Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

ШЖБМ-і сабақтастық оқу-тәрбие процесінің үздіксіз және тиімді жұмысын қамтамасыз етудің негізгі жағдайы”.
БҚО,Теректі ауданы,Айтиев БМ
Дайындаған:Айтиев БМ-ң мұғалімі Танатарова Шолпан Каратаевна
Тақырыбы:“ШЖБМ-і сабақтастық оқу-тәрбие процесінің үздіксіз және тиімді жұмысын
қамтамасыз етудің негізгі жағдайы”.
Мақсаты мен міндеттері:
Даярлық сынып оқушыларының бастауыш сыныпқа, бастауыш сынып оқушыларын негізгі орта буынға бейімделуін,белгілі жүйені енгізу арқылы жеңілдету.

Сабақтастық-екі буын арасындағы ортақ мақсат-міндеттері,ортақ мазмұндық жүйе,баланы жүйелі,сатылы дамыту,бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау; білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.
Сабақтастық үш кезеңнен өтеді:
І – кезең.
0 – 1 сынып аралығындағы сабақтастық
ІI – кезең.
4 – 5 сынып аралығындағы сабақтастық.
ІII – кезең.
9 – 10 сынып аралығындағы сабақтастық.

Сабақтастық – оқушының ерекше алған білімін , дайындық дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін анықтап, кемшіліктердің орын алу себептерін, оның алдын алу жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру формаларының тиімділерін көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыстың бір түрі.Сондықтан мектепте оқу жылының алғашқы педогогикалық кеңесіңде сабақтастық мәселесі қаралып , төртінші сыныптың оқу – тәрбие жұмысына қатысу , оған басшылық беру жайы жоспарланды..Ондағы мақсат – бастауыш буынның даярлыған анықтау.Осыған орай тексерілуге тиісті оқытудың өзекті мәселелері іріктелініп алынады да соның негізінде өзіндік орындайтын тапсырмалар жүйесінің мазмұны қарастырылады, тапсырмалар оқыту мерзімдеріне қарай ( оқу жылының басында , аяғында) түрлі формада қолданылып , қорытындылар жасалады.Әрбір қатысушы оқушының білімі, дағдысы, ерекшілігі бақыланып, зерттеу жұмыстары қатар жүргізіледі.
Мектепке дейін ұйымы мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 5 жас пен 6 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.

Мектепалды даярлық – бастауыш буын арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:
1.Балалардың білуге деген құмарлығын дамыту.
2.Балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту.
3.Балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту.
4.Тілдік қарым-қатынасын дамыту/құрбы-құрдастарымен,ересектермен тіл табысып,сөйлесе білу/.
Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады.
1.Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады.
2.Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды.Мектепке дейінгі балалардың жетістігін қапсырып алып,балалардың жинақтаған әлеуетін педагогикалық практиканы ұйымдастыра отырып дамытады.
Сабақтастықтың түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады.
Мектепалды даярлық тобы мен бірінші сыныппен сабақтастық:
Баланың жеке тұлғалық, танымдық қасиеттерін дамыту, ойлау және өз ойын жеткізе білуге үйрету, айналаға танымдық көзқарастарын қалыптастыру, ата-аналарды сабаққа қатысуға тарту, психологиялық педагогикалық көмек көрсету, оқу еңбегіне дағдыландыру.
Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:
• Денсаулығын сақтау, нығайту
• Психологиялық дамуына жағдай жасау/есте сақтау,ойлау,қабылдау/
• Мектепте оқуға дайындау/мектеп,мектеп ережесі,қоңырау,үзіліс/
Бастауыш мектептің мақсаты:
• Денсаулығын сақтау,нығайту.
• Қабілеттерін,ойлауын дамыту
• Ерік,жігер сезімін дамыту.
Мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру, мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау,бала дамуының үздіксіз білім беру жүйесін құру- бұл мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша жұмысын ұйымдастыру болып табылады.
Психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепалды тобымен сабақтастық, мектепалды тобымен байланыс әрекеттері,
бірінші сынып мұғалімін таңдау, өзара сабаққа қатынасу, жазу және оқу нормативін орындау, грамматикалық және математикалық сауаттылыққа бірыңғай және бірізділік талап қою- бастауыш арасындағы сабақтастыққа кіреді.
МАДТ мен 1 сыныптың ерекшеліктері:
1 сынып
Оқытудың мазмұны
Мектепте пәндік оқу жүзеге асады,оқушылар ғылымның негізімен қаруланады,білім қатаң ғылыми ойлау түрінде беріледі.Мектептік оқу мазмұнына оқушыларды ақыл-ой еңбегінің білім және біліктерінің қиын тәжірибелерімен қаруландыру;математикалық тапсырмаларды шешу;шығарма,диктант жазу,сызбалар құрастыру,оқулықпен жұмыс.
Ұйымдастыру түрлері
 А) ұзақтылығы бойынша:күніне 4-5 сабақ,ұзақтығы 35-45 минут
 Б)құрылысы бойынша:
 -ұйымдастыру кезеңі
 -үй тапсырмасын тексеру және мадақтау
 Өткенді қайталау
 Жаңа сабақты түсіндіру немесе білімдерін фронтальды тексеру)бақылау жұмысы)
 Үйге тапсырма беру. /Бағалау/
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Көрнекі және ойын әдістермен үйлесімді сөздік және тәжірибелік әдістер кеңінен қолданылады. МАДТ
Оқытудың мазмұны
Оқу бағдарламалық бөліктермен өткізіледі.Балаларға қарапайым,түсінікті білімдер беріледі.Бағдарламаны игере отыра,балалар мектептегі пәндерді игеруге дайындалады.
Ұйымдастыру түрлері
 А)ұзақтығы бойынша:
Әр топта іс-әрекетінің өтілуі,ұзақтығы базистік жоспар бойынша өткізіледі.
 Б)құрылысы бойынша:
 Ұйымдастыру кезеңі
 Оқу іс-әрекетінің басталуы /оқу іс-әрекетінің барысына бекітулер/
 Оқу іс-әрекетінің барысы
 Балаларды мадақтау,қорытынды жасау
 Үйге тапсырма берілмейді,бақылау жұмыстары өткізілмейді.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Мектепке дейінгі мекемеде сөздік әдістермен үйлесімді көрнекі,ойын,тәжірибелік әдістер қолданылады.

Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар:
• Баланың дене бітімімен бірге,саусақ сүйектерінің дамуы мен көру қабілеті т.б.
• Іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі.
• Құрбыларымен,үлкендермен қарым-қатынасы.
• Қоршаған ортасын қабылдау бейімі т.б.
Алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын —ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар.
Арнайы білім беру кеңістігін құратын орта:
Оқу, ойын,демалыс бөлмелері;
Жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;
Гигиеналық талапқа сай асхана немесе буфет;
Сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын;
Баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы.т.б.
Өмірді жаңа тани бастаған баланың балабақша – мектепалды сынып – бастауыш мектеп оқу тәрбие әрекетін жүйелі де дұрыс ұйымдастырсақ – алғыр ойлы, зерек, қағылез, ширақ, батыл балдырғандарды тәрбиелей аламыз.

Бірінші сынып оқушылардың бастан кешетін үш қиындық
• Мектеп ережесіне бейімделуі
• Мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен, отбасында болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындауы.
• Бірінші сыныптарда көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман қиындықты сезіне бастауы.
Мектепке дейінгі мен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша келесі жұмыстар ұйымдастыру керек
*мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау.
*мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру.
*бала дамуының үздіксіз білім беру жүйесін құру.
Үлгі жоспар:/МАДТ-1 сынып/
Жұмыс түрлері Тәрбиеші 1 сынып мұғалімі Уақыты
Тәрбиеленушілердің білім деңгейімен танысу. Бақтиярова Балдәурен Болатқызы Танатарова Шолпан Каратаевна Қазан
І ж.ж бойынша үйренгені Желтоқсан аяғы
Тәрбиеленушілердің білім деңгейін анықтау Ақпан
Қорытынды Мамыр

Оқушының бір буыннан екінші буынға өтуі кезінде туындайтын мәселелер
1.Оқушының жаңа ортаға бейімделу
( адаптация) процесі жүреді.
2. Оқушының оқу танымындағы білім және дағдылары жаңарады, күрделенеді.
Бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастық
1)Бастауыш сынып мұғалімі әр баланың мінез – құлқын, қабілетін бес саусағындай біледі. Бастауышты бітіргенде оқушыларының есейіп, білімді болып қалыптасқанына сүйіспешілікпен қарайды.
2) Ал 5-ші сыныпқа қабылдап алған сынып жетекшісі, пән мұғалімдері үшін олар өздігімен көп жұмыстана алмайтын, балабақша балаларына ұқсайтын ерке болып көрінеді.
Бұл жерде екі буында білім беретін мұғалімдердің тығыз байланыста жұмыс жасау қажет екендігін аңғару қиын емес.
4 сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстар мазмұны
Мақсаты :
Оқушыны бейімделу кезеңіне әзірлеу,оларды жаңа пәндермен және жаңа мұғалімдермен таныстыру
Дәл осы бастауыштан орта буынға өткен кезде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы төмендеп, сабақ үлгерімі нашарлап кетеді. Себептері неде?
1) сынып жетекшінің өзгеруі
2) әртүрлі пән мұғалімдерінің сабақ беруі
3) басқа пәндердің қосылуы
4) кабинеттегі жүйеге көшуі
5) берілетін материалдың молдығы
6) талаптың көптігі
Ол үшін не істеуіміз керек?
• Бастауыш сыныппен пән бірлестіктері бірлескен жарыс-тар,диспуттар,кездесулер өткізілсе,өздерінің толғындаратын мәселелерін қарастыру керек.
• Жыл ішінде өзара сабаққа қатысып,1-2 сабақ беріп,болашақ 5 сынып оқушыларымен ата-аналарымен,мұғалімдермен танысу.
• Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері де орта буындағы пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып олардың әдістемесін өз сабақтарында пайдалану қажет.
4 сынып оқушыларымен келесі жұмыстар ұйымдастыру қажет: 5 сынып шараларына қатысу, 5- сынып жетекшісімен,пән мұғалімдермен танысу, психологпен,Әлеуметтік ұстазбен кездесулер.
Ал 5 сынып мұғалімдері: 4 сыныпқа сабақ өткізу, тәрбие шараларына қатысу, ата-аналармен пікірлесу, сауалнама,әртүрлі тренингтер,ойын-сабақтар,т.б. жүргізу арқылы болашақ 5 сынып оқушылардың қабілеттерін анықтау деген жұмыстар жүргізу керек.
Біздің мектебіміздің бастауыш және негізгі мектеп арасындағы сабақтастық бойынша жұмыстарымызға қысқаша тоқталып кетейін.
Мақсаты: 4 сынып оқушыларының ортаңғы буынға бейімделу деңгейлерін байқау;
Оқушының ерекше алған білімін , дайындық дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін анықтап, кемшіліктердің орын алу себептерін, оның алдын алу жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру формаларының тиімділерін көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;
Бастауыш буынның даярлыған анықтау.Осыған орай тексерілуге тиісті оқытудың өзекті мәселелері іріктеу, соның негізінде өзіндік орындайтын тапсырмалар жүйесінің мазмұнын қарастыру.
Міндеттері:
а) оқушының жұмыс қабілетін анықтау; оқушыны зерттеу , білу.
ә) білім көрсеткіші, дағдысын бақылау;
б) оқушы ерекшеліктерін ескеру ( сабақтағы жұмыс түрлеріне қатысы);
в) ата – ана мен сынып мұғалімінің бірлескен іс – нәтижесі;
г)оқушы шығармашылығын дамытуда жүргізілген жұмыс түрлері
( үйірме,әртүрлі секцияларға,/аула клубтарға/ қатысы);
Өткізілген жұмыстар:
• Математика, қазақ тілі, дүниетану,әдебиеттік оқу пәндерінен 5-сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің кездесулер,сабақ беруі ұйымдастырылды.
• “Жаңа пәндермен танысайық” тақырыбында жаңа пән иелерімен кездесу сағаты өтті, пәндермен таныстырылды.
• Психологпен кездесулер ұйымдастырылды.
• “Менің екінші мектебім”атты Ақсуат ОЖББМ-не 4 сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылып,оқушыларымызды 5 сыныпта өткізілген іс-шараға қатыстырдық.

Үлгі жоспар:/4-5 сыныптар/
№ Пәні Сынып жетекшісі: Қатысатын мұғалімнің аты-жөні Сыныбы Өту мерзімі
Өтілетін іс-шара
1 Математика /Негізгі мектептің пән мұғалімі/ 4 Қазан ашық сабақ
2 Қазақ тілі /Негізгі мектептің пән мұғалімі/ 4 Қазан ашық сабақ
3 Әдебиеттік оқу /Негізгі мектептің пән мұғалімі/ 4 Сәуір ашық сабақ
4 Дүниетану /Негізгі мектептің пән мұғалімі/ 4 Сәуір ашық сабақ
5 Психологпен тренинг өткізу /Негізгі мектептің психологі/ 4 Жыл басы, соңы Тренинг

Нәтиже /5- сынып/ :
Оқушы негізгі буынға бейімделген.
Жан-жақтан келген балаларға тез бейімделеді.
Мұғаліммен еркін қарым-қатынас жасайды.
Сынып жетекшісін жақсы біледі.

Бірлесіп атқарған мұндай шаралардың берері мол. Орта буындағы пән мұғалімдері бастауыштан енді ғана келген оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, сабақта, оқу-тәрбие жұмысында сабақтастықты қадағалап отырса, оқушылар осы аралықтағы психологиялық кедергілерден қиналмай өтеді.
Сабақтастық проблемаларын әр жеке тұлғаның қабілеттеріне сәйкес оның сұраныстарын қанағаттандыратын үздіксіз білім берудің тұтас жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Категория: Творческая мастерская | Добавил: Тимок (2015-03-24) | Автор: Танатарова Шолпан Каратаевна E
Просмотров: 4346 | Рейтинг: 2.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 0:56 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru