Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

« Дүниеге келер әлі талай Қасым, Олар да бұл Қасымды бір байқасын»
[ Скачать с сервера (23.0 Kb) ] 2015-02-19, 8:15 AM
Сатбекова К.М. қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
№101 мектеп-лицейі

« Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын»
атты өзге ұлт өкілдері арасында әдеби кеш сценарийі.

Мақсаты: Тереңде тұнып жатқан дауыл жырдың иесі Қасымның қазақ халқының рухани дамуында алар орны зор екендігін,жыр көшіндегі ұлы Абайдың ізімен қазақ жырымен тезге салған,өртке тиген дауылдай өлеңін бөбегіндей әлдилеп өткен ақын артына өшпес мұра қалдырғанын әр баланың бойына сіңіру.
Көрнекілігі: Қазақтың біртуар ақыны өмірінен бейне материал, слайдтар.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Сіздердің назарларыңызға «Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын» атты әдеби кешімізді ұсынамыз.
1-жүргізуші: Биыл үні асқақ дауылпаз ақын Қасым Рақымжанұлы Аманжоловтың туғанына 104 жыл!
2-жүргізуші: Бүгін сіздерді қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжоловтың өмір жолы,шығармашылығы және оның сан қырлы өнерімен таныстыруды мақсат етіп отырмыз.
1-жүргізуші:
Қасым Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі.

2-жүргізуші:
Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, Семей қаласындағы интернатқа орналастырылып, Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады.

1-жүргізуші:
1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады.
1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.

2-жүргізуші:
Алғашқы өлеңдерін Қ. Аманжолов Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Кейін ол дәптері жоғалып кеткен. Сондықтан 1930 жылдарға дейін жазған өлеңдері сақталмаған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген "Лениншіл жас", "Қызыл әскер" және "Пионер" газеттерінде жарияланады.
1-жүргізуші:
Қ. Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды.Әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл труппа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы ақынның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қ.Аманжоловтың ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды.1936-1941 жылдары Қ. Аманжолов Алматыға барып, "Социалистік Қазақстан", "Лениншіл жас" газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады.1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді.
2-жүргізуші:
1939-1941 жылдар арасында Қ. Аманжоловтың шығармашылық елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады. Қасым қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбра, сырнай, скрипка, пианино тартатын әдемі өнерімен де танылған. Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген.
«Ақсәуле» әнін тыңдаңыздар.
1-жүргізуші:
Қасым – қарапайым ақын, солай бола тұра күрделі ақын. Оның көтерген мәселесі адам тақырыбы.Оқырманы оны бірден түсінеді. Өйткені, ол ештеңені астарламай, ағынан жарылады. Өзі туралы ақын:
Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын,
Бақытын ойламаған құр басымның.
Тамырсық, түнек болсаң – дұшпаныңмын,
Ақ көңіл, адал болсаң – сырласыңмын, – дейді.

2-жүргізуші:
Назарларыңызда Қасым Аманжоловтың өлеңдерін біздің оқушыларымыздың оқуында ұсынамыз.
«Туған жер» өлеңі
«Ақын мен шахтер» өлеңі

1-жүргізуші:
Орыс тіліндегі шығармаларды қазақ тіліне аударуы Қасымның шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі. Ол М.Лермонтовтың "Маскарад" драмасын, А Твардовскийдің әйгілі "Василий Теркин" атты ұзақ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. 1948 жылы да Қасым көп жазады, "Дауыл" атты жинағы жарық көреді. Осы жылдары Пушкин мен Лермонтовтың бірсыпыра өлеңдеріне қоса, Пушкиннің "Полтава" поэмасын аударады. Қасым орыс халқының «Ах, Самара, городок» әнін қазақ тіліне аударған.
Орыс халқының «Ах, Самара, городок» әнін тыңдаңыздар.
1-жүргізуші:
Қасымның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған. Ақынның өлеңдерін қазақшадан орыс тіліне Дмитрий Снегин, Борис Слуцкий, Илья Сельвинский және басқалары аударған. Аманжоловтың үлкен жаңалығы – қалыптасқан қағидаларды жеңу, өлең саласындағы батыл тәжірибе, ол қазақ поэзиясына он буындық өлең жолын енгізді. Ақынның өлеңдері мен поэмалары қазақ әдебиеті бойынша мектеп оқулықтарына енгізілген.

2-жүргізуші:
Домбра
В прохладный вечер распахни окно,
Возьми домбру – пусть струны зазвучат.
Твои мечты, созревшие давно,
К вершинам гор, в простор степной летят.

Напев домбры, то тихий, то как гром,
Волнует сокровенных дум тайник.
И вот уже звенит в тебе самом
Чудесных песен сказочный родник.

Тогда бери бумагу и – пиши;
И по арыкам стройных мерных строк,
Прорвавшийся из глубины души,
Пусть плавно льется песенный поток.

1-жүргізуші:
Родина
2-жүргізуші:
Я-дитя природы.

1-жүргізуші:
Ақынның соғыс тақырыбына жазған өлеңдері: «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Қанқұйлы жау», «Мартбек», «Үстімде сұр шинелім», «Сен фашиссің, мен қазақпын», «Дариға, сол қыз», «Достар», «1945 жыл» және атақты «Абдолла» поэмасы. Осы өлеңдердің қай-қайсын оқысаң да көзіңе соғыстың аласапыран зұлматы елестеп, құлағыңа жарылған бомба үні естіледі.

2-жүргізуші:
Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы өлең жазған. "Жеңіс дауысы", "Орал", "Ертіс", "Сибирь", "Сарыарқа" сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді.
"Дариға,сол қыз" әнін тамашалыңыздар.
1-жүргізуші:
Қ. Аманжолов тек қана лирик емес, сонымен қоса эпик ақын. "Дүние қандай жап-жарық", "Сақыпжамал", "Күйім тасып барады, күйім тасып", "Жаным сәулем, еркешім, қызыл гүлім" атты өлеңдері Қасымның лириктігін танытса, "Ақын өлімі туралы аңыз", "Боран", "Біздің дастан", "Жамбыл тойында" атты поэмалары оның эпиктігінің дәлелі.
2-жүргізуші:
1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның "Өзім туралы" атты өлеңі.
1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ. Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. 1955 жылы 18 қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.

1-жүргізуші:
«Өзім туралы» өлеңі.
Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қ. Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Қарағандыда Қ. Аманжолов құрметіне көше аталған. Қарқаралы ауданындағы бұрынғы Фрунзе совхозына Қасым Аманжолов есімі берілді.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Cerg68
Просмотров: 1328 | Загрузок: 18 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 6:04 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru