Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ

Сабақты ұйымдастыру. Сабақ беру және оның методтары.
[ Скачать с сервера (52.5 Kb) ] 2012-05-03, 12:36 PM
Сабақ беру және оның методтары.

Бүгінгі біздің негізгі тақырыбымыз ұлттық домбыра болғандықтан, сол қазақ домбырасының құрылысын, дұрыс түсіндіру домбырада отыруын құлақ күйінен бастау керек.Адамның көңіл күйі мен домбыраның құлақ күйі бір тектес. Өйткені домбыраның құлақ күйі келмейінше, онымен ән-күй тарту мүмкін емес. Сол себепті сыныпты құлақ күйінен бастаған жөн сияқты.
Сабақты әрі жемісті,әрі қызықты өткізу үшін, оқушының көңіліне қонымды және түсінікті болу үшін,оқытушының сабақ беру,сабақ өткізу методы оқушының ой-өрісіне сай болуы керек. Демек,оқытушының сыныпта сабақ беру методы әр түрлі болуы заңды.
Білім беру мен тәрбиелеушінің негізгі формасы-музыка сабағының басқа сабақтармен ерекшеліктері, іс әрекеттің әр түрлі және мол болуы шарт. Музыкаға тәрбиелеу барысында баланың ақыл-ой белсенділігі талап етіледі, музыкалық әсер арқылы әр түрлі сезімге беріледі, көңіл күйі өзгереді.Ән салу арқылы ән мазмұнын өз басынан кешіргендей әсерленеді, ғажайып қиял елесі туындайды. Музыканың шығу тарихын қызықты баяндау арқылы елесі туындайды. Осымен бірге оқушының музыкалық ой-өрісін кеңейтуге музыкалық аспапта ойнау дағдыларын ойдағыдай дамытуға қажетті арналған педагогикалық репертуар пайдаланылады.
Мәселен дыбыс шығару, перне басу т.б. әдіс амалдар. Штрихтың бірнеше түрлері болады пицикато, тремоло, қос пицикато т.б. Тремолар штрихы-бір немесе бірнеше дыбыстың өте жиі қайталанылуы. Ол дыбысты ұзақ ұстап тұру үшін немесе әуенді әрлеу үшін қолданылады. Домбыра тремоло штрихы түрлі әдіспен орындалғанымен, негізінен оның екі түрі қолданылады.
1) Жеке саусақпен орындау. Бұл тремоланы домбыраның шанақ түбіндегі түйме тұсынан оң қол білегімен қаусыра ұстап, алақанды төмен қаратып отыру керек.
2) Сұқ саусақ пен бармақ арқылы ойналатын тремолалар қолдың әр түрлі қимыл қозғалысымен орындалады. Мәселен тремоло штрихының бірінші түрінде қозғалыс саусаққа берілсе, екінші буынға беріледі. Тремоло штрихында әр ішекте жеке жатыққан тиімді.
Оқушы болашақ орындаушы болғандықтан оның өз бетімен
Жұмыс істеп үйренуі үшін, оған еркіндік берудің үлкен маңызы бар.
Мысалы: Шығарманы үйренуде оның ырғағы қиындық туғызса, орындау белгілері ойдағыдай шықпай жатса оқушы оқытушының айтқанын қайталап ойнаған сайын, есіне түсіріп, оны игергеннен кейін ғана шығарманың келесі буынына көшуге тиіс.
Оқытушы ойын кезінде оқушының отырысында, оң қол мен сол қолының дұрыс пайдалануында бақылап жөндеп отырады.
Мысалы, түрлі дыбыс шығару нюанстарына қарай оқушының оң қолын, оң қол шынтағын бақылап, оны ілгері – кейінді ысырып, жылжытып отыру оқытушыға қиындық туғызбайды. Оқушы шығарманы ойнап болғаннан кейін оқытушы байқалған кемшіліктерді жөндеп, дұрыстау методына көшеді. Негізінен оқытушы сабақ беру методына тек үйге берген тапсырманы тексеру, оны тыңдау, жөндеу немесе шығарманы талдап орындау шеберлігіне үрету сабақтары ғана жатпайды,оған орындалатын музыкалық пьесалар, жаттығулар мен этюдтар жайлы болатын кластағы әңгімелер де жатады.
Мысалы: Сейтектің Сексенер күйін, М.Хамзинның Қосбасар күйін ойнағанда оның оң қол қағысын қадағалап, сұқ-саусақтарына көп-көңіл бөлу керек. Негізінен жаңа шығарманы үйрену тәсілінен кейінгі негізгі үйрену жұмысының бірі, шығарманың техникалық орындаушылық жағын үйрену болып табылады. Оқытушы бұдан кейін де, оқушыға шығарманы түгел жатқа ойнауды мақсыт етіп қоймау керек. Бұған оқушыны біртіндеп дайындап, басқаша айтқанда, шығарманы бөліп-бөліп жаттау керек. Шығарманы осылайша басынан аяғына дейін, жатқа үйреніп болғаннан кейін, түгел ойнауға болады№ Тек осылай үйренгенде ғана оқушы ол шығарманы ұзақ уақыт есіне сақтайтын болады.
Қорыта айтқанда, оқытушының әрбір сабағы, тиянақты,түсінікті болып, бір-бірімен астарласып, бірін-бірі толықтырып жатуы керек. Оқытушының сабақ беру методы, әр сабаққа лайықты жаңаланып өзгеріп отыруы тиіс. Оқытушы әрбір оқушының өзіндік ерекшелігін ескеріп, онымен есептесуге міндетті. Сонда ғана оқытушының сабақ беру методы жемісті болады.

Сабақты ұйымдастыру.

Сабақты әрі жемісті, әрі қызғылықты өткізу үшін, оқушының көңіліне қонымды және түсінікті болу үшін, оқытушының сабақ беру, сабақ өткізу методы оқушының ой өрісіне сай болуы керек. Демек оқытушының сыныпта сабақ беру методы әр – түрлі болуы керек.
Оқушы, домбыраны үйренгенде алдымен оның ерекшелігін, ұлттық қасиетін түсіндірген өте жөн. Домбыраның бұрауы нота тілімен айтқанда кварта болады. Ре, соль. Домбыра тартуды үйреткенде әуелі төмен қағысты қағып үйретуден бастаған жөн. Себебі, ол-оң қолдың табиғи қозғалысына өте ыңғайлы қағыс. Сондай-ақ домбырада орындалатын ән-күйлердің көпшілігі төмен қағыспен басталады.Оқушы қағыстарға біраз жатыққаннан кейін сол қол саусақтарынан перне басып үйренеді. Сол қол саусағы домбыра мойынының астына жасырмай, қойылымдық қалпын сақтап ұстау керек. Пернедег пернеге ауысарда саусақтарды сәл босатып, ішектей бойлай сырғыта жылжыту қажет. Қолдың әрлі-берлі қозғалысы кезінде иық, шынтақ буындарын жоғары не төмен көтермей, білезік буынын букпей, алақанды домбыра мойнына тигізбей ұстаған жөн.
Аппликатура – музыка аспабын тартқан кезде перне басатын саусақтардың орналасу,алмасу тәртібі және олардың нотадағы белгісі. Орындаушылық шеберлік үшін дұрыс қойылған аппликатураның маңызы өте зор.
Мәселен «ПедКолледж»-дағы көп жылғы еңбектің арқасында оқушыға домбыра сабағын өткізуде өзінің қызғылықты жерлері өте көп болады. Мәселен домбыра мектеп жасына дейінгі тәрбиешілер болғандықтан талап алғашқы сатылардан басталады. Олардың нота сауаттылығы, нотаны санап ойнауы интервал, динамика, штрих, позицияға көңіл бөлуіөзгеше болады.
Мысалы:Д-2003жылғы Мүсіркепова С. Бакирова А. мен ашық сабақ өткізгенде оқушының нота сауатсыздығы,оған көңіл бөлмейтіндігі,салақ қарайтындығы көрініп-ақ тұрады, оған да қатты көңіл бөліп жұмыс атқарып жатырмыз.Содан-соң музыкалық шығарманы орындаудағы жылдамдық қарқыны екпін деп аталады. Әрбір шығарманың нотасының басында оның екпіні, әрбір сабақтың өз алдына қойған мақсаты болады. Сабақтың сапалы, қызғылықты өтуі оқытушының дайындалуына байланысты. Оқытушы әрбір сабақтың мақсатын білумен қатар өткен сабақ пен келесі сабақты бір-бірімен жалғастыра, байланыстыра білуі керек.

а) Сабаққа дайындық.

Сабаққа дайындалу дегеніміз – сабаққа дейін оқушыға беретін репертуарды талдау, тексеру және ойнап көру деген сөз.
Оқытушы, әсіресе домбыраға түсірілген басқа музыкалық шығармаларды өте мұқият түп нұсқасымен салыстырып тексеруі керек.
Ал, оқушыға күй үйреткенде оқытушы, ең алдымен,ол күйдің ерекшелігін, музыкалық құрылысын, формасын, орындау тәсілін өзі жақсыбілуге міндетті. Әсіресе оның қағысына, аппликатурасына өте мін беру керек.
Оқытушының ең негізгі, қажет деген орындау аппликатура белгілерін нота үстіне жазып беруінің, оқушы үшін пайдасы өте зор.
Оқушысының музыкалық ой-өрісі өсіп түсінігі тереңдеген сайын, оқытушының орындалатын шығарманы жан-жақты түсіндіру жұмысы азая түседі. Әрине бұл оқытушының бұған дейін дұрыс сабақ беру методикасының, ұғымды түсіндірілгенінің, жемісті қорытындысы болып саналады. Осының арқасында оқушының өз бетімен дайындалып, үйренуіне де қабілеті жететін болады.

ә) Сабақты жоспарлау

Сабақты жоспарлау дегеніміз, сабақ сайын оқушыға берілетін әрбір тапсырманы белгілеп, сол тапсырмаға байланысты әзірлену деген сөз. Мұндай жоспарда сонымен бірге шығарма үйрену кезінде кездесетін, келесіде оған ерекше назар аударатын шығарманың техникалық қиын жерлері де көрсетілуі тиіс.
Оқытушы әрдайым өзі үшін методикалық дәптер пайдаланып қоймай, оқушысына да күнделікті пайдалануды талап етуі керек. Оқушы күнделігіне берілген тапсырманың қысқаша мазмұны, шығармада кездесетін техникалық қиын жерлерін игеруі үшін берілетін жаттығулар, оқытушы айтып түсіндірген музыканың қысқаша мазмұны мен оның орындалу екпіні, характері жазылады. Күнделікке жазылған тапсырма, оқушының үйде дайындалуы үшін, класта оқытушы оқушысының күнделігін сабақ сайын тексеріп тұруға міндетті.
Оқытушының келесі сабаққа жасайтын жоспары, өткен сабақтың қорытындысына байланысты жасалады. Сабақ қалай өтті, оның қандай жемістігі мен кемісігі болды, келесі сабақта шығарманың қайсы жағына назар аудару керек, сабақ беру, түсіндіру тұрғысынан оқытушының методикасы оқушыға қалай әсер етті, міне осы мәселелерді қамту керек.
Сабақтың жоспарында нотаға қарап ойнату, жатқа орындату сияқты пайдалы жұмыстар көрсетілуі тиіс.
Оқытушы әр уақытта мынаны еске сақтауы керек. Музыкалық шығармаларды үйрету деген, ең алдымен оқушының орындаушылық шеберлігін, қабілетін дамыту деген сөз.
Екпін жай, орташа, жылдам болып негізгі үш топқа бөлінеді. Ал динамика дегеніміз – күшін азайту немесе арттыру дәрежесі шығармашылық мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі динамика белгілері арқылы көрсетіледі. Колледждың оқушылары мамандықтары бала тәрбиешісі болғандықтан оларға бала туралы өлеңдерге көп көңіл бөлеміз. Мәселен, Ахметова, Искакова мен сабақ өткізгенде «Бейбітшілік жыры», «Бала уату» әнін үйреткенде оның алдымен өлшемін динамикасына және сөзімен әніне де көп көңіл бөліп жатамыз. Қазақ халқы бейбітшілікті сүйеді. Көрші елдермен тату-тәтті өмір сүруді жақтап, әр қашанда жырға, әнге және күйге қосып от ырған. Ән екі бөлімінен құралған.Бірінші бөлім, соль мажор тональдігінің жоғарғы тоникалық дыбысынан басталып, екінші жай сөйлемнің бір тактілік әуені арқылы тональдіктің төменгі дыбысына өтеді. Бұл жерде саусақ басу тәртібі мен позиция өзгермеген екі позицияның арасы квартаға жақындайды. Ойнағанда дыбыс сапасы әсем болу үшін саусақтары көтермей ауыстыру керек. Ал күй жанырына келсек, домбыра тарту өнерінің негізі – күйшілік.
Бұл дәстүрде қағыс негізінен сұқ саусақтары да пайдаланылады. Қағыс кезінде қолдың білезік буыны бүгіліп, немесе жазылып қағыс шеңбері де өзгеріп тұрады. Күй орындау барысында дыбыс бояуы мен күшін өзгерту үшін оң қол мен ішекті домбыра бетінің әр тұсынан қақпаққа тіреу немесе көтеру дыбыс үшін азайтунемесе көбейту үшін қолданылады. Оқушы оқытушысын өзінің әрі қатал сыншысы ретінде ұстаз тұтады. Егер оқушы берілген шығарманы жартылай немесе бүтіндей үйреніп, ойнай алмайтындай болса оқытушы соның себебін білуге тырысады. Сабақтың соңғы уақыты жалпылама түсіндіру методына арналуы керек. Бұл біріншіден, оқытушы оқушы ойнаған шығарманың әуелі қиындау деген жерлерін ойнап, одан кейін оны басынан аяғына дейін орындап береді. Екіншіден, оқушының үйге берген тапсырманы қандай дәрежеде орындап келгені жайлы кеңес өткізеді. Үшіншіден, келесі сабаққа оқушы не дайындап келеді, оны қалай дайындау керектігі туралы нақтылы тапсырма береді.Мұның бәрі тек ауызша түсіндірілмей, аспапта ойнап көрсетілуі тиіс.
Қорыта айтқанда, оқытушының әрбір сабағы тиянақты,түсінікті болып,бір-бірімен астарласып, бірін-бірі толықтырып жатуы керек. Оқытушының сабақ беру методы әр сабаққа лайықты жаңаланып, өзгеріп отыруы тиіс. Сонда ғана оқытушының сабақ беру методы жемісті болады.
Категория: ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ | Добавил: Школа_искусств_№2
Просмотров: 8705 | Загрузок: 674 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.5/6
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 4:20 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru