Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

Оюлар сыры
Ақтөбе қаласы
«Ақбөбек» балалар орталығы
Тәрбиеші: Батыргалиева Жанна Александровна
Телефон: жұмыс: 53-11-99
ұялы: 8-775-940-51-97

Білім саласы: Таным, қатынас, әлеуметтік, шығармашылық.
Білім бөлімі: Тіл дамыту, көркем әдебиет, айналамен таныстыру, сурет, жапсыру, құрастыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Оюлар сыры»
Мақсаты: : Балаларға ою - өрнектердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру, түстерді дұрыс таңдап, үйлесімділікті құра білуге үйрету. Әдеби сөздерге, мақал-мәтел, тақпақтарға қызығушылығын, оны үйренуге деген белсенділігін арттыру.
Әр түрлі ойындар арқылы балалардың сөздің қорын, танымдылығын айнала қоршаған ортасын, шығармашылығын одан әрі кеңейту. Бастырып салу әдісі арқылы картоппен және субоямен, желімдеп жапсыруда, құрастыруда жұмыс іскерліктерін қалыптастыру.
Өз ұлтының өнерін сүюге, құрметтеуге баулу.
Қос тілдік компонент: Өрнек-узор.
Көрнекі құралдар: киіз үй, жайлау көрінісі, ою - өрнек түрлері, ұлттық киім, суреттер, асық, конверттер, үнтаспа, аттар, торсық, т. б.
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Балалар бүгінгі сабағымызда біз жайлауға барамыз
- Барғыларың келе ме?
- Олай болса аттарымызға мінейік.
(Жайлауда көк шөптер өскен, әр жерлерде гүлдер жатыр. Ортасында киіз үй. Киіз үйде көрпе төселген. Қамшы, ұлттық киім ілулі тұр).
- Музыка ырғағымен балалар жайлауға да келіп жетті.
Педагог:
- Балалар, мінекей біз жайлауға да келіп қалдық. Қараңдаршы, қандай тамаша! Біздердің жайлауға баратынымызды естіп, тамашалауға қонақтарда келіп қалыпты. Қанекей амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, көк аспан.
Қайырлы таң, жер ана,
Қайырлы таң, қонақтар
Қайырлы таң, достарым.
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Достарымызды көргенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Сәлем, Сәлем, Сәлем.
Негізгі бөлім:
Педагог: Қәнекей, балалар, киіз үйге жайғасайық.
(Суретте ұлттық киімдерді, ыдыс - аяқ т. б. ілулі тұр).
- Мына суретте нені көріп отырмыз?
- Ұлттық киімдерді, ыдыс – аяқтарды, ою- өрнектерді.
Педагог: Қазақ халқының қол өнері - бай өнер. Қол өнер түрлері көп. Мысалы: кесте тігу, тоқу, өру, ұлттық киімді әшекейлеу, киізден жасалған заттар. Қол өнердің ең негізгі орын алатыны ою - өрнек. Ою - өрнексіз бұйым жасалмайды. Ою - өрнек киіз үйден көптеп көруге болады. Ою - өрнекті жан - жануарлардан, өсімдіктерден, құстардан қарап жасаған. Ең көп тарағаны "Қошқармүйіз". Бұл ою киізден, былғарыдан жасалған бұйымдарда әшекейленеді. "Гүл" өрнегімен орамалдарды әшекейлесе, "Балдақ", "Толқын" өрнектерімен алаша, кілем шеттерін өрнектеуге пайдаланған. Енді, ою-өрнек жайлы тақпақтарды еске түсірейік.
Даниал: Көздің жауын алатын
Көрсең апам киізін,
Елестетер оюы
Иыр қошқар мүйізін.
Айгерім: Киіз үйдің ішінде
Ала қотан отырып
Қаз табанды қолданып,
Басқұр, баулар тоқыдық.
Аяулым Қол таңбасын әжемнің анық көріп,
Бұл кестенің сырына қанық болып,
Өнерімен өзгелерді тамсандырып
Құс қанаты өрнегін салып бердім.
Асемай: Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға.
Салт дәстүрі халқымыздың жалғасуда.
Сыңық мүйіз оюы сәндікпенен
Көз тартып ұрпақтарға жалғасуда.
("Қошқар мүйіз", "Қазтабан", "Сынық мүйіз", "Құсқанат" ою өрнектермен таныстырады).
«ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіді. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.
«СЫНЫҚМҮЙІЗ» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әр түрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.
«ҚҰСҚАНАТ» ою-өрнегі бұйымдарда көп қолданылады. Бұл ою қанатын жайып, ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. Қазіргі кезде «құсқанаты» ою-өрнегін басқа өрнектермен аралас колдана береді.
«ҚАЗТАБАН» ою-ернегі қаздың табанын тұспалдаған күрделі S элементтерінен тұрады. Бұл оюдың S үлгімен бейнеленетін «ботамойын» оюынан айырмашылығы екі қатар орналасқан SS екі қаздың бейнесін тұспалдайды. Қаздың басы, мойны анық байқалып тұрады.
Сергіту сәті.
Ал, балалар тұрайық,
Ою - өрнек сызайық,
"Түйе табан", "Ботакөз",
«Қошқар мүйіз", "Қос мүйіз"
"Ирек" пен "Құс қанат"
"Қос дөңгелек" "Тұмарша"
Ою - өрнек әлемі
Қылқаламды аламыз.
Әдемі сурет саламыз.
Педагог: Иә, балалар «Өнер- таусылмас азық, жұтамас байлық»- дейді халық даналығы. Біз де өз өнерімізді ортаға салып көрсетейік. Сендерді өнер орталығына шақырамын. Қазір ыдыс - аяқтың бір түрі торсықты әшекейлейміз. Торсыққа көже, айран, шұбат т. б. сусындарды құйып алыс жолға шығады екен.
Олай болса,
1 топ. «Қошқармүйіз» ою өрнекті бастырып бояйды.
2 топ. Ермексаз бетіне дәндерді орнастырып ою өрнек жасайды.
3 топ. Саусақпен ою өрнекті салады.
4 топ. Түрлі- түсті салфеткамен жапсыру жұмысын орындайды.
Педагог: Балалар енді біз «Өз оюыңды құрастыр» дидактикалық ойынын ойнаймыз.
Мақсаты: төрт түрлі оюды әр топка құрастырып шығуды тапсыру. Құрастырған оюдың атын атау.
Педагог: Жарайсыңдар, енді балалар біздер "Асық ойынын " ойнайық. Мына дорбаның ішінде нөмірленген асық тұр. Осы асықты алып нөмірленген конверттегі тапсырмаларды орындаймыз.
1. 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері сана.
2. "М" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Сөз ойла.
3. Қазір жылдың қай мезгілі?
4. 5....... 7....... 9......... көршісін табу.
5. 2, 3 буындардан тұратын сөздерді құра.
6. Ұлттық ойындардың атын ата?
7. Ою-өрнек туралы мақал мәтелдер айтып беріңдер.
Диас: Ою ойғанның – ойы ұшқыр.
Талғат: Ою ойған, сызу да сызады.
Жантөре: Шешеннің сөзі ортақ,
Шебердің қолы ортақ.
Педагог: Жақсы балалар, тапсырмаларды дұрыс орындадық. Олай болса киіз үйге кіріп ақтан ауыз тиейік.
Талғат бата береді:
Асың асың асыңа,
Берекет берсін басыңа.
Дастарханның мол болсын.
Қайда барсаң алдыңнан,
Жарқыраған жол болсын!
Аумин!!!
Педагог: - Жарайсыңдар.
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей
Шешен болар ме екенсің.
Бармақтарың майысып
Түрлі ою ойысып
Шебер болар ма екенсің – деп, балалар бүгін бәрің де оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар, жақсы жауап бердіңдер, торсықты әдемі етіп оюмен әшекеледіңдер. Сендердің жұмыстарыңды көріп қонақтарда қуанып қалды. Енді қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар!
ҰОІӘ аяқтап балалар аттарына мініп музыка ырғағымен топтарына барады.
Категория: Творческая мастерская | Добавил: akbobek_bala (2015-04-02) | Автор: Батыргалиева Жанна Александровна E
Просмотров: 1478 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 6:51 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru