Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Любознательному учителю

"ҚЫСҚЫ ОЙЫНДАР" сабақтың тақырыбы
[ · Скачать удаленно () ] 2011-03-09, 9:10 AM
"ҚЫСҚЫ ОЙЫНДАР" сабақтың тақырыбы
Семей қаласы
№ 7 орта мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жакимбаева Үміт Абылғазықызы

Қазақ тілі 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: “ҚЫСҚЫ ОЙЫНДАР”
Сабақтың мақсаты: Пән бойынша білімдерін тереңдету,
сөз дыбыстарын дұрыс айтуын байқау.
Білімділік: Оқушылардың “Қыс” тақырыбына байланысты алған білімдері жинақталып, сөздік қоры молаяды, зат есімнің жалғауларын ажырата біледі.
Дамытушылық: тілін жаттықтырып, әдемі сөйлеуге дағдыланады; әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды.
Тәрбиелік: елін, жерін, табиғатты сүюге, шығармашылық қабілеті дамыған, білімді азамат болуға тәрбиеленеді.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд – суреттер, деңгейлік тапсырмалар, ойын “Шаңғымен сырғанау”, өлең, жұмбақтар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі, дене шынықтыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырмалар орындау, суретпен жұмыс, сергіту -”Шаңғымен сырғанау” ойыны, мәнерлеп олең оқу, жұмбақтар шешу.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
Сұрақ-жауап. Кезекшінің мәліметі.
- Сыныпта кім кезекші?
- Топта кім жоқ (Кезекші сұрақ-жауап жұмысын жүргізеді)
- Қазір қай сабақ? (қазақ тілі)
- Қазақ тілі нешінші сабақ? (үшінші)
- Қазір қай ай? (ақпан)
- Ақпан қыстың нешінші айы? (үшінші)
- Бүгін ақпанның нешесі? (бірі)
- Аптаның қай күні? (сейсенбі)

II. Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын үй жұмысын тексереміз.
Дұрыс жауаптарға “қар бүршіктері” беріледі. Сабақ соңына дейін кім
көп “қар бүршіктерін” жинаса, сол өте жақсы деген баға алады.

III. Үй жұмысын тексеру. 2-тапсырма 85 бет.
Суреттер бойынша шағын шығарма жазыңдар. Оқушылар жазған шағын шығармаларын оқиды. Өте жақсы жазған оқушылар “қар бүршіктерін” алады.

IҮ. Жаңа сабақ.
1. Ой қозғау.
- Зат есімнің неше жалғауы бар? (төрт)
- Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)
- Қазір “АЗИЯДА” ойыны өтіп жатыр. Сендер теледидардан
кандай ойындарды тамашаладыңдар? (хоккей ойыны, шаңғымен,
конькимен сырғанау)
- Қыс мезгілінде сендер қандай ойындар ойнайсыңдар?

2. Сөздік жұмысы
а) жаңа сөздерді мәнерлеп оқиды, аудармасымен танысады.
ә) жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрап айтады.
түрлері - виды
сырғанау - кататься
пайдалы - полезно
шынығу - закаляться
аязды - морозно

Ү. Суретпен жұмыс.
1 сурет
Кім? Не? Сұрағына жауап беретін зат есімдерді ата.
2 сурет
Сөйлемдер құрап айт.
3 сурет
Сұрақтар құрастырып қағазға жазып, қорапқа салады.
(оқушылар сұрақтарға кезекпен келіп жауап береді)

ҮI. Сергіту. “Шаңғымен сырғанау“ ойыны.
Екі оқушы (жұппен) тақтаға шығып, тақырып бойынша сөз тіркестерін айтып жарысады.

ҮП. Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді мұғалім оқиды,
2. Оқушылар мәнерлеп оқып, аударыңдар.

Қысқы ойындар

Қысқы ойындардың түрлері көп. Олар: хоккей, шаңғы тебу,
шана және конькимен сырғанау.
Далада қар жауып тұр. Бүгін ауа райы жаман емес,
күн сәл аязды. Соған қарамастан балалар далада ойнап жүр.
Олар шаңғы, коньки теуіп, бір-біріне қар лақтырып ойнап жүр.
Қыстың аязында далада біраз ойнап, серуендеу адамның
денсаулығына пайдалы.

3. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

III деңгей
1. Мәтіннен сөз тіркестерін жазыңдар.
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.
Қыс айлары: ..., ..., ... . Жерді қалың ... жапты. Қыста
жиі ... жауады, ... соғады. Ағаш бұтақтары ... жамылған.
Шанасын сүйретіп ... далаға шықты.

II деңгей
1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.
2. Сөйлемдерді аударыңдар:
Зима. Декабрь, январь, февраль – зимние месяцы. Зимой
дни становяться короткими, ночи длинными. Дни стоят
холодные, морозные. Реки и озёра замерзают. Дети катаются
на лыжах и санках, скользят на коньках.

I деңгей
1. Мәтіннің мазмұнын айтыңдар.
2. Сызба бойынша сөз тіркестерін құраңдар.

сын есім + зат есім, сан есім + зат есім, зат есім+ етістік

ҮШ. Тапсырма орындайды.
Көп нүктенің орнына зат есімнің жалғауларын қойып жазыңдар.

Мен кезекші... аяз... түн
Болат... шанасы сенің дәптер...
қыс... ортасы, шана... үстінде
менің дос... тау... Қарай

1Х. Қорытындылау
1. Жұмбақтардың жауабын табыңдар.

Шымшып алады қолсыз,
Сырғанақ жоқ онсыз.

Аппақ, аппақ ақ мамық,
Жерде жатыр тапталып.

Таудан түссем, тоқтауды білмейді,
Тауға қарай тартсам да жүрмейді.

Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.

2. Оқушылар қыс туралы мәнерлеп өлеңдер оқиды.
Х. Оқушылардың білімдерін бағалау
“Кім қар бүршіктерін көп жинады”

Х1. Үйге тапсырма
“Қысқы ойындар” тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.

Категория: Любознательному учителю | Добавил: SGK
Просмотров: 29065 | Загрузок: 630 | Рейтинг: 3.3/26
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-05-06, 4:37 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru