Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

ЖАҢА ИДЕЯ – АЙҚЫН МАҚСАТ
Қабдолова Бақтыгүл Есенгелдиевна Атырау қаласы №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің Математика пәні мұғалімі Өмір ағымының талабына сай білім беруде, мектеп өміріне үлкен жаңарулар енуде. Елбасының стратегиялық жоспарында оқу іс-әрекетінің айшықты орны бар жеке тұлғаның өзіндік білім алуы, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі екендігі тайға таңба басқандай айқындалған міндетін орындау ұстаздарға жүктеледі. Осы міндетті орындау барысында біздер «өмір бойы білім алу» қағидасын ұстана отырып, заман талаптарына сай жеке тұлғаға білім мен тәрбие беруде шығармашылық еңбектің жаңа жағдайларына бейімделіп, білім беру мен білім алудағы инновациялық технологияларды меңгеріп, бәсекеге қабілетті болуды мақсат еттік. Ұрпаққа білім мен тәрбие беріп отырған мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі деп есептеймін. Педагогикалық – инновациялықәдіс-тәсілдерді қолдану мектепті сапалы түрде түрлендіруге, жаңашыл жобаларға ірге болуға, әрбір мұғалімге өзіндік әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізеді. Қазіргі таңда пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланған жаңа технологияларды, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану қажет. Бұл бағыттағы менің және менің педагогикалық кәсібімдегі өзгеріс Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының үшінші базалық бағдарламасын меңгеру курсының әңгіме-сұхбат бөлімінен басталды. Мен бұл курстың анкеталық бөлімін толтыра отырып, 14 жыл педагогикалық өтілім болса да, менің білуге тиісті мәліметтерім көп екенін ұғындым. Ал бетпе-бет бөлімін оқи отырып мен тек біліп емес, сонымен қатар мен өзімнің көзқарасымды, санамды жаңа бағытта өзгертуім керек екенін түсіндім. Күнбе –күн ресурстармен жұмыс жасай отырып, мен өз ұстанымымды айқындап, өз көзқарасымды өзгерте бастадым. Өзімді оқушы рөліне қойып отырып, мен оқушыларымды түсіне бастадым. Дәстүрлі оқытуда басты рөл мұғалім болсын, жаңаша үлгіде басты қызметті оқушы атқарады. Әрбір оқушы өз ойын, өз көзқарасын, қабілетін ортаға салады. Күнбе-күнгі топ болып бөлініп, тақырыпты талқылап жұмыс жасап, өз ойымызды, пікірімізді, идеямызды ашық білдіре отырып, бұл бағдарламаның тиімділігін түсіне бастадық. Біз күнделікті сабағымызда мән бере бермейтін түрлі ғылыми зерттеулердің қорытындысымен таныса отырып, өз әдістемемізге өзгерістер енгіздік. Біз оқушының тек біліміне емес, тұлғалық қасиеттеріне, психологиясына мән беру керек екенімізді ұқтық. Бағдарламаның модульдерімен таныса отырып, біз оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді, сын тұрғысынан ойлауды, оқу үшін және оқуды бағалауды, АКТ-ны тиімді пайдалануды, дарынды және талантты балаларды оқытуды, оқушылардың жас ерекшелігіне мән беруді, оқытуды басқаруды және көшбасшылық тәсілді меңгердік. Әрине бұл әдіс –тәсілдерді бұрында да қолданып жүрдік, тек жетік емес болды, жүйелі қолданумыз керек екенін ұқтық. Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті модульді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру. Жаңа әдіспен ұйымдастырылған сабақтар арқылы мен оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, математикалық жан-жақты сауаттылығына, әр тұлғаның шығармашылық ашылуына, алған білімдерін өмір кезеңінде пайдалана алуларына, ақпараттық құрылғылармен жұмыс жасау мәдениетін дамыту мақсатында, жаңа білім талаптарына сай, инновациялық бағытта, «өмір бойы білім алу» қағидасын басшылыққа ала отырып ұстаздық қызметті жалғастыра беремін. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибеммен байланыстыра отырып, мүмкіндіктерді ашуға, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің теориялық негізін енгізген үшінші деңгейлі үш айлық біліктілікті арттыру курсының маңызы зор деп есептеймін.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: ДИМ (2014-09-25) | Автор: Қабдолова Бақтыгүл Есенгелдиевна E
Просмотров: 1370 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 6:12 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru