Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Игротека » Казахские национальные игры

Денешынықтыру сабағындағы «Асық ату» ұлттық ойынын енгізу маңыздылығы.
Қостанай облысы
Рудный қаласы
«№15 орта мектебі» ММ
денешынықтыру пәнінің
мұғалімі
Қасқырбаева Э.С.
Денешынықтыру сабағындағы «Асық ату» ұлттық ойынын енгізу маңыздылығы.
Ертеде Атырау мен Алтайдың арасындағы ұшы-қиырсыз сардаланы мекендеген бабаларымыз кезекті жорыққа аттанар алдында соғыс тактикасын, стратегиясын тақта тастың үстіне асықтарды шашып жіберіп түсіндірген екен. Соның әсері шығар, қазақтың баласы ес біліп, етегін жабар-жаппастан асық ойынына ден қояды. Әбден машықтанған соң, жерде тізіліп тұрған асықты көздемей-ақ атып түсіреді. Көпті көрген көнекөздердің айтуынша, қазақ баласын «көңіл мергендігі» ашылсын деп асық ойнатыпты. Себебі, дала заңы бойынша, атқа қонған аламан шауып келе жатып жауына жебесін дәл тигізе білуі тиіс еді. Ал бойыңда мұндай қасиетің болмаса ат үстінде қозғалып отырып көздеу мүмкін емес. Мүлт кетесің. [№1 27 бет]
Қазақтар секілді, түрік ағайындар да асықтың ең жақсысын «Алтын сақа» деп қастерлейдi екен. Сондай-ақ асық ойыны байырғы Грецияда «астралаг» атауымен және Римде «талус» деген атпен кеңінен таралған. Қазақтың ұлттық ойыны саналатын асық пен ләңгiнi Орта Азия халықтары, оның iшiнде өзбек, қырғыз, тәжiк т.б ұлттар да әлi күнге дейiн ойнайды.
«Асық ойнаған азар» дегені бабаларымыздың бұл өнерден безгені емес, күнұзақ үй бетін көрмей ойын қуған мерген – ұлдың ойынпаздығына бір ескертпесі болар.
Қала мен ауыл балаларының асық ойынының ережесін Қостанай облысы Науырзым ауданында, Әулиекөл аудандарына жаз айларында барып «Асық ату» ойынын зерттеп келдім. Сонда қала мен ауыл балаларының арасында үлкен айырмашылық бар екеніне көзім жетті. Дегенмен... Әдетте оңқай бала асықты атарда сол аяқты алға қоятын еді, қала баласының көбі оң қолмен көздеп, оң аяққа сүйенеді. Олар, біртүрлі, ауыл балаларының асық ойынын қорлап жатқандай көрініп кетеді кейде. Қала балаларының мектепте ойнаған кезінде сол аяғы алдыда және оң қолмен көздеп ойнайды. Біздің оқушылардың асық ойнағаны маған біртүрлі жабайы көрінеді. Қала балаларында «Асық ату» ойынының не қалада, не мектептерде үйірмелер жоқ. Егерде мектепте жоспар бойынша сабақ өтілсе оқушыларымыздың қызығып ойнайтынына сенімдімін. Қаламызда №15 орта мектебімізде «Алтын сақа» атты үйірме жүргізіледі. Ол 17 сағаттан тұрады.
1. «Асық ату» ойынының шығу тарихы.
2. Асық атудың түрлері.
3. «Асық ату» түрлерінің ішінде кеңінен пайдалнған «Алшы» ойынының ережесі.
4. «Тасқала» ойынының ережесі.
5. «Омпы» ойына түсінік.
6. Асық ату ойындарының күрделі түрлері.
7. «Шік - Бүк» ойыны.
8. «Шеңбер» ойыны.
9. «Хан ату» ойынының ережесі.
10. «Үш табан» ойыны.
11. «Ханталамақай» ойыны.
12. «Ханжаппай» ойынының ережесі.
13. «Бір табан» ойыны.
14. «Атпақыл» ойыны.
15. «Құмар» ойыны.
16. «Жемекіл» ойыны.
17. 30 шақты түрлерін қамту.
Асық ойынын бастауыш сыныптардан бастап алған жөн деп ойлаймын, олар тез ойынның ережесін меңгеріп алады. Өйткені бастауыш сынып оқушылары да бізбен жарыса ойнайды. «Алтын сақа» атты асық атудан мектебімізде алғаш рет қыркүйек айында мектепішілік 5,6, 7 сыныптар аралығында денешынықтыру пән мұғалімі өткізілуімен жарыс өтті.
Бұл жарыста 5 және 7 сынып оқушылары жүлдеге ие болды. Ал қазан айында №7 орта мектебінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған қалалық «Асық ату» атты ұлттық ойын жарысы ұйымдастырылды. Бұл жарысқа барлық қазақ мектептері қатысты, «Асық ату» атты ұлттық ойын жарысында №15 орта мектебіміздің оқушылары, яғни біз жүлделі орындарға ие болып қайттық. Мен осы ойында да «Асық ату» ойынын зерттеген соң біраз ережелеріне, ойын түрлеріне көңіл бөлдім.
Биылғы Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз күні асық ойнау ақырындап өріс алып келеді. Асықтардың салт-дәстүрімізге енгені соншалықты, оларға байланысты ата-бабаларымыздың айтқан сөздері де бар. Мысалға алатын болсақ, "асығың алшысынан түссін"- "ісің оңды, жемісті болсын," дегенді білдіреді. Халқымыз асықты құрметтеп, оларға қатысты ойындарды да шығарған. [№2 58 – 61 бет]
Біріншіден, бұл ойын – түгелдей қозғалыс. Баланың он екі мүшесі, бұлшық еттері толық қозағлысқа түседі. Ойыншы бала еңкейеді, сәл ғана ұмсынады, оң аяғын қатты серпеді. Бір мезетте осынша қимыл – қозғалысқа түсіретін бір де бір ойын жоқ. Сақаны жіберіп қалған соң бала қарап тұрмайды, жүгіреді.
Екіншіден, көздің көрегендігін арттырады. Сөреден асықты дәл көздеу, қашықтықты дәл межелеу көрегендікті қажет етпей ме?
Үшіншіден, асық ойыны баланың миын шынықтырады. Яғни, бала асықты атпас бұрын ойланады. Қай тұстан, қалай атаса дұрыс тиетінін ойша самақтайды. Сөйтіп, өзінше есептеп, қорытынды шығарту арқылы асық баланың ақыл – ойының жетілуіне себепкер болады.
Төртіншіден, ең бастысы, асық ойыны баланы жеке тұлға ретінде мықты тәрбиелейді. Асық ойнау арқылы бала бәсекелестікке үйренеді, бойынша көшбасшылық, лидерлік қасиет қалыптасады. Бүгін ұтылған бала ертең ұтуға тырысады, сөйтіп мінез – ер мінезі шыңдалады. Қалада, бір ерекшелігі, жыл он екі ай ойнауға болады ғой, егерде мектептерімізде сабақтарда асық ату ойынын жоспарға кіргізсе, ұлттық ойындарымыз ары қарай дамиды деген ойдамын. Олай болса мен өзімнің «Асық ату» ұлттық ойынымызға арналған жоспар құрып көрдім: Кез келген мемлекет ең әуелі ұлттық салт - дәстүрі мен ұлттық ойындарын ұлықтауы тиіс. Ата-бабамыздан бүгінгі күнге мирас болып жеткен ұлттық спорт түрлерін біз қастерлемесек, біз ойнамасақ, оны ешкім қажет қылмайды. «Кезінде «асық ойнаған-азар» дейтін еді, ал, қазіргі танда ол олай емес… Балаларымыз шетелдің шығарған қан-төгіс ойындарын ойнағанша, адамның денсаулығына зор пайдасын тигізетін асық ойынын ойнағаны артық. Ойын адамды асықтың ұшу траекториясын көзбен өлшеп, сызу арқылы математикаға баулиды. Асық ойыны – біздің ұлттық спортымыздың бір түрі. Ертеде мұны қазақтың ұлы да, қызы да қызыға ойнаған. Бұл ойын адамды ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке үйретеді. [№3 19 – 24 бет]
Асық ойнау үшiн балалар тақыр алаңқайға көлденеңiнен түзу сызық сызады да, соны бойлай тiгiлген кенейдi кезектесiп сақамен ату арқылы мергендiк сынасады. Кенейдi кiм көп атып салса, сол ұтады. Асық ойынының бұдан басқа да түрлері бар. Мәселен, «Асық ату» ойынының 30 шақты түрі бар. Солардың iшiнде кеңiнен таралғаны «Үш табан», «Бiр табан», «Әйзiк», «Атпақыл», «Шығу», «Құмар» «Таған», «Шеңбер», «Шiк-Бүк», «Доршке», «Қақпақыл», «Иiрмекiл», «Жемекiл», «Ханталамақай», т.б. Асық ойынын үйде де, ашық алаңда да ойнауға болады. Қыстың боранды күндерінде ұзақты күн үйде отыратын балалар ертеде асық ойынының «Ханталапай», «Қора», «Алшы» деген түрлерін ойнаған. Бір орнында отырып ойналғанымен, бұл ойындар да ойыншыны дәлдікке үйретіп, намысқойлыққа тәрбиелеген. Ғалым өзінің осы еңбегінде қазақ халқы асықты тек ойын құралы ғана емес, сондай-ақ болашаққа болжам жасауға пайдаланғанын айтады. Бақсы-балгерлер баяғы заманда асыққа қарап жіберіп көріпкелдік те жасаған. Болжам жасалатын асық етінен әбден тазартылған, еш жеріне сызат түспеген болуы керек. Соған қарағанда, болжам таза асықтағы бейнеге қарап жасалатын сияқты. Сақасы мықтының салымы күшті! Асық ойынында, ең бастысы – сақаң жақсы болуы керек, сонда ұту мүмкiншiлiгiң арта түседi. Сақасы мықты ойыншының асық ойынында бағы жанатыны сөзсіз. Ал енді сақаны қалай таңдау керек, соған тоқталайық. Асық ойынын зерттеушілердің айтуынша, сақаның әдемі де салмақты болғаны дұрыс. Салмақты болу үшін ойыншылар ертеде асыққа қорғасын құятын болған. Қорғасын құйылған сақаның салмағы ауырлап, қарсыласын ұту мүмкіндігін арттырады. Ауыр сақа ойын барысында иіріп жібергенде, көбінесе алшысынан түсіп, иесіне жол ашады. Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе, сол бірінші атады. Қазақтың «Асығың алшысынан түссін!» деген ізгі тілегі осыдан шыққан. Сақалыққа негізі арқардың асығын таңдаған жөн. Себебі ол қой мен ешкінікіне қарағанда, көлемі жағынан әжептәуір үлкен және ауыр. Салмақты сақа алыстан атқан кезде асықтардың бірнешеуін шеңбердің сыртына шығарып жібереді. Асық ойнауға әбден машықтанып алған балалар, қажет болса, сақаны асықпен қоса шеңбердің сыртына шығарып және оны кері қайтарып алып та отырған. Бұл ойынды зерттеушілер оның ойнау техникасын бүгінгі таңдағы бильярд ойынына ұқсатады. Сондай-ақ асық атудың кейбір әдісі боулинг шарын лақтыру тәсіліне де келеді. Асықтар әр түрлi болып боялады. Түсiне, көлемiне қарай олар әрқалай бағаланып отырады. Асық ойыны көздiң көру қабiлетiн және қолдың ептiлiгiн арттырады. Асықтың атып ойнайтын түрі үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Ойын барысында үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені бүгу, созыла түсіп, көздеп ату және тағы басқа дене қимылдары жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Сондай-ақ асық ойынындағы алыстан көздеп ату тәсілі баланы жастайынан мергендікке үйретеді. Асық ойыны арқылы кішкентайынан мергендікке баулынған қазақ жауынгерлері садақ тартудан да, найза лақтырудан да алдарына жан салмаған. Осындай ерекшеліктері бар асық ойыны ұлттық ойындар құрамына енуге әбден лайық. Шындап қолға алса, бұл ойынды қазақтың кез келген баласы тез меңгеріп кетеді. Денсаулыққа зиянын тигізетін компьютерден гөрі, таза ауада ойналатын қимыл-қозғалысқа толы асық ойыны балалар үшін әлдеқайда пайдалы. Асық ойнап үйренген бала қазіргі балалардай компьютер алдында күн ұзақ көз майын тауысып отырып алмайды. Асық шахмат пен тоғызқұмалақ секілді арнайы алаңды қажет етпейді. Бұл ойын – нағыз бұқаралық спорт түрі. Асықтың ойнау әдістері көптеген спорт түрлеріне ұқсас. Сондықтан оны спорт түрі ретінде жоғарыдан ресми түрде бекітуге толық негіз бар. Осыған орай қазақ спортының жанашырлары соңғы кезде асық ойынын қазақтың ұлттық ойындарының құрамына енгізу бағытында жұмыстанып жүр. Соңғы жылдары асық ойынын жақсы білетін адамдарды қатыстыра отырып, ойын ережесін құрастырған спортшыларымыз да бар. Бұл қазақ балаларының асық ойынына деген ынтасының жоғары екендігін көруге болады. [№4 86 бет]
Асық ойынын ауыл баласының еншісінде ғана қалдырмай, ұлттық спорт түріне көтерсек. Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. Біз солардың ел есінде сақталған үлгілерін келтіріп отырмыз. [№5 16 - 21 бет]
Ұлттық ойындар ішінде шығынды көп ке¬рек етпейтіні – ұлттық асық ой¬ын¬да-ры.
1.Кеней, кентай - асық ойынында ұпайға тігілетін асық. «Кішкентай» сөзі «кіші» және «кентай» сөздерінен шыққан.
2. Сақа - асықтың ең үлкені, ірісі.
3. Ешкімер - ешкінің асығы.
4. Қойлақ - қойдың асығы.
5. Құлжаз - құлжаның асығы.
6. Топай, сомпай - сиырдың асығы.
7. Шүкейт - киіктің асығы.
8. Пүш - тәйке түспесін деп алшы жағы жонылған асық. «Пұшайман болу» деген сөз осыдан шыққан.
Оңқай - малдың оң жақ аяғының асығы.
Солақай - малдың сол жақ аяғының асығы. Алшы, тәйке (тәйкі), бүге (бүк), шіге (шік), оңқа, шоңқа, қынжы (жантай) деген атаулары бар.
Асықтың атауы мен түрлерін бір түген¬деп алдық. Ал енді қандай асық ойындары бар? Ойын ережелері қандай? Осы сауалды қазақтың этнобаянын біледі-ау деген бірлі-жарым азаматқа қойып көріп едім, көбісі «асық ату», «ханталапай» дегеннен ары аса алмады.
«Ақылы асса - аға қой,
Жасы кіші демеңіз.
Қолыңа жақса - сақа қой,
Қой асығы демеңіз», - деген қазақпыз ғой.
Асық атаулары мен түрлері асықтың төрт жағындағы 4 түрлі пішімнен шыққанын білдік. Оның әрқайсысының өз дәрежесі болады. Бірінші пішім - Алшы, ол бірінші дәрежеде, екінші пішім - Тәйке, бұл екінші дәрежеде. Үшінші пішім - Шік (шіге), үшінші дәрежеде. Төртінші пішім Бүк (бүге), ол төртінші дәрежеде.
Қорыта келе менің айтарым қаламызда тек қазақ мектептерінде ғана емес, сонымен бірге орыс мектептерінде де денешынықтыру сабағының жоспарына енгізсе, ата – бабамыздан мирас болып қалған, ұлттық ойынымызды соның ішінде «Асық ату» ойынын ары қарай жаңғыртып, ұмытылып кетуден сақтасақ деймін.

Пайдаланған әдебиеттер.
1. Базарбек Төтентаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы, 1994, 27 бет.
2. Е.Сағындықов «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы, 1994, 58 – 61 бет.
3. Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы, 1994, 19 – 24 бет.
4. М.Балғымбаев «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері» Алматы, 1985, 86 бет.
5. Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған «Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні» (Алматы, 1998). 16–21 бет.
Категория: Казахские национальные игры | Добавил: BOD67 (2013-04-04) | Автор: Қасқырбаева Эльмира Сейлбекқызы
Просмотров: 8432 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-04-29, 10:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Казахские национальные игры [41]
Игры с карандашом в руках [13]
Подвижные игры [28]
Загадки, задачи-шутки, пословицы [11]
Игры для учительской вечеринки [15]
Игры на школьном вечере [22]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru