Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақ тілі сабағында жан-жақты талдау
[ Скачать с сервера (24.3 Kb) ] 2015-02-03, 8:35 AM
«Қазақ тілі сабағында жан-жақты талдау»

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі,дарынды,талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену,білім беруді одан әрі демократияландыру,оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап,білімге,бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру,таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.Қай кезеңде,қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек,дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін,иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне,адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі,саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын қазақ тілін оқыту процесі,оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктеледі.Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру-үйреншікті жәй ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.
Жаңа заман талабына сай білім беруді реформалаудың міндеті-оқыту үрдісінің нақты практикалық мақсаттарға бағытталуына қол жеткізу.Бұл мәселені теориялық тұрғыдан негіздеу бағытында еліміздің педагогика ғылымында бірқатар жұмыстар атқарылған.Нақты айтқанда ,сана мен әрекеттің бірлігі туралы тұжырымдама,ой әрекетін кезеңдер бойынша қалыптастыру теориясы,оқу қызметінің әдіс-тәсілдерін қалыптастыру(танымдық,машықтық,оқу-ақпараттық)
Білім беру қызметінің мазмұны мен құрылымының теориялық негіздерін құруда елеулі жаңалықтар жүзеге асырылып,олар пән бағдарламалары мен оқулықтарда тәжірибелік қолданысқа енгізілуде.Атап айтқанда бағдарламалар мен оқулықтардың сапасын жетілдіруге бағытталған маңызды қадам оқу материалын ғылыми теориялардың негізінде қалыптастыру болып табылады.Оқу материалын теориялық тұрғыдан тұжырымдау оқушылардың бойында шеберлік пен танымдық дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді.Жаңа бағдарламаларда маңызды дағдылардың қалыптасуына көңіл бөлінеді,яғни олар дербес түрде білім берудің құрылымына енді,бұл педагогика ғылымының маңызды табысы болып табылады.
Грамматикалық талдау жаттығуларын орындау қарастырылып отырылған тұжырымдама тұрғысынан алғанда «қайта қорыту» арқылы білімді әдістемеге,талдауды орынау тәсіліне айналдыратын жүйе болып табылады.Тілдік талдауларды орындау тәсілдерін үйретудің нәтижелі болуы оқу материалында әдістемелік негіздердің қалай берілгенімен айқындалады.Жаттығуларды орындатудағы маңызды дидактикалық міндеттердің бірі осымен байланысты болып табылады.
Қазақ тілінің әр саласы бойынша талдау жұмыстарын жүргізу оқушының теориялық білімін іс жүзінде –жаттығу жұмыстарын орындауда қолдануға дағдыландырады,оның тілді зерттеуде өз қабілетін жан-жақты дамытуына жағдай жасайды.Сонымен қатар, талдау жұмыстарын жүргізе отырып,пән мұғалімі әр оқушының белгілі бір тақырыпты қалай меңгергенін,қандай кемшіліктері бар екенін анықтап,сол бойынша жұмыс бағыттарын белгілей алады.
Орта мектептерде оқу материалының әдістемелік жағына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбеуі танымдық қызмет тәсілдерін үйретуде кері әсерін тигізеді.Оқу бағдарламаларында оқушылар меңгеретін білім мен дағдылар ғана емес,сонымен қатар оқу пәнінің әдістемелік міндеттері де,яғни меңгерілген білімді дағдыға,іс-әркет тәсілдеріне айналдыратын әдістер де қамтылғаны дұрыс.Оқытудың ұстанымдары мен ережелері деген ұғым әркет ету тәсілдерін,белгілі бір құбылысты зерттеу әдістерін нақты сипаттайтындай дәрежеде қолданылуы тиіс.
Оқушылардың тілдік материалды теориялық жағынан жете меңгеріп,танымдық және машықтық дағдыларын қалыптастыруы үшін тілдік талдау жүргізудің маңызы зор.Тілдік талдау- теориялық материалды жете меңгеріп,оны саралауға,білімді тиянақтауға,білімгерлердің танымдық ынтасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолайлы тәсіл.
Қазіргі қазақ тілінде тілдік талдаудың фонетикалық,лексикалық,сөзжасамдық,морфологиялық және синтаксистік түрлері жүргізіледі.Талдау тапсырмаларын бере отырып,оқушылардың білімінде тиянақсыздық байқалып жүрген күрделі,меңгеруде қиындық келтіретін тақырыптарға баса көңіл бөлуге мүмкіндік мол.Осы тұрғыдан алғанда соңғы жылдары мектеп бағдарламаларына кеңінен енгізіле бастаған оқытудың жаңа технологиясы бойынша тілдік материалдарды сатылай кешенді талдаудың маңызы ерекше.Тілдің әр саласы оқулықта болсын,ғылыми еңбекте болсын белгілі бір жүемен беріледі.Тілдік талдау осы жүйені негізге ала отырып,сатылы түрде жүргізіледі.Сатылай кешенді талдау-тілдік материалды оқушыларға ғылыми негізде меңгертудің бір жолы.Сатылай кешенді талдау жүргізуде тілдік материалды белгілі бір жүйемен орналастырылған сызба басшылыққа алынады.
Тіл білімінің салаларын оқытуда теориялық біліммен қатар жүйелі түрде талдау дағдыларын меңгерту тиянақты және терең білім берудің,оқушылардың танымдық ынтасын қалыптастырудың негізгі жолдарының бірі болып табылады.Тілдік материалды белгілі бір жүйе бойынша талдау оқушылардың теориялық материалды жан –жақты жете меңгеріп,әр сала бойынша тиянақты талдау дағдыларын қалыптастыруына зор ықпалын тигізеді.Мысалға алатын болсақ,қазіргі қазақ тілінің синтаксисі бірнеше салаға бөлініп оқытылып жүр;сөз тіркесі синтаксисі,жай сөйлем синтаксисі,құрмалас сөйлем синтаксисі,мәтін синтаксисі.
Синтаксистік материалдарды сатылай кешенді талдау берілген теориялық материалды белгілі бір жүйе бойынша талдап үйренуге,сөйлем құрылысын жете меңгеруге,сөйлемде айтылған ойдың мәнін,мазмұнын жете меңгеруге және көркем мәтіндерді дұрыс интонациямен мәнерлеп оқи білуге ықпалын тигізеді.синтаксистік талдау кешенді түрде төмендегі сатылар бойынша жүргізіледі.
Сөз тіркесін талдау сатылары
І саты:Сөздердің тіркесу тәсілі
ІІ саты:Сөздердің байланысу формасы
ІІІ саты:Сөздердің арасындағы синтаксистік қатынас түрі.
ІV саты:Басыңқы сыңарына қарай сөз тіркесінің түрі.
Синтаксистің әр саласын өз алдына да жеке талдауға да,кешенді толық синтаксистік талдау жасауға да болады.Алайда,синтаксистің жеке саласы бойынша немесе толық синтаксистік талдауды сатылай кешенді түрде жүргізуде теориялық материалға сәйкес белгілі жүйе сақталуы тиіс.
Сатылай комплексті талдау-оқушылардың тіл білімі салалары бойынша меңгерген теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан талдап,саралап меңгертудің ең қажетті құралы.Оқушылар тіліміздің қатпарлы қыры мен сырын,теориялық материалдың жете меңгере алмаған тұстарын осы талдау негізінде меңгереді.Ол үшін өтілген теориялық материалды жинақтап баяндауда басшылыққа ұстанатын кесте,талдауды рет-ретімен жүйелі түрде жеткізуде негізге алатын сызба қажет.Кесте арқылы оқушы өтілген теориялық материалды қысқаша баяндап есіне түсірсе,сызба бойынша жеке сөз,сөз тіркесі,сөйлемді талдау негізінде тұтас тілдік материалды жүйелі,дұрыс баяндауға дағдыланады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Асхатовна | Теги: Асхатовна
Просмотров: 1770 | Загрузок: 21 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 2:58 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru