Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Интербелсенді әдістерді қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту жолдары
[ Скачать с сервера (25.0 Kb) ] 2016-02-12, 3:50 PM
Павлодар облысы Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің
Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ



Интербелсенді әдістерді қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту жолдары

Каиргожина Людмила Петровна
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Ақсу қаласы Евгеньевка ауылы 2015ж.

Интербелсенді әдістерді қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту жолдары

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп, Абай атамыз айтпақшы, мен Каиргожина Людмила Петровна Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде балаларға қазақ тілін үйретіп, тілдерін дамытып, мемлекеттік тілді мақтан тұтатындай, заман талабына сай тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, ұстаздық қызметімді атқарып жүрмін. Өйткені балалар- біздің болашағымыз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударды: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажетті. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік инновациялық, әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын әзірлеу керек». Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреулері біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Осы тұрғыда, қазіргі кезде мемлекеттік тілді игеруде көптеген педагогикалық технологияларды қолданып, оңтайлы жетістіктерге жетуге болады.
Оқушыларға сапалы да, тиянақты білім берудің негізі - пәнді жан-жақты игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдістерін қолдану.
Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру. Оқушыларды қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарын түсініп, оған жауап беруге, үйренген сөздерін дұрыс айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйрету қажет. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және дамыту, яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында да көрсетілген.
Әр мұғалім мектепте жұмыс атқару барысында білім беру мен тәрбиелеуде оңтайлы нәтиже беретін өз әдістемесін құрған жөн. Сол жағдайда ғана жыл сайын оқушыларының білім деңгейінің өсуін байқауға болады.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан- жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, іздену - әр ұстаздың міндеті. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: балалардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру, қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет.
Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қазақ тілін оқыту үрдісінде көптеген негізгі әдістемелік инновациялар оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен тығыз байланысты болып отыр. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы бала қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады.
ХХІ ғасыр оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды талап етеді. Бұл тәсіл оқытудың мазмұнын жетілдіреді, олардың әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл заңды процесс, себебі елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да өзгерістер білім жүйесін сол өзгерістер тұрғысында дамытуды талап етеді. Бүгінгі білім мен тәрбие технологиясында «жеке тұлға» тәрбиелейтін мұғалімнің де өзіндік жеке тұлға ретінде шығармашылығының орны ерекше.Жаңа педагогикалық технология балаларды сабақ процесіндегі белсенділігін арттыруға тікелей әсер етеді. Міне осы талап тұрғысынан алғанда «Оқытудың интерактивті әдісі» шешуші орын алады .Егерде сабақ үстінде балалар мен мұғалімдердің арасында тығыз қарым – қатынас орнатылса және ұтымды нәтижеге жетсе,бұлайша оқытуды интерактивті деп атаймыз.Мұндай қарым – қатынас балалар өз ойларын талқылап, шешімін табуға тырысқан кезде байқалады.
Тіл дамыту - тіл үйретудегі қарым-қатынас құралын іске асыру. Оқушының тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру, сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады. Мұндай көзқарасты ғалым З.Ш. Есназарова ұсынып, тиімділігін өз еңбектерінде дәлелдеп жүр. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем - байланыстыра сөйлеудің бастапқы алғы шарттары. Сөйлеу үшін оқушының жеткілікті белсенді қоры болу керек, әрі байланыстырып сөйлем құрау заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, әр сабақта тәжірибе түрінде меңгертіп, дағды қалыптастыру қажет. Тілдесім әрекетіне жету үшін жеткілікті сөзді қор болуы да маңызды, сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байытуға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында оқушылардың міндетті түрде сөздік дәптері болуы тиіс. Сондықтан қазақ тілін үйрену барысында оқушылардың міндетті түрде меңгеруге тиісті сөздерінің тізімін жасау керек. Оқушының үйренген сөздерін берік қалыптастыру үшін мына мәселелер ескерілуге тиіс: сөзге дұрыс екпін түсіріп айту, сөздің мағынасын дұрыс түсіну, орфографиялық жағынан дұрыс жазып, сөйлем ішінде пайдалана білу.
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Сондықтан да, қазақ тілін оқытуда интерактивті тақтаның тиімділігі өте зор.
Сабақта оқушылардың сөйлеу тілдерін арттыру барысында жұмыс жүргізудің бірі - мәтінмен жұмыс. Бұл жұмыста оқушының сөйлемді дұрыс құрастырып айтуына, сұрақты дұрыс қойғанына, оған жауап беруіне назар аударылады. Осындай жүйелі жұмыс арқасында оқушылар сұрақты еркін қойып, жауап бере алады.
Мен өз сабақтарымда түрлі әдістерді қолданамын. Өзім үш деңгейлік курстан өтпесем де, бірінші деңгейде өткен информатика және математика мұғалімі Магазова А.М.-мен бірігіп 3 сыныпта «Оқу құралдарым» тарауы бойынша 7 модуль кірістіру арқылы тізбектелген 4 сабақ өткіздім. Сабақта топтық жұмыс жүргізілді. Наурыз айында «Спортзалда» тақырыбы бойынша ашық сабақ бердім. Осы сабақта да мен топпен жұмыс жасадым. Оқушыларды топқа бөлу алдында, оқушылар өздеріне ұнайтын добын тандап(қағаздан жасалған), доптың артында санына қарап, сол топқа отырады. Сабақ сайыс ретінде өткізілді. Сабақта түрлі әдістерді қолдандым. 3 сыныпта көбінесе үлестірмелі кәртішкелер, суреттермен, ойындармен жұмыс жүргіземін. Мұнда оқушылар ізденеді, олардың әр орындаған жұмыстары бағаланады және бағыт-бағдар беріледі.(презентация)
Жұмыс барысында мақал-мәтелдерге назар аударамын.Алдымен оқушыларға мақал мен мәтелдердің айырмашылығы түсіндіріледі, оларды оңай жаттау үшін сұрақ қойылады, мысалы: Отан неден де ыстық? Жауап: Отан оттан да ыстық. Ағаш немен мықты, адам кіммен мықты? Жауап: ағаш тамырымен, адам досымен мықты. Кейін оқушылар мақал-мәтелдерді меңгергеннен соң, олардың мәнін түсіндіруге, өз пікірлерін айтуға үйретемін.
Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға шақырамын. Осыған орай оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әр тоқсанда келетін демалыс күндері ертегілер, аңыздар, белгілі жазушылардың әңгімелерін оқуға талап қоямын. Әр мұғалім тіл ұстарту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан–жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды.
Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог. Оны құрастыру үшін бір тақырып бойынша оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын түсіндіре отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады. Бұл оқушының тілін дамытады. Осы әдісті мен рольдік ойындар арқылы дамытамын. Оқушылардың диалог арқылы сыни ойлауын дамыту мақсатында, сурет бойынша не айта аламыз?-деген жетелеген сұрақтар арқылы бұрынғы білетін білімдерін , қазіргі жаңа білімдерімен ұштастыра отырып, өз ойларын толық жеткізе алуына мүмкіндік береді.
Сөйтіп, жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мен әр сабақта оқушыға жағдай жасап, түрлі стратегияларды жүйелі қолданып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Сондықтан да осындай әр түрлі тіл дамыту жұмысын жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Мен сабақ өткізгенде интерактивті тақтаны пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын және танымдылық қабілеттерін дамытуға тырысамын.
Қорыта келе, мен бұл әдіс -тәсілдердің пайдалы және тиімді екенін ұқтым. Сонымен «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» - деп Әбу Насыр әл Фараби айтқандай тіл дамыту жұмыстары саналы меңгеріп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, болашақ ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда беретін әсері мол. Оқушыларды қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыру әр ұстаздың шеберлігіне, шығармашылығына байланысты. Тілді жақсы білу - толеранттылық мәдениетін қалыптастыруға негіз болатын маңызды фактор. Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, оның әрекет ету аясы кеңейді. Бұған басты себеп - қазақ тілінде білім беру кеңістігінің ұлғайып, сапалы білім берілуі деп білемін.


Қолданылған әдебиеттер:
1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана «Елорда», 2008ж. 23-бет.
2. «Открытая школа» информационно-методический журнал,2011г. №2 (103), стр.12.
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» республикалық ғылыми-педагогикалық басылым, 2007жыл №8, 24-25бет.
4. «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журнал, 2009 жыл №1(43) 16 бет.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Людмила9481
Просмотров: 1357 | Загрузок: 14 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 1:11 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru