Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде"
2016-05-18, 3:25 PM
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары зиянды жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру керек екендігін ұғындыру, грамматикалық ұғымдарды дұрыс әрі сауатты қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрістерін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, сөздік қорларын байыту, мәтінді қазақ тілінде тыңдап, оны ауызша әңгімелей білуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыру, денсаулықтың қадірін түсінуге, сақтай білуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білім игеру
Сабақтың формасы: жеке-дара, жұптық
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд суреттер, үлестірмелі кестеме қағаздар, видиоролик, бағалау парағы.
Әдіс-тәсілдер: сөйлесім әрекетінің 5 түрі, сергіту сәті, сұрақ-жауап,т.б.
Пәнаралық байланыс: биология, география.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
- Амандасу;
- Оқушыларды түгелдеу;
- Психологиялық дайындық;
Ей замандас, алдымен досыңды ұқ.
Досың спорт, таза ауа, өсімдік,
Ала жүріп осылардың сыйлығын –
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
3-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.
Денсаулық жақсы болу үшін ... (уақытты, күш-жігерді, еңбекті, барлық дүниені аямай жұмсау керек). Адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние – (денсаулық). Денсаулықтың қорын үнемі ... (көбейтіп отыру керек). Адам салауатты өмір салтын ... (қалыптастыру керек).
ІІІ Жаңа сабақ.
Оқылым. Мәтінді түсініп оқып, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
«Бірінші байлық – денсаулық» дейміз. Бірақ осы сөзді айтқанымызбен, көп мән бермейміз. Айтылған сәтте есімізге түседі, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонан соң өзіміз ұмытып кетеміз. Сөйтіп күндердің күнінде ауырып қалып өкінеміз де, ауырып емханадан ем іздейміз. Бірақ адам өмірінде барлығы ойлағандай бола бермейді, сондықтан дәрігердің де көмегіне сүйенеміз.
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған. Тұрмыстық жағдай тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық – бәрі де денсаулыққа кері әсерін тигізеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50% - ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20% - ы қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты.
Сөздік жұмысы:
Емхана – поликлиника
Ауыру – болеть
Барлық – все
Мән бермеу – не обращать внимание
Өкіну – сожалеть
Дәрігер – врач
Тұрмыстық жағдай – бытовые условия
Экологиялық қолайсыздық – экологические неудобства
Сарапшылар – эксперты
Дерек – факт
Өмір салты – образ жизни
Қоршаған орта – окружающая среда
Сұрақтар:
1. Денсаулыққа кері әсерін тигізетін жағдайларды атаңдар.
2. Дүниежүзілік деректер адам денсаулығының қанша пайызы өмір салтына қатысты деп көрсетіп отыр?
3. Экологиялық қолайсыздықтарға нені жатқызуға болады?
4. Адам науқастанса, кімнен көмек сұрайды?
Балалар, біз сендермен жаңа мәтінмен таныстық. Енді тақтаға назар аударайық. Экологиялық қолайсыздыққа нені жатқызуға болады. (Интербелсенді тақтада суреттер шығып отырады)
Олар: полигон, зауыттар, ластанған өзен, көлдер, машина түтіні,т.б. жатқызуға болады. Солай емес пе?
Өміріміздің 49-50 пайызы өмір салтына байланысты дедік. Бірақ қандай өмір салты... Біз денсаулығымызды сақтау үшін зиянды нәрселерден аулақ болуымыз керек. Денсаулықтың дұшпаны деген не, қалай ойлайсыңдар? Олар: ход-дог, чизбургер, гамбургер, чипсы, ролтон, кока-кола, алкогольді ішімдіктер, темекі, нашақорлық, ұялы телефон, компьютер, т.б. Ендеше балалар, бұл зиянды әрекеттерден аулақ болу керек.
Ал, салауатты өмір салты деген не? Ол табиғат,таза ауа, дұрыс тамақтану, дұрыс ұйқы, дене шынықтыру, гигиена және жылына 2 рет дәрігерге көріну керек.
Тілдесім. Диалогті кезектесіп оқыңдар және төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
- Сәлеметсіз бе, бүгін терапевт қабылдай ма?
- Сәлеметсіз бе, ата, қабылдап жатыр, 15-бөлмеге барыңыз.
- Рақмет!
- Рұқсат па?
- Кіріңіз. Қай жеріңіз ауырады?
- Басым қатты ауырады. Барлық жерім ауырады: қолым, аяғым,тізем,кеудем, жүрегім,бүйрегім, бауырым, өтім, өкпем, асқазаным, ішім, белім, тамағым, басым...
- Тоқтаңыз, ата, асықпаңыз. Біз сізді тексерейік, содан кейін емделесіз де, жазылып кетесіз. Жөтеліңіз, тұмауыңыз бар ма?
- Әрине, бар. Жөтелемін де, түшкіремін де, тұмауым да бар.
- Тамағыңыз қызарып тұр екен. Сізге қатты суық тиген. Сізге дәрі-дәрмекке тізім (рецепт) жазып беремін. Емдейміз.
- Басқа жерімді тексермейсіз бе?
- Тексереміз. Әуелі мына ауруыңызды жазып алайық. Емделіңіз, жазылыңыз, ауырмаңыз. Денсаулық – зор байлық.
- Рақмет, қалқам сау бол!
- Сау болыңыз.
Төмендегі сұрақтарға оқушылар ауызша жауап береді.
1. Атаның қай жері ауырады?
2. Жөтелі, тұмауы бар ма?
3. Тамағы қызарып тұр ма?
4. Ата немен ауырған?
5. Денсаулықты неге сақтау керек?
Сергіту сәті: орындарынан тұрып «Қара жорға» биін билеу.
Жазылым.
4-тапсырма. Емханада сырқатына байланысты кімге баратының туралы сөйлемді толықтырып жазыңдар. Бұл сөйлемдерді оқушыларға бөліп таратып беремін. Оқушылар тез арады жазып беру керек.
Жүрегің ауырса, ... көрін. Тісің ауырса, ... бару керек. Тұмауың болса, ... бару керек. Көзің ауырса, ... бар. Құлағың ауырса, ... бару керек. Дәрі керек болса, ... бар. Емделсең, ... жазыласың. Жазылсаң, ... шығасың, сабаққа барасың.
Керекті сөздер: кардиологқа, терапевтке, лорға, дәріханаға, тіс дәрігеріне, окулистке, жұмысқа, тез.
5-тапсырма. Мына сөйлемді жіктеңдер.
Мен емханада ем аламын.
Тәуелдеңдер. Менің дәрігерім, денсаулығым.
Тыңдалым. Балалар, кезек тыңдалымға да келіп жетті. Мәтінді мұқият тыңдаңдар, сосын түсінгендеріңді әңгімелеп беріңдер.
«Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деген халқымыз. Ендеше денсаулығымызды жасымыздан күту керек. Таңерте ерте тұрып дене шынықтыру жаттығуларын жасап, беті-қолымызды тазалап жуып, тісімізді тазалап отыруымыз керек. Түрлі жаман әдеттерден аулақ болыңдар. Темекі шеккен, спирттік ішімдік ішкен адам түрлі ауруға шалдығады.
Айтылым. Балалар, мына сұрақтарға жауап беріңдерші.
1. Тісі жоқ адам тамақты қалай ішеді?
2. Тамақты қалай жу керек?
3. Неге?
4. Тісті неше жастан бастап тазалау керек?
5. Тісті немен тазалау керек?
6. Сен тісіңді тазалайсың ба?
Видиоролик. «Темекінің зияны»
Қорытынды. Кесте толтыру.
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салтын қалыптастыратын факторлар Салауатты өмір салтын қалыптастыруға қарсы факторлар

Үй тапсырмасы: мәтінді зерделеп оқу, әңгімелеу. 3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрап жазыңдар.
Бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: saurbaevaaigerim
Просмотров: 2000 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 8:43 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru