Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Любознательному учителю

Разработка урока казахского языка
[ · Скачать удаленно () ] 2011-02-09, 10:32 AM
Семей қаласы
№7 орта мектеп-лицейі
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Мусина Әсем Саясатқызы


Сабақтың тақырыбы: «Күз» 5-сынып.
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік׃Күздің негізгі белгілерін, күзгі табиғат, еңбек түрін білдіру, алған білімдерін тиянақтау.Оқушыларға Абайдың «Күз» өлеңінің мәтінімен таныстыру,меңгерту, өлеңді талдау машығын жетілдіру.
2.Дамытушылық׃ Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Өлең мәтінімен таныса отырып,сөздерді орыс, ағылшын тілдеріне аудара білуге,салыстыра білуге, сөздердің мағынасын аша білуге баулу. Әңгіме құрап айтуды дамыту.Күзгі табиғат ерекшелігін бақылату.
3.Тәрбиелік׃Оқушыларға олардың поэзия өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру.Абай ұлылығын сездіру, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сөздікті байыту. Тірек сөзбен сөйлем құрату.
Сабақ түрі׃ Кіріктірілген жарыс сабақ.
Көрнекі құрал:Абайдың портреті. Абай сөздері, қосымша дидақтиқалық материалдар.Күзді бейнелейтін суреттер.Интерактивті тақта, сұрақтары бар қиықшалар.
Сабақтың әдісі: Баяндау. Венн диаграммасы. Топтық жарыс. Әңгімелесу, суреттеу, әңгімелету, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс׃ Қазақ тілі,ағылшын тілі, орыс тілі.

І.Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу.Қызығушылықты ояту.

Сабақ күз туралы жұмбақ шешуден басталады.
-Балалар, мен бір жұмбақ айтайын, сендер шешуін табыңдар және шешуін қазақ,орыс, ағылшын тілінде айтып кетсеңдер!
Қызыл, сары кемелер
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды.
(Жапырақ, листья, leaves)
-Балалар,бүгінгі біздің сабақ тақырыбымыз:–Күз. Сөз құрамы.Сондықтан біз күз жайында және қазақ тілінің сөздік құрамымен танысамыз. Сабақта кейбір тапсырмаларды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде орындап отырайық.
Қазақ тілінің сөз құрамы түбір мен қосымшадан (жұрнақ, жалғау)тұрады.
Мысалы: Оқу-шы-лар, бақ-ша-лар.
Түбір екіге бөлінеді:негізгі (непроизводный), туынды (производный)
Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі негізгі түбір деп аталады.Мысалы: көмек.
Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, ол туынды түбір деп аталады.Мысалы: көмекші.
Енді, мына сөздерді сөз құрамына талдап көрейік: көкөністер, бұлттар, күнді.

ІІ.Балалар жауап берген соң мұғалім мынадай сұрақтарды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қояды:

1.Бүгін аптаның қай күні? Сегодня какой день недели?
What day is it today?
2.Қазір қазақ тілі нешінші сабақ?Сейчас какой урок? Which lesson is it now?
3.Күз айларын атаңдар?Назовите осенние месяцы? Say all months of autumn?
4.Қазір қай ай?Сейчас какой месяц? What months is it now?
5.Күздің қандай ерекшеліктері бар? Что вы мы можете сказать об осенней погоде? What can you say about weather in autumn?
6.Қазір ауа райы қандай? Что вы мы можете сказать, о сегодняшней погоде?
What is the weather like today?

ІІІ.Әңгімелесуден соң, интерактивті тақтадан күз суретін көрсетіп, балалардың назарын соған аударады?

Суретке ат қойғызу. - «Алтын күз»
Неліктен олай дейді?(Шөптер, жапырақтар алтындай сап-сары болғандықтан)
Неліктен сары? (Күз түсті.Күз салқын.Аспанда бұлт көбейді)2-3 бала сурет мазмұныны осылай суреттейді.

ІҮ.Сұрақтар:
Күздің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі неде? (Күн қысқа, түн ұзақ, суық жел соғады.Жаңбыр жауады. Балалар мектепке барады.Құстар жылы жаққа ұшады.)
Егер күн ашық болса:Аспан ашық,мөлдір, көгілдір, тап-таза.
Егер күн бұлтты болса ше?Сұр бұлт, дымқыл тұман көңілсіз, суық жаңбыр.

Мұғалім сөзі:
- Жақсы балалар, біз сендермен күз мезгілі жайында сөз қозғап, осы жыл мезгілінің ерекшеліктеріне тоқталып кеттік. Енді біз табиғат жайында және осы табиғат лирикасын жырлаған қазақ халқының атақты ақыны Абай атамыздың «Күз» өлеңімен таныссақ.
Табиғат – адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы.Онсыз өмір жоқ.Міне, осы табиғат көріністерін, қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс-халді суреттеуге Абай бірнеше өлеңдерін арнаған және Абайдың табиғат көріністерін терең әрі жан-жақты жырлаған ақын болған.
Біз бүгін «Күз» тақырыбына байланысты сабағымызды жарыс өткізу арқылы жалғастырсақ. Жарыс сабақтың мақсаты - сендердің білімдеріңді жан-жақты байқау.
Шарты:Оқушыларды 2 топқа бөліп, топ басшысын сайлаймыз.
1топ –«Жаз» 2 топ- «Күз»

1)Абайдың «Күз» өлеңінен мұғалім үзінді оқиды.


Сұр бұлыт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?

Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.


Әр топ Осы өлең бойынша өздеріне арналған сұрақтарға жауап береді.

1) «Жаз», «Күз» тобына.
а) Өлеңде күздің қандай белгілері суреттелген?
ә) Ауыл тұрмысы қалай көрсетілген?

Ой қозғау:
2)«Дөңгелек стол» стратегиясы бойынша берілген ақ парақтарға жыл мезгілдері туралы сипаттап жазады.
1 топ – жазғы табиғат туралы. 2 топ – күзгі табиғат туралы жазады. Әр топтан 1 оқушы оқиды.

3) «Абай әлемі» тақырыбына кластер әдісі бойынша қойылған сұрақтарға дұрыс жауабын тауып іледі.

1.Абай қай жылы туған? ( 1845 жылы 10 тамыз.)
2. Туған жерін ата. ( Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері.)
3. Абайдың шын аты кім еді? ( Ибрагим.)
4. Абайдың әжесінің аты кім? ( Зере.)
5. Шешесінің аты кім болған. ( Ұлжан.)
6. Абай неше жасқа дейін оқыған ( 13 жас.)
7. Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? ( Ахмет- Риза.)


4) Мына сөздермен кім тез сөйлем құрайды? (Көп нүктенің орнына қойылған сөздерді 3 тілде атап кету)
Оқиды... (балалар).Піседі ...(жеміс, көкөніс). Бұлттанады...(аспан,күн). Салқын...(су, күн).

5)Мұғалім қосымша М.Жылқыайдаровтың «Күз» өлеңін оқиды. Екі топ оқушылары жеке берілген екі шумақтан асты сызылған сөздерді орыс, ағылшын тілдеріне аударады.


Алма, өрікті қамбаларға
Толтырды әкеп алтын күз.
Шәкірт болып парталарға
Отырды кеп алтын күз.

Бұлт болып та Алатауға
Байланыпты алтын күз.
Дастарқанда таба нанға
Айналыпты алтын күз.

Жауап
Алма –яблоко -apple
Өрік - слива -pineapple
Алтын -золото -gold
Шәкірт -ученик -pupil
Күз -осень -autumn
Бұлт -облако- -cloud
Дастархан - стол -table
Нан -хлеб -bread

6)Осы өлеңдегі өрікті, қамбаларға, парталарға,дастарқанда, нанға, Алатауға сөздерінің түбірі мен қосымша(жалғау,жұрнақ) түрлерін анықтату.
«Жаз» тобына-өрікті, қамбаларға, парталарға
«Күз» тобына- дастарқанда, нанға, Алатауға

7) «Жаз», «Күз» сөздеріне Венн диаграммасын құрау.

Қорытындылау.
Біз бүгін не білдік, не үйрендік? (Күз жайында білімімізді толықтырдық, салыстырдық, жарыстық, аударма жұмыстарын жүргіздік)
Бағалау парағы: әр стратегия бойынша дұрыс жауап берген топқа бір ұпай беріп отырылады. Сабақ аяғында есептеп бағаланады.
Жеңімпаздар марапатталады.
Үйге тапсырма: Абайдың "Күз " өлеңін жаттау,күз туралы әңгімелеу.

Флипчарт (архив)

Категория: Любознательному учителю | Добавил: GK
Просмотров: 3929 | Загрузок: 439 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-05-02, 8:27 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru