Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Болашақты болжаған ұлы бабам
[ Скачать с сервера (68.7 Kb) ] 2015-05-20, 8:52 AM
Тақырыбы: «Болашақты болжаған ұлы данам»

Орындаған: «Малоубинка орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мухадиева Данара Хамидулаевна

Мазмұны
1. Кіріспе ...................................................................... 3
2. Негізгі бөлім ....................................................................... 4-5
3. Қорытынды ........................................................................ 6

Болашақты болжаған ұлы данам.
Д.Х.Мухадиева
«Малоубинка орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Малоубинка ауылы
«Жанымда халық қалса, халыққа жолымды, жанымды қосар қолымдағы жарық қалса жеткені!»
Абай Құнанбаев
Біз – қазақ елінің тәуелсіз мемлекеті атанып, зерең көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімен көру пешенесіне жазылған ұрпақпыз. Қай халықтың да ең ұлы мұраты, ең ізгі арманы – ел болу, тәуелсіздік туын көтеріп, азат ғұмыр кешу. Міне, осы тәуелсіздік деген киелі ұғымды біздің арыстарымыз бен алыптарымыз, даналарымыз бізге тарту етті. Соның бірі ұлы данамыз – Абай.
Қазіргі кездегі елімізді толғандыратын мәселелердің бірі жастарды адамгершілікке, әдептілікке, адалдыққа, имандылыққа, еңбекқорлыққа баулу. Осы мәселелерді шешетін жолды біз Абай мұраларынан таба аламыз. Сондықтан мен осы тақырыпты таңдауға шешім қабылдадым.
Менің ойымша, Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың айтқан мына салиқалы ойы кімге болса да бағыт берері сөзсіз: «...Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс - бұрысын сараптай аламыз. Өйткені, жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштің басын баяғыда-ақ жөнге салып алуға болатын еді. Сорлатқанда біреудің уақыты жетпейді, біреудің ұғымы жетпейді, біреудің атымен зауқы жоқ. ...Қазіргідей заманда Абай жырларына айына емес, аптасына емес, күніне бір үңіліп қоймай болмайды. Сонда жан қинап жүрген қай күмәннің де бәріне жауап таба аласың».[2] Демек, бұл сөздер әрбір адамның дұрыс жетілуіне кепіл болатын, қоғам өмірінде басшылыққа алатын ой тәрізді. Абай әлемінің бар құдіреті мен болмысын, құпиясы мен сырын жете таныту арқылы қазақ халқының мәдени келбетін, қадір-қасиетін, шыққан биігін, рухани жетістіктерін ұрпақ санасына сіңіре аламыз.[5]

Абайды өзге ұлт өкілдеріне оқыту арқылы жаңа биіктерге көтерілу, рухани өсіп-өркендеген іргелі еліміздің елдік белгісін биік дәрежеге көтеру мақсатында өз мектебімізде шама-шарқымызша жұмыс жүргізудеміз. Абайды оқыту бойынша жұмыс моделі:

1. Абай және кәсіп.
Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырғанын «Сабырсыз,арсыз,еріншек», «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп», «Базарға қарап тұрсам әркім барар», «Адасқанның алды-жөн,арты - соқпақ » т.б өлеңдерінен көре аламыз. Ақын өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкерелейді.[1] Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты. Ол былай деп жазды:
«Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде».
Абай қазақтарды мал өсірумен қоса сауда жасауды, белгілі бір кәсіп түрімен шұғылдануды үйрену қажеттігіне баса назар аударды. Орта Азия тұрғындарының кәсіп түрлеріне үлкен ілтипатпен қызыға қарады. Ол былай деп жазды: «Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, саудагердің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһари (яғни қала адамдары болып) жауласпайды. Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахыреттігін (кебінін), тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды».[1] Ақынның өз заманындағы осы мәселе қазіргі кезде көкейкесті мәселелердің бірі екенін біз көріп отырмыз. Қазіргі уақытта да жастардың бәрі жоғары дәрежелі маман иесі болуды армандап, сол армандарына қол жеткізуде. Әрине, біз оған қуанамыз, бірақ бәрі бастық болса, басқарушы адамның қол астында кімдер жұмыс істейді? Сол данамыз қозғап кеткен мәселелерді шешу жолында, қазіргі кезде мектебімізде оқушыларды қоғамдық жұмысқа араластырып отырамыз, бітіруші түлектерге әр түрлі кәсіп жайлы ақпараттар береміз, жазғы уақытта біздің мектеп оқушылары ара шаруашылығымен айналысады және мектеп ауласында жеміс-жидек салып, бау-бақшаны күтуге баулимыз.
2.Ғылым және жастар.
Ұлы ақын жас ұрпақты «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. Ақын жастарды өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауға шақырды. Әрбір оқушының бойында айтылған қасиеттерді қалыптастыру біздің міндет. Ол үшін мектепте «Абайтану» факультативі, Абай оқулары, дөңгелек үстел, коучинг өткізіледі, мектеп ішін Абайдың ұлы сөздерімен безендіріп, Абай тақырыбына шығарма сайыстары өткізіліп отырады.
3.Тәрбие және қоғам.
Ұлы данамыз ел -жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу – білімге шақырған. Адамның сол кездегі жаман қасиеттерінің бәрін санап, атап көрсетіп, содан арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға, яғни тәрбиеге көп көңіл бөлген. «Бала жасынан ұядан нені білсе,ол өмірбойы қиядан соны таниды» деп Жүсіп Баласағұни айтқандай, білім мен ұғымдары бірегей отбасында тәлім – тәрбие де дұрыс болады. Бала тәрбиесінде ата- ана басты роль атқарады. Сол себепті, мектепте тәрбиеге қатысты ата-аналар жиналысы, сынып сағаттары, сыныптан тыс сабақтар өткізіледі.

4.Мектеп және Абай.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: «Балаларды ата-аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтың бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек. Мектептерді көбейту қажет, оларда тіпті қыздар да оқитын болсын».[3] Ақынның сол кездегі арманы қазіргі заманда орындалып, мектептер салынып,көбеюде, болашақ жастарға барлық жағдай жасалған, бірақ кейбір аудандарда ,мәселен бір ғана Глубокое ауданында 29 мектептің біреуі ғана қазақ мектебі. Сол себепті, балаларын интернатқа беріп оқытып жатыр. Қай ата- ана баласының көзден таса жерде оқып-өсуін қалайды? Сонымен қатар, интернатқа берілген ғимараттар тозып тұр.
Қорытындылай келе,біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өз дәуірінде айтып кеткен сөздерінің әлі күнге дейін өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Осындай бір жолға Абайды толығымен сыйғызу қазақтай дархан көңілді пәктігімізден шығар. Қазақта «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген мақал бар. Абай мыңнан, миллионнан озып шыққан тұлпар. Шебер қол, сезімтал жүрек, милы парасат таңдайтын түйіндер - сансыз ұрпақтың үлесі. Абай әр қазақтың сөзі әрдайым аузындағы жыры, санасындағы ар-ұжданы, көкірегіңдегі иманы болып қала бермек. Ақын мұрасы - халықтың сарқылмас асыл қазынасы. Абай ақындығының тарихымызбен бірге жасайтын ұлы тағылымы да осында!
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де халқының жадында бірге мәңгі жасай берері атар таңдай ақиқат қой.
Абай аға, қадірлім! Сөздерің сенің өлген жоқ, жойылған жоқ. Рас, бұл күнде бұл араға біткен дүм тоғай болмасын. Үлкен бақ боп тұрмасын... Бірақ ен дала, мол сахараның бар бойында сөздерің өсіп келеді... Өсе бермек күн санап та жыл санап... Сол үшін де өз өмірімізде, өле-өлгенше асыл сөзіңді сақтармыз, ата тәрбиеңді ақтармыз!

Әдебиеттер тізімі:
1.Абай» Алматы: Жазушы баспасы 2005 ж.
2. «Өмір өзен» Н.Елубаева 2008 ж.Өскемен
3. Абай. Энциклопедия.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы
4. Ақбұлақ газеті.2015 жыл №13
5. «Шың-кітабы» Қ.Ибрагимов Алматы 2009 жыл
6.Журнал «Қазақ тілі және өлкетану» 2011 жыл №7
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ahyra | Теги: ғылыми жоба, баяндама
Просмотров: 1888 | Загрузок: 13 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-08, 4:47 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru