Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Игротека » Казахские национальные игры

"Көктем аруы" сайыс
Тақырыбы: «Көктем аруы».
Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге бағыт-бағдар бере отырып, олардың бойында қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға себепші болуға баулу.
Көрнекілігі: күйтаспа, қанатты сөздер, қабырға газеттері, сахна шармен, гүлдермен безендіріледі,
Төменгі шарттар бойынша өнер көрсетеді:
1. Таныстыру.
2.Өз өнері.
3.Сұрақ-жауап.
4.Салат жасау.
5.Мақал-мәтелдер.
6.Сән үлгісі.
7.Қазақшаң қалай (мәнерлеп тақпақ оқу).
Өсы өтілетін шарттарды 5-балдық жүйемен бағалайды.
1-Жүргізуші:Армысыздар, оқушылармен ұстаздар! «Көктем аруы» байқауына қош келдіңіздер!
Осы байқау 5-8-11 сынып оқушы қыздар арасында: «Көктем аруын» анықтау мақсатында байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.
2-Жүргізуші: Аруларға әділ баға қоятын әділқазы мүшелерімен таныстыру.
Әділқазылар алқасы:
1.Салимгожина Жанна Төлеубековна. 2.Байдусимова Дана Викторовна.
3. Айгожина Гульмира Мухаметқызыровна.
1-жүргізуші: Әділ қазы алқалары сіздер мыны қатысушы қыздардың өнерлерін 5-балдық жүйемен бағалайсыздар.
Төменгі шарттар бойынша біздң қыздарымыз өнер көрсетеді:
1. Таныстыру.
2.Өз өнері.
3.Сұрақ-жауап.
4.Салат жасау.
5.Мақал-мәтелдер.
6.Сән үлгісі.
7.Қазақшаң қалай (мәнерлеп тақпақ оқу).
Өсы өтілетін шарттарды 5-балдық жүйемен бағалайды.
1-Жүргізуші: Ал енді, бүгінгі байқауымызға қатысатын аруларымызды қарсы алайық.
Ән салуға жалықпайды,
Шаршамайды,сірә бір.
Айгүльдің сан өнері бар,
Сырын терең ұға біл.
1-ші талапкеріміз 11 «А» сынып оқушысы Рахиянова Айгүл Серикбекқызы.
2-Жүргізуші: Тәрбиешісін анасындай құрметтеген,
Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.
Вероника қыз ұстазының айнасы ғой,
Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген.
2-ші талапкеріміз 8 «А» сынып оқушысы Мухаметзянова Вероника Дмитриқызы.
1-Жүргізуші: Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын.
«Көктем аруына» кеп қапты,
Жүрегі жайлы Аня қыз.
3-ші талапкеріміз 8 «А» сынып оқушысы Логинова Анна Сергейқызы.
2-Жүргізуші: Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,
Бір жұмысты екі істеп сабылмас.
Ашық қабақ , торсық шеке, томпақ бет,
Машадай ер жүрек қыз табылмас.
4-ші талапкеріміз 5 «Б» сынып оқушысы Экштейн Мария Русланқызы.
1-Жүргізуші: Өзі әдемі сыпайы,
Қазақ қыздан аумайды.
Қарсы алайық Альбинаны,
Жайдарлы жүзді әдемі.
5-ші талапкеріміз 5 «Б» сынып оқушысы Фёдорова Альбина Владимирқызы.
2-жүргізуші:Кәзір біздің бірінші шартымыз бойынша «Көктем аруы»сайысына келген қыздар өздерін таныстырып өтеді.Ретімен бастайды.
Ән: «Бір тілек» Арай.
1-жргізуші: Екінші шарт бойынша қыздар өз қолөнерлерін көрсетіп ,қорғаулары тиіс.Бұл талап бойынша талапкердің қандай өнері бар?
Мен жаспын деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап тұрар бойында.
2-жүргізуші: Біз ортаға қыздарымызды шақырып қолдан жасалған өз өнерлерін тамашалайық.
Өз өнерлерімен ортаға қатысушы қыздар шығып,қолдан жасалған бұюмдарын таныстырады.
Әділ қазылар бағаларын береді
1-жүргізуші:Ал кәзір біз ортаға қыздард шақырып , үшінші шартымыз бойынша сұрақ-жауапты бастайық.Бұнда ойлануға 1-минут уақыт беріледі.
Қатысушы қыздар сұрақтар жазылған қағаздарды алып,ойланып жауап беруді бастайды.
Сұрақ-жауап
1.Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар? (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, ішік, кимешек, кәмзол, мәсі, бөрік т.б.)
2.Қазақтың қыздары ертеде қандай аяқ киім киген? (Саптама, кебіс, етік)
3.Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамдарды білесіңдер? (Ораза айт, Рамазан айт, Наурыз)
4.Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер? (Көже, қазы-қарта, жал-жая, қымыз, ет, қуырдақ, айран, бауырсақ, құрт, ірімшік)
5.Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар? (Сырға, жүзік, моншақ, білезік т.б)
6.Жаңа түскен келінді барған елімен таныстыру әні (Беташар)
7.Қысқы аяздарда арналып малдың немесе анның терісінен тігілген бас киім (Тымақ)
8.Киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы (Сандық).
9.Жас нәрестеге арналып ағаштан жасалған төсек (Бесік)
10.Ұлттық ойындардың түрлерін атаңдар? (Ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, қыз қуу, бәйге т.б.).
Әділ қазылар бағаларын береді.
Би: «Қазақ биі»бишілер тобын қарсалыңыздар..
2-жүргізуші: Бекер айтпаған ғой « ас адамның арқауы»келесі төртінші шартымыз бойынша біз қыздарымыздың өз қолдарымен жасайтын салатарын көріп бағалайық.
Қыздар 5-минутың ішінде әр түрлі жеміс-жидектерден салаты даярлаулары қажт.Бұл жасалған салаты әділ қазылар алқасы бағалайды.
Әділ қазылар бағаларын береді
1-жүргізуші: 5-шарт бойынша мақал-мәтелдер.Бұл талап бойынша,талапкелердің тіл байлығы,ой ұшқырдлығы,арқылы бағаланады.
Әділ қазылар бағаларын береді
Ән: « Қыздарай »Беделбек Токтагазиевич ағаның орындауында.
2-жүргізуші:6-шарт бойынша Көрермендер көзайымы.Бұл талап бойынша талапкердің сырт келбеті,жүріс тұрысы,шаш сұлулығы бағаланады.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай менен таласатын.
Өнеріне сай қыздар келіп тұрған
Арулар ғой кезекпенен таласатын.
Әділ қазылар бағаларын береді
1-жүргізуші: «Қазақшаң қалай»7-шарт бойынша ортаға қазақ тілінде мәнерлеп жатқа тақпақ айтуға қыздарымызды шақырамыз.
Әділ қазылар бағаларын береді
2-жүргізуші:Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп,ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,
Арулар аянбай ақ жан салыпты.
Қортынды баға дайын болғанша биші қыздардың латинскй билерін тамашалайық.
Би:«Латински».
1-жүргізуші:Әділқазы алқасы ортаға шығып өз пікрлерін білдіріп, аруларға жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді.
Берілетін атақтар:1- «Көктем аруы»
2- «Инабатты ару»
3- «Өнерлі ару»
4- «Сымбатты ару»
5- «Ақылды ару»
2-жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!
Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп-көп рахмет, келесі кездескенше сау-сәләмат болыңыздар.
Категория: Казахские национальные игры | Добавил: myzan (2012-03-27) | Автор: Мусина Ляйля Мырзагалиевна
Просмотров: 17051 | Рейтинг: 3.9/11
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-04-28, 7:33 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Казахские национальные игры [41]
Игры с карандашом в руках [13]
Подвижные игры [28]
Загадки, задачи-шутки, пословицы [11]
Игры для учительской вечеринки [15]
Игры на школьном вечере [22]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru