Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Білім және құқық
Сабақ тақырыбы: Білім және құқық
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: оқушыларды өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуге дайын болуы, айналасындағы адамдардың іс-әрекетінің заңға сәйкестігін қадағалау қабілетін қалыптастыру.
Ә) дамытушылық: оқушыларды құқықты, заңды білуге, сыйлауға, құрметтеуге орындауға дағдыландыру.
Б) тәрбиелік: оқушыларды құқықтық саналылықққа, қоғамға қарсы келген оғаш көріністерді заң арқылы шешуге, ата-заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, білімді, парасатты тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: талдау, пікірталас, сұрақ-жауап,
Сабақ көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Білім Заңы
Сабақ түрі: топпен жұмыс сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, құқық негіздері

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Олар екі топқа бөлінеді. Сайыс бес кезеңнен тұрады.
ІІ. Сайыстың барысы:
1.Топпен таныстыру
2.Тікелей сұрақ
3. Ой талқы
4. Ой жалғау
5. Ой елегінен өткіз
6. Қорытынды

Кіріспе
Мұғалім:Қымбатты ұстаздар,оқушылар.Сіздер бүгін «Білім және құқық» атты сабаққа жиналыпсыздар.
Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне сонымен қатар әр түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады,не істей алады? деген сұрақтар туындай бастады.Міне осы кезде әр елдің заңы,ережелері шыға бастады.
Б.з.д Рим құқығы ІХ-VII ғасырда
Б.з.д V ғасырда «12 кесте заңы» Ежелгі Қытай елінде
Шыңғыс ханның «Ұлы жасасы»,Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы»,Тәуке ханның «Жеті жарғысы».
1885 жылы билер жиналысында ұлы Абайдың «Шар ережесі» қабылданды. Абай бұл заңның мазмұны елін әділдікке жеткізуі, бейбітшілік,тыныштықты сақтайтын нормалар жиынтығы деген. Сонымен қатар қазақ елінің заңын жасауға,әдет-ғұрпының сақталуына,қалыптасуына зор үлесін қосқан үш кемеңгер билеріміз.
Міне,балалар,адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап,оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы»,сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы»,міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген.Конвенция деген-арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9-тарау,53-бап-тан тұрады.Осы ережелерді бұлжытпай орындау-біздің Отанымыз,еліміз,халқымыз алдындағы парызымыз.Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын,тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.
Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер.Назарбаев «Конституция-бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы,әнұраны,елтанбасы секілді қадірлеу,құрметтеу-біздің парызымыз»деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып,жат қылықтар,өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау,өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз.Әрбір адам өзінің де,өзге елдің де заңына бағынуға міндетті.Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар.
Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп баян етілген . Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының мәдениеті. Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну – адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.
Оқушы құқылы:
· мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуға;
· қосымша білім алуға;
· ғылыми жұмыстармен айналысуға, кеңесулермен, конференцияларға, олимпиадаларға, көрме және жарыстарға қатысуға;
· мектепті басқаруға қатысуға.
Оқушылар міндетті:
· Қазақстан Республикасының заңын сыйлауға, ұстануға, ұлттық салт –дәстурлерді құрметтеуге;
· Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мүлтіксіз орындауға;
· Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға ұмтылу;
· Мұғалімдерге және тәлімгерлеріне құрмет көрсету;
· Сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып,кішілерге көмек көрсету;
· Мұғалімдерден алған тапсырманы белгілеген мерізімінде тапсыру;
· Себепсіз сабақтан қалмау;
· Өзімен қажетті оқулықтар мен оқуға арналған құрал саймандарды алып жүру;
· Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысу және қоғамдақ тапсырмаларды орындау;
· Мектеп атағын аудандық, қалалық, және республикалық іс-шараларда қорғау;
· Қоғамдық жерлерде өзін үстау мәдениетін көтеруге, білім толықтыруға арналған жұмыстарды үздіксіз жүргізу;
· Мектеп формасын сақтау;
· Мектеп және қоғамдық мүлікті дұрыс қолдану.

1.Топпен таныстыру.
Оқушылар сайысты өздерін таныстырудан бастайды. Бұл кезеңде оқушылар топтың аты мен топ мүшелерімен таныстырады.
II. бөлім. «Тікелей сұрақ»
(10-сұрақтан қойылады, әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі)
«Әділет» тобының сурақтары:
1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым өкілім)
2. Қ.Р-ның биліктің бірден бір бастауы (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін Қ.Р-да Конституция қанша рет қабылданды?
(2-рет 1993 жылы 28-қаңтар , 1995 жылы 30-тамыз)
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата? (Парламент)
6. Қасымханның қасқа жолы қанша тараудан тұрады? (5-тараудан)
7. Қ.Р өзін қандай мемлекет ретіне орнықтырды. (Демографиялык, зайырлы , құқықтық, әлеуметтік)
8. Құқық дегеніміз не? ( Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.)
9. Қ.Р. Конституциясы неше бөліктен және қанша баптан тұрады? (9-бөлім 98-бап)
10. 17-желтоқсан қандай күн? (Демографиялық жаңару күні)

«Ақиқат тобының » сұрақтары:
1. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тіл)
2. Қ.Р. «Баланың құқықтары туралы заң» қай жылы күшіне енді? (2002жылы 8-тамыз)
3. Қ.Р-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізді? (1993 жылы 15-қараша)
4. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай жылы пайда болды?
(1787 жылы АҚШ-та)
5. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды?
(1948 жылы 10-желтоқсан)
6. Қ.Р-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заңы қай жылы қабылданды?
(1992 жылы 4-маусым)
7. Қ.Р-дағы «Бала құқықтары» туралы заң қанша тараудан тұрады ?
(10-тарау 53-бап)
8. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
9. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды?
(1989 жылы 20- қараша БҰҰ-ның бас ассамблеясы қабылданды)
10. Қ.Р-ның жаңа әнұраны қашан кабылданды? (2006 жылы 6-қаңтар)

III. бөлім «Ой талқы»
1-топ. «Әділет» тобына
Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?
2-топ. «Ақиқат» тобына
Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

VI. бөлім. «Ой жалғау»
«Әділет тобы»
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан ғөрі ... (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп .... (анық бас)
4. Асыл тастан ... (өнер жастан)
5. Тура биде... (туған
жоқ)
«Ақиқат» тобы
1. Ұрлық түбі ... (қорлық)
2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
3. Әдепті бала ... (арлы бала)
4. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
5. Әділ істің...(арты игі)

V. «Ой елегінен өткіз»
1) Оқушы неге құқылы?
Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға.
2) Оқушы неге міндетті?
Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға, оқулықтарын таза ұстауға, мектеп тәртібін сақтауға, үй тұрғызуға.

Қорытынды сонымен біз өз құқығымыз жөнінде бүгінгі сабақта бірақ нәрсе ойымызға түйдік. Б.Момышұлы «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды да,өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қыз болып өсейік.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: abilovasa (2015-10-11) | Автор: Абилова Светлана Амржановна E
Просмотров: 897 | Комментарии: 2 | Теги: натурал, математика | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 0:05 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru