Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Наш музыкальный зал

"Арыс жағасында"
2016-12-07, 2:02 PM
Шаяхметова Қарлығаш Жумагалиевна

Қазақ тілі орыс сыныптарында
Сабақтың тақырыбы: Арыс жағасында.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың әнін үйрету арқылы қазақ тілін, мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылықтарын ояту.

Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға грамматикалық жаттығулар арқылы қазақтың әнін таныстыру, ән айту арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушлық: Оқушылардың, қазақ тілін үйренушілердің ән айтқызу барысында сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға әнді айтқыза отырып татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: тыңдау, сұрақ-жауап, ән айту.
Сабақтың түрі: ән сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: ән, үн таспа, үлестірмелі парақтар.

Ұйымдастыру кезеңі:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй – деп Абай Құнанбаев жырлағандай, әнді айтпайтын, әнді сүймейтін адам жоқ шығар. Олай болса бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлы сазгері, махаббат жыршысы Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» атты әнімен танысамыз. Бұл ән баршаңыздың жүректеріңізден ерекше орын алатынына сенмідімін. «Арыс жағасында» әнінің сөзін жазған Мұхтар Шаханов.

Тыңдалым. Ең алдымен «Арыс жағасында» әнін тыңдайық.

Оқылым. Әннің сөзін мәнерлеп оқыңыз, мазмұндаңыз.

Арыс жағасында
әні: Шәмші Қалдаяқов
сөзі: Мұхтар Шаханов

Өзіңмен Арыстың, Бойында таныстым. Жайнаған гүлдей құрбым сен, Жағада тұрдың сен.

Қайырмасы:

Жаз еді күлкің де,
Қайдасың бұл күнде.
Сені іздеп арманым,
Сыр бойын шарладым.

Нұр шашып көзіңнен, Бір нәзік сезіммен. Жібектей шашың толқындап Қалып ең қол бұлғап.

Қайырмасы:

Кете ме осылай, Әніміз қосылмай. Аяулы таңым сен едің, Көрсем деп келемін.

1-тапсырма
Мына әннің қалып қойған жерлерін толықтырыңыз
Арыс жағасында

Өзіңмен Арыстың,
----------------------------------
Жайнаған гүлдей құрбым сен,
-----------------------------------
Жаз еді күлкің де,
------------------------------------
Сені іздеп арманым,
------------------------------------

-------------------------------------
Бір нәзік сезіммен.
-------------------------------------
Қалып ең қол бұлғап.

2- тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңыз
...зіңмен Арыст...ң, Бой...нда таныстым. Жайна...ан гүлдей қ...рбым сен, Ж...ғада тұрды.. сен.

Ж...з еді күлк...ң де,
...айдасың бұл к...нде.
Сен... ізд...п арманым,
С...р бойын шарл...дым.

Н...р шашып көз...ңнен, Б..р нәзік сез...ммен. Ж...бектей шашың тол...ындап Қалып ең ...ол бұл...ап.

Кете ме ос...лай, ...нім...з қосылмай. Аяулы та...ым сен ед...ң, К...рсем деп кел...мін.

3-тапсырма «Мені түсін»
Шарты: Тыңдаушылар екі топқа бөлінеді, бір топ екінші топқа өлең жолының бір жолын мимикамен көрсетеді, ал екінші топ сол өлең жолын табады.
Мысалы: Бірінші топ: мимикамен шашының толқындай екенін және қол бұлғап тұрғанын көрсетеді
Екінші топ: Жібектей шашың толқындап
Қалып ең қол бұлғап.- деп өлең жолын табады.

Сергіту сәті
Тыңдаушылар екі топқа бөлінеді, бірінші топ екінші топқа өлеңнің бір шумағын айтып, тоқтап қалады, ал екінші топ оны ары қарай жалғастырады. Өлеңнің соңына дейін осылай алма кезек жалғаса береді.

4-тапсырма. Берілген сөйлемнің өлеңге сәйкес сөздерін табыңыз



5- тапсырма. Көп нүктенің орнына септік жалғауларын қойыңыз
Өзің... Арыс.... Бойын... таныстым. Жайнаған гүлдей құрбым сен, Жаға... тұрдың сен.
6- тапсырма. Төмендегі сөздерге мағынасы жақын сөздерді тауып, жазыңыз.
Бойында -
Жайнаған -
Құрбы -
Шарладым -
Нұр-
Әндету-
Аяулым-

Айтылым. «Арыс жағасында» әнін топпен қосылып айтыңыз.

Үй тапсырмасы:
Алыстағы құрбыңызға, досыңызға хат жазыңыз.

Категория: Наш музыкальный зал | Добавил: ber-lar
Просмотров: 1321 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 5:44 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru