Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Клуб любителей поэзии

М.Мақатаев "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін"
Әдеби сазды кеш
(сыныптан тыс шара)
Тақырыбы: «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!»
Мақсаты:
білімділігі – М. Мақатаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.
Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясын ұғындыру.
дамытушылығы – поэзияны сүюге және оны мәнерлеп оқуға баулу, жырды
жүрегімен түсіне білуге үйрету.
тәрбиелігі – отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Қамқорлық, мейірімділік
қасиеттерін қалыптастыру, табиғатты аялау сезімдерін ояту.
Әдісі: баяндау, мәнерлеп оқу, жатқа оқу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақынның портреті

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Іс-шараның тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз бүгін қазақтың ақиық ақыны, ұлы тұлға Мұқағали
Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен және «Аққулар ұйықтағанда»
поэмасымен танысамыз. Бүгінгі сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы «М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы» деп аталады. Шараның негізгі мақсаты Мұқағали жырларының мазмұнын ұғыну.

Барысы:
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидің негізгі шын аты – Мұхаметқали. Бірақ оны кішкентайынан еркелетіп Мұқағали деп атап кеткен. Әкесінің аты – Сүлеймен, анасының аты – Нағима. Әкесі соғыста қайтыс болған. 1941 жылы әкесі соғысқа аттанғанда Мұқағали не бары 10 жаста еді. Мұқағали мектеп бітірген соң, 1948 жылы Алматыда шет тілдер институтында оқып жүріп, артындағы отбасының тұрмысы ауыр болғандықтан, соларға көмектеспекші болып, оқуды еріксіз тастап, ауылға оралады. Мұқағали ауылдың хатшысы болып қызмет атқарады. 1952 жылы ауылда жүріп өз отбасын құрады. Әйелінің аты-Лашын. Оның 4 баласы болды. Олар Майгүл, Жұлдыз, Шолпан, Айбар. Ол қазақ радиосында диктор болған. Ақынның «Менің анкетам» атты өлеңінде өз өмірбаяны баяндалған. (Осы жерде «Менің анкетам» өлеңі оқылады)

«Менің анкетам»
- Туған жерің?
- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931ж. Құрдасымын Шәмілдің.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
- Алайда өзім жоғары бағалаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша.
- Қысылғанда орысша да, немісше де бар.
- Мекен – жайың?
- Мекен-жайым – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған
Мен өмірді жырлау келгемін.

Великий поэт 20 века Мукагали Макатаев родился 9 февраля 1931 года вселе Карасаз Райымбекского района Алматинской области. Полное имя поэта – Мухаметкали, но его с детства ласково называли Мукагали считая, что бремя ответственности (нелегко носить имя Пророка) может осложнить жизнь маленького ребенка. Отца называли – Сулеймен, а мать – Нагима. Пришедшая на детство Мукагали самая кровавая война, в которой он потерял отца, брата, во время которой он увидел столько горя односельчан, конечно, обострила и без того сильное чувство связи с родной землей, с Отчизной. Война все изменила в жизни Мукагали. Ему было 10 лет, когда отец ушел на фронт, и все тяготы жизни легли на плечи подростка. Как все мальчики военного поколения, он рано стал взрослым, осознав, что в доме, где одни женщины и дети, теперь остался за мужчину. Отец Макатаева погиб на фронте. И с тех пор Мукагали никогда не забывал, что он не имеет права просто так погаснуть и исчезнуть.

Мұқағали өлеңдері әртүрлі тақырыпты қамтиды. Соның ішінде туған жер, табиғат, Отан туралы. Мұқағали – халқын, ана тілін, Отанын қадір тұтқан ақын. «Үш бақытым» атты өлеңінде ақын жас ұрпақты халқын, ана тілін, туған жерін шексіз сүюге шақырады. Енді, осы өлеңге кезек берелік.

Оқушы: «Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым- Тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші– Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы, от ал менен.

В 1948 году Макатаев окончил школу-интернат. Он несколько раз успешно поступал в институты: на филогический факультет КазГУ, затем в институт иностранных языков и вновь в КазГУ, но уже на юридеский факультет. В 1973 году он стал студентом Литературного института имени М. Горького в Москве, но по семейным обстоятельствам на первом году оставил учебу и вернулся в аул. Оставаясь в ауле, Мукагали работал в конторе, потом был учителем русского языка в школе, корреспондентом районной газеты.
Поэта Мукагали Макатаева часто сравнивают с русским поэтом Сергеем Есениным. Та же взрывная и короткая жизнь, нередко шокировавшая чиновников от культуры, такая же пронзительная, смелая и яркая поэзия, похожая на исповедь.
Вся поэзия Макатаева – это гармония любви и созидательного смысла, в ней отражается личность поэта, творившего бессмертие. И эта поэзия всегда современна и вечно живет в мире, который поэт любил и котрому завещал в любви вспоминать о нем.

«Мұқағали поэзиясы – тірі поэзия». Ол поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды. Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезім күшінде жатыр деп түсінеді. Ақын Фариза Оңғарсынова айтқандай «Мұқағали – ең алдымен ақын. Ол – қазақ жырының құдіреті». Олай болса, Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік

Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім,
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан,
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.

- Балалар, сендер білесіңдер, ме? Мұқағалидың өлеңдеріне көптеген композиторлар ән шығарған. Қазір, біз Мұқағалидің сөзіне жазылған «Сенің көзің» атты тамаша әнді тыңдап көрелік.

Мұқағали басқа ақындар сияқты махаббат, адамдар арасындағы сүйіспеншілік туралы жырлаған ақын. Бұл сөзіме дәлел ретінде «Махаббат диалогы» өлеңін тыңдайық.

2 оқушы орындайды: «Махаббат диалогы» (күй орындалып тұрады)

-Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?

-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім

-Отқа түсіп өртенсем, не етер едің

-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім

-Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

-Жел боп қуып, ақыры жетер едім

-Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

-Қойшы сәулем бәрінде көтеремін.

Әрі қарай «Ғашықпын» өлеңін мәнерлеп оқу.

Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!

Ғашықпын,
Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.

Шарықтап қолым жетпес көкте Күнге
Ақ қанат құсым менің кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?

Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашап болып,
Өтермін сірә да мен бұл өмірден,
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.

Қызығушылықты ояту сатысы

- Балалар, бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма «Аққулар ұйықтағанда» - ғажап поэма. Осы поэма жөнінде Тұманбай Молдағалиев былай деген болатын: «Бұл туындыны бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Көкірегіңде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңнан Жетімкөлдің ерке аққуы, баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесін, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен айырылған сорлы, зарлы ананы көріп, сенде аһ ұрасың».

Бұл поэманың негізгі идеясы сұлулық, махаббат және зұлымдық туралы. Балалар, адам - табиғаттың перзенті. Дүниеде екі ана бар. Бірі тіршіліктің анасы – табиғат анасы, екіншісі адам анасы. Екеуі де мейірімді. Бұл поэмада осы екі ананың жай-күйі баяндалған.
Мұқағали:

Қазақтың қара өлеңім құдіреттім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген болатын. Ендеше, балалар сондай «Сұмдық сыры бар» жыры «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын тыңдап көрелік.

Поэма оқылады.

Орысша поэманың мазмұнын түсіндіру
Балалар, сендер поэманы тыңдадыңдар, поэмадағы оқиға барысымен таныстыңдар. Енді осы бір ғажап туындыны сатылап талдайық.

- Поэмадағы оқиға қай жерде болады? (Жетімкөл жағасында)
- Тәуіп шал ана мен әкеге не деп кетті?
- Ол дұрыс айтты деп ойлайсыңдар ма?
- Ана аққуды неге атпақ болды? (Тәуіптің айтқанын орындап, баласын емдемек болды)
- Аққуды атуға бола ма? Неге? (Өйткені, ол – киелі құс, священная птица)
- Киелі құс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Көлдің «Жетім көл» деп аталуы неліктен?
- Ананы кінәлауға бола ма?
- Поэмадағы ана әрекетін қалай бағалайсыңдар? Бұрыс әлде дұрыс?
- Поэмада ана кімнің қасынан кеткеніне өкінді?

Кеш соңын қорытындылау:
Слайдтағы сұрақтарға жауап беру.
Бүгінгі кеш соңын ақынның өзінің жыр-шумақтарымен аяқтасақ.

Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
...Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
Категория: Клуб любителей поэзии | Добавил: Нурайна (2014-05-12) | Автор: Нурайна Кунакбаева E
Просмотров: 5005 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 5:34 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru