Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

Халықтық педагогика
Аяужан Карбозова
Астана қаласындағы
№ 27 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Баяндама
Халықтық педагогиканы қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Мемлекеттік тілді оқытуда жан-жақты дамыған, бойында адамгершілік қасиеті мол, тәрбиелі тұлға қалыптастыру біздің міндетіміз. Яғни, қазақ халқының ұлттық сипатын,тілін,салт-дәстүрін,әдет-ғұрыптарын сақтай отырып, ұлтымыздың патриоттарын тәрбиелеу.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту барысында оқушыларға тек теориялық білім беріп қана қоймай, ұлттық үрдісімізден хабар бере отырып, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселесіне жете назар аударуға тырысамын.Пәнді оқытуда жаңалық болмаса, ғылым болмаса, сабақ оқушыға қызықсыз болады деп ойлаймын. Осы мақсатта халықтық педагогиканы қолданудың ғылыми негіздерін оқып үйреніп, іс-тәжірибеме енгіздім. Халықтық педагогика ұғымын айналымға тұңғыш енгізген чуваш ғалымы Г.Н.Волков. Халықтық педагогика –халықтың тәрбиелік тәжірибесін, оның көзқарасын зерттейтін ғылым,сонымен қатар тұрмыстық педагогикасы,ұлт,ру,тайпа педагогикасы туралы ғылым. Зерттеу объектісі халықтың тәлім-тәрбиесі жөніндегі ұғым түсініктері, дәстүрлері, тәжірибесі болып табылатын ғылым саласы. Әсіресе, соңғы жылдары оның зерттеу пәні, әдістері туралы, халықтық педагогикалық идеяларды бүгінгі тәрбие теориясы мен практикасында жүзеге асыру жолдарының мәселелері туралы зерттеулер едәуір көп. Бұлардың ішінде халықтық педагогиканың пайда болуы мен дамуы, қазіргі жайы жан-жақты сөз етіліп, оның теориялық-әдістемелік мәселелерін анықтауға бағытталған еңбектердің маңызы айтарлықтай.
Халықтық педагогика-тек халық даналығы, халықтың ой тілегі, адамгершілікті тәрбиелеу бастауы ғана емес,ол осы халықтың қайнар көзі, жаратылысының тамыры.
Қазіргі таңда жастар арасында бой алдырған жағымсыз қасиеттер мен сүреңсіз іс-қылықтардың етек жаюы-халықтық тәрбиеден қол үзіп бара жатқанымыздың нәтижесі екені даусыз.
Ұрпақтардың ұлттық сана-сезімін тәрбиелеп, ұлттық дүниетанымын байыту оқу пәндерін оқытудың негізгі ажырамас міндеттерінің бірі болуы тиіс. Өмір мен қоғам жас ұрпақты өз халқын,елін,жерін,әдеби-мәдени мұраларын сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу,халқымыздың салт-дәстүрін, даналығын, тұрмыс-тіршілігін танытуды дұрыс жолға қоюды қажет етеді.
Халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалана отырып,оқушылардың бойынан осынша қасиеттерді қалыптастыру жұмысын жүзеге асыруда-қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының, сыныптан тыс өткізілетін шаралардың орны ерекше.
Грамматикалық ұғымдарды таныту, олар жөнінде оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру барысында ұлттық тәлім-тәрбиелік, дүниетанымдық нақыл сөздер, бата сөздер, шешендік сөздердің үлгілерін тиімді пайдаланудың берері мол. Халқымыздың даналығын бейнелейтін тәлім-тәрбиелік сөз өрнегінің мән-мағынасын оқушыларға түсіндіре отырып, тиісті грамматикалық ұғымдардың негізгі белгілерін таныту, тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің білімдік те, тәлімгерлік те мәні зор.
Мен өз тәжірибемде қазақ тілі мен қазақ әдебиетін өзге ұлт өкілдеріне оқыту барысында халықтық педагогиканы жүйелі түрде пайдаланып отырамын.
Мысалы: қазақ тілі сабағында етістіктің бұйрық райын түсіндіргенде тек оқулықтағы мысалдармен шектеліп қоймай, халқымыздың тыйым сөздерін ұтымды пайдалануға болады. Тыйым сөздер-халықтың тәлім-тәрбие, үлгі- өнеге, ақыл- кеңес берудегі құралдардың бірі. Тыйым, негізінен балаларға арналып, өзара жаман әдет, ерсі- қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда өте маңызды қызмет атқарады. Мысалы: «Малды теппе», «Бөркіңді теріс киме», «Босағаны керме», «Құстың ұясын бұзба», «Аққуды атпа», «Бұлақтың көзін бітеме», «Құмырсқаның илеуін бұзба», «Сабаққа кешікпе», «Үлкендердің сөзін бөлме»т.б. сөздер арқылы ата-бабаларымыз жас баланың санасына қоршаған орта, табиғатқа деген ізгі сезімдерді ұялатуды көздеген.
Сондай- ақ, ауыз әдебиетінің үлгісі-салт- дәстүр жырларының бір түрі бесік жырын алып қарайықшы.
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің?-дейтін ананың бала тәрбиелеудегі ой- арманы жарқын болашақты меңзеп тұр. Яғни, болжалды келер шақты өткен кезде оқушыға білім мен тәрбие берудің ұтымды құралы.
Сан есімдерді түсіндіргенде халқымыздың жеті ата, жеті қазына, жеті жұрт, жеті шелпек, бес дұшпан, бес асыл іс сияқты қасиетті сандарға байланысты жаттығулар құрап, соларға байланысты шығармаларды еске түсіреміз.Мысалы: Ұлы Абайдың
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқып берсе:
Адам болам десеңіз
Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол-дей келе адам бойында кездесетін бес жаман қасиет:өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ және бес жақсы қасиет:талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым екендігі туралы әңгіме өткізу арқылы бала тәрбиесін этно тұрғыдан өткіземін. Ал қазақ халқының салт дәстүрлері тақырыбын өткенде тойларда, шілдехана, тұсау кесу, сүндет тойда берілетін бата түрлерінен алынған үзінділерден балаға, жастарға айтылған нақыл сөздер мен тілектердің мағынасын түсіндіру арқылы қазақ отбасында ежелден бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгеніне назар аударған абзал.
Қазақ халқының қасиетті ұғымдарының бірі- «Отан»ұғымы болған.Оған арналған көптеген мақал-мәтелдер бар.Мысалы: «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Отан оттан да ыстық». Көптеген мақал-мәтелдер бірлікке, ынтымаққа шақырады. «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Саусақ бірікпей,ине ілікпейді».Ал еңбек,еңбекқорлық туралы қаншама: «Еңбексіз өмір сөнген көмір», «Ел дәулеті еңбек», «Берген алар, еккен орар».
Сонымен қатар, қазақ халқының мақал- мәтелдері жас ұрпақты, ата- ананы,үлкендерді сыйлауға тәрбиелеуге бағытталған. «Жеті атасын білмеген жетім», «Әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Ағайын алтау, ана біреу». Кез келген мақал- мәтелден екі немесе үш сөзді тақтаға жазамын, оқушылар сол сөзден өздері мақал- мәтелді құрастырады. Мысалы: ұста- пышақ. Ұста пышаққа жарымас. 1. Іні- тыныс. 2. Ата- бала. 3. Алтын- білім. 4.Аға- жаға. Сондай- ақ, мақал- мәтелдерден өзара диктант алуға болады. Әр түрлі тақырыптағы мақал- мәтелдер таратылады. Қатысушы екіншісіне жайлап оқи бастайды. Керісінше орындалады. Содан кейін бір бірінің жазғанын сөйлемге қарамай тексереді. Сосын екеуі бірін бірі берілген мақалға қарап тексереді. Қате жіберген оқушы талдайды. Тексерген оқушы баға қойып,атын жазады. Оқушылар кезектесіп жаза береді. Берілген уақыт аяқталған соң жазған мақалдарының санына қарай мұғалім бағалайды. Оқушыларды тәрбиелеуде отбасында сақталатын салт- дәстүрлердің орны ерекше. Шілдехана, тұсау кесу, тілашар сияқты дәстүрлер балаларды жасынан ата- анасын сыйлап, туған туысқандарын біліп, сыйластық қарым- қатынаста болуын тәрбиелейді. Қазақтың халық ойындары мәдени мұралардың бірі болып саналады, ғасырлар бойы балаларды тәрбиелеудің бір құралы болып келеді. Ойын барысында балалар өмірдегі оқиғаларды бейнелейді. Ойындар баланың логикалық ойлауы мен шапшаңдығын дамытуға бағытталған. Ойнау барысында баланың дұрыс қозғалуы, ойлау қабілеттері, бір бірімен қарым- қатынас жасау мүмкіндігі туып, ойын барысында өмірде болатын оқиғалар бейнеленеді. Мысалы: тоғызқұмалақ сияқты ойындардың балалардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталғанын ескере отырып, сабақ үстінде бір екі рет ойнатып көруге болады. Себебі, бала бұл ойын ережесімен тек мәтін арқылы таныспай өзі көзбен көріп, сезінеді. Осы арада әдебиет пәнімен байланысты жүзеге асырып, тоғызқұмалақ ойыны халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының сүйіп ойнайтын ойындарының бірі болғанын атап өткен жөн.
Оқушыға білім беруге ұтымды әдістердің бірі болып табылатын көрнекілік әдісінің халықтық педагогиканы пайдалануда да рөлі үлкен. Қазақ халқының салт- дәстүрі туралы модульді өткен кезде әр түрлі көрмелер ұйымдастырып, мәтінге қосымша ретінде мазмұнына сәйкес суреттерді, қазақ киноларында салт- дәстүр үлгілері көрсетілетін фрагменттерді де көрсету тиімді. Мысалы: сабақ барысында салт- дәстүр үлгілерін, ұлттық ойындардың ережелерімен танысып, берілген суреттерден тамашалап, сыныптан тыс іс -шараларда сахналық көріністер көрсету баланың эстетикалық талғамының қалыптасуына әсер етіп ұлтжандылық тәрбие береді. Сонымен қатар «Спорт- денсаулық кепілі» атты модульді өткен кезде қазақ халқының дене шынықтыруға бағытталған «Бәйге», «Қыз қуу», «Алтыбақан» ойындары туралы мәтіндер берілген. Мәтінмен жұмыс жасалғаннан кейін, ойын ережелері талданып , бірінші, сурет арқылы, содан кейін «Менің атым Қожа» фильмінен «Алтыбақан» ойыны ойналатын және «Қыз бен жігіт» фильміндегі «Қыз қуу» ойыны ойналатын фрагменттерді тамашалау арқылы ойын шартын терең түсініп, олардың қызығушылығы арта түседі. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оқушылар қазақтың ұлттық салт- дәстүрлерін жетік біліп, мән мағынасын түсінді. Үйренгенін, білгенін ауызекі сөйлеу тілінде айта алу дәрежесіне жетті. Сондай ақ, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдейді. Ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды. Оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу, дұрыс сұрақ қойып, өз ойын сауатты, толық жеткізу дағдылары одан әрі қалыптасады.
Қорыта келгенде, қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен сабақ бере жүріп, өзімнің шығармашылық жұмысымның басты бағыттары мен мақсат міндеттерін жүйеліп, төмендегідей ой түйдім:
1. Этнопедагогика мен этнопсихология негізіндегі жүргізілетін оқу тәрбие жұмыстарын білім беру стандартына сай ұйымдастыру.
2. Жаңашылдықпен қатар өткеннің озық идеяларын пайдалануда өз тарапынан жаңа мақсат, тиімді жол іздестіру.
3. Оқу белсенділігін арттыру үшін оқытудың түрлі әдіс- тәсілдерін шеберлікпен қолдану.
Оқушының дамуын, оқу қабілетін, тәрбиесін анықтау мақсатындағы диагностикалық жұмыстың нәтижесінде толық үлгерімге қол жеткіздім. Мәселен, оқушыларым 2006 жылдан бастап қалалық аудандық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып келеді.
Қазақ тілінің қанатын кең жаюына мүмкіндік туғызуға шамамнан келгенше үлес қосуды мақсат ете отырып, мектепішілік және қалалық іс- шараларға, сайыстарға қатысып тұрамын.
Категория: Творческая мастерская | Добавил: karbozkhova (2015-10-23) | Автор: Карбозова Аяужан Жамантаевна E
Просмотров: 878 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 5:58 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru