Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА

Цитрус өсімдіктері. Шығармашылық-зерттеу жобасы
2014-01-30, 10:59 AM
Қарағанды облысы
Бұқар жырау ауданы
Ростовка орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Аманжолова Шынар Қонақбайқызы
Тақырыптың өзектілігі
Пайдалы табиғи жемістерді күнделікті өмірде адам денсаулығы үшін дәрумендер ретінде жиі пайдаланудың қажеттілігі.

Мақсаты:
Оқушының дұрыс тамақтану туралы түсінігін қалыптастыру үшін денсаулыққа пайдалы, дәрумендерге бай цитрус өсімдіктері туралы білімін тереңдету және ізденушілікке, шыдамдылыққа, білімділікке дағдыландыру.

Міндеттері:
• Әдебиеттермен жұмыс жасау, іздену, тақырып бойынша білімін байыта түсу, қажетті ақпараттарды зерттеу, өңдеу;
• Цитрус өсімдіктерімен тәжірибе жүзінде жұмыс жасап, жақын танысу;
• Ғылыми-шығармашылық жұмыспен айналысуды үйрену.

Нысаны: Цитрус өсімдіктері
Пәні: Дүниетану
Болжам
Болашақта жеміс түрлерін тереңірек зерттеп, денсаулыққа пайдалы дәруменді тағамдар әзірлеу шеберлігін меңгеру
Күтілетін нәтижелер
Іздену жұмыстарының нәтижесінде өз ісінің маманы болу, көздеген мақсатқа қол жеткізе білуге дағдылану, цитрус өсімдіктерін үйде өсіруге тәжірибе жасау.

Жоспары:
1. Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Цитрус өсімдіктері туралы мағлұмат
2.2 Апельсин
2.3 Мандарин
2.4 Лимон
3. Өсімдік қасиеті – шырында
4. Цитрус өсімдіктерінің денсаулыққа пайдасы
5. Тұрмыста қолданылуы
8. Қорытынды
7. Пайдаланылған әдебиеттер.



Мен Ұлдана боламын
Ғылым жолын қуамын.
Цитрус өсімдіктерін
Пайдалы деп ұғамын.
Дәрумен толы құрамы
Апельсин, лимон, мандарин
Маған қатты ұнады.
Зерттеп оның түрлерін
Көп мәлімет жиямын
Денсаулыққа пайдалы
Сіздерге де ұсынамын.

- Қандай жеміс жақсы көресің? – десе, бірі – алма, екіншісі – алмұрт дейді.
- Ал мен цитрус өсімдіктерін ұнатамын. Осы жобам арқылы оны дәлелдегім келеді.

Өсімдік – табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Адамның тіршілігі өсімдіктер әлемімен тығыз байланысты. Тірі ағзалар тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі көзі өсімдіктер болып саналады.

Цитрус өсімдіктерінің түрі өте көп.
Мен күнде өзіміз жейтін үш түрін алдым.

Бұл өсімдіктер – руталар тұқымдасының цитрус туысына жататын жеміс ағаштары. Шыққан жері – Оңтүстік Қытай және Үндістан.
Цитрус ағаштары қыста жапырақтары түспейтін мәңгі жасыл өсімдіктер, негізгі қорек көзі жапырақтарында болады. Оттегін жапырақтардан алып, жаңа бұтақтары мен жемістері өсіп, піседі. Жапырақтары көп болса ағаштың жағдайы жақсы, әр жапырақ 2-3 жыл өмір сүреді. Жапырақтары түсе бастаса өсуі бұзылып, ағашқа қорек жетіспейтінін көрсетеді, жеміс бермейді. Сондықтан жапырақтарды күтіп, сақтау керек. Ғалымдардың айтуынша, цитрус ағаштарын бөлмеде өсірсе 70 жылға дейін өмір сүреді екен, ал плантацияларда
100-200 жылға дейін өмір сүреді. Тәжірибеде бөлмеде 30 жыл өсіп тұрған ағаштар жиі кездеседі. Плантацияларда ағаштардың ауруға шалдығуы салдарынан ұзақ жасайтын ағаштар сиреп барады.

Цитрус ағаштарының гүлдеуі
Цитрустардың гүлдері жыл бойы қалыптасады, әсіресе көктемде тез гүлдейді. Гүл түйнегі пайда болған соң бір ай бойы жетіледі, сосын гүл ашады. Гүлдері нәзік хош иісті болады. Түйнек салу мен гүлдеу үшін қалыпты температура +16…+18°С.
Цитрус өсімдіктердің құрамында 0,9% пайыз илік, 75-88 пайыз су, 70мг дәрумен, 1,06-1,97 пайыз қышқыл, 8-9 пайыз қант бар.
Жемістерінің түстері қызғылт сары және сары болады.
Цитрус өсімдіктерін өндіруші елдер: Бразилия, АҚШ, Мексика Үндістан, Қытай, Испания, Италия, Иран, Мысыр, Пәкістан


Апельсин
Апельсин – руталар тұқымдасының цитрус туысына жататын жеміс ағашы. Шыққан жері – Оңтүстік Қытай және Υндістан. Апельсиннің тәтті және ащы түрі бар. Еуропалық саяхатшылар апельсинді XV ғасырда әкелген. Ағаштары жылуды сүйеді.
Тәтті апельсин жабайы түрінде кездеспейді. Биіктігі 10-12м, жапырағы қалың, сопақша, жоғары жағы сүйірлеу болып келеді. Гүлдері қос жынысты, ақ, жұпар иісті, гүл шоғырына бірден, кейде бірнешеуден орналасады. Жемісі көп ұялы, сортына байланысты сыртқы түрі, түсі (ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін) әр түрлі болып келеді.
Апельсин - тәтті, шырынды жеміс. Жемісінің орташа салмағы 50-400 г, құрамында 75-88% су, 8-9% қант, 1.06-1.97% қышқыл, 70мг С, B1 и P дәрумені, 0.9% илік заттар болады. Құрамында кальций, калий, фосфор тағы басқа микроэлементтер көп болады. Апельсин қабығында 2% эфир майы бар. Өсу жағдайына байланысты 2-3 кезеңге бөлінеді. Апельсин жыл бойы өсіп, гүлдеп жеміс береді. Әр гектардан 20-25 т өнім алынады. Апельсин тұқымынан және ұластыру арқылы көбейеді. Тұқымынан егілсе 10-15 жылда, ал ұластырылғанда 3-4 жылда жеміс береді. Жемісін сол күйінде немесе қайнатып кондитерлік (варенье, джем, шырын, т.б.) тағамдар жасап жеуге болады.
Ащы апельсиннің биіктігі аласа(6-8м) болып келеді. Тікенекті бұтақтарының ұзындығы 6-8см, жемісінің сыртқы қабығы жылтыр, қызғылтым сары, бедерлі, шырыны өте ащы болады. Жемісі көбінесе, эфир майын алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ тағам, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады.

Мандарин
Ғалымдардың мәліметтері бойынша Қытайда біздің заманымызға дейінгі V-VI ғасырларда өсіріле бастаған. Бұл жемісті Кеңес еліне ХХ ғасырда ғана әкелген. Мандарин көпжылдық мәңгі жасыл өсімдік, бөлмеде өсірсе биіктігі 1 метрге дейін жетеді. Жапырақтары қою жасыл түсті, бұдырлы. Мандарин мамыр айында гүлдейді, гүлдері нәзік хош иісті, ақ түсті. Ағашы күздің аяғы, қыстың басында жеміс береді. Жемістері бірнеше ай ағашында пісіп-жетіледі. Бір мандарин ағашында 50-70-ке дейін жеміс өседі.
Мандарин жемісі өте тәтті, пайдалы. Оны джем, қайнатпа, шырын, дәмдеуіш заттар түрінде де пайдалануға болады. тәтті тағамдар әзірлеуде пайдаланады. Сондықтан ол жаңа жылдық дастарқанның сәніне айналған.

Бөлме мандарині
Бөлмеде өсіру үшін мандариннің баяу өсетін ұсақ тұқымдары таңдалады. Жапондық тез пісетін түрлері жақсы. Мандарин ағашын бөлмеде өсіргенде ерекше күтім керек. Қыста ыдысын күн түсетін жарық бөлмеге қояды. Күн жылыған кезде ыдысымен аулаға, бақшаға қойып өсіруге болады.
Жазда суды көп қажет етеді, қыста топырағы кепкен кезде жылы сумен аз суарады. Көктемде сәуірден қыркүйекке дейін апта сайын тыңайтқыштармен қоректендіреді. Ауаны ылғалдандыру үшін өсімдіктің жанына ыдыспен су қояды. Жапырақтарына күніне екі-үш рет бөлме температурасындағы су шашады. Ылғалы аса көп немесе аз болса жапырақтарына дақтар түсіп, өсмдік шіри бастайды.


Лимон
Лимон – сопақша келген, түсі сары, жылына екі рет – көктемде және күзде гүлдейді. Лимондар ең жылу сүйгіш өсімдіктер. -3°С суықта олар үсіп кетеді. Шырыны қышқыл, хош иісті, емдік қасиеті мол. Халық арасында суық тиіп ауырғанда лимонмен шәй ішіп емделу кең тараған.
Үй лимоны
Лимон өсімдігін үйде де өсіруге болады, арнайы сұрыптары бар. Бұл ағаштар көктем-жаз кезеңінде 2-3 рет гүлдейді, ал қыста жарық жетіспесе демалып тұрады. Жақсы сұрыптары жылына1-4 рет гүлдеп, жеміс береді. Бөлме лимондарының жемістері жақсы жетіліп, піседі. Олардың дәмдік сапасы сырттан әкелінген лимондарға қарағанда жоғары болады. Бөлмеде өсіп тұрған лимон ағашының жапырақтарынан фитонцид деген зат бөлінеді де, бөлмені ауру таратушы микробтардан тазартып тұрады, ауаны хош иістендіреді. Сол себепті цитрус өсімдіктерін өсірушілер суық тиіп ауруды білмейді. Лимонның иісі шаршағанды басады, көңіл-күйді сергітеді, көздің көруін жақсартады, жұмысқа қабілеттілікті арттырады екен. Компьютермен көп жұмыс істейтін адамдарға пайдасы өте зор, оның иісі жемісінен ғана емес, жапырақтарынан да жақсы иіс шығып тұрады.
Қыста 15—18°С жылыда, ылғалды ауада, жарықта жақсы сақталады. Құрғақ ауаны, қатты ыстықты сүймейді. Терзенің алдына қойғанда желдеткіш жабық болуы керек. Көктемде баққа топыраққа ыдысымен отырғызып, ерте күзде үйге қайта кіргізу қажет. Лимонды күннің қысқа мерзімінде отырғызса тез гүлдеп, өнім береді. Бөлмеде газ, түтін, мұнай өнімдерінің иісі болса өспей қалады.

Өсімдік қасиеті - шырында
Цитрус өсімдіктерінің шырыны табиғи дәрумендерге өте бай, адамның көңіл-күйді көтеріп, сергітеді. Шырынның адам ағзасына әсері мол. Оны қарапайым адамдардан бастап, даңқты спортшылар да жаттығуларда, сайыстарда пайдаланады. Қазіргі уақытта сапалы шырынды пайдалануға әлемдік деңгейде көңіл бөлініп отыр.
«Халықаралық күнтізбедегі атау¬лы күндердің қатарына қа¬зақ¬стандық спортшылар мен Қବзақстан спорт журналистері қа¬уымдастығы елімізде ойлап тବбылған «Дүниежүзілік шырын күні» атты мерекені қоспақ», - дейді «Қазақстандықтарды шырынмен сауықтыру» қозғалысының баспасөз хатшысы Денис Ибрагимов. Аталмыш қоз¬ға¬лыс – шырынның пайдасы жөніндегі бар¬лық мәліметті, сон¬дай-ақ, спорт¬шылар, дәрігер¬лер, диетологтар секілді дұрыс тамақтану мен саламатты өмір сүру салты саласын жетік білетін тұлғаларды біріктіретін Қазақстандағы жалғыз ұйым. Қоз¬ғалысқа қатысушылар ара¬сында атақты альпинист Денис Урубко, Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина, Қа¬зақ тамақтану ака¬де¬мия¬сы¬ның, Саламатты өмір сүру салтын қалыптастыру мәселелері жө¬нін¬дегі ұлттық орталықтың, Қа¬зақ-станның іскер әйелдер қауымдас¬тығының мамандары мен тамақ¬тану, денсаулық және сұлулық са¬лала¬рының бас¬¬қа да сарап¬шыла¬ры бар.
Өткен жылдың қараша айы¬нан бастап www.worldjuiceday.kz интернет-сайтында әлем күн¬тізбесінде «Дүниежүзілік шы¬рын күні» деп аталатын жаңа ме¬рекенің пайда болуы үшін он¬лайн-дауыс беру жүргізілуде. Сайт¬қа кірген әр адам «қол¬даймын» пернесін басу арқылы осы күннің пайда болуына қа¬тыс¬ты өзінің келісімін растай алады. Қазақстанның спорт жур¬на¬лис¬¬тері қауымдастығының президенті Марат Исабаев:
– Біз спортшылардың жетістіктері мен олардың дене бітіміне сүйсінеміз. Алайда, дұрыс тамақ¬тану арқылы дәл сондай белсенді және сау болу біздің де қолы¬мыз¬дан келеді ғой. Ал ден¬саулық үшін ең пай¬далы өнім¬дердің бірі болып табы¬латын табиғи шы¬рынға жылдың бір күнін арнауға әбден болады, – дейді.
Жаһандық жобаның Қазақ¬стан имиджі үшін маңыз¬ды¬лығы жа¬йында Сергей Дроздов былай дейді: «Жаңа Қазақ¬стан күннен-күнге өркениетті, заманауи әрі әл-ауқатты мемлекет ретінде әлем¬ге танылып келеді. Бұл имидж¬дің сақталуына Қа¬зақ¬стан¬да алғаш рет өткізіліп отырған Азиада ойындары, Қа¬зақ¬стан¬ның өткен жылы ЕҚЫҰ-ға төр¬ағалық етуі, сон¬дай-ақ, көпте¬ген басқа да оқи¬ғалар септігін тигізіп отыр. Алай¬да, бұл оқи¬ғалар саясаткерлер, спорт¬шы¬лар секілді же¬ке¬леген маман¬дық иелерінің жетістігі болып табылады. Ал Дүниежүзілік шы-рын күні қа¬был¬данса, бұл әрбір қазақ¬стан¬дық¬тың үлесі болар еді. Сон¬дық¬тан, хал¬қымызға бір ауыздан бірігіп, әлемдік ау¬қымда саламатты өмір сүру сал¬тын қолдаушы ел¬дің тұрғын¬дары ретінде өздерін неге танытпасқа?»
Мысалы, мына лимонад балаларға өте пайдалы, құрамында көп дәрумендер бар, денсаулыққа өте пайдалы.
Лимонад «Ассорти»
Құрамы: 1 алма, 1апельсин, 1 қияр, 1 қасық қант, 1 лимон шырыны, минерал су.

Цитрус өсімдіктерінің
денсаулыққа пайдасы

Цитрус өсімдіктері адам ағзасында кездесетін түрлі ауруларға емдік дәрі-дәрмектер ретінде көп пайдаланылады. Соңғы кездегі халық медицинасы осы өсімдіктердің қасиеттеріне көп сүйенеді. Суық тию, бас ауыру, бауыр, өкпе, жүрек, қан тамырлары, демікпе сияқты ауруларға арналған арнайы рецепттер бар.
Цитрус жемістерінде көп кездесетін С дәрумені (аскорбин қышқылы) еркін радикалдардан қорғайды және ағзаның қорғаныс қызметін арттырады. Ол итмұрын, мүкжидек, бүрген, қарақат жидектерінде, цитрус өсімдіктерінде, болгар бұрышында, әскөк пен ақжелкен шөптерінде де көп. Дәруменнің жетіспеушілігі тері пигментациясының бұзылуына, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, жұқпалы ауруларды қабылдауды арттыруға алып келеді. Мөлшерден тыс пайдалану қауіпсіз: С дәрумені ағзадан табиғи түрде шығады.
«Қыс уақытында С дәрумені бар тағамдарды көбірек пайдалануға кеңес берер едім. Естеріңізге сала кетейін, бұл дәрумен ағзадан шықпайды, оған тыстан келіп түседі. Егер қалталарыңыз көтерсе, лимон, мандарин, апельсин жеңіздер. Ақша жағы тапшы болса – дәрумендерді дәріханадан сатып алыңыздар», - деп кеңес береді академик Төрегелді Шарманов.
 тәтті шырын
 кәмпиттерге қосу
 дәрумендер
 қайнатпалар
 кондитер өнімдері (печенье, торт)
 салаттар
 тағам дәмдеуіштері
 шәй
 эфир майы
 халық еміне қолдану
Мандарин қайнатпасы
Тұтас мандариндерді қабығымен бірге 90°С температурада 15 минут буда ұстайды. Суытып, суық суға 10-12 сағатқа салып қояды. Суыған мандариндерді жарты етіп кесіп, үстінен ыстық сироп құяды. Сиропта 6-8 сағат ұстайды да қайнатпаны 4 рет қайнатады. 1 кг мандаринге 1,2 кг қант қосу керек.

Зерттеу кезінде «Апельсин себеттері» атты салат дайындадым.
Құрамы: 4 апельсин, 1 алма, 1 банан, 1киви, 100грамм ірімшік, грек жаңғағы, иогурт.
Жасалу жолы: апельсинді екіге бөліп, ішіндегі жұмсақ шырынын аламыз; қабығының жиегін иректеп кесіп себет жасаймыз; апельсин

жұмсағын, ірімшікті және жемістерді ұсақтап турап иогуртпен араластырамыз; себеттерді толтырып, грек жаңғағымен әшекелейміз – салат дайын.

Тұрмыста қолданылуы
Цитрус өсімдіктері шырын мен тағам түрінде ғана емес, тұрмыста да көп қолданылады. Түрлі үй тазалауға, ыдыс жууға, ауаны хош иістендіруге арналған заттарға қосылады. Адам гигиенасына арналған заттардағы цитрус өсімдіктерінің қоспалары денсаулыққа пайдалы. Косметика саласында да кеңінен пайдаланылады.
Тұрмыстық заттарға қосылуы:

 иіс сабын
 кір жуғыш ұнтақ
 сусабын
 тіс пастасы
 иіс су
 ылғалдандырғыш сүлгі
 хош иістендіргіш
 тазалағыш заттар
 хош иісті кір шайғыш
 жақпа майлар

Шашқа масканы өзің жаса
Мысалы, пияздан жасалған маска шашқа төзімділік сыйласа, лимон қышқылынан жасалатын маска шашты жылтыратып, әдемі ете түседі.
Ол үшін бір лимон шырынын бір қасық сүзбемен араластырып, оған майдалап туралған қияр мен ара балын қосады. Қоспаны бас терісіне жағып, он минуттан соң жуып тастайды.
Ал пияз шырынынан жасалатын маскаға бір жұмыртқаның сарысын араластырып, шаштың түбіне жағып қойсаңыз, шашыңыздың түсуінен құтыласыз.
Ал сәнделген шашты бекітуге лимон шырынын пайдалануға болады. Шашты бұйраламас бұрын оған лимон шырынын жағады. Демек, лимон шырыны лак ретінде қолданылады деген сөз. Оны әзірлеу үшін лимонды бөлшектейді де 200 мл. суда қайнатады. Судың жартысы буланып, ұшып кетуі тиіс. Содан соң ерітіндіні сүзіп алып, оның үстіне спирттің немесе арақтың бірнеше тамшысын

тамызады. Осыдан соң салынған бұйраның әдемі түсетіндігіне күмәніңіз болмасын.

Қорытынды

Осы ғылыми жоба бойынша жұмыс істеу кезінде мен цитрус өсімдіктері туралы көп білдім. Бұл өсімдіктерді үйде де өсіруге болады екен. Лимон өсімдігі үйдің ауасын тазартып тұрады.
Лимон, мандарин, апельсиннің денсаулыққа пайдалы екенін мен достарыма да айтып жүретін боламын. Оларды көбірек жеу қажет.
Өзім шырын, салат жасаған кезде болашақта одан әрі көп нәрсені үйренуім керек екенін білдім. Мен өскенде бұл жұмыстардың шебері болғым келеді. Бұл жұмыс мені көп ізденуге, шыдамдылыққа, алға қойған мақсатыма жетуге үйретті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Өсімдіктану оқулығы (6 сынып)
2. Журнал «Добрые советы»
3. «ЗОЖ» газеті
4. «Айгөлек» журналынан ақпараттар (авторлар: Р.Әлімқұлқызы, Б.Дүйсебайқызы, Е.Тұрбекқызы)
5. Интернет материалдарынан мәтіндер, суреттер.
Категория: ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА | Добавил: shynar
Просмотров: 5388 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 7:15 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru