Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

"Балабақшадағы таңертеңгілік жаттығулардың маңызы" Мақала
Балабақшадағы таңертеңгілік жаттығулардың маңызы
Мақала авторы: Жүнісбекова Б.Б.
Жұмыс орны:Түберкулезге қарсы
облыстық балалар шипажайы» КММ
Лауазымы: тәрбиеші

ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманымызға сай дені сау, ой өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып табылады. Дені сау ұрпақ- еліміздің болашағы. Тәрбие мен білімнің алғашқы бастауы мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бүлдіршін, балабақшада тәрбиешілердің шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып өсуіне балабақшаның немесе балалар сауықтыру шипажайының маңызы зор. Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары ойлау қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады. Өзім қызмет жасап отырған шипажайдағы балалармен жасалатын дене жаттығулары мынандай түрге бөлінеді: таңертеңгі жаттығу, қимылды ойындар, спорттық жаттығулар, қарапайым туризм.
Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл-ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын тиімді жүргізуге, олардың сергек, көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен үнемі айналысу нәтижесінде ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу болады, қабілеттілігі артады. Балаларды тәртіптендіреді. Сөйтіп таңертеңгі жаттығу жасау, атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа, бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ету арқылы ағзаның жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсенділендіру, тұлғаның дұрыс жүріп-тұруына, жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Біздің шипажайда сауықтырылып, емделетін балалар ең бастысы- кеуде сырқатымен келетіндіктен, тәрбиеші, медбикелердің бірлескен күн сайын таңертең дене жаттығуын жасаумен дағдыланған. Күнделікті жаттығулар жалғасын тауып отырады. Баланың бақытты болуы үщін, дененің сау болуы үшін осындай жаттығулар үнемі жасату арқылы үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына шаттана қарайтындай болуы тиіс.
Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бала организмінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру – шипажайдағы негізгі алатын емдерімен қатар ең басты міндетіміз. Таңертеңгі жаттығу шипажайда күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін уақытымен орындауға ықпал етеді. Мұның бәрі балалардың барлығының да көңіл күйін сергітеді, оларды келесі оқу іс-әрекетіне даярлауға мүмкіндік береді. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды жүйелі жасағанда оың тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің ажырамас бөлігі болып табылады, балаларды бір тәртіпке, жинақылыққа үйретеді. Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Таңертеңгілік жаттығулар арнайы бір уақытта таңғы асқа дейін жүргізіледі.Таңертеңгілік жаттығулар өткізілетін бөлмелерді балалар ұйқыдан тұрмас алдында, алдын-ала бірнеше минут бұрын желдетіледі. Жаттығу кешендерін таңдап алу кезінде, топтағы балалардың қызығушылығы туралы ұмытпау керек. Мысалы, күнделікті бір апта бойы бір жаттығуды орындағаннан балалардың жаттығуға деген қызығушылығы төмендеуі мүмкін. Оларды жаңа жаттығулармен алмастырып отыру керек. Жаттығуға деген балалардың зейінін аударып, жүруден және жеңіл жүруден бастауға болады.. Мысалы, тәрбиешінің шапалағына, балалар жүруді тоқтатпай қол шапалағымен жауап береді. Таңертеңгілік жаттығуларды таңдаған уақытта барлық бұлшық ет топтарын шынықтыратын, иық буыны, аяқ, табан, кеудеде орналасқан және арқа бұлшық еттеріне, іш бұлшықеттерін шынықтыратын жаттығуларға назар аудару керек.
Жаттығуларды орындау үшін, сәби жасындағы балаларды шеңбер бойынша тұрғызу қолайлырақ. Жаттығуларды орындау алдында балаларды денесінің икемділігін дайындау үшін, шеңберді бойлап түрлі қалыпта жүру, жүгіру жаттығулары орындалады Әрение, жаттығудың түрлілігі бөлменің ауданына байланысты. Егер бөлменің ауданы үлкен болса, онда жүкіру және секіру жаттығуларын да жасатуға болады.
Шипажайдың кіші, ортаңғы, ересектер топтарында таңертеңгілік жаттығулар арнайы жүйемен орындалады десем қателеспеймін.Осындай ұйымдасқан кешенді жаттығулардан кейін көңілді, қызықты, қимылды ойындар ұйымдастырылады.
Қорыта айтқанда балалар орналасқан мекемелердегі таңертеңгілік жаттығулардың ерекшелігі- балаларды дұрыс қимылдауға, дене, еңбек тәрбиесіне, әсемдікке үйрету.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: b_e_k_a2001 (2017-01-12) | Автор: Жүнісбекова Баян Болатовна
Просмотров: 1229 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 8:03 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru