Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

Менің тәжиребемдегі өзгерістер
Шеберлік кластері:Менің тәжірибемдегі өзгерістер.
В.А.Сухомлинский : «Әлемдегі тұлғасынан күрделі,одан бай ешнәрсе жоқ» -, деп жазған.Бүгінгі күнде бүкіл ұстаздардың алдындағы мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді,шығармашылық іс-әрекетке қабілетті,еркін тұлға тәрбиелеу болып табылатындағы бәрімізге белгілі.
Қазіргі біз өмір сүріп жатқан алтын ғасыр жаңашылдыққа толы,әрі жаңашылдыққа бейім ғасыр деп айтсам,асылық айтқаным емес.Сол себепті де жаңашылдыққа жаны құмар тәрбиелеушілер осы «жаңалық» сөзін қалай қолданысқа енгізуде.Осы тақырыпта үңіле кетсек,жаңашылдықтың біздің ғылым саласында орны ерекше.Оның дәлелі жаңа технологиялар мен жаңа білім бағытына арналған жобалар.
«Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану-білім сапасын артырудың бірден-бір жолы»-деп орыс ғалымы Л.В.Занков айтқандай,расында да жаңа тезхнологиялар өз пайдасын беруде деп айтуға болады.Күн сайынғы тіпті сағат сайын артып,өзгеріп отырған әлемдік ақпаратқа ілесу,ондағы жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеріп, пайдалана білу,бүгінгі күннің мұғалімінен үлкен ізденісті,зор талапты,өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етіп отыр.Замануи жоғары техногияларды пайдалану арқылы ғана,біз ұстаздар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз.Қазіргі уақытта қолданыста жүрген 25-ке жуық оқыту технологияларды,40-қа жуық сабақ түрлері бар.Бүгінгі таңда әлем жаңа тың серпілістер үстінде.Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қоданылып жүргені анық.бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес.Сол себепті де жаңа әдіс-тәсілдердің өзімізге қажеттісін таңдап,білім беруге ыңғайлы жолын насихаттауға тиіспіз.Оның бір дәлелі қазіргі күндегі жүргізіліп жатқан мұғалімдердің біліктілігін арттырып,әдіс-тәсілдерді үйретуде мол үлес қосып Кембридж университетімен «Назарбаев зияткерлік мектебі» арасындағы жасалған жобаны атап кетпеске болмас.
Аталған Бағдарламадан күтілетін нәтижелр оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп,соның нәтижесінде еркін өзіндік дәлеле-уәждерін нанымды жеткізе білетін,ынталы,сенімді,сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған,сандық технологияларда құзырлық танытататын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Бағдарламаны меңгеру барысының ең төменгі,үшінші деңгейінде осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдалынатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.
Бағдарламаның модульдері:
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АҚТ) пайдалану.
5.Талантты және дарынды балалрды оқыту.
6.Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Бұл жеті модульді сабаққа енгізе отырып,әр оқушыны зерттеуге алуға мүмкіндік пайда болады.Курсты өту барысында мен де өз тәжірибемді осы жеті модульді сабақтарымда тиімді қолдануды жан-жақты меңгердім.
Білім жетілдіру курсының бірінші-бет кезеңінен соң,үйренген білімді,яғни жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибемде қолдану мақсатында сабақ беретін сыныптарым арасынан
8-орыс сыныбында қазақ тілі сабағын таңдап алдым.Таңдап алу себебім,бұл сынып жаңалықтарға жаны құмар,тез бейімделгіш.Бірақ,орташа оқитын оқушылар саны көптеу.Сыныпты зерттеуге алу себебімнің бірі,орташа оқитын оқушылар сабақ барысындағы іс-әрекеттерінің өзгерісін бір нәтиже көру.Бұл сыныпта 11-оқушы.Оқушылар әр түрлі деңгейде оқиды Алдымен сабағымды жоспарладым.Жоспарлау барысында «оқушыларым жаңадан енгізген тәсілдерімді жақсы меңгеріп,жұмыс жасай алады ма екен?» деген сұрақтың мазалағаны да рас.Бұл сұрағымның жауабын сабақ өту барысында оқушыларымның іс-әрекеті арқылы көрдім.Сабақты бастамас бұрын,оқушыларымның психологиялық жағынан көңіл-күйлерін қалыптастыру және олардың арасында достық қарым-қатынас орнату мақсатында түрлі көңіл көтеретін тренингтер қолданамын.Тренинг барысында көңілді ән әуені ойналып тұрды.Оқушылардың өз достары арасында өте еркін қимыл-қозғалыста болғанын байқадым.Қимыл-қозғалыстарындың ең тиімді болған сәті,оқушылар еркін бір-бірімен тілдесе алады.
«Құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде,олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады,осылайша,негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктергеие болады» 1. деген Мерсердің ойын негізге ала отырып,оқушылардың ұйымшылдық қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында топтарға бөлдім.Топта жұмыс жасауларына мүмкіндік туды.Топқа бөлу кезеңінде оқушылар тарапынан қарсылықтар байқалмайды.
Үй жұмысын тексеру кезінде де әр түрлі әдістерді пйдаланамын.Power Point бағдарламасында таныстырлым жасап келу,плакаттарға сурет салу,басқа топтарға сұрақтар дайындау арқылы жүзеге асырылып отырады.Жаңа тақырыпты меңгерту барысында да әр түрлі әдістер қолданағанды тиімді деп таптым. Жаңа тақырыпты ашу ең алдымен оқушылардың өздеріне жүктеледі.Тақырыпты талдау барысында кездескен қиындықтарды шешуге өз тарапынан түрлі таныстырылымдар және сұрақ-жауаптар арқылы шешіп отырамын.Жұмыс жасау барысында оқушылардың алғашқы сабаққа қарағанда,өзгеше мейрімділікпен,бір-біріне деген сыйластықпен жұмыс жасап жатқандары айқын көрініп тұрады.Сурет салу барысында бір байқағаным,барлық оқушы өз ойын ортаға салып,талдауға еркін араласатындығы.Тұйық деген оқушыларым топ ішінде кішкене болсын өз үлестерін қосқандарына сенімділік көзқарасымен отыратындықтарын байқап жүрмін.Сынып ішінде де еркіндік атмосферасы қалыптасты.Осы тұста Выготский айтқандай ,жақын арада дамыту аумағы қалыптасқанын байқадым.Бір топта отырған оқушылар бір-біріне көмек қолын созып,түсінбей отырған оқушыларға түсіндіріп,ұғындырып жатты.Мысалы жақсы оқитын оқушы Виктор Руппель орташа оқитын оқушылардың бірі Николайға ауызекі сөйлеу стилінің қолданылу ерекшіліктері жайлы егжей-тегжейлі түрде түсіндіріп отырғанын көрдім.Тақырыпты ашу мақсатында салынған суреттер көбіне «Топтастыру» стратегиясын кеңінен қолдана алды.Топтастыру барысында жақсы оқитын оқушы Безруков Владиславтың зерттеушілік қабілетін байқадым.Топта сөйлей алмайтын оқушыларды,сөйлеуге дайындап жатқандарынын куәсі болдым.Мұның дәлелі Владиславтың топтағы көшбасшылық жасап,топ мүшелері кімнен кейін кім,қандай тақырыпта сөйлетіндігі жайлы рөлге бөліп,топ алдында сөйлеуге ықпал етуі.Оның дәлелі сабақ жүзінде « Қазақстанның көне қалалары» атты тақырыпта оқушылардың сөйлеп өз ойларын дәлелдеп бергені мен және менің бірге жүрген әріптестрімді таңғалдырды.Оқушылардың қазақша таза сөйлегені.Ал сабақтың нәтижелігін көрсететін кезеңнің бірі-бағалау.Балаларды ынталандыру мақсатында формативті бағалаудың орны ерекше екенін байқадым.Өйткені,әр топ қорғаған сәтте оқушылардың бір-бірін қошеметтеп, күш-жігер беріп отырғандарын көргенде көз қуантты.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті нормалар мен стандарттар ғана емес сондай-ақ баланың дамуы,оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау,қабілеттілік және күш -жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады-деп Александр айтқандай , бағалау кезіңде оқушыларды критерийлік бағалау парағын қолдану арқылы топ ішінде бағалайды.Сонымен біре өзін-өзі және барлық топтарды бір оқушы бағалайды.
Қазіргі таңда осы әдістерді өз сабақтарымда өткізіп жүрмін,оның ішінде топқа бөлу,бағалау,жаңа тақырыпты өз беттерінше талдау сияқты т.б.
Қорыта келгенде Пажарестің «білім беру стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділіген гөрі сенімге негізделген ой-тармақтарынын ықпалы күштірек деп сендіреді:оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеті пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді» 3 дегендей, «Сенім»ұғымына тереңірек ұғынып,сабақтарымда тиімді қолдануға тырыстым.Оқушыларда сенімділік артқан сайын,олар жұмыс істеуінде жылдамдықтың,нақтылықтың көріне бастағандығының куәсі болдым.Сыныптағы оқушылардың ұйымшылдығы қалыптасып,топта бірлесе жұмыс жасаулары көз қуантады.Мені ең таң қалдырған іс-әрекеттердің бірі-бірде бір оқушы тақырыпта талдаудан тыс қалып қоймайды.Барлығы да өз ойын ортаға салып,талдауға толық қатысып отырады.Келешекте оқушылардың іс-әрекетін дамыта түсу үшін,тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,оқушылардың өздігінен жұмыс жасай алуына мүмкіндік беру керектігін түсіндім.

Пайдалынған әдебиеттер тізімі:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі)деңгей. (Мерсер 2005),29-бет
2.Нұсқаулық (Александр,2001)56-бет.
3.Нұсқаулық (Пажарес,1992),7-бет
Категория: Творческая мастерская | Добавил: begalina1979 (2014-11-25) | Автор: Асель E
Просмотров: 1934 | Теги: Асель, Бегалина | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-19, 5:32 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru