Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Игротека » Казахские национальные игры

«Қазақтың ұлттық ойындары»
ММ «Жетім және ата – анасының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған №5-ші
мектеп – интернаты».
Абижанова А.А.
Семей қаласы
Мақсаты:
Көрнекілігі: ағаш аттар, тақырыбы, нақыл сөздер, арқан, т.б.
Барысы:
1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ.
Ел намысын қорғамақ.
Қазақ балалары ортада
Бүгін мықты атанбақ.

2-жүргізуші:
Қайсысы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық.

1-жүргізуші:
Құрметті көрермен қауым! Бүгінгі біздің іс – шарамыз сайыс түрінде өтеді. Мұнда қыздар – ұлдар болып құраған екі топ қатысады. Олар
1. Дәстүр
2. Тұлпар
-Ал енді сайыс болғаннан соң әділқазылар алқасы міндетті түрде керек. Сол үшінде әділқазылар алқасымен танысайық:
1. Серікбек Құлышұлы
2. Гүлсім Жұмаханқызы
3. Анар Закариянқызы
4. Раушан Дүйсенбекқызы

-Ендеше сайысқа түсетін топтарды қол соғып, қошеметтеп шақырайық.
«Дәстүр»
1. Мұхаметжанова
2. Тәңірбергенова
3. Кенжалин
4. Серіков
5. Кенембаева
6. Омарова
7. Жұмажанов
8. Сыдықов
9. Оралтаев
10. Қабдоллаев

2-жүргізуші:

«Тұлпар»
1. Болатбеков
2. Шыңғысқан
3. Сабитов
4. Мұхаметкалиев
5. Ахметжанова
6. Мынжанова
7. Аманбекова
8. Ахметов
9. Амирханов
10. Есболов

1-жүргізуші:
-Балалар, сендер қандай ұлттық ойындарын білесіңдер.
-..................
-Енді, балалар, мынаны тыңдап алыңдар. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып. оның шығармашылык кабілетін оятып, бүкіл өміріне ұшқын береді. Сонымен катар ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиялымен канат бітіретін ғажайып нәрсе, акыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпін.

2-жүргізуші:
-Ұлттық ойындар түрлі себептерге байланысты пайда болып отырған. Мәселен, «Аңшылар», «Марламкош» ойындарында анды жан-жакты кор-шап аулау, топталып іздеу, жасырыну, куу, калай колға түсіру анық бой көрсетсе, «Дауысынан біл», «Щұкыма» ойындарының далада із кесу,
түрлі дыбысты ажырата білу мақсатында пайда болғандығы байқалады. Ойындардың енді бір тобы көшпелі тайпалардың өзара қақтығыстарын,
жаугершілік дәуірінің бітімін, рулық қауымның жол-жоралғысын өзінше қайталайды. Олардың қатарына "Жамбы ату”, “Теңге ілу”, “Тұтқын алу”, “Қамалды қорғау”, "Батыр”, “Қыз қуу”, “Ат үстіндегі тартыс”,«Итеріспек» сияқты іс-әрекет ойындарын жатқызуға болады. Балаларды ептілікке, тапқырлыкка баулитын, отырып та, қозғалып та, жүріп те ойнайтын түрлері аса мол.

1-жүргізуші:
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың кай-кайсысы да адамға, оның иғілігіне кызмет етуге бағытталған. Осындай кұнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары.

2-жүргізуші:
Әр топты өзін таныстыруға шақырайық.
Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға.
Жігерленіп сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен табысуға.

1. «Танысу кезеңі»
2. «Орамал тастамақ» (Еділ – Орамал тастамақ)
3. «Қыз қуу» (Дулат –Қыз қуу).
4. «Арқан тарту»

«Арқан тарту»
Бұл ойынды ойнау үшін бес-алты бала тартқанда үзілмейтін аркан және екі тактай кажет. Ол тактайлардың ортасын аркан өтетіндей етіп теседі. Енді карды жентектеп, аккалаға ұксатып үйеді де, оның орта шенінен таяқпен тесіп әлгі арканды өткізеді. Содан кейін таякшаның екеуін арканның екі ұшына кигізеді де, тактайшаларды аккалаға екі- үш карыстай такап калғанда тактайшалар аккалаға тірелгенде кейін сырғып кетпес үшін арканды екі жакка тартады. Аккала калай кұласа, сол топ жеңіп шыккан болып саналады. Жеңілген топ аққаланы кайта жасайды. Ойын кайта басталады.

5. Ерсаиын - “Теңге ілу ” жарысы
Ойынға катысушылар тепе-тең топка бөлінеді. Әркайсысы жеке-жеке шыбык мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызык сызылады. Одан әрі 20-30 метр жерде тереңдігі бір карыстай екі шұңкыр казылады. Шұңкырға он-оннан тас салынады. Сонда екі топтан екі сайыскер шыгады да, сызыкка келіп катарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбык аттарын кұйғытып шаба женеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, кол сұғып жібереді де, тасты іліп алып әрі өтіп кетеді. Шұңкыр тұсында бөгелуге болмайды. ¥пай эр сайыскердің іліп алған тастарының санына карай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
6. «Аударыспақ» (Марат – Аударыспақ)
7. «Қазақша күрес» (Біз бұл ойынды әтештер сайысымен ауыстырдық)
Екі адамның белгілі бір уакыт аралығында белдесіп күш сынасуын күрес деп атайды. Күресте дайындығы мол, күшті эрі епті палуан жеңіске жетеді.
Күрес денені шынықтырады. Ол адамның қимыл- козғалысын жетілдіреді. Күрестің бірнеше түрі бар.
-Қазір сайысымызды бастаймыз. Алдымен топ мүшелерін ортаға шақырайық Олар өздерімен таныстырып өтсін.

1 -жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
«Мақтанышы» деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал, сайыскерге, тек сәттілік тілейікші!

2-жүргізуші:
Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын,— дей отырып, сайысты қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

-...............(Жеңген топты марапаттау)

-Осымен «Қазақтың ұлттық ойындары» атты сайысымызды аяқтаймыз. Сау саламатта болыңыздар!
Категория: Казахские национальные игры | Добавил: Ореке (2013-03-17)
Просмотров: 2150 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 5:58 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Казахские национальные игры [41]
Игры с карандашом в руках [13]
Подвижные игры [28]
Загадки, задачи-шутки, пословицы [11]
Игры для учительской вечеринки [15]
Игры на школьном вечере [22]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru