Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Наш музыкальный зал

Музыка - халықтың рухани қазынасы
2014-06-21, 11:17 AM
Сабақтың тақырыбы: Музыка – халықтың рухани қазынасы
Мақсаты: «Музыка – халықтың рухани қазынасы» - тақырыбы аясында әңгіме құру.
Міндеттері:
1) «Музыка – халықтың рухани қазынасы» - туралы түсінік беру, «Ақсақ құлан» күйін тыңдау
2) Оқушылардың халық музыкасына деген сүйіспеншілік сезімін ,
өнерді құрметтеуге ,пәнге деген қызығушылығын арттыру,
адамгершілікке тәрбиелеу;
3 ) Оқушылардың аңыз-күйлер тыңдау арқылы әуендік
сезімталдығын, әуенді айта білу дағдысын, есте сақтау,
тыңдау,қиялдау, жатқа айту, ойлау, өз жұмысын дұрыс
бағалауын дамыту.
Түрі: инновациялық сабақ
Әдіс-тәсілдері: Рефлексия, жаңа тәсілдер қолдану, диалог, топпен жұмыс, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ қолдану.
Көрнекілігі: Презентация, «Ақсақ құлан»аңыз-күйінің видеосы, күйтабақ, саз аспаптары, плакат, маркер, стикер,
Күтілетін нәтиже: Оқушылар шығармашылық қабілеттерін кеңірек ашады, өз көзқарастарын еркін білдіреді, оқу үрдісінде жаңа оқыту әдістерін меңгереді, қазіргі жаңа талаптарға сай интерактив тақтамен жұмыс жасап, музыкалық-теориялық білімі қалыптасады.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Ой ашар
3. Ой толғаныс
4. Ән айту.
5. Ой қозғау.
6. Үйге тапсыррма беру
7. Рефлексия

I. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу. 2. Сыныпты 1,2,3,санау бойынша3- топқа бөлу. 3)Психологиялық дайындық (Қуаныш шеңбері)(4 минут)
II. Ой ашар
1.Үй тапсырмасын (интерактивті тақта) топпен жарыстыру арқылы сұрау.
Домбыра аспабы құрылысы туралы қысқаша айту . (оқушылар аспаптарда ойнап көрсету)(5-минут)

2. ( Сабақ тақырыбын жаздырту )
Презентация бойынша «Музыка – халықтың рухани қазынасы» - тақырыбы аясында түсінік беру.
Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып, тарих арнасына айналды. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше. Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы-ән мен күйі. Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, адамзат тіршілігіндегі оқиғаларды, алуан түрлі ойларды ән-әуенмен жеткізе білген.
3.Сұрақ-жауап:
А) Өткен сабақтарда қандай күйлер естеріңде қалды?
Ә) Ол күйлерді тыңдаған кезде көз алдарына не елестеттіңдер?Қандай әсер алдыңдар?

Бүгін біз «Ақсақ құлан» деп аталатын аңыз-күймен танысамыз.

IІІ Ой толғаныс ( музыка тыңдау )
1. «Ақсақ құлан» күйін видео арқылы көру, тыңдау.(1:13)

Күй қандай аспапта ойналды?
Бұл күйдің басты кейіпкерлері кімдер?
Күйшіні ажалдан арашалап қалған не?(домбырамен орындалған күй)

Осы арқылы күйдің құдіретін тыңдап көрдік.

2. ДЖИКСО әдісі бойынша 3-топқа тапсырма беру:кейіпкерлерін сипаттау
1-топ – Сюжетті суреттерді ретімен орналастыру;
2-топ - Венн диаграммасы (хан және күйші)
3-топ - Төрт жол өлең құрастыру (шығармашылық жұмыс)
Күйдің құдіреті
.....................................................шауып, (Кең далада құландар жүрді шауып, )
.....................................................атып, (Келді бала садақпен оны атып, )
.....................................................өлтіреді, (Жауызды ызаланған құлан өлтіреді)
.....................................................жеткізеді.(Бұл хабарды домбырамен күйші
жеткізеді)

( Топ мүшелері өздерінің жауаптары туралы пікірлерімен бөліседі).
20 минут)

ІV.Ой қозғау.
Баласының өлімін әкесіне қалай естіртер едіңдер? (Проблемалық сұрақ)
“Әңгімедегі бақытсыз жан”

V.Ән айту. Дауысқа арналған жаттығулар орындау(D-dur);
Қазақтың халық әні «Елім-ай» қайталау. (5-минут)
Елім-Ай - жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі (1723-1725 ) қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең.
1-топ - І шумақ,
2-топ – ІІ шумақ,
3-топ – ІІІ шумақ.

Ой қорыту: Неліктен музыканы халықтың рухани қазынасы дейді?

VI.Үй тапсырмасын беру: Оқулықтың 21-23 беттерін оқып, мазмұндау.

VII. Рефлексия толтыру. -Нені үйрендік?
-Неге үйрендік?
-Қалай үйрендік? (3-минут)

Бағалау (3-минут)
Категория: Наш музыкальный зал | Добавил: IGEMBEKOVA
Просмотров: 1935 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 6:07 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru