Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шара бойынша шығармашылық есеп
2015 жылдың 11-13 қыркүйек аралығында Астана қаласындағы «Қазақ елі» монументінің алаңына үлкен этноауыл ашылды. Қазақстанның барлық өңірлерінің қатысуымен халықтық серуен ұйымдастырылып, ол мерекелік шараға Ақтөбе облысының делегациясы да қатысты.
«Қазақ Елі» монументінің алаңында 50 киіз үй тігілді., соның ішінде Ақтөбе облысының 2 киіз үйі де бар, екі үлкен сахна, спорттық алаңдар, алтыбақандар, тайқазандар және т.б. орнатылды. Этноауылда ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқанда, қазақ күресі, арқан тарту, тоғыз құмалақтан жарыстар өтті.
Ақтөбе облысының мәдени мұрасын айқындайтын, екі киіз үйден құралған, «Ақтөбе облысының киіз үйі» атты көрмемен этно ауыл орналастырылды.
Қазақ мәдениеті – бұл ұлы дала көшпенділерінің мәдениеті.ХХ ғасырда байтақ қазақ жерін мекендеген жергілікті халықтың өмір салты күрт өзгерді. Алайда көшпенділіктен ажырағанына көп бола қоймаған, әсіресе Ақтөбе өңірі, өзінің географиялық ерекшелігі мен шөл даланың табиғи-климаттық жағдайларына байланысты көшпенділер мәдениетінің көптеген жетістіктерін сақтап қалды, олардың арасында көшпенділер өркениетінің өнер туындысы – киіз үй ерекше атап айтуға тұрарлық.
Орталық 12 қанатты қонақ күтетін киіз үйде көрмеге келушілер қазақтардың жиналмалы, жылжымалы үйінің құрылымымен, ішкі жиһаздарымен таныса алды, сонымен бірге шұбат, балқаймақ, құрт, ірімшік сынды ақтөбелік қазақы дастарханнан дәм татты. Ақтөбе облысының киіз үйінде тарихи-өлкетану мұражай қорының, Ақтөбе қалалық техникалық орталығының балалардың қолымен жасалған жәдігерлері, Ақтөбе колледж сервисінің жұмыстары назарға ұсынылған. Астана қаласының тұрғындары мен Бас қаланың қонақтары Ақтөбе облысы филармониясының музыканттарының және Ақтөбе қаласының белгілі әншілері: Светлана Айтбаева, Димаш Құдайбергеновтың қатысуымен мерекелік концертін тамашалады.
Киіз үй туралы толығырақ тоқтай кетсек: шаңырақ – қазақ үйінің символы, отбасылық жәдігер, ұрпақ жалғастығының нышаны. Ол мұра болып ұлдардың кішісіне беріліп отырады және оған бабалар рухының қуаты мен жебеуші күші сіңген.
Әкенің үйі – қара шаңырақта қылыш, шоқпар, садақ, қорамсақ, найза, сауыт, ер-тоқым мен қамшы сияқты жәдігерлер орналасқан. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыра және аңшының олжасы – қасқыр терісі де ерекше орын алады. Киіз үй маңғыстаулық шеберлердің қолынан шыққан бұйым үлгілерімен – бірегей өрнекті тұскиіздер, түксіз алашалар, оның түрлері – алатеру мен жүзтеру, заттарды сақтауға және алып жүруге ыңғайлы, төртбұрыш формасындағы түкті және түксіз тоқылған, көркем өрнектелген, оң жағы белгіленген қоржын және қабырғаға ілетін керме, ағаш және теріден жасалған торсық, шайсандықтармен өрнектелген.
Қазақ отбасының дәстүрлі құқығы бойынша ұлдар үйленген соң әкесінен еншіге байлығының бір бөлігі мен киіз үй алып, бөлек шығады. Мұндай ұл бұдан былай өз шаңырағының иесі болып саналады. Отау үй – жас жұбайлардың киіз үйі.
Сонымен қатар, әйел адамдардың қолөнер шеберлігін байқауға болады. Олар жүннен киіз және киіз бұйымдар жасап, жүн жіптерден өрмек, сырғалақтарда көркем, түкті және түксіз, жіңішке, орташа және жалпақ таңғыштар, баулар, ақ және қызыл басқұрлар тоқыды. Дәл осы жерде қонақтар даланың қамысы мен жүн жіптен ғажап әдемі шымшилердің жасалу жолдарын тамашалады. Ұнаған бұйымды шеберлердің қолынан шыққан бұйымдардың көрме-жәрмеңкесі кезінде сатып алуға мүмкіндік болды.
Қазақстан 2014 жылы ЮНЕСКО-ның номинациясын жеңіп алып (Қырғызстанмен бірге), киіз үй жабдықтарын жасау шеберлігі Дүниежүзілік материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді.
Ақтөбе облысының әртістері мен өнепаздарыүш күнге созылған мерекелік шараға қатысты. Көрмеге жан жақтан келген туристер келіп, біздің Ақтөбе қалалық техникалық шығармашылық орталығының жұмыстарын таң қалды. Себебі, осы заманда балалардың қолөнерге деген қызығушылығы күшейіп келеді. Бұл көрмеге «Қамырпластика» тұзды қамырдан жасалған ұлттық нақышта жасалған балалардың жұмыстары, «Техникалық жәдігер» үйірмесінен «Киіз үй» жұмыстары, «Техникалық дизайн» үйірмесінен құмыралар, қораптар, жәдігерлер қойылды. Бұл мерекелік шара біздің көңілімізден шықты.
Республикамыздың әрбір өңірі елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына үздік хореографиялық ұжымдардың, этнографиялық ансамбльдердің, халық және эстрада жанрлары солистерінің қатысуымен бір жарым сағаттық мәдени бағдарлама да ұсынылды. Мерекелік шаралар бағдарламасына сондай-ақ сәнділік-қолданбалы өнердің көрме-жәрмеңкесі, халық шеберлерінің шеберлік дәрістері, үздік шығармашылық ұжымдардың концерттері, сонымен қатар, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті.
Категория: Творческая мастерская | Добавил: sexenbayeva (2016-03-29) E
Просмотров: 605 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 9:23 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru