Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

«Жаса елім- Қазақстан»
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «Оқушылар сарайы»ММ
Музыка сүйемелдеуші
Утебасов Ануарбек Есенжолұлы

Тақырыбы: «Жаса елім- Қазақстан»
Мақсаты:Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Ұлтымыздың мақтанышы-еліміздің мерейтойын атап өту арқылы халқымыздың жүрегіндегі еліне,жеріне деген сүйіспеншілік сезімді түсіндіру.
Көрнекілігі:Плакаттар,байқаудың эмблемасын,шарлар,қанатты сөздер,тулар
1-жүргізуші:Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген,
Жөрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-жүргізуші:Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді,айта бергім!
1-жүргізуші:Иә,еліміз туралы қанша жырласақта,мақтасақта артық емес.Бүгін біздің сарайымызда жүрегі «Отан» деп соққан жас өркендердің «Жаса елім,Қазақстан!» атты сарайішілік патриоттық әндер байқауы өткелі отыр.Қош келіпсіздер!
2-жүргізуші:Байқау екі бөлімнен тұрады.Алғашқы бөлімде жас әншілер Отанға деген ыстық ықыласын патриоттық әндер арқылы жеткізсе,2 бөлімде еркін тақырыптағы әндерді шарықтайды.
1-жүргізуші:Олай болса,байқауға қатысушылардың өнерін тамашалап қана қоймай,әділ бағасын беретін әділқазылармен таныстырып өтейік.
2-жүргізуші:Құрметті көрермендер,байқаудың алғашқы бөлімін тамашалауға шақырамыз.Әншілердің өнеріне тәнті болып,көңілдеріңізбен Отаншылдық рухтарыңыз көтерілсін!
1-жүргізуші:Туған жер!
Сағындым ғой,қайран далам,
Балаң ба сен туралы ойланбаған
Көзіме оттай ыстық басылады,
Қыраттың ат ойнатып,сайрандаған.
Өнерге жаны құмар әнші жігітіміз вокал үйірмесінің оқушысы Үдешов Алматтың орындауында ән «Туған жерге, сағыныш» Қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:Вокал үйірмесінің оқушысы Абдолова Нұрайымның орындауында «Туған жер» әні
1-жүргізуші:Отан деген не деп ойлайсың?
2-жүргізуші:Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз,туған жер атамекен,
Биік тау, орман-тоғай,елімізді.
1-жүргізуші:Біздің бабаларымыз Қазақстанда туып,өмір сүрді.Сондықтан біз оны Отанымыз дейміз.
2-жүргізуші:Вокал үйірмесінің оқушысы Маратова Гүлзаттың орындауында «Отаным Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:Туған өлкесін жырға қоспаған ақын-жазушы кемде-кем шығар.Туған жерінің кеңдігін,табиғатынжырға қосатын «Саржайлау»әні де ақын мен сазгер сағынышынан туған керемет туынды.
2-жүргізуші:Вокал үйірмесінің оқушысы Қабылбекқызы Жаннұрдың орындауында «Сәлем саған туған ел» әні.
1-жүргізуші:Ат үстінде ән шырқасам Алтайдың,
Ақ жайықта қуанып,ел марқайған.
Мен баласы ауылдың!
Мұздан төсек,қырдан көрпе жамылар,
Көк дауылда, ақ жауында жадыра!
Мен баласы ауылдың!
2-жүргізуші:Келесі оқушымыз спорт десе ішкен асын жерге қоятын әнші жігітіміз Ахметқали Шерханның орындауында
«Байтақ елім Қазақстан»әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:Дәл бүгінбір жасамас көңіл қандай?
Дәл бүгін той жасамас елім қандай?
Арайлы танға ұласқан көк аспанда,
Ән мен жыр қалықтайды тау жағалай.
1-жүргізуші:Атамекен-құт мекен,атамекен-ата қоныс,атамекен әр халықтың бесігі.Олай болса Ән қанатында тербелейік ағайын!
2-жүргізуші:Ән «Шалқар вальсі» орындайтын вокал үйірмесінің оқушысы Шалқаржанова Нұрдана
1-жүргізуші:Қазақ елі-бесігім,алтын ордам
Сөйлер тілім,салт-санам,ой мен талғам
Ғасырлардың сатысын биіктеткен,
Бабалардың мұра боп бізге қалған.
2-жүргізуші:Вокал үйірмесінің оқушысы Арыстанова Жанелдің орындауында «Қазағым» әні.
1-жүргізуші: «Ауылым» әнін орындайтын:Қилыбаева Айнұр
2-жүргізуші:Қазақ аты береке,бірлік дер ем,
Қазақ осы бірлікті тірлік деген.
Сахараға бүгінде шықты қазақ,
Тәуелсіз бір тағалы жүйрікпенен деп,-ортаға вокал үйірмесінің оқушысы Нұраддин Аяулымды «Отырардағы той» әнімен шақырамыз.
1-жүргізуші:Вокал үйірмесінің оқушысы Тәңірбергенова Ақмерейдің орындауында «Қазақ елі осындай» әнін тыңдаңыздар!
1-жүргізуші:Осымен құрметті көрермендер,біздің 1бөліміміз аяқталды.

2-бөлім
2-жүргізуші:Құрметті көрермендер!Байқаудың екінші бөлімінің шымылдығын Алмат ашқалы тұр,ортаға Алматтыі шақырамыз.
1-жүргізуші:Халық әні «Дайдидау» орындайтын Үдешов Алмат

2-жүргізуші: Келесі оқушымыз Абдолова Нұрайымның орындауында ән «Үкілі камшат»
2-жүргізуші: Ендеше ортаға Маратова Гүлзаттың орындауында халық әні
«Көзімнің мөлдірін-ай»
1-жүргізуші: Байқауымыздың ендігі қатысушысы Қабылбекқызы Жаннұр сіздерге «Қазақстаным алға» әнін ұсынады.
1-жүргізуші: Ендеше, Шерханды «Атамекен» толғауы әнімен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:Ендігі кезекте Шалқаржанова Нұрдананы «Ана туралы жыр» әнін тыңдаңыздар
1-жүргізуші: Келесі кезекті Арыстанова Жанелдің орындауында Шәмші Қалдаяқовтың әні «Сырласу» вальсі әнімен ортаға шақырамыз
2-жүргізуші:Келесі әншіміз Қилыбаева Айнұрды «Аяулы анашым» әнімен шақырамыз
1-жүргізуші: Енді Нұраддин Аяулымды «Елге сәлем» әнімен шақырайық
2-жүргізуші: Тәңірбергенова Ақмерейді «Қысмет» әнімен шақырамыз
1-жүргізуші:Міне мыңнан тұлпар,жүзден жүйрікті анықтайтын кез келді.Жеңімпаздарды хабарлау және марапаттау рәсімін әділқазыларға берейік.
2-жүргізуші:Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты, ертеңі,
О,халайық!Құтты болсын қуаныш.
1-жүргізуші:Азат өлкем күндей күлген шығыстан
Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым
Айналайын,Қазақстан-Гүлстан !

Барлығыңызды Республика күнімен тағы да құттықтай отырып, «Жаса елім, Қазақстан» атты сарайішілік патриоттық әндер байқауын аяқтаймыз.Көріскенше күн жақсы!
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Айару9167 (2016-03-01) | Автор: Ануарбек E
Просмотров: 677 | Комментарии: 3 | Теги: Утебасов Есенжолулы | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 10:31 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru