Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Малдың төлін сүюі»
[ Скачать с сервера (18.2 Kb) ] 2015-02-17, 5:37 PM
Тақырыбы: «Малдың төлін сүюі»
Мақсаты:
• Балаларды төрт түлік малдың қазақша атауларымен таныстыру.
• Төр түлік малды «пайдалы» және «зиянды» етіп екіге бөлмей, оларға сауаттылықпен қарауға, олардан қолдан келген көмекті аямауға үйрету.
• Балалардың төрт түлік мал туралы түсініктерін одан әрі кеңейтіп, сабақ барысында сөздік қорын байыту (тақпақ, жұмбақ арқылы).
• Төрт түлік малдың айырмашылығын, сүтінің, жүнінің пайдалылығын айтып өту.
Сабаққа қолданатын құралдар - жабдықтар:суреттер,кесте

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе сөз.

-Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.
Мал олардың киімі,тамағы,көлігі.Бір сөзбен айтқанда бар-
лық тіршілігі,күнелтісі малға байланысты болған.Сондықтан да қазақтар малды жақсы көрген,төлдетуді,күтіп-бағуды
көбейтіп,өсіруді ойдағыдай игеріп,отбасына қажетіне қарай
іріктеп сойып жеп отырған.Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірбиесі бойынша олар малдың өрісін,тіршілік табиға-
тын ,қадір-қасиетін әбден зерттеп білген.Халқымыз өздері-
нің тіршілік шаруашылық өмірін осы мал өсіруімен байланыстыра жасаған.Малдың етін,сүтін,терісін,тіпті
мүйізіне,сүйегіне дейін ұқсата білген.Сондықтан қасиетті
төрт-түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай
тәжірбиесін ұмытпауға тиіспіз.

3.Негізгі бөлім. *Жұмбақ: «Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.»
-Бұл қандай мал?
-Түйе.

* «Төрт түліктің төресі-түйе» туралы
-Түйе төлі-ботақан,
Мөлдіреп көзі ойнаған.
«Бота» туралы тақпақ.

Жібек жүні үлбірек,
Самал желмен желбіреп,
Салады ойнақ жас бота,
Қос жанары мөлдіреп.


*Жұмбақ: «Көкке шаншып құйрығын,
Шауып келеді жүйрігім»
-Бұл қандай жануар екен?
-Жылқы

* «Жылқы-ер қанаты» туралы
-Жылқы төлі-құлыншақ,
Тұяғы жерге ұрыншақ.



*Жұмбақ: Төрт тағанда бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.
-Бұл қандай жануар?
-Қой *«Қой-төрт түліктің момыны» туралы
-Қой төлі-қошақан,
Өріске қашқан қорадан.



*Жұмбақ: Асты пышақ,үсті істік
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп-секіріп түскен.
-Бұл қандай жануар?
-Ешкі
*«Ешкі-өсімтал мал» туралы
-Ешкі төлі-лақ,
Тыныш тұрмайды ол бірақ.

*«Лақ» туралы тақпақ.
Бар менің лағым,
Бағамын шаттанып.
Азанмен тұрамын,
Барамын баққа алып.
Ойнақтау жоқ онда,
Жатады көгалда...


* Әр жануар және мал өз баласын қалай сүйеді екен?

«Малдың баласын сүюі» туралы өлең
Қой сүйеді баласын қоңырым деп,
Ештеңені білмейтін момыным деп.
Сиыр сүйеді баласын торпағым деп
Қараңғыға баспаған қорқағым деп.
Ешкі сүйеді баласын лағым деп
Тастан-тасқа секірген шұнағым деп.
Түйе сүйеді баласын боташым деп
Жәудіреген көзіңнен тоташым деп.
Жылқы сүйеді баласын құлыным деп
Тұлпар болып жүгірер жұрыным деп.

*Мал бағу,оны мәпелеп өсіру-аса ардақты өнер.
*Төрт түлікке қатысты тыйымдар
• Мал қораның сыртында, болмасы ішінде ысқырмайды.
• Жас мал төлдегенде үйге қарыз сұрап келгендерге ештеңе бермейді.
• Малдың алдынан бос ыдыспен шықса, сүт азаяды.
• Малға дауыс көтеріп ұрсуға, ал атты ауыздықпен ұруға болмайды.
* Түнде мал санамайды және ешкімге бермейді.
* Малды аяқпен теппейді.
4.Қорытынды. Кесте толтыру (үлгі бойынша аяқтау)
Малдар Төлдері Қалай еркелетеді?
Қой Қозы Қоңырым
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Еркежан9310
Просмотров: 4800 | Загрузок: 33 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 6:00 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru