Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

Өзгеріс не үшін қажет
Өзгеріс не үшін керек? Дәл бүгінге дейін осы сұраққа жауап іздеуде терең үңілмеппін. Мен үшін өзгелер ізденіп жауабын дайындап беруге міндетті деп ойламасам да, сұраққа жауап іздегеннен гөрі дайын жауап алуға бейім едім. Педагогикалық шеберлік орталығының тәжірибелі тренері А. Көпешеваның бағыттауымен қажетті ақпараттарды жинақтау мақсатында ғаламтордағы желілік қоғамдастығы сайтына кірдім.
Сондағы атыраулық әріптесім С. Архипованың оқытудағы жаңаша ұстанымдары түралы жазбалары маған ой салды. Дәстүрлі оқыту тәсілдеріндегі «білемін-білмеймін», «жасаймын-жасай алмаймын», «игеремін-игере алмаймын» ұстанымдарынан түбегейлі жаңашылдыққа бағыттайтын «іздеймін-табамын», «ойлаймын-шешемін», «зерттеймін-білемін» ұстанымдарын игеру қажеттілігі XXI ғасырдың өзекті мәселесіне айналды. Демек ғасырдың көшіне ілесе алатын тұлғаны баптау үшін ең адымен мүғалімнің өзі өзгеруі қажет. Қазіргі заманымыз қандай? ХХІ ғасыр жер бетіндегі үлкен өзгерістер ғасыры - демографиялық жарылыс, тыныштық пен қауіпсіздікке ұмтылу, орнықты даму кезеңі, ақпараттық - коммуникациялық техноло-гиялардың дамуы және әлемдік жаҺандану ғасыры. Әлемде осындай өзгерістер болып жатқанда, егемендігін 23 жыл бұрын ғана алған біздің мемлекетімізге басқа мемлекеттермен терезесі тең болып тұру үлкен еңбекті қажет етеді. Техника мен технологияның, ғылымның жоғары деңгейде дамуы, ақпараттың мейлінше өсуі, бүгінгі постиндустриялық заманның басты ерекшеліктері мен қоғамда тұлға рөлінің өсуі, адам миының мүмкіншіліктерін бұрынғыдан тиімді пайдалану мәселесі адамзаттың негізгі міндеттерінің бірі болуы, әлем елдерінің өздерінің білім беру жүйелерінде реформа жүргізуге әкелді. Сондықтан Қазақстанда да оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындауға бағытталған оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілген өзгерістерді басқару проблемасы туындады.
Біз бүгінгі заман аса жоғары білімді қажет етеді деп көп айтамыз. Білім - қай заманның болсын тірегі. Білімі теңдердің ғана бір-бірімен терезесі тең. Білімді болу үшін оқып-үйрену азшылық етеді, өйткені адамды күштеп те оқытуға болады. Ал білімге, білімді болуға ұмтылысы адамның жан қалауымен, жүрек тілегімен іске асуы керек. Әрбір сөздің басын бастағанда Абайға келіп жүгінеміз. Оның да ерекше себептері бар. Өйткені "Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі" басшылыққа алып, "толық адам" болу жолын көздесең ғана дүниені танисың. Біз бәсекеге қабілетімізді ілім-ғылымның көмегімен ғана жүзеге асыра алатынымыз әзелден белгілі. Демек білім саласын жетілдіріп, кез-келген жағдайда жылдам және дұрыс шешім қабылдай білетін, еркін өзіндік ой-пікірі қалыптасқан азаматтарды тәрбиелегенде ғана ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдырған салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын сақтап ата-бабаларымыздың келер ұрпаққа аманат етіп қалдырған жерін ұрпаққа мұра етіп қалдыра аламыз.
Ғылым озық сананы, ұшқыр ойды, зерек қабілетті қажет етеді. Дамыған елдердің барлығы ғылымымен озған, ғылым-білімінің арқасында әлемді мойындатқан. Біздің елімізде де осы үдеріске ілесуге бағыттылған іс-шаралар жүзеге асырылуда .
2012 жылдың 26 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлыбританияға барған сапарында Кембридж университетінде болып, G-GIOBaI бастамасының тұжырымдамасы аясында халықаралық ынтымақтастық туралы жаһандық проблемаларды шешу мақсатында бірқатар ұсыныстар бойынша сабақ өткізгенін білеміз. Нәтижесінде Кембридж университеті білім беру және ғылыми зерттеулер салаларында Қазақстанмен жемісті ынтымақтасуының «Болашақ» бағдарламасы қазақстандық ұстаз әлеуетіне мол мүмкіндік беріп отыр. Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының Бірінші денгей бағдарламасын тыңдаушысы ретінде менің Қазақстанға өзгеріс не үшін керек екенін, қай елдердің білім саласындағы реформалары біз үшін тиімді болатыны туралы зерттеулерім өзімнің ұстанымдарымды өзгертуге, өзімнің мектебімнің табыстылығына септігін тигізеді деп есептеймін.
Барлық елдер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де халықаралық зерттеулердегі жүлдегер - елдердің ұлттық білім беру жүйесінің қызмет ету тәжірибесін талдаудың маңызы зор. Оқушылардың білімі мен білігін бағалаудың PISA (Program for International Student Assessment) халықаралық бағдарламасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүзеге асырады. PISA зерттеулерінде оқу сауаттылығы, математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы бағаланады. 2009 жылғы PISA зерттеуі бағалауы бойынша "орташадан жоғары" нәтижені барлығы 14 ел көрсеткен. Солардың арасында Шанхай, Финляндия, Сингапур елдері нықтап жайғасқан, сол себептен осы елдердің білім беру саласындағы озық тәжірибелермен жақын танысуды жөн көрдім.
Шанхай - Қытайдың орталыққа бағынатын төрт ірі қаласының бірі, елдің маңызды және мәдени орталығы. ХХІ ғасырдың басынан Шанхай әлемдік деңгейдегі қала атағын қайтарып алып, бүкіл Шығыс Азия орталығы болудан үміттеніп отыр. Шанхайда білім берудің үздік жүйесінің тәжірибесінде келесі үш фактордың:
1) лайықты адамдар ғана мұғалім болуы керек;
2) олар оқытушылық қызметтің тиімділігін барынша арттыратын дайындықтан өтуі қажет;
3) әрбір оқушы сапалы білім алатындай жағдайды қамтамасыз ету қажет шешуші рөл атқаратынын анықтадым (А.Құсайынов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы»)
Мектеп жүйесінің тиімділігі жоғары Финляндия, Сингапур сияқты елдер мұғалім жұмысының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Бұл елдерде осы кәсіпке үлкен жауапгершілікпен қарайтындығын анықтадым және кез-келген адам мұғалім мамандығын таңдай алмайтындығын «А» есебін жазу барысында оқып білдім. Екі елде де тарихи тұрғыда қалыптасқан мұғалімдерге деген жоғары құрмет, халық арасында жоғары мәртебе береді және мұғалім мамандығына білікті адамдарды тартуға себеп болады. Мектеп жүйесін реформалауды алдына міндет етіп қойған саясаткерлер парадигманың жаңа жиынтығын басшылыққа алу керектігін анықтап дәлелдеген. Бұл мақсатқа жету жоғары еңбекақыға немесе мәдениетілікке ғана емес, білім беру саясаты саласындағы аса маңызды шешімдерге: кәсіби оқыту үшін іріктеудің қатаң үдерісін ұйымдастыруға, бастапқы еңбекақының жоғары төленуіне, мұғалім мамандығының мәртебесін көтерудің жан-жақты қарастырылған шараларына байланысты болды. Білім беру саласындағы жүлдегер елдердің тәжірибесінде педагогикалық жоғары оқу орындарына ең жақсы мектеп түлектерін қабылдайды: Финляндияда - 10%-дан, Сингапур 30%-дан. Егер жоғарыда айтылған мәселелер біздің елде де орын алса сөзсіз тиімді болар еді. Мұғалім барлық кезде алдында отырған шәкіртіне «өзін өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал етуі қажет» (МАН) сонда балаларға мамандық таңдауға бағыт бере отырып, мектеп жасында белгілі бір мамандыққа қызығушылығын арттыратынымыз сөзсіз. Демек өзгерісті өте әріден бастау керек. Мұғалімнің жалақысын көтеріп, жастардың мұғалімдікке қызығушылығын ояту керек. Ақылы оқытатын педагогикалық университеттің керегі жоқ - дәл қазір мұғалім кадрлардың жетіспеушілігі біздің елімізде жоқ. Мұғалімге талапты күшейту керек, тек қана білімді, балаларды өте сүйетін, олардың және еліміздің келешегін ойлайтын, соған жаны ашитын адам ғана мұғалім болуға лайықты екенін, мұғалім болу ақшадан, мәртебеден және танымалдықтан да артық екенін ұғындыру керек. Өйткені мұғалім еңбегінің ұзақ нәтижесі бар - біздің қолымызда балаларымыздың келешегі, еліміздің келешегі, еліміздің дүниежүзі елдерінің арасындағы биіктегі орны.
Мұғалім мамандығына жауапкершілікпен қарау елімізде белең алып отырған мәртебе проблемасын шешуге ықпал етері анық. Оқыту сапасын арттыруға, оған көмектесу үшін үздік жүйелерде жеке өз жұмысындағы кемшіліктерін жете түсінуге және сынақтан өткен озат тәжірибелер туралы нақты білім алуға, сондай-ақ өз жұмысын жақсарту үшін қызығушылық туғызуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасалады. Жалпы алғанда осы мақсаттарға жету үшін қолданылған тәуелсіз, жақсы нәтижеге жеткізетін төрт тәсіл іске асырылады: Біріншісі - педагогикалық білім берудің ерте кезеңінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Финляндияда мектептің күнделікті өмірі мен студенттердің оқу бағдарламасының мазмұны арасында тығыз байланысты қамтамасыз етеді. Жапонияда мектепте бірінші жыл жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған қарқынды даярлаудың міндетті бағдарламасы енгізілген. Оларға бірінші жыл жеке тәлімгер бөлінеді, олар өзінің тәлім алушысына көмек көрсетеді, бірақ олардың сыныптағы жұмысына баға бермейді. Екіншісі - мұғалімдерге қолдау көрсету үшін мектептегі тәлімгерлікті ұйымдастыру. Сингапурде аға мұғалімдер мен шебер-мұғалімдер тағайындалады, олардың міндетіне тәлімгерлік пен басқа мұғалімдердің шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету кіреді. Англияда жақсы нәтижелерге жеткен тәжірибелі мұғалімдерге тәлімгерлік жұмысқа көп уақыт бөлу үшін толық емес жүктеме беріледі.
Үшінші - жетекші тәлімгерлерді іріктеп алу және дамыту. Тәлімгерлік бір реттік, қысқа мерзімді шара ретінде де пайдалы, алайда ол мектепте тәлімгерлік мәдениет жасалып, оған қолдау көрсетілсе ғана шын мәнінде ұтымды болады. Бұл мақсатқа жету үшін кейбір жүйелерде мектеп басшысы өз әріптестерінің шеберлігін ұштауға қабілетті, сыйлы педагог болуы керек деген ереже бар. Сингапурде кандидат қатаң іріктеу барысында бағалау орталығында тест тапсырады, бұл жерде ол адамның мінез-құлық ұстанымдарының мектеп басшысына қойылатын негізгі талаптарға сәйкестігін анықтауға арналған тапсырмалар орындайды. Мектеп директорлары әкімшілік қызметке емес, педагогтармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлуі керек.
Төртінші - мұғалімдерге бір-бірінен үйрену үшін жағдай жасау. Жапонияда мектепте оқыту мәдениеті "сабақты оқып білу" қағидасы негізінде құрылады. Осы мәдениет шегінде мұғалімдер бірге жұмыс істеу үшін шағын топтар ұйымдастырады, соның барысында қандай да бір сабақты өткізу әдістері талданады және пысықталады, бірге жоспарлау жүзеге асырылады, оны қалай қолдану талқыланады және содан кейін белгілі бір білім беру мақсатына жету үшін әр түрлі педагогикалық стратегиялар бағаланады. Бұл жүйеде озат іс-тәжірибенің кең таралуына зор мән беріледі: өте жақсы америкалық мұғалім зейнетке шыққанда онымен бірге оның барлық сабақ жоспарлары мен ол жасаған әдістемелер де кетеді. Ал жапондық мұғалім кеткенде, ол өзінің бар мұрасын артына қалдырып кетеді. (А.Құсайынов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы»)
Шанхай мектептерінде әріптестерінің жұмысын зерттеу және мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық ерекше құбылыс емес, қалыпты жағдай болып табылады. Әр мұғалімнен семестр бойына әріптесінің кем дегенде 8 сабағына қатысуы талап етіледі. Финляндияда мұғалімдер апта сайын мектеп бағдарламасын бірігіп жоспарлау және әзірлеу үшін күндізгі бос уақыт бөлінеді. Жекелей немесе топтық сабақ шегінде қосымша бір жылдық даярлықтан өткен арнайы мұғалімдер артта қалушылар санына қосылуы мүмкін оқушыларға жекелей көмек көрсетеді. Аталған мемлекеттерде мектепті әкімдеуде, басқаруда мектеп көшбасшылары маңызды рөл ойнағанымен, оқушылардың сабақ үлгеріміне мұғалімдер сабақ барысында орнататын сыныптағы ахуал басты ықпал етеді екен. .
Біздің елімізде де қоғам дамуының барлық саласындағы өзгерістерге орай білім саласы да жаңаруда. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Демек мен де оқушылар алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды өмірде керек кезде пайдалана алу қабілетіне жоғары мән беруім керек. Тек қана білімді емес, мақсатқа талпынатын, тез тіл табысатын, іскер, батыл, әуесқой, салмақты, қанағатшыл, дербес, табанды , табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін дағдыны қалыптастыру , жоғарыда көрсетілген елдердегі тәсілдерді кіріктіретін болсақ мектептегі құзырлы тұлғаны қалыптастыруға тигізер пайдасы мол деп ойлаймын. Өйткені біз тәуелсіз халықаралық қоғамдастықта өмір сүреміз. Еліміздің білім саласына жұмсап отырған қаржы осындай өзгерістерді, мұғалімдерден шешуші қадам жасауды талап етіп отырғандығы белгілі. Сондықтан біз балаларды ойлауға икемді, өмірдегі өзгерістерге бейім, жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін сындарлы оқытуды ендіруіміз керек . Мұғалімге талапты күшейту керек, тек қана білімді, балаларды өте сүйетін, олардың және еліміздің келешегін ойлайтын, соған жаны ашитын адам ғана мұғалім болуға лайықты екенін, мұғалім болу ақшадан, мәртебеден және танымалдықтан да артық екенін ұғындыру керек. Өйткені мұғалім еңбегінің ұзақ нәтижесі бар - біздің қолымызда балаларымыздың келешегі, еліміздің келешегі, еліміздің дүниежүзі елдерінің арасындағы биіктегі орны. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауында "оқыту жүйесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу керек" деп бекер айтпаған.
Дүние жүзінің дамыған елдерінің және менің елімнің білім жүйелерін салыстыра келе, мен өз мектебімде қандай өзгеріс жасауым керек, жұмысымды неден бастауым керек деген сұрақтарға жауап іздедім. Мен жұмысымды мектепке "көшбасшылық" ұғымын ендіре отырып, бүгінгі таңда мектеп көшбасшылығы бүкіл әлемде білім беру саласындағы саясаттың басымдығына айналып отырғандығын өз ұжымыма түсіндіруден бастауым керек. Мектеп көшбасшылығын жетілдіру жөніндегі ЭЫДҰ зерттеуі мектеп көшбасшылығының жақсаруы мен мектеп нәтижелерінің жақсаруы арасында тікелей байланыстың бар екенін көрсетеді. "Көшбасшылық" мәнінің дәстүрлі көзқарасы бойынша көшбасшы - үйірімпаз, жоғары мәртебелі саналатын; тағайындалатын немесе сайланатын; ерекше құзыреттер жинағын иеленетін; бақылау жүргізетін; барлық жағдайларда қолданылатын "үздік" үлгілік тәсілдердің әмбебап жинағын пайдаланатын тұлғалар. Сондықтан мен бастамашыл, өз қызметтерін ұсынатын, басқалардың атынан шешім қабылдайтын, оқушылар мінез-құлқын модельдей алатын, жағдайларға жеңіл бейімделе алатын, шынайы жағдайларға ықпал ететін білім беру мән-мәтінін тиісті дәрежеде бағалайтын жеке тұлға болуым керек. Мұғалім ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттілікер берілмегендігін түсінеміз, алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретіндегі моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибемізге өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз. (МАН 73 бет) Мен мектебімде коучинг үдерісі мен тәлімгерлікті жүргізе отырып, командалық жұмысты және бірлескен оқуды ұйымдастыру арқылы көшбасшылықта неғұрлым белсенді рөл атқаруға мүмкүндігім болады және осы әрекетте іскер адамдарды, ата-аналарды және қоғамдық ұйымдарды тартуыма мүмкіндік береді. Ата-аналармен, мұғалімдер және оқушылар арасындағы байланысты жақсартып бірлескен жұмысты жүйелеуге ықпалын тигізеді. Ынтымақтастық мұғалім көшбасшылығының "жүрегі" болып табылады, өйткені көшбасшылық ұжым болып енгізілетін өзгерістерге негізделеді. Мұғалімнің көшбасшылығы тиімді болу үшін оның барысында өзара сенімділік пен қолдау көрсету орын алуға тиіс. Сингапур еліндегі бірлескен жұмыстардың тиімділігін өз мектебімнің тәжірибесін түрлендіруге пайдалана аламын деп ойлаймын.
Мектеп өмірінде көптеген кедергілер кездеседі. Бұл кедергілерді мен тек қана мектеп басшылығымен ауызбіршілікте болғанда ғана шеше аламын. Өйткені мектеп басшылығы мұғалімдердің жұмысқа деген ынтасы мен мүмкіндігіне, сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің артуына, оқушылар білім алатын жағдайға, ахуалға ықпал ету арқылы мектеп нәтижелерін жақсартуда басты рөл атқарады. Lesson Study сабақ барысында болып жатқан кедергіні анықтауға және шешуге ықпалын тигізеді де менің ойымша мұғалімдердің зерттеу жұмыстарына деген көзқарасын қалыптастырады.
Шәкірттеріміздің болашағы , ертең дүниеде "өз тетігін тауып, кірпіш болып қалануы" мәртебелі ұстаздардың қолында. Сондықтанда басқа елдердегі білім саласында оқушылардың қажеттілігіне қарай әрекет жасау болашақ ұрпақтың өмірде өз орнын табуға ықпал етері сөзсіз. Заман мұғалімнің өзгеруін талап етіп отырғанда өзгеріссіз қалуы меніңше қауіпті. ХХІ ғасыр дағдыларын оқушы бойына игерту, кез келген кедергіні шешуге бағытталған іс-әрекет жасай алуды, оқушының қажеттілігін қанағаттандыру мұғалімнің біліміне байланысты.
Ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: "Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады" - деген екен. Осындай ойлармен мен алдағы мектептегі тәжірибе кезеңіне кіріскелі отырмын.

Пайдаланылған әдебиет:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері) деңгей. Екінші басылым. University of Cambridge. Faculty of Edication.
2.А.Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Оқу құралы. Алматы -2013 ж.
3. А.Құсайынов. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. Алматы - 2013 ж.
4. Самопознание.kz. №10 Октябрь - 2011 г.
Категория: Творческая мастерская | Добавил: ойсал (2015-04-27)
Просмотров: 2749 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 9:51 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru