Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Любознательному учителю

ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ИНТЕРАКТИВТІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
2014-06-21, 10:38 PM
ӘОЖ 372.854

ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ИНТЕРАКТИВТІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Абызбекова Г.М.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Соңғы уақытта білімді бақылау білім беру мекемелерінде дәстүрлі әдістермен қатар компьютерлік технологиямен (электрондық тестілеу) жүзеге асырылады. Қазіргі таңда білім берудің маңызды міндеті – оқушыны әлемдік ақпараттық-коммуникация жүйесінде, Интернет, мультимедиялық ресурстар әлемінде өмір сүруге және табысты еңбек етуге үйрету болып табылады. Оқушылардың ақпараттық құзырлығын дамыта отырып, оқушыны түрлі ғылыми ақпараттарды қабылдауға, түсінуге, өңдеуге, қайта өңдеуге үйрету керек. Кешенді мультимедиялық білім беретін ресурстар барлық сыныпты қатыстыра отырып, қызықты да, танымдық интерактивті сабақ жүргізуге мүмкіндік береді.
Химия кабинетін компьютермен, көп функционалды интерактивті тақтамен (Activboard, InterWrite), Promethean ActivVote тестілеу қондырғысы бағдарламалық құралымен – GLX миникомпьютерімен, теле-, видеоаппаратуралар, электрондық құралдар мен оқулықтар, барлық реактивтермен жабдықтау замануи білім беру процесінің сапасына әсер етеді.
Жаңаша оқыту жүйелерінің құрамды бөліктерінің бірі оқушылардың оқу процесі кезіндегі алған білімдерін интерактивті бақылау жүйелері болып табылады. Бүгінгі күнгі жасалған жүйелердің көптігіне қарамастан, интерактивті бақылау жүйелерін жасау проблемасы әлі толық шешімін тапқан жоқ, өзекті мәселе күйінде қалып отыр.
Көптеген зерттеушілер білім берудегі инновацияларды интерактивті оқыту әдістерімен байланыстырады, оны «оқу материалына деген творчестволықпен қарауды талап ететін барлық қызмет түрлерін және әрбір оқушының ашылуына жағдай жасайтын әдістер» деп түсінеді [1,144 б].
Интерактивтілік («inter» - өзара байланыс, «act» - әрекет ету) - өзара әсер ету, әңгімелесу, диалог режимінде болу. Интерактивті және белсенді оқыту әдістерінің көп ортақ жерлері бар. Белсенді әдістерден айырмашылығы интерактивті әдістерде білім алушылар кең түрде өзара әсерлесуге бағытталған, тек мұғаліммен байланыс ғана емес, оқушылар бір-бірімен байланысып, оқу процесінде оқушылардың белсенділігі басым болады.
Интерактивті оқыту әдісін белсенді әдістердің жаңа формасы деп қарастыруға болады. Интерактивті әдістерге дискуссия, эвристикалық әңгімелесу, «миға шабуыл жасау», рөлдік ойын, тренингтер, кейс әдісі, жобалар әдісі, иллюстративтік материалмен топтық жұмыс, видеофильмдерді талдау т.б.
Интерактивті оқыту әдістерімен қатар, бүгінгі таңда оқу процесінде интерактивті бақылау түрлерін қолдану да жүзеге асырылуда. Интерактивті бақылаудың ең тиімді түрі – компьютерлік тестілеу жүйесі болып табылады.
Компьютерлік тестілеу – жаңа техникалық құралдарды пайдалану арқылы тестілеудің бір түрі, дәстүрлі бланкада тестілеумен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар (нәтижесін тестілеу соңында алу, біреуге артықшылық берудің болмауы, тест тапсырмаларының қиындық дәрежесін және көлемін реттеуге, көпшілікке бірден өткізу, нәтижелерін өңдеу оңайлығы, тестілеу бағдарламаларының оқыту процесі режимінде жұмыс жасауы).
Компьютерлік тестілеудің функциясы:
- оқыту (дидактикалық оқыту құралы ретінде);
- оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылау;
- өз бетінше оқу (тренажёр) мен өзіндік бақылау;
- қашықтықтан оқу;
- оқу процесін жөндеу (коррекциялау).
Пән бойынша тест жасау үшін арнайы инструменталды бағдарлама-қабықтар (программа-оболочка) жасалады, олар тест тапсырмалары жинағынан мәліметтер базасын қалыптастыру жолымен компьютерлік тесттер жасайды.
Бағдарлама-қабықтар кластары:
1. Әмбебап (тест қабығы құрамды бөлігі ретінде болатын). Мысалы: «Адонис» (Москва), «Linkway» (Microsoft), «Фея» (Томск), «Радуга» (Москва) және т. б.
2. Арнайы (тек тест жасауға арналған). Мысалы: «Аист» (Москва), «I_now» (Иркутск), «Тест» (Красноярск) және т.б.
Жоғарыда көрсетілген бағдарламалар арқылы тесттің компьютерлік нұсқасын жасау үшін олардың қандай тест тапсырмаларының формаларын қабылдайтынын білу қажет.
Компьютерлік тестің сапалық көрсеткіштері:
- тест тапсырушының тапқыштығын жақсы қабылдауы;
- тест тапсырушының абайсыз және қате әрекеттеріне жауап беруі;
- тест пайдаланатын педагог пен оқушыға деген оң әсерінің болуы.
Тест тапсырмаларын компьютерлік формада беру
1. Баламалы сұрақтар (ия немесе жоқ жауабы қажет). Сұрақтың жабық формасы: дұрыс жауаптың номері;
2. Сәйкестілік тапсырмасы: ұқсас элементтерді сәйкестендіру;
3. Дұрыс реттілікті орнына келтіру тапсырмасы: көп нәрсені белгілі тәртіппен орналастыру;
4. Жауап шаблоны бар сұрақ (дұрыс жауапты сан немесе мәтін түрінде салу);
5. Бірнеше нұсқаларды таңдау болатын сұрақтар (кілттті сөздер, суреттер, белгілер);
6. Жауапты жобалау (шаблонды немесе шаблонсыз): жауап мәзірдегі құралдармен біртіндеп таңдау арқылы жасалады;
7. Суреттерді жобалау тапсырмасы: графоредактор көмегімен, суреттер мәзірімен орындалады;
8. Қозғалатын нысандармен демонстрациялау тапсырмасы: тестіленуші клавиша арқылы әсер етіп жауап береді. Уақытпен клавиатуралық тренажёр.
Тесттік бақылаудың теориялық және практикалық аспектілерін Ресей ғалымы В.С. Аванесов жасаған [2,15 б.]. В.С. Аванесов өзінің зерттеулерінде білім берудің сапасын едәуір жақсартудың мүмкіндігі тест формасындағы тапсырмаларды кеңінен қолдануды тек бақылау үшін ғана емес, білімдер жүйесін қалыптастыру үшін де қолдану қажет деп есептейді. Тапсырмаларды бұлай пайдалану жаңа білім беру технологияларына алып келеді. Бұл деген сөз оқу процесінде тесттерді емес, тест формасындағы тапсырмаларды қолдануды айтады. Тест формасындағы тапсырмаларды қолдануға негізделген білім беру технологиясы компьютерлік техниканың дамуымен, педагогикалық өлшемдер теориясы мен әдістемесінің қалыптасуымен байланысты пайда болып отыр.
Жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесінде оқушылардың 75% түрлі сұрау формалары пайдаланылған сабақтарды қызықты деп санайды екен. Олар өз қызметінің рефлексиясын оятатын сұрау формасын таңдайтыны, ал педагогтар оқушылардың танымының дамуына, өздерін көрсете білуіне, ойлау қабілетінің жаңғыруына және жеке қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететін бақылауды таңдайтыны анықталған.
Оқытудың соңғы нәтижелерін бағалайтын дәстүрлі бақылаумен қатар, интерактивті технологиялар оқыту процесін бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұндай бақылау оқушылардың материалды меңгеру барысын диагностикалауды жүзеге асырады. Сондықтан да диагностикалық бақылау әрбір сабақта болуы тиіс, оқу қызметінің барлық түрлеріне байланысты, көлемі бойынша үлкен емес, бірақ оқушыға қызықты формада болуы қажет. Мұндай түрдегі бақылау оқушыларда ішкі өзін-өзі бақылау механизмін, оқу мотивациясын қалыптастырады.
Оқу процесінде тест формасындағы тапсырмалар жиынтығы пайдаланылады, тестке қарағанда оның мазмұнына, формасы мен логикасына және технологиясына басқаша талаптар қойылады. тест формасындағы тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады [2,21 б.].:
- қысқаша болуы;
- технологиялық;
- дұрыс формалы;
- мазмұнның нақтылығы мен дұрыстығы;
- негізгі ойдың логикалығы;
- жауаптардың бағалау ережелерінің бірдейлігі;
- жауаптар үшін белгілі бір орынның болуы;
- тапсырма элементтерінің дұрыс орналасуы;
- барлық сыналушылар үшін нұсқаудың бірдейлігі;
- тапсырманың формасы мен мазмұнына нұсқаудың адекватты болуы.
Оқу процесінде электрондық басылымдарды пайдалану сабақты өткізуді жеңілдетеді, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты жүзеге асыру кезінде жеке, дифференциалды келуге мүмкіншілік беріп, мұғалімнің сабаққа дайындалу кезінде айтарлықтай көмек көрсетеді. Интерактивті білім беруші тапсырмалар оқушылардың мотивациясына оң әсер етіп, оқылатын пәнге деген қызығушылығын арттырады. Дайын электрондық құралдар барлық кезде сыныптың нақты жағдайларына, бағдарлама талаптарына, сабақтың мақсатына сәйкес келе бермейді, сондықтан да мұғалім бүгінгі күні қол жетімді бағдарламалар арқылы интерактивті тестерді жасауды үйренуіне болады. Мұндай бағдарламалар өте алуан түрлі, олар: Hot Potatoes, AD Tester, Knowing, My Test X, Power Point (Сеть творческих учителей. Мастер-класс «Создание интерактивных тестов») т.б. [3-8].
Бұл бағдарламалар тегін таратылады, кез-келген мұғалім пайдалана алады. Тест жасауға оқушыларды да тартуға болады. Интерактивті білім беретін тапсырмаларда компьютерлік модельдер пайдаланылады, фотографиялар көрсетуге, нақты нысандардың видеосуреттерін көрсетуге болады, бұл заттардың құрылысы мен қасиеттері жөнінде толық мағлұматтар алуға мүмкіндік береді. Әдебиеттерде анықталғанындай, оқушыларды анкеталау нәтижесінде олардың 91% интерактивті тестерді пайдаланудың дұрыстығы, интерактивті білім беретін тапсырмалармен жұмыс жасаған ұнайтындығын көрсеткен, ал 85% оқушылардың химияны оқуға деген қызығушылығы артқан. Оқушылар көрсеткеніндей, білімді меңгеру оңайлайтыны, алынатын ақпараттар берік меңгерілетінін айтқан. Оқушылар тестермен тек сабақ үстінде емес, үйде сабаққа дайындалу кезінде, емтиханға дайындалуда пайдаланады. Интерактивті тестерді пайдалану мұғалім мен оқушының ақпараттық және коммуникативтік сауаттылық деңгейін көтеруге ықпал етіп, білім берудің маңызды міндеті – мектеп бітірушіні әлемдік ақпараттану жүйесінде табысты еңбек етуге үйретуді шешуге бағытталған.
Тесттер жасау бағдарламаларының қысқаша сипаттамасы төмендегідей:
«Hot Potatoes»- бағдарламалар тілінен білімі жоқ, арнай мамандарды тартпай ақ оқушыларды бақылау және өзіндік бақылауына арналған интерактивті тапсырмалар мен тестерді өз бетінше мұғалімдерге жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама-қабықша құралы. Бағдарлама көмегімен әр түрлі пәндерден он түрлі жаттығулар мен тесттерді мәтінді,графикалық, аудио- және видеоақпараттармен қоса жасауға болады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі жасалған тапсырмалар стандартты веб-парақ форматында сақталады. Бағдарлама арқылы кроссвордтар жасауға болады, оларды одан әрі интерактивті және баспа нұсқаларында пайдалануға болады.
ADTester. Тестілеуді жүргізуге арналған бағдарламалар пакеті. Ол арқылы кез-келген білім мекемесінде тестілеуді ұйымдастыруға болады. Тестілеу білімді тексеруге және білім беру мақсатында пайдалануға болады. бағдарлама мұғалімдерге бағдарламалар тілін білмей ақ, қондыруға және пайдалануға қолайлы.
«MyTest» компьютерлік тестілеуді жасау және жүргізу, нәтижелерді жинау мен талдау, баға қоюға арналған бағдарламалар пакеті (оқушыларды тестілеу, тесттер редакторы және нәтижелер журналы). Кез-келген білім мекемесінде кез-келген пәннен тестілеуді білімді бақылау және білім беру мақсатында ұйымдастыруға және жүргізуге болады.
Knowing. Бағдарлама арқылы тестерді жасауға және автоматты тестілеу нәтижесін бағалауға болады. Қолдануға оңай, функциялары шектелген.
MS PowerPoint тест конструкторы. Бағдарламаның мүмкіншіліктері:
• Бағдарламалау білімі қажет емес;
• Тексеру тестерін және білім беруші-бақылау ресурстарын жасауға мүмкіндік береді;
• Тапсырмалар саны біреуден кем емес, жоғарғы шегі – мыңнан кем емес;
• Конструктор көмегімен жасалған тест ақпараттық слайдтар жасауға, тапсырмалары бар слайдтар жасауға болады;
• Кез-келген тест жасау уақытында тапсырмалары бар немесе ақпараттары бар слайдтарды еркінше өзгертуге болады;
• Таңдау үшін жауап сандары – 2-ден 6-ға дейін, ал қозғалатын нысандары бар слайдтарда – 10-ға дейін болуы мүмкін;
• Бағалау шкаласы 5-баллдан 100-ге дейін бола алады;
• Дұрыс жауаптарды және қалыпқа келтіруді жасау қарапайым, бағаға қойылатын талап деңгейін таңдау, көп жауапты таңдау кезінде толық емес жауапты есептеу, тапсырмалар бағасын анықтаулар да күрделі емес;
• Әрлеу мен түсті сызбанұсқаларды қолдануға болады;
• Конструктор слайдтарының барлық элементтерін қозғауға, орнын ауыстыруға, өлшемін, түсін, мәтінін т.б. өзгертуге болады;
• Тесттен өту уақыты есептеледі, оны таймер қосып шектеуге болады. Ақпараттық слайдтардағы уақытты тоқтатып қоюға болады;
• Тестілеу уақыты біткенше алдынғы слайдтардағы жауаптарды жөндеуге болады;
• Жасырын мәтінді файлда тестілеу нәтижесін көруге болады, ол жұмыс орнында тестілеу нәтижесін бақылауға және локалды жүйе арқылы автоматты түрде «Тестілеу менеджерімен» өңделген, қорытылған нәтижені алуға мүмкіндік береді.









Химия пәнін оқыту кезінде интерактивті бақылау жүйесін білім беру және білім тексеру кезінде пайдалану химияны оқытудың тиімділігіне оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Әдебиеттер:
1. Иоффе А.Н. Активная методика – залог успеха / Гражданское образование. Материал международного проекта. СПб.: Изд-во РГПУ им. А. И. Герцена, 2000. 382 с.
2. Аванесов В.С. Основы педагогической теории измерений/Педагогические измерения. Т 1. 2004, с. 21
3.Создание интерактивных тестов. Сеть творческих учителей. http://www.it-n.ru/communities.aspx?cat_no=131642&lib_no=181679&tmpl=lib
4. Томилова Н.В. Программа MyTest. http://www.it-n.ru/communities.aspx?cat_no=131642&lib_no=183087&tmpl=lib
5. http://hotpot-anna.narod.ru/lessons.htm. Шмыр А.С. Использование программ Hot Potatoes v 6.0 для создания интерактивных заданий, тестов и кроссвордов.
6. http://orucezkaya.ucoz.ru/load/adtester/7-1-0-46. Русецкая О.П.Уроки освоения программы ADTester.
7. Русецкая О.П. Тест в программе ADTester по теме: «Кристаллические решетки». http://orucezkaya.ucoz.ru/load/test_po_teme_quot_kristallicheskie_reshetki_quot/7-1-0-49
8. Русецкая О.П. Советы по созданию тестов с помощью программы Knowing.
Категория: Любознательному учителю | Добавил: Минбаевна
Просмотров: 632 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2016-12-10, 8:00 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [8387]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [271]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Любознательному учителю [200]
Полезные программки [47]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [45]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [131]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [95]
Наши презентации [438]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [19]
Художественная литература [35]
Наш видеозал [28]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru