Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Абай – кемеңгер ақын» атты әдеби кеші.
2016-04-02, 10:00 AM
Абайдың 170 жылдығына арналған
«Абай – кемеңгер ақын» атты әдеби кеші.
Мақсаты:қазақтың данышпан ақыны Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойын атап өту.Оның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат берумен қатар ,шығармаларын мәнерлеп оқуға дағдыландыру,мәдениетті сөйлеу білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Абай мұрасын ,нақыл сөздерін насихаттау.Отанын сүюге,патриоттыққа баулу.
Көрнекіліктері:интербелсендік тақта,слайт суреттер,жыл мезгілдеріне арналған табиғат суреттері,Абайдың өлеңдері,әндері,би тобы,Абайдың 170 жылдығына арналған стенгазет, мектеп кітапханашысының әдеби көрмесі.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті қонақтар,әріптестер,оқушылар ,біз бүгін сіздердің алдарыңызға қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған әдеби кешін ұсынамыз.

1- жүргізуші: Қайырлы кеш ,құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!
Қазақ халқының ұлы ақыны ,аудармашы,сазгер,дана,дара тұлға Абай шығармашылығына арналған «Абай-кемеңгер ақын» атты әдеби кешіне қош келдіңіздер!Бүгін біз Абаймен бірге әлем таныған ұлы тұлғаларды өз тілдерінде сөйлетіп,сырласатын боламыз.
2- жүргізуші :Добрый день, дорогие друзья, уважаемые гости и учителя!Литературный вечер под названием «Абай -гениальныйпоэт»посвящается великому казахскому поэту,переводчику,композитору,философу и мыслителю Абаю Кунанбаеву и его великим современникам, которые , живя порознь и в разное время, сумели воспеть прекрасное одинаково.
3-жүргізуші: Good day dear guests, good day children! We are glad to see you on our party “Abai - the GreatPoet”. We hope you will take active part in it. You are welcome to enjoy our party specially prepared for you.
Слайдтар:
Юля: Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Семей жеріндегі Шыңғыстау бөктерінде, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген.Абайдың әкесі Құнанбай тобықты руын билеп,аға сұлтаны болды.Мінезі қатал Құнанбай Абайдың ерекше зеректігін танып оған үлкен үміт артты.
Айым: Абай мейірбан пананы өз шешесі Ұлжан,әжесі Зереден тапты.Бұл екуі де парасатты,қайырымды,бауырмал ана еді.Құнанбай қойған Ибраһим деген есімді Ұлжан еркелете «Абай»деп атады.Осы есімі жаңа өмірді аңсаған сахара халқын рухани дұшпандардан қорғар Абай болып қалды.Немересін жүрегімен мәпелеген Зере өзі шексіз көп білетін ертегі,жырларымен Абай қиялын әлдилеуден жалыққан жоқ.

1-жүргізуші:«Ғылым таппай мақтанба» өлеңді оқитын
Абрамова Екатерина
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдвнда
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек,өтірік,мақташақ,
Еріншек,бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап,еңбек,терең ой ,
Қанағат,рақым ойлап қой –
Бес асыл іс,көнсеңіз.

Юля: Абайдың мұрасы-қазақтың ең қасиетті,теңдесі жоқ ,алтын қазынасы.Заман ауысып,уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама ақын Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап,оның ұлылығының тың қырларын ашып,жаңа сырларына қаныға түседі.ХІХ ғасырдың 80-жылдарының орта кезінен бастап Абай ақындық жолға біржолата бет бұрды.Бұл кездегі өлеңдері-толысқан ой-сананың жемісі.
Айым: Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерді,әдеби тілді дамытып қалыптастыруда аса үлкен еңбек сіңірді. «Көркем сөздің асылы - поэзия»деп жоғары бағалай отырып,ақын мен ақындықтың мұраты – мақсаты жайлы жаңа көзқарасын білдірді.
Юля:Абай –сазгер.Оның көп өлеңдері өз әнімен таралған.30-дан астам әні,3 күйі бар.Бүгінгі таңда нотаға түскен,орындалып жүрген классикалық туындылар.
1-жүргізуші: Абайдың сөзіне жазылған ән: «Көзімнің қарасы» ән шырқайтын әншіміз 7 «А»оқушысы-Гольцверт Аделина
Айым:Табиғат лирикасы – Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі.Ақын неғұрлым данышпан болса,соғұрлым табиғатпен терең араласып,оны құшағына тұтас қамтып алады.Табиғатты адаммен,ортамен барынша байланыстыра көрсетеді.
2-жүргізуші:Абайдың өлеңі: «Күз»оқитын Кащаева Айым.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан.

Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес,жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш,құрай.
1-жүргізуші: Абайдың өлеңі «Қыс»оқитын Яковенко Станислав
Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,
Соқыр,мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау,түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы –үскірік,аяз бен қар,
Кәрі құдаң- қыс келіп,әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе,қар жауып,мазанды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Юля: Абай- данышпан,Абай – кемеңгер.Ол орыс әдебиеті классиктерінің,Еуропаның бірталай ақындары мен ғалымдарының ,ежелгі заман даналарының туындыларымен танысады.Солар арқылы әдеби білімін,дүниетанымын кеңейте түседі.Абай ,әдебиеттегі шебер аударма жасаудыңүлгісін көрсетті.70-80 шақты аудармалары өзге тілден аударылған.
А.С.Пушкиннің «Евгений Онегиннен»8 өлең аударған,көбі- Онегин мен Татьяна арасындағы хаттары.М.Ю.Лермонтовтың ,өлеңдерін,И.А.Крыловтың мысалдарын,Батыс әдебиетінен-Гете,Байронның өлеңдерін аударған.
Жүргізуші: И.А.Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа»мысалының үзіндісі,оқитын 7 «А»сынып оқушысы Аброськин Егор
Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған,
Көгалда қуып,гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүні жапырақтың
Бірінде тамақ,бірінде үй.
Жапырақ кетті,жаз кетті
Күз болған соң,кетті күй.
Жылы жаз жоқ,тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған,қарны ашқан
Ойын қайда,ән қайда?
Айым :М.С.Лермонтовтың «Горные вершины»өлеңін ,Абай қазақ тіліне «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңге аударған.Осы өлеңдерді тыңдайық.
2-жүргізуші-қазақ тілінде оқитын: 1-жүргізуші- орыс тілінде
Чубарь Екатерина оқитын:Вахрушина Нина

Қараңғытүнде тау қалғып, Горные вершины,
Ұйқығакетербалбырап. Спят во тьме ночной,
Даланыжым-жырт дел-сал ғып, Тихие долины
Түнбасадысалбырап. Полны свежей мглой.
Шаңшығармасжол-дағы, Не пылит дорога,
Сыбдырламасжапырақ. Не дрожат листы,
Тыншығарсың сен-дағы Подожди немного –
Сабырқылсаңазырақ..." Отдохнешь и ты..."
Айым: Байронның өлеңін М:Ю:Лермонтов орыс тіліне «Моя душа мрачна! Скорей!певец,скорей!»деген атпен аударса,Абай ол өлеңді қазақ тіліне «Көңілім менің қараңғы,бол-бол ақын»деп аударған.Осы өлеңдерді үш тілде тыңдайық.
2-жүргізуші: өлеңді оқитын Дмитриева Дарья
Байрон:
Mysoulisdark – Oh! Quickly string
The harp I yet can bring to hear
And let the gentle fingers fling
It’s melting murmurs over my ear
If in this heart a hope be dear
That sound shall charm it forth again
If in these eyes there lurk a tear
If will flow and cease to burn my brain
1-жүргізуші: өлеңді оқитын Лохбаум Кристина
Лермонтовтың аудармасы:
Душа моя мрачна!Скорей, певец,скорей!
Вот арфа золотая:
Пускай персты твои, промчавшися по ней,
Пробудят в струнах звуки рая.
И, если не навек надежды рок унес,
Они в груди моей проснутся,
И, если есть вочках застывших капля слез,
Они растают и прольются.
2 – жүргізуші: өлеңді оқитын Абрамова Екатерина
Абайдың аудармасы
Көңілімменіңқараңғы. Бол, бол,ақын!
Алтындыдомбыраңменкелшіжақын
Ішекбойлап он саусақжорғаласа,
Бейіштіңүнішығарқоңырсалқын.
Егерсорымтүбіменәкетпесе,
Керекқойкөңілдіүміттебіренсе,
Қатыпқалғанкөзімдебіртамшыжас,
Төгілмейме, бой жылып , ол да ерсе?!

1 – жүргізуші: Қазақ биі (қыздар тобы)

Юля: Абайдың поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» Бұл поэмалары қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған,шығыстық оқиғалар сарынында жазылған.Идеясы- ұстаздық,тәрбиелік ой- мақсаттарға биімдеп көпке үлгі көрсету. «Масғұт»поэмасында – достықты қадір тұтады,ер мен әйел теңдігін жақтайды.
Айым:Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері.Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес ,ақынның өмір сабақтары туралы ойларын,содан туындайтын даналық,философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл-өнеге,өсиет,ғибрат сөздер.Жалпы қара сөздердің саны-45.Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де,бүгін де бағасы зор.
2 - жүргізуші: Абайдың отыз бірінші қара сөзі
оқып беретін Николаенко Кристина.
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:әуелі-көкірегі байлаулы берік болмақ керек.Екінші-сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек,көңілденіп,тұшынып,ынтамен ұғу керек.Үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып,көңілге бекіту керек.Төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.Егер кез болып қалса,салынбау керек.
Ой кеселдері:уайымсыз,салғырттық,ойыншы-күлкішілдік,я бір қайғыға салыну,я бір нәрсеге құмарлық пайда болу.Бұл төрт нәрсе –күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

Юля: Абайдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған Ахмет Байтұрсынұлы «Абай қазақтың бас ақыны.Онан асқан бұрын соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»деп жазды.
Айым:Қазақстанда көптеген оқу орындары,ғылыми мекемелер,кітапханалар,аудандар,ауылдар,көшелер Абай есімімен аталады.М:Әуезов төрт томдық «Абай жолы»эпопеясы ұлы ақынға арналып,дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылған.

1 – жүргізуші: оқитын : Абрамова Екатерина
Парасатты болып туған-
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған –
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған –
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған –
Бүкіл әлем Абайы!

2 -жүргізуші: Келесі сөзді мектеп кітапханашы Щербакова Нина Сергеевнаға берейік.
Юля: Ұлы Абай есімі бәрімізге жақсы таныс,ақын және сазгер Абай Құнанбайұлы өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті.Ол бақытты,жарқын өмірді аңсады.Болашаққа өзінің ғибратты сөздерін қалдырды.Әрдайым,Абайдың әрбір сөзінен өнеге алып жарқын болашаққа ұмтылайық
2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешімізде таяп қалды. Бүгін біз ұлыларды сөйлетіп, олардың өзара үндесетінін байқадық. Ұлты мен туылған ортасына қарамай ұлылар әрқашанда ұлы болып қалары сөзсіз.
1-жүргізуші:That close to the end of our party. Today, we have seen once again that great men are always in tune and they are obedient time and tradition.

3-жүргізуші: Вот и приблизился к концу наш вечер посвященный памяти великому сыну казахского народа Абаю Кунанбаеву, сегодня мы еще раз убедились, что великие всегда созвучны, им покорны и время, и традиции.

Соңында мұғалімнің сөзі:
Бас иемін Абай деген атыңа,
Сарқылмайтын мына бітпес ақылына.
Қазақ болып келгеніме мақтанамын,
Осындай ұлыларға шаттанамын.
Абай күшті,Абай ұлы,Абай дана,
Өлеңдері жүріп жатыр жылдарға.
Қанша ғасыр өтсе дағы ол-пана,
Мәңгілікке өшпейтіндей ол жаңа.
Абай әсем,Абай сұлу,Абай пәк,
Үлгі болып жүреді ғой жылдарға нақ.
Жүректерді толғап талай шыңдарға,
Ойландырар бізді мына заманда.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: bahytgul101960
Просмотров: 1070 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 3:13 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru