Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Ғылыми жобаның тақырыбы: «Ауа»
Қарағанды қаласындағы № 81 жалпы білім беретін орта мектебінің
3 «ә» сынып
Оқушысы Оспанов Санжар
Хоббиі: шашки ойнау, коньки тебу.

Ғылыми жобаның тақырыбы: «Ауа»
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1) Ауа
2) Ауаның қасиеттері. (химиялық , биологиялық)
3) Таза ауа – денсаулық кепілі
3. Іс жүзіндегі ауаға эксперимент
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Атмосферадағы айналым – жер шарын қоршап тұрған бүкіл ауа қабатының қозғалыс жүйесі, яғни ауа массасының көлденең және тік бағытта алмасуына себепкер болатын негізгі ауа ағындарының жиынтығы.
Жердің тәуліктік айналуы, күн сәулесі энергиясының (радиациясының) жер бетіне біркелкі таралмауы, мұхиттар мен құрлықтардың өзара орналасуы, құрлық бетінің бедері, т.б. атмосферадағы айналымды тудырады. Айналым жылы және салқын ауа массаларын араластырып, ылғал тасымалдайды, нәтижесінде ауа райы өзгереді.
Тропосфера қабатында оған циклон және антициклонмен тығыз байланысты пассаттар мен муссондар, тропосфераның жоғарғы қабаты мен ауа массаларының шарды қозғалту анимациясы стратосфераның ауа ағыны өте қатты жүретін төменгі қабаттары жатады.
Атмосферадағы айналым бірнеше ірі көлемдегі ауа қозғалыстарын қамтиды, соның ішінде ең ірісі – ауа массасының батыс тасымалы. Сонымен қатар, атмосферада кіші көлемді жергілікті ауа айналымдары (бриз, бора, фен және тау аңғарлық желдер) мен күшті құйындар (тромб, торнадо, қарадауыл) да байқалады. Атмосферадағы айналымды синоптикалық, статистикалық және гидродинамикалық әдістермен зерттейді.
Күнде ата-анам таза ауаға серуендеп кел, серігіп кел – ол денсаулыққа пайдалы деп айтады, сонымен қатар біз күнде үйде терезені ашып, үйдің ауасын тазарту керектігін де білеміз. Бірақ, неге екенін ойланбаймыз.
Осы сұрақтың жауабын табуда маған үлкен ой туды, не себептен таза ауаға шығамыз, неге терезені ашамыз, ауа жайлы, ауаның қасиеті туралы білгім келді.
Сондықтан, осы сұрақтарымның жауабын ғылыми жобаны зерттей келе қол жеткізуге бел будым.
Ғылыми жобаны жазудың мақсаты – ауаның құрамымен, түрлерімен таныса отыра, оның адам және қоршаған ортаға қажеттілігін зерттеп, оқып меңгеру және ауаны қорғау.

Негізгі бөлім

Ауаның құрамында оттегі бар екендігін 1774 жылы француз ғалымы А. Лавуазье анықтаған. Ауаның сапалық құрамын анықтау үшін мынадай тәжірибе жасайық. Кристалдандырғышқа су құйып алып, судың бетінде қалқып жүретін пенопластка жіңішке шырақ (парафиннен жасалған) орнатып, оны жағып суға саламыз да, шырақты сыртында 5 бөлікке бөлінген белгісі бар, цилиндрмен жабамыз. Біраздан кейін су цилиндр бойымен оның көлемінің 1/5 бөлігіне көтерілгенін байқаймыз. Бұдан шығатын қорытынды - ауаның көлемі бойынша 20%-ы оттегі, ол шырақтың жануына жұмсалды.
Ауада оттегіден басқа жануды қолдамайтын азот~78%, ~1 % бекзат газдар (неон, гелий, аргон, т.б.) және ~ 1% басқа айнымалы ластаушы газдар бар. Мr(O2) = 32 г/моль, Mr(N2) = 28 г/моль болса, Мауа= 32 • 22% + 28 • 78% ≈ 29.
Ауадағы оттегінің мөлшері техногендік факторлардың әсерінен азайып отырады, ол механикалық және химиялық жолмен жүреді.
Механикалық әсерлер: газ, шаң күйіндегі химиялық заттар. Химиялық өндіріс орындары шоғырланған аймақтарда (Өскемен, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Хромтау, Текелі, Павлодар, т.б.) экологиялық мәселелер ушығып отыр, ал үлкен қалаларда бұл мәселе автокөліктер әсерінен шиеленісуде.
Жергілікті жерлерде өндірістік әсерлердің, әр түрлі болғандығынан ластаушы газдардың құрамы әр түрлі болады (жылу электр стансалары (ЖЭС), зауыттардың, автокөліктердің газдары). Олардың шамасы біразға дейін қоршаған ортаға зиян тигізе қоймайды, заттардың осы мөлшері зиянсыз шамасының шегі (ЗШШ) деп аталады.


Ауаның сапалық құрамын анықтау үшін мынадай тәжірибе жасайық. Кристалдандырғышқа су құйып алып, судың бетінде қалқып жүретін пенопластка жіңішке шырақ (парафиннен жасалған) орнатып, оны жағып суға саламыз да, шырақты сыртында 5 бөлікке бөлінген белгісі бар, цилиндрмен жабамыз. Біраздан кейін су цилиндр бойымен оның көлемінің 1/5 бөлігіне көтерілгенін байқаймыз. Бұдан шығатын қорытынды - ауаның көлемі бойынша 20%-ы оттегі, ол шырақтың жануына жұмсалды (13- сурет).

Ауа массалары

Республика аумағына негізінен ауа массаларының үш типі әсерін тигізеді:
- арктикалық ;
- қоңыржай ;
- тропиктік; - ауа массалары.

Арктикалық ауа массасы
Солтүстік Мұзды мұхит үстінде және оның жағалық құрлықтар мен аралдарында қалыптасады. Арктикалық континентті ауаның температурасы қыста да, жазда да төмен, сондықтан ылғалды көп ұстап тұра алмайды. Ауа өте мөлдір құрғақ болады. Бүл ауа солтүстіктен, көбінесе қыста енген кезде Қазақстанда антициклонды ауа райы орнайды. Антициклондардың әсерінен табиғатта антициклондық ауа райы, яғни үлкен көлемдегі жоғарғы қысымдағы ауа құрғақ та ашық, қыста суық, жазда ыстық ауа райын қалыптастырады. Континентті арктикалық ауа республиканың оңтүстігіне өтпелі мезгілдерде жиі өтеді, көктемгі және күзгі үсіктер соған байланысты қайталанып отырады.


Қоңыржай ауа массасы
Материктің орта ендіктерінде қалыптасады, өйткені Қазақстан түгелімен қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Батыстағы Атлант мұхитынан келетін ауа теңіздік коңыржай ауасы деп аталады. Бұл ауа Қазақстанға жеткенше өте ұзақ жолдан өтіп, ылғалының көп мөлшерінен айырылып жетеді. Солай бола тұрса да батыстан келетін ауа ағындары республикаға түсетін жауын-шашынның көбін әкеледі. Мұхиттардан алыс қашықтықтарға көшкен ауа массасы біраз ылғал қорын жоғалтатындықтан біздің еліміздің аумағына жеткенде жауын-шашын азырақ түседі.


Егер ауа массасы тау қабаттарына жетсе, олар міндетті түрде шың бойымен жоғары көтеріліп салқындайды немесе конденсацияға (сұйық түрге айналады) ұшырайды. Бұл ауа массасы қыста температураны жоғарылатады, жазда төмендетеді. Бұдан кейін осы ауа массасы Қазақстан аумағында ұзақ уақыт тұрақты қоңыр салқын континенттік ауа қасиетіне ие болады. Мұндай ауа массасы қоңыржай континенттік деп аталады.
Біздің Қарағанды қаласының өңірінде қоңыржай ауа массасына жатады.

Тропиктік ауа массасы
Қазақстанға Орта Азия мен Иран аймағынан келеді. Континенттік [тропиктік] ауаны иран ауасы деп де атайды. Бұл ауаның келуі жазда байқалады. Қазақстанның қиыр оңтүстік аудандарын қамтиды. Арал теңізінің солтүстік жағалауы мен Балқаш көлінің арасын қосатын сызыққа дейін жетеді. Дәлірек айтқанда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарын қамтиды.
Жазда континенттік тропиктік ауа Қазақстан аумағы үстінде қалыптасады. Бұл тропиктік құрғақ ауа массасының қасиеті бар континенталды тұран ауасы оңтүстіктен келеді. Ауаның бұл типі әдетте Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты, Оңтүстік Қазақстан облысы жерінде байқалады. Ол ауа ыстық, құрғақ және қапырық болады, сонымен бірге шаңды дауылдар жиі қайталанады.




Ауаның қасиеттері

Атмосфералық ауа
Атмосфералық ауа - жер атмосферасын құрайтын газдар қоспасы
Ауа құрамы:
Зат Белгілеу Көлем бойынша, % Масса
бойынша, %
Азот N2 78,084 75,50
Оттек O2 20,9476 23,15
Аргон Ar 0,934 1,292
Көмірқышқыл газы CO2 0,0314 0,046
Неон Ne 0,001818 0,0014
Метан CH4 0,0002 0,000084
Гелий He 0,000524 0,000073
Криптон Kr 0,000114 0,003
Сутек H2 0,00005 0,00008
Ксенон Xe 0,0000087 0,0000



Ауаның келесідей қасиеттерін атап кетейік:
- түссіз;
- иіссіз;
- мөлдір;
- жылуды нашар өткізеді.

Таза ауа – денсаулық кепілі
Таза ауамен демалудың алғы шарты – алдағы уақыттағы адамның денсаулығының кепілі болып табылады.
Таза ауамен демалу үшін ауа тазартқыштарын қолданамыз.
Ауа тазартқыш (тұрмыстық)— ас үй ауасын плита оттығында толық жанбаған газдың зиянды қалдықтарына тамақ дайындау кезінде шашыраған майчыс пен күйіктің иістен тазартуға арналған аппарат. Ол ас үй мебелімен бірге тұтас болады немесе газ не электр плитасының үстіне (700— 900 мм биіктікте) қабырғаға орнатылады. Бұл деңгей аппараттық температуралық қалыпты режимін және ауаны тиімді тазартуын қамтамасыз етеді.
БЭВ—1 ауа тазартқышының қорабында желдеткіш жүйе болады, ол ас үйге етпе жел келмеген жағдайда, оның ауасын тазартуға жәрдемдеседі. Аппарат қорабының төменгі жағы ауаны ыстан, майдың кеңірсіген иістен т. б. тазартатын сүзгісі (аэрозольді сүзгі) бар қақпақпен жабылған. Ауа тазартқыш қорабының ішінде бактерицидтік сынап-кварцты лампа, жарық түсіретін шам мен басқару блогы орнатылады. Қораптың жоғарғы бөлігінде, бактерицидті лампаның үстінде ау айы газдан тазартуға арналған сорбент-катализаторы бар екі кассета болады. Ауа тазартқыштың алдыңғы бөлігі басқару блогының клавиштері орнатылған әсем панельмен қаралады. Оның плитаға қараған төменгі бөлігінде жылжымалы қақпақша болады.
Желдеткіш іске қосылғанда ауамен бірге сорылатын аэрозольдер мен механикалық қоспалар сүзгі материалда (аэрозольді сүзгіде) тұнады да, содан кейін сорбент, катализатор арқылы өткенде ауа газдан тазарады. Ал, бақтерицидті шам ды (ультракүлгін сәуле көзі) қосқанда ауа стерилизацияланады. Бөлме ішіне осылайша тазартылған ауа жіберіледі. Ауа тазартқыштың желдеткіш! ауаның жедел циркуляциясын тудыра отырып, ас үйдегі жылуды бірқалыпты таратады, бөлме қабырғасында бу конденсациясының түзілуін болдырмайды. Ауаны неғұрлым жақсы тазарту үшін тамақ дайындаған соң, ауа тазартқышты бактерицидті шаммен бірге іске қосулы күйі нде 20—30 минут қалдыру керек.
Ауа тазартқыш іске қосылып тұрғанда, тамақ дайындау қажет болмаса, газ плитасын жағуға болмайды. Себебі, сүзгі материалдық, лаксырлы қабаттың және пластмасса детальдардың бүлінуі, сондай-ақ аппараттық қызыл кетуі мүмкін.
Ауаны тазартудың екінші әдісі – өсімдіктер мен жасыл желектер көмегіне жүгінеміз.
Далада қоршаған ортаны тазарту мақсатында көптеген ағаштар мен гүлдерді отырғызамыз.
Үйде және мектеп қабырғасында гүл отырғыштарға әртүрлі гүлдер мен басқа да жасыл желектерді отырғызамыз.

Ауа тазартқыш түрлері







Іс жүзіндегі ауаға эксперимент
Эксперимент № 1

Үш литрлік екі бос банка алып аузын жауып, біреуін +15 градус жерге,екіншісін -15 градустық жерге қойып, екі күннен кейін екеуіне бірдей уақытта бірдей мөлшерде газ түтінін жібердім. Сонда, +15 градустық жерде тұрған банкадағы газ тез тарқап араласып кетті, ал -15 градустық жерде тұрған банкаға жіберілген газ баяу тарқады.
Осыдан жасалатын қорытынды: жылы ауада газ алмасу процессі суық ауаға қарағанда тез жүреді.



Эксперимент № 2
-10 градус және +10 градус жерге екі бөлек сиыр етінің бірдей көлемде кесіп, екі ыдысқа салып бір аптадан кейін қарап, өзгерісін байқадым.
Осыдан мынандай қорытындыға келдім, суық жерде тұрған ет сақталған, тек сырты кебірсіген, ал жылы жерде тұрған ет иістеніп, түрін, түсін өзгерткен, яғни көп өзгеріске ұшыраған.
Қорыта келе, мынандай шешімге келдім: жылы ауада зат алмасу процессі тез жүреді, ал суық ауада зат алмасу процессі баяу жүреді.



Қорытынды

Ғылыми жобаның қорытындысына келетін болсақ, біз ауаның адам ағзасына қажеттілігін түсіне отыра, оның құрамы мен түрлерін зерттей келе келесідей тұжырымдарға келдік:
- таза ауамен демалу денсаулықтың кепілі екеніне көзімізді жеткіздік;
- ауаның түрлері мен құрамын оқып меңгердік;
- ауаны тазартудың шарттарымен таныстық;
- ауаға іс жүзінде жасалған эксперименттер негізінде қорытындылар жасап, түсініктерге қол жеткіздік.

Пайдаланған әдебиеттер

1) Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
2) Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
3) Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
4) Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері
5) Химия: Жалпы білім беретін мектептің сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. –Алматы: Атамұра, 2009. - 216 бет. ISBN9965-34-887
6) Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология оқулығы. «Экономика» баспасы. 2002.
7) http//www. Google.kz.
8) http//www. rambler.kz.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Gibrat (2012-05-08) | Автор: Gibrat Rakhimzhanova E
Просмотров: 7321 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-08, 9:50 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru