге:

- Пойыздар ажырасып бірі шығысқа, бірі батысқа қарай бет алды. Борандының темір жолы сәт-заматта қаңырап бос қалды...
- Е, кәрілік деген итің де келіп қалған екен-ау. Сарыөзектің разъездерінде тұру үшін аманда рух болуы керек, әйтпесе, арам қатасың. Бұл жастар құдайға сенбейді, ешқандай дұға, Фатиха да білмейді. Осы біздің ұрпағымыз мәңгүрт болып бара жатқан жоқ па? Аңызда айтылғандай, әлдекім Жуан – Жуандардың қолына түсіп, мәңгүртке айналып кетіпті деген қауесет шыға қалған күннің өзінде, әлгі сорлының ең жақын туыстары оны құтқарып алуға ынтыға қоймаған. Өйткені енді оларға бұрынғы ер-азамат емес, құр сүлде қайтарын олар білген. Тек ел есінде Найман-Ана аталып кеткен Найманның бір әйелі ғана, өз ұлының әлдігіндей халге ұшырағанда ұлы Жоламанды іздеп жолға шығуы.

Найман-Ана:

- Жоламан... Жоламан... Мен сенің анаңмын... Құлыным... Жоламан. Сенің әкең Дөненбай... Сенің атың кім? Білемісің?

Мәңгүрт:

- Мәңгүрт!

Ана:

- Жоқ, ойбай, жоқ. Сенің атың - Жоламан!? Әкеңнің аты - Дөненбай. Мен сені Наймандардың ұлы көші кезінде туып, атыңды Жоламан деп қойғанмын. Сен туғанда үш күн той тойлағанбыз. Құлыным – ау, олар сенің басыңа не істеген?

(Мәңгүрттің басын ұстамақ болады. Мәңгүрт аласұра қашады. «Хафиз күйі» орындалады).

Ана:

– Е, құлыным, басыңа көң қаптап, темір қысқышпен жаңғақ шаққандай етіп шығыр салып бұрап, ақыл – есіңнен айырғанда, басыңды құрсаулап қойып қысқанда, үрейлі көзің шарасынан шыға қанды су аққанда, Сарыөзектің түтінсіз жалыны да қақталып ажал аузында ыңдының құрып жатқанда, кезерген ерңіне аспаннан бір тамшы тамбағанда, О, құлыным саған сонда күллі қорған жоқ па екен? Айдала сенің ащы айғайыңнан жаңғырып, азапқа шыдай алмай күндіз- түні өкіре-өксіп, без бүйрек аспанға қарап, көк тәңірден араша күткен сәтіңде, жан азабы мен тән азабына төзе алмай ес – түсіңнен айырылып бара жатып, соңғы дәрмен қуатыңмен, бар даусыңмен бақырып, тастап кеткен қу құдайды қарғадың ба екен, құлыным? Оны айтасың, азаптан ақыл – ойыңды біржолата қараңғылық басып, сорақыдан алмасқан зерде тұманданып, ақыл – ессіз тұңғиыққа батқанда, сен сонда, құлыным, сені жарық дүниеге әкелгені үшін, сені туғаным үшін, мына бейбақ анаңды қарғамадың ба?
Ауа, жерді, суды тартып алса мейлі, байлығыңды тартып алса мейлі, тіпті жаныңды алса мейлі... Ау, адамның ақыл – ойын тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты? О, құдай, бар екенің рас болса, мұндай сұмдықты жұртқа қалай дарыттың?

Мәңгүрт:

- Ай...

Найман – ана:

– Онда не бар?

Мәңгүрт:

– Біреу отыр. Сонымен сөйлескім келеді.

Найман – ана:

– Жүр, балам. Тезірек кетейік. Елге барайық.

(Жуан- Жуандар келеді, Найман – Ана қашады. Жуандар мәңгүртке садақ береді ).

Найман-ана:

– Жоламан?! Құлыным, қайдасың?
(Мәңгүрт садақ көздейді).

Найман – Ана:

- Жоламан! Құлыным! Атпа. Бұл мен, анаңмын, атпа.
(Жоламан атады. Ана құлайды).

Найман – Ана:
-Жола-ма-н. Дө-нен-бай...
(Найман-ана және қыздар қолдарындағы шырақтарымен сахна төрінен шығады).

Жер-ана:

-Ей, адамдар, дүниенің төрт бұрышында өмір кешкен адамдар, сендерге не керек – жер ме? Мына мен –жермін, мен барлық адам баласына бірдеймін, маған таласуларыңның керегі жоқ, маған ынтымақ керек! Еңбек керек! Бір дән тастасаңдар, жүз дән етіп беремін, шырпы тастасаңдар, шынар қылып беремін, бақ отырғызсаңдар мәуелетіп беремін, мал жайсаңдар, шөп болып беремін, там тұрғызсаңдар, дуал боламын, үрім-бұтақтарың көбейсе, бәріңе жай боламын! Мен таусылмаймын, мен қабағымды шытпаймын, мен кеңмін, бәріңе де жетемін!
(Сазды әуен аясында жыршылар өлеңдерін оқиды. «Жұмыр қылыш» күйі орындалады: )

1-жыршы:

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

2-жыршы:

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

(Сазды әуен аясында барлық қатысушылар сахна төріне шығады. «Қазақ елі» әні орындалады).

Осы кезде бейнежазбадан ҚР Елбасының жолдауы тыңдалады:
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! «Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!

(«Қазақ елі» әні орындалады).

1-жүргізуші:

-ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі.

2-жүргізуші:

-Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз, Мәңгілік Қазақ еліміз!

«Мәңгілік ел –Қазақ елі - жасасын!» ұранын студенттер хормен айтады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Учитель1862
Просмотров: 3462 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 6:52 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru