Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Әдеби кеш. Мұқағали Мақатаев
2014-11-06, 8:36 PM
Мұқағали Мақатаев
(1931-1976)
1.Оқушыларға қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақататаевтың өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру.
2.Мұқағали туралы мәлімет бере отырып, ақынның шығармашылығын оқушыларға терең меңгерту,мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
3.Ақын өлеңдері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Қазақ поэзиясындағы аса көрнекті ақындардың бірі - Мұқағали Мақатаев.
Шығармашылық өмір жолы.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылдың 9 ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданыныңҚарасаз ауылында дүниеге келген. 1948 жылы орта мектепті бітіріп, мәдени-ағарту саласында түрлі қызмет атқарады. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ береді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында білім алады.
Қазақ радтосында диктор, "Қазақ әдебиеті" газеті мен "Жұлдыз" журналаның поэзия бөлімдерінде редактор болып істеді. Ол қайда жүрсе де, қайда қызмет атқарса да, өлең жазуын бір сәт те тоқтатқан емес. 1976 жылы денсаулығы нашарлап, дүниеден өтер соңғы сәтінде де "Реквием" атты толғау-өлең жазды.
(Музыка) Николайчик Виктор "Таудай болғым келеді"
Өлмесін деп берген ғой тауды маған.
Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған.
Көңілімде бір құйын көтерілсе,
Тауларымда тұрады қарлы боран.

Аласартып асуын, өткелдерін,
Астыма әкеп төсейді көк белдерін.
Алып тауды бесік қып өсіпсің ғой,
Ғұмырым, керемет ең неткен менің!

Тербетіліп тауымның аясында,
Өсіппін ғой шыршаның саясында.
Өмірсіз де көңілсіз өкінішті,
Қоймайсың ба, тағдырым, қоясың ба?
Әлде, тағы алдыма жаясың ба?

Тау менің несібіме тиіпті сирек,
Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек.
Ақсақалдар: - Таудай бол! -дейтін маған,
Таудай болғым келеді, биік керек.

Харькова Нина "Көгершіндер әні"
Орман, дала, бөктерлер,
Арпалыстар өткен жер.
Соғыс зарын шеккендер,
Оралмасын өткендер!
Біз - ақ қанат кептерлер,
Бізді ұмытып кетпендер!

Енді қару алмайық,
Өртенбейік, жанбайық.
Біз адасып қалмайық,
Ақ аспанда самғайық.
Аталардың өмірін
Әрі қарай жалғайық!

Көгерсін жер, көгерсін,
Мол ырысқа кеңелсін.
Бейбітшілік жыршысы -
Біз - ақ қанат көгершін!
Біз - ақ қанат кептерлер,
Бізді ұмытып кетпендер!

Ақынның алғашқы өлеңі Нарынкөл аудандық газетінде 1948 жылдары жарияланды. 1954 жылы "Әдебиет және искусство" журналында, "Қазақ әдебиеті" газетінде өлеңдер топтамасы жарық көрді.
Николайчик Виктор: 1976 жылдан былайғы кезеңде ақынның екінші ғұмыры басталды. Ақын қайтыс болған соң да оның өлең жинақтары жыл сайын шығарылып отырды. "Соғады жүрек", "Шолпан" жинақтары бірінің артынан бірі басылып шығады. Алматы қаласының үлкен бір көшесіне Мұқағали Мақатаев есімі берілді. 70 жылдық мерей тойына орай ақын есіміндегі көшеге ескерткіш орнатылды. Ақынның ақындық мұрасына Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы берілді.
Абдулманова Сәуле: "Сәби болғым келеді".
Құс та болғым келмейді қанатым бар,
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым,
Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған.

Тар бесігі - кең жаһан, тарылмаған,
Біреуге бар, біреуге табылмаған.
Сәби болғым келед-ау, сәби болғым,
Ана сүті аузынан арылмаған.

От та болғым келмейд,і жылуым бар.
Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар.
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым,
Күн сәулесі ойнаған тұлымымда.

Қанат қағып өмірге ұшарымда,
Кесілмесе бәрібір тұсауым да.
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым,
Сәбиі жоқ ананың құшағында.

Ақын поэзиясы.
М. Мақатаевтың әр өлеңі ой мен сезімнің бірлігінен жаралып, оқырман жүрегіне жол тауып, ойсанасына ерекше әсер етеді. Ол өлең үшін өмір сүрді. Ақын әдемі өлең жазу үшін тақырып таңдамайды, сұлу сөз іздемейді. Өйткені, мөлдір сезім, сұлу сөз ақынды өзі іздеп табады.
Гибадулина Зухра "Құттықтаймын, мама, туған күніңмен" өлеңін айтып береді.
1. Нұрын төккен маған,
Шуағымсың - сен!
Айналайын,мама,
Қуанышыңмен!
Шаттандырған мені,
Жұбанышым – сен!
Құттықтаймын сені
Туған күніңмен!
2. Аялаған мені
Салтанатыңмен!
Құттықтаймын сені
Ән қанатымен.
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді!
Мен тілеймін саған
Ұзақ өмірді!
Осы өлеңге Нұрғиса Тілендиев ән жазған. Осы әнді 5 сынып оқушылары сіздерге орындап береді.

Ақынның қиын сәттері көп болды. Бірақ ол әрқашан өз елін, туған жерін, ана тілін құрметтеді. "Үш бақыттым" атты өлеңінде сол үш бақытты ақын "Халқым, Тілім, Отаным" деп нақты айқындайды. Ақын ең алдымен, Елдің елдігін, Тілінің мәңгілігін, Отанның гүлденгенін ойлайды. Осы үшеуін бәрінен жоғары қояды.
Сатыбалдинова Мөлдір "Үш бақытым".
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

Мұқағали Мақатаев - ақындық, өнерпаздық аясы кең шығармашылық тұлға. Оның лирикалары мен поэмаларында өз заманының шындығы, бүгінгі мен болашағы, зұлымдық пен махаббат, қастық пен достық, арамдық пен адалдық атты тақырып тұтастық тапқан. Сондықтан да Мұқағали қалдырған мол мұра қашанда халқымен бірге мәңгі жасайтын асыл қазына екені анық.
Сіздердің назарларыңызға М. Мақатаевтың сөзіне жазылған "Саржайлау" әнін тыңдаңыздар. Композиторы Н. Тілендиев. Орындайтын Кудеренова Асель.
Саржайлау.
Жазира, жасыл кілем өрнектеген
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем

Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым

Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем
Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!

Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым

Жадырап, жұтайыншы тау самалын
Осы еді ғой сағынып аңсағаным
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын

Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым

Жанымды жырға бөлеп таң атырған
Әкем едің ақ таңда жаратылған
Төліңнен айналайын жаңа туған!
Айналайын еліңнен дара тұрған!

Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым

Осымен біздің Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық жолына арналған әдебиеттік кешіміз аяқталды. Бәріңізге рақмет.Кездескенше! Сау болыңыздар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Айтымовна
Просмотров: 1306 | Загрузок: 0 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 4:50 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru