Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Любознательному учителю

Тәуелсіздік күні Сабақтың тақырыбы
[ · Скачать удаленно () ] 2011-02-25, 10:21 AM
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік күні
Балтабаева Венера Қабылғажықызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Семей қаласы
№7 орта мектеп-лицейі

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік күні
Жалпы және жалқы зат есімдер
Сабақтың мақсаты: Білімділік:
Тәуелсіздік туралы түсінік беру. Тақырып бойынша өтетін
сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білуге
үйрету. Жалпы және жалқы зат есімдерді меңгерту.
Тәрбиелік:
Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, тәуелсіз еліне деген
мақтаныш сезімдерін оятып, сүйіспеншілікке баулу.
Дамытушылық:
Оқушылардың сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеу,
логикалық ойлау қабілеттерін, мәтінмен жұмыс істеу
дағдыларын дамыту, өз ойын анық, толық жеткізе білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құралдар: 1.интерактивті тақта,
компьютер,
2. тестілеуші құрал
3. Астана қаласы
туралы оқушылардың
слайдтары
Сабақтың түрі: Интерактивті
Сабақтың әдісі: презентация, түсіндіру, талдау, топтық, жеке жұмыстар,
суретпен жұмыс, сұрақ-жауап, тест.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі, тарих
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сұрақ – жауап.
-Сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір қай ай?
-Бүгін желтоқсанның нешесі?

«Қазақстан – біздің ата-бабаларымыздың мыңжылдықтар
шебінде пайда болып, күшті, тәуелсіз мемлекетке айналған мекені.
Біздің Отанымыз – біздің мақтанышымыз» дегендей Отанымызды мақтаныш ете отырып сабағымызды Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан бастасақ.
Әнұранды орындау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Елордамыз - Астана» туралы әгімелеу. /оқушылардың презентациясы/
Сынып 4 топқа бөлініп Астана туралы дайындап келген материалдары бойынша жауап береді
1 топ – «Астана қаласының тарихы»
2 топ – «Астана қаласының елтаңбасы»
3 топ – «Қазіргі Астана»
4 топ – «Астана қаласындағы ескерткіштер»
2. «Астана» өлеңін жатқа айту
3.Зат есімнің ережесін айту, мысалдар келтіру.
Оқушылардың орындаған тапсырмаларын бағалау «Бағалау парағында» белгіленіп, сабақтың соңында қорытындысы шығарылады.
ІІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе.
Сұрақ жауап.
-Біз қай республикада тұрамыз?
-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
-Қазақстан Республикасының елбасы кім?
-Қазақстан Республикасының рәміздері қандай?
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Ал, тәуелсіздік дегеніміз не?
- Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күнін қашан мерекелейді?

ІV.Негізгі кезең. Жаңа сабақ.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік күні», ал грамматикалық тақырып «Жалпы және жалқы зат есімдер»
1. Жалпы және жалқы зат есімдер.
Жалпы және жалқы зат есімдер туралы тақтадағы сызба бойынша мағлұмат беру. Мысалдар келтіру арқылы түсіндіру.
Жалпы және жалқы зат есімдер (9 слайд)

2.Суретпен жұмыс.
Тақтада суреттер шашырап орналасқан, сол суреттерді екі бағанға жылжытып топтастыру.
Жалқы зат есім Жалпы зат есім

3.Сөздік жұмысы.
а/ мұғалім мәнерлеп оқиды
ә/оқушылармен бірлесіп аудару
б/синонимдік қатарын табу
Сөздік Синонимдік қатар
тәуелсіз – независимый егеменді
жариялады – объявил айтты, хабарлады
бүкілхалықтық мейрам – всенародный праздник барлық елдің мерекесі
іс-шара - мероприятие атқарылатын жұмыс
әдеби кеш - литературный вечер шара
зияткерлік - интелектуальный ой-өріс, парасаттылық
белсене қатысады - активно участвует құлшына қатысады
4.Мәтінмен жұмыс.
а/Мәтінді тақтадан оқып отырып, тыңдау.

Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні, бүкілхалықтық мейрам. Бұл мерекені бүкіл халық тойлайды. Көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады.Біздің мектепте де бұл мейрам атап өтіледі. «Қазақстан – тәуелсіз ел» атты әдеби кеш, зияткерлік сайыстар, мерекелік концерт бағдарламалары, спорт жарыстары өткізіледі. Барлық оқушылар бұл шараларға белсене қатысады.
ә/өз беттерімен оқуға уақыт беру, тізбекпен оқытып, аударту.
б/мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Қазақстан тәуелсіздігін қашан жариялады?
-16 желтоқсан қандай мереке?
-Бұл мерекені қалай өткізесіңдер?
-Біздің еліміз тәуелсіздік алғанына неше жыл болды?

V.Грамматикалық бөлім.
1.Ойын «Кім жылдам?»
Берілген сөздерден жалпы және жалқы есімдерді екі бағанға бөліп жазу
Қазақстан, мемлекет, жарыстар, Семей, іс-шара, өзен, Асанәлі, мектеп, Есіл,
оқушылар, Астана, Еркежан, халық.

Үлгі: жалқы есім жалпы есім
Қазақстан мемлекет

3.Үлгі бойынша сөз тіркестерін құрастыру.
сын есім + зат есім --- үлкен қала
есімдік + зат есім ---
сан есім + зат есім ---
зат есім + етістік ---
4. Септіктерді қайталау. Сөздерді септеу.
Тақтада екі сөз берілген . Біреуін септеу керек, екінші сөз септелген, бірақ орындары ауыстырылып берілген, сөздерді септіктерге дұрыс қою керек.
А.с. тәуелсіздік мемлекетке
І.с. тәуелсіздіктің мемлекетпен
Б.с. тәуелсіздікке мемлекеттің
Т.с. тәуелсіздікті мемлекеттен
Ж.с. тәуелсіздікте мемлекет
Ш.с. тәуелсіздіктен мемлекетті
К.с. тәуелсіздікпен мемлекетте

4.Өлеңмен жұмыс.
Тәуелсіздік туралы Иран Ғайыптың өлеңін мәнерлеп оқу
а/мұғалім мәнерлеп оқиды
ә/оқушылар мәнерлеп оқиды
б/сұрақ – жауап

VІ. Бекіту кезеңі.
Мәтіннен жабық тұрған сөздерді табу.
Мәтінде кейбір сөздер жабылған, сол сөздерді тауып, боялған сызықты өшіру.

VІІ. Қорытындылау.
Тест. Оқушыларды тестілеу арнайы құрал арқылы жүргізіледі. Тақтада тест сұрақтары шыққанда оқушылар құралдарын алып дұрыс нұсқаны тауып тетігін басады. Тесттің қорытындысын бірден шығарып оқушыларды бағалауға болады.
1.Жалпы зат есімдерді табыңдар.
А/ Астана, Ертіс
В/ қала, өзен
С/бару, келу

2.Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті қашан алды?
А/ 1991 жыл 21 желтоқсан
В/ 1991 жыл 16 желтоқсан
С/1992 жыл 4 маусым

3.День независимости сөзінің аудармасын табыңдар.
А/ бүкілхалықтық мереке
В/ Республика күні
С/ тәуелсіздік күні

4.Кім? сұрағына жауап беретін сөздер табыңдар.
А/ адам, ұстаз
В/ мысық, торғай
С/ қалам, дүкен

5. Астана қаласының ортасынан қандай өзен ағып өтеді?
А/ Ертіс
В/ Есіл
С/ Нұра
VІІІ. . Үйге тапсырма беру.
Жаңа сөздер мен өлеңді жаттау
ІХ Бағалау.

Категория: Любознательному учителю | Добавил: SGK
Просмотров: 14126 | Загрузок: 585 | Рейтинг: 1.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 2:17 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru