Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Наш музыкальный зал

Мектептегі музыка пәнінде жаңа технология әдіс-тәсілдерін, бағдарламалар тобын қолдану үрдісі.
[ Скачать с сервера (194.8 Kb) ] 2012-02-01, 9:23 AM
№ 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру кешені
Байтолыкова Б.С.
Мектептегі музыка пәнінде жаңа технология әдіс-тәсілдерін, бағдарламалар тобын қолдану үрдісі.

Қазіргі таңда жалпы білім беру кешендерінде музыка сабағын жоғарғы дәрежеде өткізу көзделіп отыр. Музыка пәні – шығармашылық пән. Оған көптеген ізденіс, шығармашылық, іскерлік, тапқырлық өте қажет.
Осы күнге дейінгі музыка бағдарламалары әртүрлі құрылымда , түрлі авторлардан туындалып жатса да, барлығының да мақсаты халқымыздың және де басқа ұлт-халық өкілдерінің байырғы сазын терең мазмұнда кейінгі ұрпаққа жеткізу, насихаттау болып табылады.
Сондықтанда музыка пәні мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі, ата-аналар зор үміт артады. Жас өспірім бойына музыкалық білімді игерту - пәндегі сабақ жоспары құрылымы бойынша болғанымен жеке дара табиғи дарынды оқушылармен жұмыс аспаптық үйірмелер арқылы дамитыны бізге мәлім.
Сол орайда музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлігі жоғарғы деңгейде болу керек деп ойлаймын. Ал ол үшін пән мұғалімі қазіргі таңда қолданысқа берілген жаңа технология әдіс-тәсілдерін, түрлі бағдарламалар элементтерін дұрыс және ұтымды қолдануы қажет.
Өйткені ең алдымен музыка шығармашылық, өнер сабағы екенін үнемі жадымызда ұстап, берілген тақырып мазмұнын шеберлікпен ашып көрсетіп, жас шәкірт бойына музыкалық білімді құнарлы сіңдіруіміз абзал. Көптеген сабақтас пәндер «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» әдісін кеңінен қолданады. Ал ол әдісті біз музыка пәнінде толық қолдануымыз қажет пе?
Міне осы сұрақ көптеген музыка мамандарын жаңылдырады. Яғни бұл әдісті қолданамын деп ұстаз музыка пәнінің негізгі кезеңдерінен ауытқып кетеді. Оқушы бойында өнер туындыларының тұтастай көрінуі үшін салыстырмалы, қарама-қарсылық принциптерді пайдалана отырып, шығармаларды тез қабылдауға әсерін тигізіп, танымдық қызығушылығын тудыратын тәсілдерді көбірек қолдану барысында бастауыш сынып оқушыларымен мектеп алды даярлық тобына арналған «Тәй-тәй» атты бағдарламасының элементтері де зор үлесін қосады.
Яғни бүлдіршіндер осындай балғын шағынан бастап, топтық жұмысқа қалыптасып, ойларын ашық бөлісуге дағдыланады.
Ал ұстаз бағыты шынайы музыкалық тәрбие беруде оның жеке дара психологиясын, жас ерекшелігін, мінез құлқының өзгешілігінің ескеріп, тиімді қолдана білуі арқылы айқындалады. Саз сабағында музыкалық шығарманы талдау процесіне мынадай жүйені ұсынамын:

Шығарма аты
Екпіні
Сипаты
Бояуы
Мазмұны



Сондай-ақ халықтық педагогика үнемі сабақталып жүріп отыруы қажет. Яғни «Ақ сүйек», «Жүзік салу», «Теңге алу» сияқты ұлттық ойындарды әуендете қолдану және сергіту сәттерінде музыкалық түрде көрсету оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арта түседі.
Балалардың музыкалық тәрбиесі дәстүрлі мәдениет тұрғысынан кеңінен берілуі қажет. Өйткені жас шәкірттің дүниетанымы алдымен ұлттық музыка, халық өнері арқылы дамып, басқа жанр түрін сабақтастыра байланыстырып саз әлемінің тұңғиығына өріс алады.
Музыка пәні маманының кәсіби шеберлігі ән үйрету кезеңінде жоғарғы дәрежеде ойнап, алдындағы шәкіртті таңырқата орындау тыңдаушыларының көңілінен шығуы арқылы көрінеді.
Ән үйретудегі жүйелілік, бірізділікпен қатар салалы түрде әуенді ұғындыру, ырғақты дұрыс сезініп,таза интонацияда орындауда мынадай қол белгілері жүйесінде ұсынғым келеді.
До РЕ Ми Фа Соль



Ля Си
Әлемдік педагогикалық зерттеулерді саралау, оларды қазақ мектебінің үрдісіне ұтымды қолдану, ұлттық жүйенің ерекшелігін ескере отыра жаңа педагогикалық технологиялар мен иновациялық бағыттарды жұмыс формаларында орынды пайдалану тәрізді мазмұнды жұмыстар түзілуде.
Әрбір халықтың тәлімгерлік тарихына назар салар болсақ, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мол тәжірибені байқаймыз.
Бүгінгі мақсат халықтың музыкалық педагогика саласының сол озық идеяларын жандандырып, білім беру жүйесіне енгізу отыр.
«Музыкалық тәрбие әдістемесі» білім беру жүйесіне әрдайым бағынады және музыкалық педагогика үрдісін дамытады. Болашақ ұрпақтың дәстүрлі сазын бойларына сіңірте келе әлемдік саз әлемімен ұштастырып, рухани байлықты жан дүнесіне игереді.
«Музыка – менің жан - дүнием »,- деп орыс сазгері М.И.Глинка айтқандай әр саз маманы, болашақ мамандар студент-жастар музыка сабағын өздерінің шеберліктерімен мектептегі жоғарғы дәрежелі сабақ ретінде көтеруі парыз.

Қолданылған әдебиеттер:
1. «Қазақстандағы музыкалық білім» Алматы 2006
2. «Жаңа әдіс-тәсілдер тізбегі» Пустынникова Н.Н.
3. «Жаңа замандағы музыка пәні деңгейі» Праслова И.Г.
4. «Музыка пәнінің сипаты, тәлім-тәрбие үрдісі» Оразалиева М.А.
Категория: Наш музыкальный зал | Добавил: анарка
Просмотров: 7244 | Загрузок: 390 | Рейтинг: 1.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-11, 1:34 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru