Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Физика

" Динамика заңдары өмірде"(қайталау қорытындылау сабағы)
2016-12-25, 12:36 PM
Сабақтың тақырыбы: «Динамика заңдары өмірде»
Сабақтың мақсаты: «Динамика тарауын » қорытындылау, оқушылардың басқа пәндерден алған білімдерін физика сабағында қолдана алуға үйрету; қазақтың ақын-жазушыларының өлеңдерінің мағынасын түсінуге,оның физикалық мағынасын ашуға үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1) Динамика заңдарын қайталай отырып,жалпыпәндік білімін қалыптастыру; Ньютонның заңдарының қолданбалылығын түсінуге баулу,сыни ойлауға үйрету.
2) Динамика тарауынан алған білімдерін қазақ поэзиясында,өмірде қолдана алу дағдыларын қалыптастыру,тыңдау,есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3) Оқушыларды патриоттыққа,ынтымақтастықта жұмыс істеуге, саналылыққа,адамгершілікке және пән тілінде сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Өтілген тақырыптарды қайталау
а) постер қорғау;
б) «Кім жылдам?»;
в) «Физика өмірде»;
г) Ньютон заңдарына есептер
3.Үйге тапсырма.
4.Қорытынды.
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушылармен сәлемдесіп, Шаттық шеңберінде «менің бүгінгі сабаққа келгендегі көңіл-күйім,сабаққа дайындығым» тренингін өткіземын.Оқушыларға үйге берілген «Ньютонның заңдарын оқудың қажеттілігі неде» деген тақырыпта жазылған 2-3 эссені дауыстап оқу арқылы өтілетін сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға ұмтылдырамын. Абайдың «Күз», «Қыс», «Көктем», «Жаз» өлеңдерінен үзінді оқи отырып топқа бөлемін ( топтастыру стратегиясы).
Топтарды бөлгенен кейін бағалау критерийлерін естеріне түсіремін.
Бағалау критерийлері:
1. Уақытында тапсырманы аяқтау;
2. 2.Эстетикалық талғамға сай;
3. Тақырыптың маңызы ашылу керек;
4. Барлығымыз бірдей үлес қосуымыз керек;
5. Пән тілінде сөйлеуіміз керек.
а) 4 топтың өз аты бар.Өткен материал бойынша постер қорғауға 5-7мин. дайындыққа уақыт беріледі. Әр топта оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы өз міндеттерін, өзгенің іс әрекеттерін бақылайды.

І топ «Ньютоның І заңы» ІІ топ «Ньютоның ІІ заңы»

ІІІ топ«Ньютоның ІІІ заңы» ІVтоп «Бүкіләлемдік тартылыс заңы»

(Әр топтың басшысы өз тобын бағалайды) «Бағдаршам » тәсілі арқылы топтарды бағаланады. «5»-қызыл түс, «4»-көк түс, «3»-сары түс.
Топтардың бағасы бағалау кестесіне қойылады.
Топтар Постер қорғау «Кім жылдам?» «Физика өмірде» Жалпы ұпайы
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
ІVтоп

б) Әр топ дайындаған сұрақтарын бір-біріне қояды.1-2-3-4-1. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып , «Бағдаршам» тәсілімен бағалайды.
ІV. «Физика өмірде». Топтарға әр түрлі тапсырмалар оқылады, дайын топ қол көтеріп,пән тілінде жауап береді. Оқушылар сұрақтарға жеке, жұптасып,топтасып пікірлерін өзара талқылайды,бір-бірін толықтыра келе топтың атынан ортақ шешім ұсынады.
1 тапсырма. Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт ,дел-сал қып,
Түн басады салбырап. (тыныштық)

ІІ тапсырма. Науқас адамға немесе егу процедурасын жүргізу кезінде уколдан қорқатымыз бар және қорықпайтынымыз бар. Қандай жағдайда укол алу қорқынышты емес: уколды тез салғанда ма,әлде ақырын салғанда ма? Себебі? Қандай физикалық шама туралы сөз болып тұр? (Үдеу-жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама).
ІІІ тапсырма. М.Мақатаев табиғат құбылыстарын аямай жырлаған ақын. Ақының өлеңінен үзінді:
Тау басына тамаша бұлттар шөккенде
Ұшырып бұлтты ескек жел алып кеткенде.
Қараймын –дағы мұрты өсіп қалған көктерге,
Ырза боламын ырыс әкелер көктемге.Осы өлең жолдарынан Ньютон заңымен түсіндірілетін құбылыс.
ІVтапсырма.
Крыловтың «Аққу,шортан,шаян» мысалын Ньютон заңдарын қолдана отырып түсіндір.
Уақытты үнемдеу барысында әр топқа қиындық деңгейі әр түрлі 3 есептен беріледі. ( топ мүшелері жұппен орындайды) . Оқушының есеп шығару барысында көңіл аударылып,қабілеттері жоғары оқушылар дараланып көрінеді. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып , «Бағдаршам» тәсілімен бағалайды.Топтардың жауаптары кестеге толтырылады.

Топ жетекшілері әр топ мүшесін және топтар топ жетекшілерін бағалайды. (Оқушыларға баға топта қалай жұмыс істегеніне байланысты қойылады).
Қорытынды. Бізді қоршаған орта өте күрделі,оның күрделігі ортада өтетін құбылыстар мен процестердің бір-бірімен байланысы себепті түсіндіріледі.Сондықтан айналамызда болатын құбылыстардың себебі мен оның айналаға тигізетін әсерін білу адам үшін өте маңызды.
Физика- тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой.
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан ешуақытта қалмайды екен-деп өлең жолдарында айтылғандай, Ньютоның заңдарының қолданбалығын көріп отырмыз.
Үйге тапсырма. Тарауды қайталау «Қозғалыс,айналамның бәрі қозғалыс» тақырыбына эссе жазу.(эссе 70 пен100 арасында сөз және тақырыптың мағынасы ашылу керек «5»,50 мен 70 арсында сөз және тақырыптың мағынасы ашылу керек «4», 30 бен 50 сөз арасында сөз және тақырыптың мағынасы ашылу керек «3» қойылады).
Категория: Физика | Добавил: gaukharsad
Просмотров: 1024 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 6:41 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru