Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Қош бол, құтты - әліппе
Қазан негізгі мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы 1 «Ә» сынып оқушыларының Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.

Сынып жетекшісі: Қайролла М.М
Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Мұрат.
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі - әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.

Айбатбек
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.

Данабек
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу сағатымызға

Шахноза
Армысыздар әлеумет
Армысыздар ағайын!
Басталды деп бүгін той,
Әлемге жар салайын!

Қазыбек
Әліппені бітірдік,
Білім терген ұл-қыздар!
Бәріміз сондай білімді,
Жанып тұрған жұлдыздар!

Нұрбек
Аз уақытта өсті біраз бойымыз да,
Ақылға ақыл-ой қостық ойымызға.
Қош келдіңіз ұстаздар, ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Мұғалім:
Балалар мен сендерге сұрақ қойғым кеп тұр. Сендер сұрақтың жауабын табыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Хормен:
Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті - Әліппе!

Мұрат:
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе-Оразбек:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, қонақтар
Қалайсыңдар жас достар, балалар енді сендер менімен қоштасқалы отырсыңдар, мен сендерді қимаймын, достар сендер әліппеден не үйрендіңдер, өнерлеріңді тамашалап қоштасайын сендермен.

Мұрат:
Оқушылар әліппе сендерге мына күнді бұлттармен жауып тастаған сендердің білімдеріңді тексеру үшін. Енді әр осы бұлттың астында тапсырмалар бар, сол тапсырмаларды дұрыс орындасақ күнніңде көзін ашамыз және әліппеніде қуантамыз.

- Мақал-мәтел айту
1. Оқу білім бұлағы
«Білім өмір шырағы»
2. Оқу-«инемен құдық қазғандай»
3. Оқығаныңды айтпа-«тоқығаныңды айт.
4. Кітап – «алтын қазына»
5. Оқусыз күнің жоқ
«Білімсіз күнің жоқ»

- Дыбыстық талдау жасау
Шапан, ішек, сәукеле, тақия, бөрік.

- Жұмбақ жасырам, шешімін тапсаңдар бір сөз шығады.
Әжеде бар, атада жоқ,
Әтеште бар, көжекте жоқ. (Ә)
Мынау доға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп. (Л)
Ірімшік жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
Оның аты біз жазған
Қайсы әріптен басталған. (І)
Ата анаңмен барып сен,
Пілді көрдің парктен
Осы атауға зер салшы
Басталған қай әріптен? (П)
Пілде бар, шарда жоқ.
Допта бар, қойда жоқ. (П)
Ешкіде бар, қойда жоқ
Кеседе бар, қасықта жоқ. (Е)

- Әліппиден кез-келген әріпті көрсетем, сол әріп, қандай дыбыс екенін айтыңдар

-Сұрақ жауап
Жапырақ қай кезде сарғаяды?
Қазақтың ұлттық аспабы не?
Альфавиттің ең бірінші әріпі?
Сиырдың төлін қалай атайды?
ҚР Президенті?
2+2 нешеге тең?
Тудың түсі?
10 санына қай санды азайтса 5 болады?
Сыныпта неше оқушы бар?
«Ә» дыбысы қандай дыбыс?
Есту мүшесі?
Дәрігер не істейді?
1-ден 0-ді азайтса не болады?
5+3 нешеге тең?
Өзіңді қайдан көресің?
2 мен 9 аралығындағы санды атаңдар?
Тамақты шайнап жеуге не көмектеседі?

Әліппе-Оразбек: жарайсыңдар достар, сендер маған ұнап келе жатсыңдар. Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.

Мұрат:
-Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. Балалар қазір сендермен бірге алма ағашын жинау деген ойынын ойнаймыз. Әр алманың артында есептер бар. Сол тапсырмаларды орындап алма ағашын алмаға тотырайық.

Сөз есеп:
-Мен далада Айшаның 3 қойын, Қасымның 7 қойын қосып алып, бақтым. Кенеттен ауа райы бұзылып 5 қойымнан айырылып қалдым. Менде неше қой аман қалды?

Мұрат:
Балалар, әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата - ана үшін де, мен үшін де үлкен қуаныш, есепті де жақсы шығардыңдар.

Данабек:
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

(Осы кезде бағалар кіріп келеді)
5: «Бес!» деп едім бүгін мен, Қалды бәрі күлімдеп
4: Төрт алып еді көп бала, Қуанып қалды ата-ана
3: Үш алғанда байқадым, Папам басын шайқады

Мұрат:
Құрметті оқушылар! Бұл сендердің алғашқы бағаларың. Бұл бағалардың ішінде 4 пен 5 дос болып, жақсы бағалар алып, жақсы, үлгілі оқушылар болуларыңа тілектеспін.
Балалар ондай болса, барлығымыз әліппеге рахмет айтайық.

Ән: Қошақан минусовкасына

Айбатбек
Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып.

Қазыбек
Бар әріпті үйреткен
Міне, менің Әліппем
Жақсы оқимын сабақты
Әріптерді танып мен

Шахноза
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.

Данабек
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.

Нұрбек
Келгенімде сыныпқа
Білмеуші едік әріпті
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе

Бірге
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым ағасы
Әліппеден басталған
Даналардың данасы

Әліппе-Оразбек: Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі-Досым:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін. Бәрің өнерлі , білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар!

Әліппе-Оразбек: Ал, енді мен сендермен қоштасамын.
Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Қош болыңдар, балалар!

Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!

Мұрат:
Балалар енді әліппемен қоштастық, енді мына тұрған ана тіліне әліппеден алған білімдерімізді көрсетпедікпе?

Балалар әліппеден не үйрендіңдер?
Айбатбек: жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең және ән үйрендік. Енді кез келген кітапты оқи аламыз. Ыбырай, Абай атамызбен таныстық

Шахноза: Ыбырай Алтынсарин тұңғыш қазақ мұғалім. Ол алғаш әліппені жазды.
Кел балалар оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей ақ табылар

Нұрбек: Абай қазақ халқының ұлы ақыны. Біз Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңерін үйрендік.

Қазыбек: Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!

Мұрат:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Қорытындылау: Құттықтау сөздері мен грамотамен мадақтау

Источник: http://Қош бол-құтты әліппем!
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Мурат2507 (2016-05-03) | Автор: Кайролла Мураткабыл Мейрамбекулы E
Просмотров: 980 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 9:27 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru