Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Жануарлар әлемінде" ашық сабақ
[ · Скачать удаленно () ] 2015-01-29, 10:01 AM
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемінде.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: «Жануарлар әлемінде» тақырыбы бойынша түсінік беру, жаңа сөздерді меңгерту. Мәтінді әңгімелеуге, сұраққа дұрыс жауап беруге машықтандыру.
Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын молайту. Суретпен жұмыс жасау арқылы ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік:Балалардың жануарларды қорғап, оларға қамқор болуға ықпал ету .
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекіліктері:электронды презентация, жануарлар суреттері, мультьимедиялық кешен.
Меңгерілетін сөздер: әлем, ірі, керік, зіл, қоңыз.
Сабақтың түрі:жаңа .
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару.
2. а) психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындық, яғни, оқушылардың көңіл күйін сабаққа икемдеу. «Балалар, бір-біріңе қараңдаршы. Қандай әдемісіңдер! Ал, енді бір-бірімізге күлімдей, мейірімді көзбен қарайық..
3. ә) «Балалар, сабақты бастамас бұрын берілген суреттердің бірін қазіргі көңіл күйлеріңе сәйкес таңдап алыңдар. Сабақтың соңында қандай өзгерістер болғанын салыстырамыз»

-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Аптаның қай күні?
-Қазір қандай сабақ?
-Балалар, қазір тақтада берілген әріптерден сөздерді құрастыру керек.
Танарыс – арыстан
мылмай-маймыл бажолрыс- жолбарыс
лкітү-түлкі ліп-піл ақабсат-тасбақа

-Олардың бәрін біз қалай атаймыз? (жануарлар сөзін ортасына жазу)
-Балалар, тағы қандай жануарларды білесіңдер? (кластерді толықтыру)
- Ең алдымен тілімізді жаттықтырайық.. Берілген жаңылтпашты оқып, айтайық.
Біл, бұл – піл,
Бұл- бір ірі піл.
-«Жануарлар» сөзі неше буыннан тұрады? (4)
-Олар қандай буындар? (ашық-ашық-тұйық- бітеу)
-«А» дыбысына талдау жасайық.
- «А» – дауысты, жуан.
-«Р» дыбысына талдау жасайық.
-«Р» – дауыссыз, үнді
-«Жануарлар» сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар? (9 әріп, 9 дыбыс)
- Осы жануарларды басқа қандай сөздермен атауға болады?
- Аңдар, хайуанаттар.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жануарлар әлемінде». Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күні мен тақырыпты жазып қойыңдар. Бүгін сабақта «Жануарлар әлемімен» танысамыз, жаңа сөздерді үйренеміз.Мәтінді оқып, мәтін бойынша әңгімелесуге үйренеміз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сөздік жұмысы:
-Бүгінгі сабағымыздың жаңа сөздерімен танысып алайық

1.Мұғалім сөздердің мағыналарын суреттер көрсету арқылы түсіндіреді.
2.Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру:
А)мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
ә)оқушылар дауыстап қайталайды;
б)сөздік дәптерлеріне жазады.
Тіл дамыту мақсатында мәтінмен жұмысты өткізу. (оқулықпен жұмыс 102 –бет, 5- т)
1.Мұғалім мәтінді оқып шығады.
2.Оқушылар бір-бір сөйлемнен кезекпен оқиды.
Әлемде көптеген жануарлар бар. Біздің планетамыздағы ең ірі жануар- көк кит. Жер бетіндегі ең ірі, ауыр салмақты жануар –піл. Зіл-пілден кейінгі ең алып жануар. Оның салмағы – 3,5 тонна, күндік азығы – 70 кг. Әлемдегі ең биік жануар – керік, оның бойы 5-6 метр. Ең жүйрік аң – гепард. Әлемдегі ең үлкен құс – африкалық түйеқұс. Ал құстардың ішіндегі ең кішкентайы – колибри. Оның салмағы - 1,5 гр. Әлемдегі ең ірі қоңыз – дровосек, ең ірі көбелек – агриппина.
3.Мұғалімнің сұрақтарына оқушылар ауызша жауап береді.
-Ең ірі жануар не?
-Ең ірі жануар -көк кит.
-Ең ауыр салмақты жануар не?
-Ең ауыр салмақты жануар -піл.
-Ең биік қай жануар?
-Ең биік жануар- керік.
-Оның бойы неше метр?
-Оның бойы 5-6 метр.
-Ең жүйрік қандай аң?
-Ең жүйрік аң -гепард.
-Ең үлкен қандай құс?
-Ең үлкен құс- африкалық түйеқұс.
-Ең ірі қандай қоңыз?
-Ең ірі қоңыз -дровосек.
-Ең ірі қандай көбелек?
-Ең ірі көбелек- агриппина.
Мұғалімнің кіріспе сөзі. «Жануарлар әлемінде» презентация көрсету.
- Балалар, дүниежүзінде көптеген жануарлар бар. Біздің туған жеріміздің жануарлары- халқымыздың ұлттық мақтанышы. Сондықтан оларды қорғай білуіміз қажет, санын арттыруға үлес қосу – біздің борышымыз.
- Қазақстанда бұлан, ақ қоян, жабайы шошқа, қарсақ, қасқыр, түлкі, бұғы, арқар т.б. аңдар мекендейді. Қазір, Қазақстаның кейбір аңдары туралы көріп, тыңдайық.
2 слайд.
Қоңыр аю-жыртқыш аң.Көбіне өсімдікпен қоректенеді.Егер адам өзі соқтықпаса,өздігінен тиіспейді.
3 слайд.
Қоян топтанып жүреді.Ұрғашылары жылында әлденеше рет көжектенеді: 20-дан 40-қа дейінкөжек табады.Шөппен,жапырақтармен қоректенеді.
4 слайд.
Түлкі.
Жыртқыш аң.Ең сүйікті асы-сұр тышқан мен көжек.Түлкінің есту,иіс сезу қабілеті ерекше жақсы дамыған,бірақ көруі әлсіз.
5 слайд.
Бұғы-мүйізді жануар.Жыл сайын қаңтар,ақпан айларында олардың мүйіздері түсіп,сәуір айында жаңа мүйіз өсіп шығады.Олар 2 метрге дейін жетеді
6 слайд.
Қасқыр.
Өте ақылды жыртқыш.Қасқыр алаңқайларды ұнатады.
Әдемі әрі тез жүгіреді.Қасқырдың есту қабілеті ерекше жетілген.
Презентация бойынша білгендерін, түсінгендерін тексеру.
- Бұл не?
- Бұл – аю .
- Ол қандай аң?
- Ол жыртқыш аң.
- Бұл не?
- Бұл – қоян.
- Ол немен қоректенеді?
- Шөппен қоректенеді.
- Бұл не?
- Бұл – түлкі. Ең сүйікті асы не?
- Ең сүйікті асы – тышқан.
- Бұл не?
- Бұл – бұғы.
- Мүйіздері неше метр болады?
- Мүйіздері 2 метр болады.
- Бұл не?
- Бұл- қасқыр.
- Қасқыр қалай жүгіреді?
- Қасқыр тез жүгіреді.
ІҮ.Сабақты бекіту.
- Қазір, балалар, «Сыңарын тап» ойынын ойнайықшы.Ортада жазылған сөзге сәйкес сыңарын тауып қойыңдар.
гепард жолбарыс

Ең жүйрік аң
түйе тасбақа

дровосек колибри

Ең биік жануар
Аю керік

маймыл торғай
Ең кішкентай құс
арыстан колибри

қасқыр сиыр
Ең ірі жануар
Қой көк кит

- Ал, қазір сөйлемдерді толықтырайықшы.Тақтада берілген сөйлемдер мен суреттерді сәйкестендіріп, оқып , жазыңдар.
... -дің салмағы - 3,5 тонна салмағы -3,5 тонна.
... -тің бойы 5-6 метр бойы 5-6 метр.
... - ең жүйрік аң. -ең жүйрік аң.

- Ал, енді көп нүктенің орнына керекті әріпті қояйық.

Піл , жолбарыс , маймыл , тасбақа , түлкі , аю , керік , арыстан , зіл.

-Бүгінгі сабақта жаңа тақырыппен жұмыс істедік. Сол тақырыпты қалай білдік екенін тест тапсырмаларын орындаған кезде байқаймыз.
Тест тапсырмаларын орындату.
1.Аю, түлкі нелерге жатады?
А) жануарларға
В) құстарға
С) адамдарға
2.Қазақстанда қандай жануар бар?.
А) піл
В) жолбарыс
С) қасқыр
3.Әлемдегі ең ірі жануар?
А) аю
В) көк кит
С) жолбарыс
4.Аң деген сөзге сәйкес келетін көптік жалғауы.
А) –лар
В) – дар
С) –тар
5.Не? деген сұраққа жауап беретін сөздер:
А) күшік, тауық
В) немере, іні
С) әже, ата
6.Жіңішке буынды сөздерді тап.
А) маймыл, жолбарыс
В) құрылысшы, аспаз
С) түлкі, піл
7. Ең биік жануар не?
А) тасбақа
В) қасқыр
С) керік
8. Гепард қандай жануар.
А) ең биік
В) ең жүйрік
С) ең үлкен
9.Керіктің бойы неше метр?
А) 2-3 метр
В) 10-11 метр
С) 5- 6 метр
10. Ең ірі қоңыз?
А) дровосек
В) піл
С) жолбарыс
Ү.Бағалау.
«5» - 7-10 ұпай
«4» - 5-6 ұпай
«3» - 3-4 ұпай
«2» - 0-2 ұпай
Тест жауаптары бойынша оқушыларды бағалау.
-Бүгін кім қалай жұмыс істегенін байқайықшы. (балалардың бағаларын айту)
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
- «Жануарлар әлемінде» диалог жазу .
ҮІ.Сабақты қорытындылау.
-Балалар,бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Сабақта не білдіңдер?
-Саған қандай жануар ұнады?
-Барлығың бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар! Енді балалар, сабақ аяқталғандағы көңіл күйлерің қандай, суреттерден таңдап алыңдар.
-Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: айнур8792
Просмотров: 2572 | Загрузок: 380 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 9:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru