Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Профессиональное образование

ШАҒЫН ЖОБА Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымында педагогикалық кеңесті
І. Кіріспе.
Педагогикалық кеңестің жұмысы өзін-өзі басқару нысаны Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңындағы 44 бабында көрсетілгендей: «Білім беру коллегиалды басқару формалары – білім беру ұйымдарының кеңесі, қамқоршылық кеңес, педагогикалық, әдістемелік кеңес және басқа формалар… болып табылады».
Және де педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңес қызметінің тәртібін айқындайды.
Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі (бұдан әрі - Педагогикалық кеңес) білім беру ұйымдарын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.

Білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес ережесі негізінде оқу іс-әрекетіне бағыт-бағдар беріліп, оның нәтижелері, жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасалып педагогикалық шешімімен бекітіледі.
Ұжым тәрбиелеуі педагогикалық кеңес отырыстарын дайындауда, мәселелерді талқылау мен шешім қабылдау барысында жүзеге асады. Бұл педагог қызметкерлердің өзіндік тәртібін қалыптастырады, жинақылығын, жауапкершілігін, жоспарлы жұмыс істеуге деген қабілетін арттырады. Оқу және тәрбиеге қатысты бірыңғай талаптарды ұжымдаса талқылау көзқарас қалыптастыруға септігін тигізеді.
Әр білім беру мекемесінде педагогикалық кеңес өткізудің өзіндік технологиясы бар. Жұмыс тәжірибесінде балабақша жұмысын ұйымдастырудағы басым бағыттағы тақырыптарды олардың өзектілігі мен практикалық мәнділігін ескере отырып айқындап алу қажет. Бұрынғыдай іш пыстыратын баяндамалар жасап, көз қылып педкеңес өткізудің күндері өткен. Себебі бүгінгі педагогтарды қиындық тудыратын мәселелер, сондай-ақ жаңа педагогикалық технологиялар, авторлық әзірмелер қызықтырады.
Педагогикалық кеңес – бұл ұжымдық шығармашылық, оны дайындауға қатысатындар саны неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым қызықты болады.
Теория, әдістеме, үздік тәжірибе, балабақша практикасы /диагностика, сауалнамаларды талдау, сабақ үлгілері және т.б./мәселелерін қамту үшін күн тәртібіндегі басты мәселелерді тарамдап бөлу керек.
Сонымен педагогикалық кеңес ширақ, қызықты, ең бастысы жұмыс барысында тиімділігі мол болуы үшін не істеу қажет? Осыған орай, ұсынылып отырған шағын жобада педагогикалық кеңестерді шығармашылықпен жетілдіре, түрлендіре, ұтымды ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдалансақ, оң нәтижелерге жетеріміз сөзсіз.

1. Жобаның қысқаша мінездемесі.
Педагогикалық кеңес жұмысының негізгі бағыттары:
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес білім беру үрдісінің сапасын қамтамасыз ету.
- Мектепке дейінгі ұйымның даму стратегиясын анықтау.
- Жылдық жоспарды жүзеге асыру кезеңдерін анықтау.
- Педагогикалық үрдісіне қатысатын педагог қызметкерлерінің психологиялық және педагогикалық дамуы, олардың денсаулығын қорғау үшін тиімді жағдай құру.
- Білім беру іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттерінің нақтылығын қамтамасыз ету. Педагогикалық кеңес жұмысының мазмұны: - Білім беру бағдарламаларын таңдау және бекіту. Педагогтардың шығармашылық есебін, нақты әдістемелік мәселе бойынша теориялық баяндамаларды және ата-аналар комитеті төрағасының есебін тыңдау, орындаған жұмыстар бойынша қорытынды, мәселе бойынша басқару шешім шығару.
Тиімді және үздік жұмыс тәжірибесімен алмасу, кәсіби ортада педагогикалық қызметтің элементтерін талқылап, оларда жұмыс барысына енгізу.
- Педагог қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау курстарынан өту, аттестаттау мәселелерін талқылап қарастыру.
- Педагог қызметкерлердің рухани, жалпыпедагогикалық мәдениеті мен педагогикалық шеберлігінің өсу мәселелері мен қазіргі замаңда педагогтардың жұмыс барысында жи пайда болатын өзекті психологиялық мәселелерді шешу. Кемшіліктер мен қиындықтарды жоюға көмек көрсету.
- Материалдық-техникалық және санитарлық-гигиеналық қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.
Педагогикалық кеңесті өткізу талаптары:
тақырып өзектілігі;
- дер кезінде өткізу мерзімдігі;
мәселенің маңыздылығы, ғылымдығы, болашақтығы;
өткен педкеңестердің шешімін орындау қорытындысын бағалау;
- педкеңес күн тәртібіндегі баяндамалардың мазмұн сәйкестігі;
- педкеңестегі қабылданатын шешімдердің баяндамалардағы қорытындылар мен ұсыныстардың сәйкестігі;
- қабылданатын шешімдердің нақтылығы;
- шешімдерді орындайтын жеке жауапкершілік пен орындау мерзімі;
- педкеңестер жұмысының сабақтастығы;
- педагогикалық қызметкерлердің кәсібилік құзырлығын жоғарлату жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, олардың шығармашылық бастамашылдық дамыту, озат тәжірібиені тарату;
- болашақтағы балабақшаны дамыту әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық шаралар жүйесін жасақтау.
2. Жобаның мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттары:
- Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.
- Педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен психологиялық-педагогикалық мәдениеттік деңгейін жоғарылату.
- Балабақша ұжым мүшелерінің тиімді қызметтестігіне жағдай жасап, оқу-тәрбиелік жұмысының деңгейін жоғарылату.
- Мектепке дейінгі баланың жеке тұлғасы дамуы үшін тиімді жағдай құру.
- Білім ұйымдарындағы жас педагогтардың кәсіби шеберлігін жоғарлату.
- Ата-аналармен жұмыс істеуде серіктестік орнатуға көмек көрсету.
- Мектепке дейінгі жастағы балаларға жеке бағытталған педагогикалық және психологиялық көмекті жүзеге асыру.
Міндеттері:
- Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі педагогикалық ұжымның күшін біріктіру
- Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының қызметін педагогикалық жұмысты және оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге бағыттау.
- Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибелер жетістіктерін практикаға енгізу.
- Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) ауысуына және бітіріп шығуына қатысты мәселелерді шешу.
- Мәселе бойынша арнайы әдебиетті зерттеу және талқылау.
- Кемшіліктердің себебтерін белгілеуіне арналған мәселелік-бағдарлық талдауын іске асыру. Оларды жою жолдарын анықтау.
- Педагогикалық кеңестерді құру барысында МДҰ барлық құрылымының өзара сабақтастығы мен өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету.
- Мектепке дейінгі білім беру саласының сапа мониторингісін тиімді енгізуін қамтамасыз ету.

3. Күтілетін нәтиже.
Білім беру ұйымдарының басқару қызметінің басымдық критерийларының бірі - білім беру ұйымның жетекшісінің өзін-өзі басқару органдармен тиімді қарым-қатынасып бірлесіп жұмыс істеуі, яғни ынтымақтастығы.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың жетекшілерінің алдында көбінесі мәселе-сұрақтар тұр:
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымның жетекшісінің алдында көптеген өткір мәселелер тұрады. Олардың ішіндегі бірі – педагогикалық кеңестерді ұйымдастыру мәселесі.
- Педагогикалық кеңестің даму болашағын айқын көру, оның мақсаттарын, табыс және жету жолдары мен амалдарын нақты анықтау.
- Педагогикалық ұжымды ұйымшыл қылып, оның шығармашылық бастамасын оятып, басқару қызметіне қызықтырып еліктіру.
Аталған мәселелерге ізденіс барысында әр мектепке дейінгі ұйым өз жеке жолын тауып, өз дәстүрі, өз талабына сай бекітілген педагогикалық кеңестерді ұйымдастырып, үнемі өзгертіліп жатқан жағдайларға балабақшаның бейімделуіне арналған шешімдерді өндеуіне іс-әрекетін бағыттап және басты міндеттерге ғана назарын аударып, тиімді қызмет атқару нәтижелелеріне жету қажет.

ІІ. Жобаның негізгі мазмұны.
1. Теориялық негіздемесі.
Педагогикалық кеңес — балабақша, мектеп, басқа білім беру орындарында ұжымды басқару органы. Құрамына мектепке дейінгі ұйымының директоры, әдіскері, тәрбиешілер, балабақша педагогтары, ата-аналар комитетінің төрағасы енеді. Кеңес төрағасы сол оқу орнының директоры болады және жыл сайын бір педагог хатшылыққа сайланып отырады. Педагогикалық кеңестің жоспары жалпы жылдық жұмыс жоспарында негізінде жасалып, сол оқу орнының басты, көкейтесті мәселелерін қамтиды. Кеңесте әкімшіліктің, педагог қызметкерлердің есебі, баяндамалары тыңдалады, ұжымның педагогикалық мәселелер бойынша жүргізген жұмыс қорытындылары, т.б. талқыланады. Педагогикалық кеңес әр оқу тоқсанында кем дегенде бір рет өткізіледі.
Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Педагогикалық кеңестің қызмет тәртібі.
Педагогикалық кеңес:
- білім беру ұйымдарында нормативтік құқықтық актілерді орындау жөніндегі іс-шаралардың өткізуін талдайды;
- оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстар жағдайын, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелерін, оқытудың жаңа технологиялары мен бағдарламалардың ендіру мәселелері анықтап, жұмыс бағыттарын белгілейді;
- оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау мәселелерін талдайды;
- аттестаттауға дайындау, қорытынды аттестаттауды өткізу, педагогтарды тестілеуге жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде тестілеуден босату, аттестаттаудан өту туралы куәліктер беру, оларды қайталау курсына жіберу, педагогтарды грамоталармен, мақтау қағазымен марапаттау, аттестаттаудан өту туралы куәліктер, белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы мәселелерін шешеді;
- Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін педагогикалық кеңес отырысында қаралатын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.
- Педагогикалық кеңес жылына 5 реттен кем емес жиналады.
- Педагогикалық кеңес отырысында талқыланатын мәселелер бойынша орындау мерзімі және орындауға жауапты тұлға көрсетілген қаулы шығарады. Кеңестің кезекті отырысында төраға өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалу нәтижесі туралы баяндайды.
- Педагогикалық кеңестің шешімі қарапайым жай дауыс берумен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
- Педагогикалық кеңестің отырысы хаттамамен ресімделіп, оған педагогикалық кеңеске шығарылатын мәселелердің талқылану барысы, педагогикалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары және ескертулері жазылады. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
- Педагогикалық кеңестің хаттама кітапшасының әрбір беті нөмірленген, жіппен тігілген, білім беру ұйымының мөрімен және директордың қолымен бекітілген болуы керек.
- Ұйымның педагогикалық кеңесінің хаттама кітапшасы білім беру ұйымның істерінде 10 жыл сақталады және акті бойынша архивке беріледі.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда педагогтардің кәсіби біліктілігін қалыптастыруға жағдай тудыру әрбір басшыдан саналы көзқарас пен саралауды талап етеді. Педагогтардың өздігіненен білімін жетілдіру қабілеттілігінің диагоностикасысы ой туындатады. Осы себепті мектепке дейінгі ұйымдарда өткізілетін әдістемелік жұмыстардың өте тиімді, танымдық пайдалылығы жоғары деңгейде өтілу қажеттілігі күн тәртібінде тұрған мәселе. Балабақшадағы дәстүрлі ғылыми-әдістемелік жұмыстың бір түрі – педагогикалық кеңес болып табылады.
Педагогикалық кеңестерді сапалы түрде дайындап өткізу басшыларды толғандыратыны сөзсіз. Жаңадан тағайындалған басшы ма, әлде тәжірибелі басшы бола ма бұл күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Өйткені педагогикалық кеңесті ұйымдастырушы ұстаздардың педагогикалық кеңеске жай ғана жиналмай, кеңескендерін, педагогикалық кеңесте атқарылған жұмыстың нәтижелі болғанын көреді.
Категория: Профессиональное образование | Добавил: Сашуля (2013-01-30) | Автор: ШАҒЫН ЖОБА
Просмотров: 21831 | Рейтинг: 2.9/11
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-18, 8:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru