Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

Жеке тұлға қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы
1.Мұғалім туралы жалпы мәлімет:
Нурпеисова Еркеш Болатбекқызы
«Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жеке тұлға қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы

Білім берудің жаңа модельдері үздіксіз ізденіс үстінде және ол ешқашан тоқталмақ емес.
Білім беру жүйесіндегі әлемдік үрдістер халықтың жалпы білім деңгейінің өсуімен, үздіксіз білім беру жүйесінің қалыптасуымен, жалпы орта білім берудің ұзақтығының ұлғаюымен сипатталады.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиясында көрініс тапқан әлеуметтік секторда құрамдас үш мәселеге - халықтың денсаулығына, жоғары білім деңгейіне және ұлттық рухани – адамгершілік мәселелеріне Қазақстан халқының назарын аударды.
Соның ішінде білім саласы да бар. Мәселен, 2006 жылғы Жолдауының төртінші басымдығында білім жүйесінің «бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» айтылған. Елбасы 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында да білім беру саласына ерекше көңіл бөлді:
«Мен үшін маңызды мемлекеттік бағдарламаны: білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім» деп атап көрсетті[1]. Ол үшін жалпы білім беруді 12 жылдыққа көшіру, бейіндік мектептер ашу, оқушыларға білім беруде олардың өмірлік тәжірбиесін ескеру, пәнаралық
байланысты нығайту, сол арқылы оқушыларға әлеуметтік-экономикалық тәлім – тәрбие беру, соған лайықты жаңа тұрпатты ұстаздар даярлау қажет.
Біз,мұғалімдер, осы мамандықты таңдап алғаннан кейін еліміздің бізге артып отырған жауапкершілігін ақтауға міндеттіміз деп ойлаймын. Әр оқушы- жеке тұлға, сол тұлғаның қоғам қажеттілігінен шығып, өмір бойы жететіндей біліммен, дағдымен қаруланып шығуына біз жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек.
Жақсы оқушы жақсы мұғалімнен шығатынын түйсініп, тек оқушы емес өзіміздің заман талабына сай болуымызға көңіл бөлуіміз керек. Өз тәжірибемізге іс-әрекеттегі зерттеу, коучинг пен менторинг, желілік қоғамдастық аясында жұмыс істеу сияқты тәжірибелерді енгізу арқылы өзіміздің ғана емес қоғамымыздың өзгеруіне ат салысу- мұғалім ретінде ғана емес, саналы азамат ретіндегі парызымыз деп түсінгеніміз абзал.
Қазіргі қолданылып жүрген сан түрлі технологиялардың арасынан қазіргі таңда «Сын тұрғысынан оқыту арқылы жазу мен ойлауды дамыту» технологиясы суырылып алға шықты деуге болады.
Мен де соңғы жылдары қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау стратегиясының әдістерін қарқынды енгізе бастадым.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту – педагогикалық технология. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады.
Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Мен өзімнің іс-әрекеттегі тәжірибемнің басында оқушылардың басты про проблемасын анықтап алғаннан кейін өз сабақ беру стиліме өзгеріс енгізу үші үшін арнайы жоспар құрдым. Сол өзгерістің ең бастысы мұғалім-д лімдерге іс-әрекеттегі зерттеу жұмысын жүргізуге көмектесе отырып, өз тәжі- тәжірибемді де дамыту болатын.
Ол іс-әрекеттегі зерттеуім мынадай пункттерден тұрады:
1. Өз сыныбыңызда шешкіңіз келетін мәселені анықтау.
2. Өзгеріс енгізу мақсаты мен нысанын анықтау.
3. Іс-әрекетті зерттеу-өзгерту мақсатындағы араласу.
4. Тәжірибеге негізделген деректер жинау.
Осы жұмыспен бір ай бойы айналыса отырып, мұғалімдерге ақпарат
жинауға, деректерді өңдеуге, қорытындылауға уақыт беріледі.
Келесі тоқсанда «Іс-әрекеттегі зерттеу циклін» қарастыратын боламыз.
Іс-әрекеттегі зерттеу циклін түсіндіру үшін Цафос Бумер
және басқалардың интерпретациясындағы Кеммис пен Мак
Таггарттың циклдік диаграммасын пайдаланамыз,
яғни: Жоспар Әрекет Қадағалау Талдау
Бағалау
Егер осы тәжірибені зерделеп, әр мектептің әдістемелік бірлестігі талдап өз тәжірибелеріне енгізсе, уақыт өте келе өз нәтижесін береді деп ойлаймын.
Енді осы жұмысымыздың нәтижелі болатынына қалай көз жеткіземіз деген сұраққа былай жауап берер едім.
Әр істелген жұмыс жайлы мониторинг жасап отыру, әр мұғалімнің нәтижесіне жеке қадағалау жүргізу, нәтиже болған кезде мұғалімнің соған қалай жеткені туралы тәжірибесін әріптестері арасында насихаттау, нәтижеге жете алмаған жағдайда мұғалімге себебін іздетіп, іс-әрекеттегі зертеу жүргізуге ықпал ету, кері байланысты жолға қою, оқушылармен, ата-аналармен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнату.
Мен 2014-2015 оқу жылының ІІ жартыжылдығында 5-сынып оқушыларына зерттеу жүргізуді қолға алдым.
Сынып проблемасы – оқушылардың тіл байлығының өте нашарлығы. Оның басты себебі – оқушылардың сөздік қорының тым тапшы екендігі, оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген талпыныстарының жоқтығы.
Сол мақсатпен , ең алдымен, оқушыларды қазақ тілі сабағына қалай қызықтырам деген осы сұраққа жауап іздедім. Бұрынғы өткізіп жүрген дәстүрлі сабақтарымыздың оқушыларға қызықсыз екендігін бұрыннан да байқап жүрген едім. Осы деңгейлік курс менің барлық сұрақтарыма жауап тауып бергендей болдым. «Мен неліктен өзгеру керекпін?» деген сұраққа жауап бере отырып, оқушыларымды сабаққа қызықтыру үшін сын тұрғысынан ойлау стратегиясының әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануға бет бұрдым.
Бұрын сабақ мақсатын, сабақтың тақырыбын балаларға өзім айтып, өзім тақтаға жазып қоятынмын. Енді олай істемейтін болдым. Мәселен, «Жазғы демалыс» тақырыбын өтер алдында көптеген тақырыптарға арналған түрлі-түсті суреттер алып келдім. Соларды топтарға бөліп беріп, тақырып бойынша топтауды ұсындым. Сонда көптеген суреттер табиғатқа байланысты суреттер екенін, суретте жазғы табиғаттың әр түрлі көріністері бейнеленгенін оқушылар анықтады.
Сол суреттер бойынша өздері білмейтін сөздерді анықтап, аудармасын жаздық, оны хормен оқыдық, сол сөздермен сөз тіркестерін құрап, біртіндеп-біртіндеп тапсырманы күрделендіре түсеміз. Сөйлемдер құрату арқылы тіл дамыту жұмысын жүргізуге болады. Міне, дәстүрлі сабақта біз жаңа с өздерді оқулықтан жазғызып қана, соны жаттатсақ, жаңа әдіс бойынша жаңа сөздерді, яғни таныс емес сөздерді оқушылар өздері айтады, бұл балаларды ізденуге, білмегенін білсем деген қызығушылыққа, топпен ақылдасуға, ой бөлісуге жетелейді. Дәстүрлі сабақта оқулықта берілген тапсырманы ғана орындаумен шектелсек, жаңаша сабақта топпен жұмыс істеуді, жұппен жұмыс істеуді, бірін-бірі, өзін-өзі, топ мүшелерін бағалауды үйренеді.
Жаңа сөздерді оқып-үйренуде «Аш. Қара. Жап. Жаз. Қара» тәсілін қолдандық, яғн мұндабалалар бүгінгі жаңа тақырып бойынша жаңа сөздерді оқулықтан қарайды, да даудауыстап оқиды, іштерінен бірнеше рет қайталайды, содан соң оқулықты жабады, қайтадан ашып дұрыстығын тексереді. Бұндағы мақсат-балалардың есте сақтау, көру дағдыларын дамыту. Әрі ойын сияқты көрініп, оқушылар қызыға орындайды, менің бұл тәсілдің нәтижелілігіне көзім жетті.
Бағалау кезінде топ басшылары бағалау парағын толтырып, өздерін бағалап отырды. Бұл әдіс жаңа қолданылып жүрген әдіс болмаса да, оқушылар мен мұғалімдер бұған жаңаша көзқараспен қарап, сыни тұрғыдан баға беруге тырысты. Оқушылар өздеріне бұл тәсілдің ұнағанын, кей балалардың әділдігін, дәлдігін ашып көрсете білді.
Осы мерзім ішінде мен бірнеше ашық сабақтар өткіздім.Мұндағы мақсат- тек өз бірлестігімізде емес, басқа мұғалімдерге де осы әдісті насихаттап, тиімділігіне көз жеткізу болатын.
Осы тәжірибе барысында біз өте жақсы оқитын Д-ға қарағанда, жақсы оқитын С-ның саналы түрде оқитынына көз жеткіздік, С тек жақсы баға алсам деп емес, оқу өзіне шын мәнінде қызықты болса ғана белсене, бар ынтасымен орындайды.
Ал орташа оқитын А-ға келетін болсақ, баланың сабаққа қызығушылығы төмен, оның үстіне қазақ тіліне мүлдем шорқақ, осының бәрі қосылып оқушының жақсы оқуына кедергі келтіріп отыр. Енді осы оқушының сабаққа деген қызығушылығын қалай арттыра аламыз деген сұраққа жауап іздедік. Осы жерде мен тағы (Үлестірмелі материалдар, 1-апта, 1-деңгей) оқушы сипаттамасындағы мазасыз Альманы мысалға келтірдім.
Демек, пән мұғалімі ретінде мен А. үшін қазақ тілінің қиын әрі түсініксіз болуына байланысты, ең алдымен нашар оқуының себебі туралы өзімен әңгімелесіп көрмек болдым.
Ол үшін А-ға:
• Күніне 10 шақты жаңа сөз жаттауды ұсындым.
• Жаңа сөздерді қайталап, сөйлеуге дағдылануды тапсырдым.
• Топтық жұмыс кезінде оқшауланбай бір сабақта міндетті түрде бір рет сөйлеуге міндеттендіруге тырыстым.
Бас кезінде оқушыға осындай міндеттеме қоя отырып, оны біртіндеп күрделендіре түстім, сөйтіп түпкілікті нәтижеге жету үшін салғыртсымай, қажырлылықпен жұмыс істеуге тура келді.
А мен Д сияқты оқушылар әр сыныпта да бар екені жасырын емес, ендеше осындай тыңғылықты зерттеу жұмыстарының нәтижесінде тек 3 оқушының ғана емес, көптеген оқушылардың проблемаларын шешуге болатынына көз жеткіздік.
Жалпы, бұл тәсіл арқылы әр мұғалім өзінің жаңалық енгізе алатынын, әркімнің болмашы болып көрінетін өзгерістерінің өзі мектептегі оқыту үдерісін
өзгерте алатынын, әріптестер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды роль атқаратынын жете түсіне білуі.
Осы жұмыс нәтижесі ретінде, А тобындағы, В тобындағы, С тобындағы балаларды бақылау кестесін толтырып, күнделік жазып отырдым.
Категория: Творческая мастерская | Добавил: Бородулиха (2016-02-23) E
Просмотров: 1277 | Комментарии: 1 | Теги: қазақ тілін оқыту, баяндама, сто | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 2:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru