Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Полезные программки

Тәуелсіздік таң нұры
2015-01-22, 9:30 PM
Тәуелсіздік таң нұры
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту.

І жүргізуші:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас.
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,
Ел үшін жанын қиып, жауды қуған.
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шөлі, белі-
Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас,-деп Мағжан Жұмабаев атамыз айқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз. Ендеше бүгінгі «Тәуелсіздік таң нұры» атты желтоқсан оқиғасына арналған концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Әнұран

ІІ жүргізуші:
-Сөз кезегін мектебіміздің директоры Қайрат Халелұлына береміз.
І жүргізуші:
-1991 жылы 16 желтоқсан біздің халқымыздың тарихында кейінгі ұрпаққа мәңгі қастерлеп, ардақтап, өтетін күн.Бұл күн-біздің тәуелсіздігімзді дүние мойындаған күн. Отанымыз тәуелсіздікке жеткенше басынан талай қиыншылықтармен тарихи күрес кезеңдерін өткізді.
Ақтоты:
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.
Кеудемдегі қоламта-қоздатқаным.
Тұншықса да түрмеде тозапты әнім
Жазықсыз жапа шегіп бұүл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым.
Иә, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 –шы желтоқсаны еді. Таңертеңгілік сағат 10-да бар жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанда үздіксіз басқарып келген А.Д.Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Колбин тағайындалған.
Иә,тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болған қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды.

Азия: Қазақ халқын дүние жүзіне танықтан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары-Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сәбитова, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамедиеваларды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. Енді соларды еске алайық.
(Бір минут еске алу)

Аяжан:
Желтоқсан оқиғасы біздің тәуелсіздігіміздің атылған жанар таудың отындай жарқ етіп көтеріліп дүние жүзіне тәуелсіздігіміздің бастамасын паш етті.
«Мың өліп, мың тірілген қазағым» соңғы рет шынығып, шиыршық атып, қайта тірілді.

Мирас:
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тұтылып
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген
Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін.
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім
Мен қазақпын қаныммен, сүйегіммен
Сән-салтанат, салтымды сүйемін мен
Бақ орнатам басына моланың да
Мұрагермін оған да, иемін мен.
Тағдыр мені мирастан арылтпасын
Тоқтатпасын , тостырып сарылтпасын
Ұзын болып аяққа оралмасын,
Тұсау болып адымды тарылтпасын.

І жүргізуші:
1986 жылы желтоқсан айының 17 күні қазақ жастары « Әр республикаға өзінің басшысы!», «Қазақстан жасасын!», «Езу мен қинаусыз еркін, ерікті даму үшін!», деген сияқты қазақ, орыс тілдеріендегі жазбаларын жая ұстап , бейбіт шеруге шықты.
ІІ жүргізуші:
Басымызға ноқта киіп, аяғымызға арқан байлағалы 260 жыл болған екен. Бодандықтың бұйдасын о баста өзіміз тілеп алғанымызбен, өз еркімен қосылған елдің «еңірегенде етегін жасқа толтырып, тілеп алған аурудың емі жоқ»-денендей, елімізіден де, жерімізден де айырылып қала жаздадық.

І жүргізуші:
«Мың асқанға-бір тосқан», «ақ көңілдің аты арып, тоны тозбайтынын» ежелден-ақ өсиет ете білген. Қаншалықты мың өліп, мың тіріліп жүрсе де атар таң мен шығар күнненкүдерін үзбеген туған халқымыз, ақыры тәуелсіздіген алды. Тәуелсіздік үшін өмір-бақи күрескен халық, ол үшін қанша қайғы-қасірет шекті десеңізші?
Нарғыз:
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл қазақ халқы үшін үлкен оқиға , әлем картасынан өз орнын тапты. Бүгінде ел экономикасында, әлеуметтік, мәдениет саласында үлкен жетістіктерге жеттік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың білгір саясатының арқасында жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт те, еркін жағдайда өмір сүріп жатыр.
Айзада:
Қолына алып армандаған теңдігін
Дәлелденді парасатты елдігің
Азияда тұрсың асқақ айбынмен
Күллі әлемге мақтан болып ерлігін
Сүркей жылдар өтті не бір қаймана
Жауыздыққа толғаннан соң айнала
Қазағым- ай тәуелсіздік алуға
Қолдарың тек жеткені жоқ жай ғана
Кезің аз ба теңдік алмай сорлаған
Қайғы бұлты қабағыңа орнаған
Талай сабаз арман менен көз жұмып
Өкініштің орны көп еді толмаған
Балауса:
Қабағыңа көп қарадың басқаның
Сұр тұманнан ашылмады аспаның
Желтоқсанда ұлтым дейтін ұландар
Өшпестей ғып жазды тарих дастанын.
Аман болсын ұлтым деген ұланым
Сонда намыс елдік санат құрамын
Ту ғып тіккен береке мен бірлікті
Асқақтатсын қазақ деген ұраным

Мөлдір:
Келді осылай аңсаған күніміз де,
Көптен күткен тәуелсіздік келді бізге.
Қайта оралды сан ғасырлық қиындықтан
Қасиетті тіліміз бен дініміз де.

Бекзат:
Халықтың енді, міне жетілгені
Құрыштың білінбейді келілгені
Аталып қазақстан ел боп туып
Үй тігіп, ірге қалап бекілгелі.

Дияс:
Қазақстан-жеңісті дана күндер
Қазақстан-толқынды лала гүлдер
Қазақстан әлемді елеңдетіп
Байқоңырдан зулаған корабльдер.

Наурызбай:
Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі

Мағия:
Жарасқан байрақтың мәні бар
Көк аспан, күн-қыран сәні бар
Көк байрақ, ашық күн кеңісім
Алтын күн-белгісі жеңістің

Толқын:
Республика! Ерікті ел- қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан
Келді алыстан аңсатып армандатып
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан

Алысай
Өзіңдікі-Елің де
Өзіңдікі-жерің де
Өзіңдікі өзің еккен бақ-
Тәуелсіздік төрің де!

І жүргізуші:
Далада думан қалада думан жыр бүгін
Ғасырлар бойы аңсай да күткен бұл күнім
Жасай бер, жаса , асқардан аса әрқашан
Кеудеме әкеп қондырған бақыт жыр әнін.
Аружан:
Қалса да қайда жерің, қайда көлің
Қасқайып хақ жолынан таймап едің
Айырылып күндіз-күлкі, түнде ұйқыдан
Күткенің осы еді ғой қайран елім
Ақмарал:
Ер едің өліссең де беріспеген
Ел едің еншісін де бөліспеген
Зар мұңның әні бар ма сен айтпаған,
Тағдырдың зәрі бар ма сен ішпеген?
Бекзат:
Мұнда да бір ерлігім
Мұнда да бар жер күші
Қара шаңырақ ел күні
Асқақтатып тұр мұны
Елтаңбасы елдігім
Елдің тыныш тірлігі.
І жүргізуші:
Тәуелсіздік-біз үшін үстіміздегі мың жылдықтың да, жүз жылдықтың да ең бақытты , басты оқиғасы, бізге сыйлаған ең үлкен қуанышы. Тоқсан елдің тоғысы болып саналатын желтоқсан айы елдік тағдырымызға наурыздай нұрлы , сүмбіледей ызғырықты, рамазан айындай айрықша шапағатты ай болды.
ІІ жүргізуші:
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында , жерге жетер байлық жоқ. Жер болса , ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. Біздің Отанымыз-егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбігін, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
І жүргізуші:
Назарларыңызға егемендік баспалдақтары:

Мөлдір: 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

Бекзат:1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.

Толқын: 1992 жылы 4 маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы» заңдарға қол қойды.

Мағия: 1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

Наурызбай: 1995 жылы 30 тамызда Ата Заң қабылданды.

Дияс: 1998 жылы Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Астанаға көшірілді.
І жүргізуші:
Тәуелсіз елдің ұлы-өжет, қызы-қайратты , қаһарман.
ІІ жүргізуші:
Тәуелсіз үшін тәніңді де, қаныңды да, жаныңды да аяма!
І жүргізуші:
Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді , асқақ бола түссін.
ІІ жүргізуші:
Еліміздің белгісі-көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!
Осымен «Тәуелсіздік таң нұры» атты мерекелік концертіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет.
Категория: Полезные программки | Добавил: zhaminovamarzhan
Просмотров: 1072 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 5:13 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru