Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Наш музыкальный зал

Халқымыздың ата мұрасы « Аспаптар аңызы »
2011-02-23, 8:27 AM
Домбыра қалай пайда болды?
Ел аузында мынадай аңыз бар.Ертеде, қылышынан қан тамған қаһарлы жанның атастырған жалғыз қызы бойжеткенде бір кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен.Мұны біліп қойған хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгеннен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады.Көп көзінен, ел сөзінен сескенген хан жаман атқа қалмаудың амалын іздеп қос бүлдіршіннің көзін жоюды астыртын Мыстан кемпірге тапсырады.Мыстан кемпір өмірге жаңа ғана келген сәбилерді көз көрмес, құлақ естімес жерге апарып, биік өскен жап-жасыл ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді.Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда,бәйтерек те өсуін доғарады.
Ел ішіндегі өсек сөз, өтірік өкпеге шыдамаған қыз егізін іздеп жолға шығады.Бармаған жер, баспаған тауы қалмайды. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер, арманмен айлар, жылаумен өтеді. Қатты шаршап діңкесі қатқан қыз әбден қурап қабығы түсіп, шіруге айналған биік ағаштың түбіне келіп қисаяды. Ұйықтап кеткен соң оны бір сүйкімді саз сиқырлы әуен оятады.Құлақ түріп, тың тыңдаса ән салып тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн естіледі. Қыз күндіз егізін іздеп, түнде осы әнші ағаштың түбіне келіп, неше түрлі әуен естіп, көңіл жұбатып жүреді.
Бір күні айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басына шығамын деп оны құлатып алады. Бірақ көп ұзамай самал соғып, «әнші» ағаш қайта зарлай жөнеледі. Қыз оның құпиясын білмек болып, тексереді. Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағындағы ішек бостау, ал шығыс жағындағы ішек қатты тартылыпты. Егізінің өлімінен хабары жоқ қыз енді ағаш неге ән салатынын түсінеді де өзі де қуыс ағаш жасап алып, манағы екі ішекті соған тағады. Шертіп көрсе, керемет үн шығады, құлақ тындырады. Қыз байғұс бостау тартылған ішекті үні мұңды шығатындықтан ұлы - Мұңлық, ал ащы, тым зарлы
шығатындықтан қатты тартылған ішекті қызым - Зарлық деп ат қойып, күндіз түні қолынан тастамай күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен.
Мінеки екі ішекті домбыраның дүниеге келуі жөніндегі ел аңыздары осылай толғайды. Осы аңыздағы домбыра кездейсоқ пайда болып, адам жанына аса қажет қасиетті аспапқа айналған. «Домбыра» атауы «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп топшылайды. Мұның да қисыны бар секілді. Өйткені шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру жоралғысы бүгінге дейін сақталған.
Домбыра сөзі көптеген халықтар тілінде бар және олардың бәрі тек музыкалық аспап атауы ретінде айтылады. Татарларда - думра, қалмақтарда - домр, монғолдарда - домбур, остяктарда - домбра, өзбектерде - танбур, оңтүстік славяндарда - танбура, украиндарда - бандура, грузиндарда - пандури деп аталады. Бұлардың барлығы қазақтардың домбырасына ұқсас ішекті аспаптар. Айтылуы әр бөлек болғанмен, мағынасы бір сөзден тарағандығын аңғару қиын емес.Қазақ халқының төл аспабы домбыра ұзақ уақыттан бері өзінің негізгі құрылысын, түр тұрпатын сақтап келеді. Ел ішіндегі шеберлер оның формасын өзгертуден гөрі дыбыстық ауқымын, мелодиялық мүмкіндігін арттыра түсуге үнемі күш салып отырған.Шеберлер домбыра мүмкіндігін арттырудың басқаша жолын қарастырды. Батыс Қазақстан шеберлері перне санын көбейтсе, Орталық және Шығыс Қазақстан шеберлері ішек санын арттырды.Мұндай домбыраның өмірге келуі күйшілік, орындаушылық өнердің жаңа қырын ашуға себепкер болды.Үш ішекті домбыра жасау мен үш ішекті домбырада ойнау дәстүрі етек алды. Бұл аймақта шанақ ішінде қосымша ішектер, сондай ақ қоңыраулары бар домбыралар да кездеседі. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу үлгісі,бұл домбыра тік бұрышты, мойны қысқа,пернелері жеті,тоғыз болып келеді.Шертпе күй, ән, айтыс ерекше дамыған осы аймақта жасалған домбыралар айтысқа қосуға, ән сүйемелдеуге, күй шертуге ыңғайлы.Пернелері кейде жылжымалы, кейде тұрақты,ішектері кейде жұп

кейде тақ болып келеді. Жез перне орнату әдісін де осы өнер шеберлері қолданған. Қазіргі уақытта да шеберлер домбыраның дыбыстық күш куатын, әуездік ерекшеліктерін жақсарту үшін өз мүмкіндіктерін сарқа жұмсап келеді. Бір біріне ұқсамайтын, ішегі, пернесі, шанағы, тиегі өзгеше болып келетін домбыралар соның айғағы. Олардың көпшілігі Қазақ музыкалық аспаптар музейінде сақтаулы.
Шіңкілдек. Халқымыз өз ұрпағының келешегін кеңінен ойлаған. Оның бойына жастайынан еңбек тәрбиесін, адамгершілік сезімін, патриоттық рух себумен қатар, эстетикалық тағылым беріп отырған. Тіпті эстетикалық тәлім тәрбие ең бірінші орында тұрған десек те болады. Нәрестесін жұбатқан ана «Әлди әлди бөбегім » деп ән салады. Тілі шыға бастағанда түрлі сөздерді айтқызып үйретеді. Ес кіре бастағанда сан алуан оқиға, дастан жырлар, қызықты ертегілер айтып береді. Түрлі жұмбақтар, тақпақтар жаттатады. 4 – 5 жасқа келгенде ұстауға жеңіл, ойнауға ықшамды, даусы сүйкімді шағын домбыра жасап берген. Оны шіңкілдек деп атаған. Халықтың бұл игі дәстүрі бүгін де жалғасын тапқан. Сол шіңкілдекті қазір этнографиялық ансамблдер сәтті пайдаланып жүр. Тенор домбыраның жетілдірілген түрінің үлгісі бойынша ‘ Балақай ‘ домбыраның екі түрі дүниеге келді. Оның біріншісі 4-7 жас аралығындағы бүлдіршіндерге, екіншісі 7-10 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған. Дыбысы құлаққа жағымды бұл домбыралар балабақша, бастауыш мектеп оқушылары үшін аса қажет.Қазірше жекелеген шеберлер жасаған азын аулақ домбыралар болмаса, жаппай өндіріске шығару әлі қолға алынған жоқ.
Әмбебап домбыра. Бұл домбыраның шанағы жұқа, тегіс болады. Мойны төрт қырлы. Шанағының екі жақ бетіне де ішек тағылады. Пернелері жеке жеке байланады. Төрт құлақты бұрау арқылы ішектер дербес күйге келтіріледі. Мұндай домбыра көбінесе сол қолымен, сондай ақ оң қолымен тартатын күйші домбырашыларға арналып жасалған. Олар күй тартып отырып, домбыраның өзін шыр айналдырып, кейде оң жағына, кейде сол жағына келбеп сан құбылта отырып, күйдің желісін үзбей тыңдаушыларын таң тамаша етеді. Осындай күйшілерді көзімен көріп, домбырасын қолымен ұстаған көне көз ақсақалдардың айтуы бойынша жас шебер Дәркембай Шоқпарұлы әмбебап домбыраның жаңа үлгісін жасады. Әмбебап домбыраның үні шанағы кең домбырашылардың үніне қарағанда бәсең де әлсіз. Дегенмен, орындаушылық өнердің ішкі мазмұнына ғана емес, оның сыртқы әсеріне көрушілерді таңдай қақтырып, елітіп, еліктіріп әкететін епті
қимыл, мың құбылған іс әрекетіне де баса назар аударып отырған қазақ домбырашы шаберлері ойлап тапқан әмбебап домбыра ұлттық музыкалық аспап жасау өнеріндегі ізденіс, талғамды талпыныстың айқын көрінісі дерлік.
Үш ішекті домбыра. Қазақ аспаптық музыкасындакөнеден пайдаланып келе жатқан аспаптың бірі. Екі шекті домбырадан ертерек пайда болған шертер үш ішекті, бір тиекті. Тіпті, үш ішекті домбыра осы шертермен қатар өмірге келген десекте болады.Бұл домбыраның екі ішекті домбыра түрінен еш өзгешілігі жоқ. Ерекшелік тек ішек санында. Терең зерттеп, зейінмен зерделер болсақ, үш ішекті домбыра қазақ аспаптық музыкасында өзінше дербес мектеп болып қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа ұласар күйшілік орындаушылық өнерге негіз екендігіне еш күмін туғызбайды. Ел ішінде үш ішекті домбырада ойнаушылар аз болмаған. Олар әр ішекті теріп тартып, әрқайсысын жеке жеке шертіп ойнаған. Бұған қарап шындығында, Қазақстанда үш ішекті домбырада ойнаудың үлкен мектебі болған деп нық айтуға болады. Үш ішекті домбыраларға арнап шығарылған күйлерді тыңдағанда, олардың өзіндік ерекшелігі бірден аңғарылады.
Бүктемелі домбыра. Ел кезіп, серілік құрып, тыңдаушысын ән жырға, өлең, күйге бөлеп жүрген өнерпаз қапшыққа салып қанжығаға байлап алуға немесе қолына ұстауға ыңғайлы да ықшамды домбыра жасап алған. Мұндай домбыралардың мойны алмалы салмалы, кейде жалғамалы бүктемелі болады. Осындай домбыралардың үлгілері көп. Мойны тұғырға бұранда арқылы отырғызылады. Дыбыстық ауқымы, құрылыс құрылымы жөнінен әдеттегі домбыралардан еш айырмашылығы доқ, алып жүруге ықшамды.
Домбыраны күтіп ұстау әр домбырашы өнерпаздың міндеті. Жаңа жасалған домбыраның бойында әлі де дымқылдық болуы мүмкін. Арнайы қорапқа салып күтіп баптап ұстаған домбыра күн өткен сайын кеуіп, құрғап жеңілдене түседі. Осыған байланысты оның дыбыстығы, үнділігі артады. Көптен тартылмаса домбыраны шаң басады, күтілмесе кір қабады. Шаң тозаң, кірден арылту үшін әтір, еріткіш, сірке суына мақтаны малып алып, әбден сығып, дым күйінше сүрту қажет. Домбыраның үндігін сақтау үшін
ішектері алты айда бір ауыстырылып отыруы керек. Суыққа ұрындырмай, күн қызуына қалдырмай, суға тигізбей бірқалыпты температурада ұстаған жөн.
Шертердің сыртқы тұрпаты домбыраға, кейде қобызға келеді. Ішектерінің қыл, шанағының ашық, мойнының қысқа болуы қобызға көбірек жақындатса, ойнау әдісі мен мойнының түзу болуы домбыраға жуықтатады. Бұған қарап, шертер домбыраның да, қобыздың да арғы тегі емес пе екен деген ой туады. Шертерге бет қақпақ салу, перне тағу кейінгі жылдардың жемісі. Қазақ даласында шертер аспабының кең тарағанын дәлелдейтін аңыз әнгімілір, деректер баршылық. Оларды жинақтап, көне аспаптың қайта тіріліп, өнердегі өмірімізге еркін енуіне зор еңбек сіңірген білгір белгілі аспап танушы Болат Сарыбаев еді.Шертер өзіндік дыбыс қуатымен, бояу-реңкімен, ойналу әдісімен, мелодиялық ауқымымен дербес спап болып әлі қалыптаспаған еді.Уақыт өте келе шертерге үш ішек тағу осыған орай үш құлақ салу пайда болды. Шанақ жұмырланып, тереңдетілді. Кейде қақпақ салынып басқаша бұрау, кейде келтіру әдісі табылды. Үш ішекпен тартатын күйлер дүниеге келді. Ағаштан және теріден бетқақпақ дайындалады. Тері қақпақ түйенің немесе 2-7 айлық бұзаудың терісінен өңделіп жасалады. Тазартылған тері көлеңкеде кептіріледі. Бірқалыпты температурада бабымен кепкен теріні қайта суға салып жібітіп, шертер шанағының 3/2 бөлігіне кереді. Қатты керіп тастауға болмайды. Ондайда тері кебе келе, шанақты толқытып жібереді. Өте боста емес бірқалыпты тартылғаны жақсы болады. Шанақ бетінің қалған бөлігіне кепкен қарағай ағашынан дайындалған қақпақ желімделеді. Оның беті ойылып, өрнектеледі. Мойынға мойынбет отырғызылады, шанақтың сыртқы жиектеріне көмкерме жапсырылады. Шертердің сыртын құмқағазбен тазартып, белгілі бір түстегі бояумен сырлайды. Шертердің дыбыстық мүмкіндігін жетілдіру 1968-1970 жылдары мықтап қолға алынды. Аспаптың өзіндік сипатын, дыбыстық ерекшелігін, ойнау әдісін байыта отырып бүгінгі оркестр жетегіне ілесіп қана қоймай, өзі де жетекші роль атқаратын, жеке партия орындайтын дәрәжеге жеткізілуі керек болды. Болат Сарыбаев бастаған аспаптанушылар мен аспап жасау шеберлері бұл міндетті абыроймен атқарып шықты.
Жетіген ең көне ішекті аспаптардың бірі. Қалай пайда болғандығы жөнінде ғылыми тұжырым жасалған жоқ. Бір кездерде аты тұрмақ заты да көзден таса, көңілден ада болған бұл аспаптың қайта жаңғырып, өмірге келуіне үлкен күш салып, зор еңбек еткен ғалым Болат Сарыбаев еді. Ол жетігеннің атын да, затын да тауып, оның қазақ музыка аспабы екендігін ғылыми негізде дәлелдеп берді. Көптеген аңыз әңгімелерді жинақтап, сан алуан ғылыми деректерді жарыққа шығарды.
Ел аузында мынадай аңыз бар. ‘Қаһарлы қыстың қақаған аязынан мал қырылып, үлкен жұт болады. Қазақтың ауылы ашаршылыққа ұшырайды. Онымен қоймай, сүзек ауруы тарап, ел ішінде көбейеді. Көпке әйгілі күйші қарттың жеті ұлы бірдей осы ауруга шалдығып, бірінен соң бірі көз жұмады. Қаралы қайғыға душар болған күйші көкірегін кернеген мұң зарын күйге қосады. Үлкен ұлының дәм тұзы таусылғанда ‘Қарағым’,екінші ұлы өмірден қайтқанда ‘Қанат сынар’, үшінші ұлы қайтыс болғанда ‘Құмарым ‘, төртінші ұлы қаза тапқанда От сөнер, бесіншісінің жүрегі тоқтағанда Бақыт көшті, алтыншысының жамбасы жерге тигенде Күн тұтылды , жетіншісі жер жастанғанда Жеті ұлымнан айрылдым деп азалы күй шерткен екен. Арнайы аспап жасап алып, әр ұлы шәйіт болғанда бір ішектен байлап, астына асықтан тиек қойып отырыпты. Күйші қарттың жеті күйі кейіннен Жетігеннің жетеуі деген атпен тартылып, ел ішінде кең тарап кетіпті. Бір ғалымдар жетіген сөзі жеті байлық, жеті қазына, жеті муза дегенді білдіреді десе, енді бірі жетіген қазақ аңызының оқиғасына сүйеніп жеті қан дегеннен шыққан дейді. Екіншісі өзіміздің аспаптанушы Болат Сарыбаев жетіген деген атау тегінде екі сөзден құралса керек жеті және ән. Яғни мұны әндетуші немесе күй шертуші жеті ішек десе де болғандай. Дыбыс ауқымын ұлғайту үшін ішек саны 13- ке жеткізілді. Бұл аспап диапазонын бір жарым октаваға дейін молайтты. Асықтың орнына ағаш тиек орнатылды. Өйткені асық көлемді , ішектен шыққан дыбысты тез жаңғырта алмайтын еді. Қыл ішектің орнына тарамыс жилка, леска тартылды Қақпақ жұқа тақтайшалардан құрап жасалды

Бұл тұтастық аспаптың дұрыс күйге келуіне жол ашты. Күйге келтіру құлақ және жылжымалы тиек арқылы жүзеге асты. Жетіген әлі толық жетілдіріп болған жоқ. Болашақта әбден жетілдірілген, өзінің бастапқы үнін сақтап бастаған жаңа жетігеннің өмірге келері сөссіз.
Қобыз дәстүрі қазақ аспаптық музыка мәдениетінде ерекше орын алады. Мыңдаған жылдар бойы халық қобыз аспабын киелі санап, оны құдыретті күшке балаған. Қобыз дәстүрі шаман дінінің және осы дін өкілдері бақсылардың пайда болуы процесімен тығыс байланысты болып, қобыз аспабы бақсының зікір салу кезінде демеуші аруақтарымен тілдесіп отыратын негізгі құралына айналды. Бақсы өзінің бойлауық сарындарын сұңқылдата тартып, асатаяғын сылдырлата сілкіп, аруақтарын шақырып, тәңірімен тілдесе отырып, адамның, тайпаның, елдің тағдырын болжаған. Қобыз аспабының құдіретіне мейлінше сендіру үшін бақсы оны ат жарыс бәйгесіне де қосып отырған. Бақсы қолында қобыз бірде тұлпарға, бірде құланға айналып, өз иесін қиял ғажайып дүниелеріне сапар шеккізді. Қобыздың құдіретті күшіне сенген халық біресе аңның, біресе құстың үніне еліктеп отыратын қобыз даусына бақсының демеуші аруақтары жиналып, зікір салуына көмектеседі деп ұққан.
Қобыз аспабының тарихы тек бақсылық дәстүрімен шектелмейді. Ол бақсылық дәстүрімен қатар жыраулар творчествосынан да үлкен орын алды. Жыраулардың көшпелі қоғам өмірінде маңызды әлеуметтік міндет атқарғаны белгілі. Тайпалар мен ру арасындағы соғыстарға байланысты жыраулардың міндеттерінің бірі әскери магия болды. Жырау хан ордасында жүріп, оның әскери және саяси кеңесшісі болып, бүкіл халыққа өсиет айтқан, хандар мен ерлікпен аты шыққан батырлардың ерлігін мадақтап жырлап отырған. Жырау ұрыс алдында қолына қобыз алып, аруақтарын шақырып, жауынгерлерді желеп жебеуін сұрап, ұрыстың ақырын болжаған.
Қобыз тарихы жайлы сөз қозғай отырып, қазақ даласында мәңгі өшпейтін, күйі әуезді, сазды, философиялық мағынасы терең, қобыздың атасы атанған Қорқыт туралы айта кеткен жөн. Ел аузындағы аңыз бойынша, ең алғаш қобыз жасап, оның қыл ішегінен жаратылыстың үнін күй қылып сөйлеткен адам Қорқыт болып саналады. Қорқыт қобызын сарнатқанда табиғат тына қалып, жер, ұшқан құс, жүгірген аң, барлық тіршілік иесі үнсіз тыңдайды екен. Музыканың сырлы сазына ұйыған өлімнің өзі де күй сарыны аяқталмайынша Қорқытқа жақындай алмайтын көрінеді. Қорқыт түркі халқының бірінші бақсысы атанады. Ол адам баласына жасаған шексіз қайырымы мен емшілігі үшін өзі өлімді ауызға алмайынша өмір сұре беруіне мұмкіндік алады.Қорқыт бірінші болып тағдырға қарсы тұрып мәңгі өлмейтін өмір іздеді.Бірақ өлім Қорқытты өз құрығынан жібермей алып кетеді.Ол жер асты суларының Әміршісі атанып, қолына қобыз алып, оның қасиетті өнерін жалғастырған бақсылардың дем беруші піріне айналады.
Қорқыттың музыкалық мұрасы біздің уақытымызға дейін сақталып, қазір оның оннан астам күйлері белгілі болып отыр. Ол күйлердің тоғызы соңғы бақсылардың бірі, белгілі қобызшы Нышан Шәменұлынан жазылып алынды. Нышан бұл күйлерді Қорқыт творчествосымен тығыз байланыстырса да, олар алғашқыда бақсылардың зікір салғанда қолданатын сарындары болса керек.
Қобыз дәстүрінің тарихи тағдыры өте күрделі болды. Жыраулар XVIII ғасырда тарихи аренадан түсіп, эпос орындау дәстүрі жыршы, ақындарға көшті. Қобыз дәстүрін баяғы қалпында сақтап қалған тек бақсылар ғана. Алайда, Қазан революциясынан кейін бақсылар үлкен қиындықтарға душар болды. Оларды дінді уағыздаушылар ретінде қудалауға ұшырады. Сөйтіп, сан ғасырлар бойы сақталып келген қобыз дәстүрі сөніп, өшуге айналды.
Ұмытыла бастаған өнерді зерттеп, оның бар қасиет қадірін халыққа жеткізе білу, сыр сипатын ашып көрсету өскелең ұрпақ үшін өнегелі іс, ардақты да асыл парыз болып табылады.

Категория: Наш музыкальный зал | Добавил: Альфи
Просмотров: 4801 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-04-29, 3:54 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru