Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся

Ғылыми жоба« Жаңылтпаштың тәрбиелік мәні ».
Тақырыпты зерттеудің мақсаты:
Жаңылтпаштың құрылысын зерттеп, күнделікті өмірде қажеттілігін анықтау.
Зерттеу мерзімі: 2014 жыл.
Зерттеу кезеңдері:
І. Даярлық кезеңі:
А) Жаңылтпаш туралы мәліметтерді баспасөз беттерінен іздеу, кітаптар оқу, танысу.
Ә).Жаңылтпаштың бұрын және қазіргі кезде пайда болған түрлерін салыстыру.
II. Тақырыпты зерттеу:
А) Түрлі тақырыптағы жаңылтпаштармен танысу.
Ә)Жаңылтпаштың зерттелуімен танысу.
В) Жұмысты жинақтау,зерттеу нәтижесімен өзіндік ой-пікір,ұсыныстар айту.
III. Жұмысты қорғауға әзірлік кезеңі:
А) Баннер әзірлеу.
Ә) Жұмыс негізіне баяндама жұмысын дайындау.

Жұмысты орындаудағы әдіс-тәсілдер:

Зерттеу жұмысында мәліметтер жинау, жаңылтпаштармен танысып, ғылыми негізде талдап көрсетуге талпыныс жасау.

Жұмыстың құрылымы:
• Кіріспе.
• 3 тараудан тұратын зерттеу бөлімі.
• Қорытынды.
• Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспеде: Тақырыптың өзектілігі мен мақсат-міндеттері,оның орындалу жолдары туралы сөз болды.

Зерттеу бөлімі: Жаңылтпаштың құрылымдық ерекшеліктері, күнделікті өмірде алатын орны.
Қорытынды: Жаңылтпаштың тәрбиелік мәні, қажеттілігі.

Кіріспе.

Менің аты-жөнім Төлеген Нұрай. Мен Ембі қаласындағы №2 орта мектебінің 5-сынып оқушысымын. Қорғайтын ғылыми жобамның тақырыбы: « Жаңылтпаштың тәрбиелік мәні ».
Мақсатым: Жаңылтпаштың құрылымын, пайдасын зерттеп, тәрбие беруде алатын орнына шолу жасау.
Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі: жаңылтпаштар еркін төселіп сөйлеуге жетелейді.
Ғылыми - зерттеу жұмысының жаңалығы: Жаңылтпаштың тәрбиелік мәні.
Зерттеудің барысы 3 кезеңнен тұрады.
Зерттеудің бірінші кезеңінде жаңылтпаштың құрылысы зерттелді.
Зерттеудің екінші кезеңінде жаңылтпаштың зерттелуі туралы мәлімет.
Зерттеудің үшінші кезеңінде жиналған деректер негізінде баяндама жазылып, қосымша материалдар даярланды. Зерттеудің жұмысындағы қолданылған әдістер жинақталып, жүйеленді.

Зерттеу бөлімі:
Қазақ әдебиетінің фольклоры өте бай. Соның бірі де бірегейі – жаңылтпаштар жанры. Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде жаңылтпашқа мынадай анықтама береді: «Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә тіл басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма жаңылтпаш деп аталады». Халқымыздың сөйлеу тілін дамытатын басты құрал жаңылтпаш жанры екендігіне тоқталып өтеді.
Зерттеуші Нәзір Төреқұлов «жаңылтпаш халықтық поэтикалық шығармалардағы фольклордың шағын жанрына жататын, дыбыс үйлесімділігіне негізделген, тез және айқын айтылуы қиын сөздер тізбегі» деген анықтама бере отырып, жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақтарды дидактикалық шағын жанрға жатқызады.
Жаңылтпаш – қай халық фольклорында болмасын кең таралған жанрлық түр. Қазақ жаңылтпаштарына да зерттеушiлер ертеден назар аударып келедi. Оның тұңғыш хатқа түскен үлгiлерiн 1862 жылы жазылған Әбубәкір Диваев, М.Ф.Гаврилов жазбаларынан кезiктiремiз. Қазақ әдебиетінде жаңылтпаш жанрының ғылыми маңызына алғаш рет назар аударып, зерттеген адам – Сәкен Сейфуллин едi. Ол 1931 жылғы жазған «Қазақ әдебиетi» атты зерттеуiнде былай деп жазады: «Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-күлкi «дүкенiн» құрған орында айтылатын айтыстың бiрi – жаңылтпаш. Бұл да – ертек, өлең, жұмбақ айтысу тәрiздi жастардың, балалардың тiл ұстауларына, ойнақы, қырлы сөздердi қақпақылша атқылап, билеп еркiн сөйлеуге төселулерiне өз әлiнше әдемi сабақ, тәжiрибе болатын ойын кiтапта зерттеушi жаңылтпаштың тәрбиелiк мәнi мен атқаратын қызметiн айқын аша отырып оның ойындық сипатына да назар аударады. Яғни, жаңылтпаш жеке баланың ермегi емес, ол – көбiнесе жұрт жиналған жерлерде балалардың тез де, жаңылыссыз, дыбыстарды анық сөйлеуiне дағдылануына үйрететiн өлең-ойын. Оның ойындық сипаты балалардың бiр-бiрiмен жарыса кезекпе-кезек айтысуында жатыр. Ол тiл жаттықтыру мақсатын ғана көздемейдi, жаңылтпаштағы сөздер дұрыс айтылмаса, құлаққа мүлде басқаша естiлiп, күлкi де туғызады.
Мәселен:
«Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?», - деген сияқты жаңылтпашты интонацияны дұрыс сақтамай, жылдамдата айтса, «Ақ таяқ па? Қара таяқ па?», болып мағыналық жағынан мүлде өзгерiп кетедi. Ертеректе, жаңылтпаш балалар ғана емес, ересектердiң де ермегi болған. Бiрақ ол үлкендер арасында басқашалау қызмет атқарған. «Ерте кезде ойын-сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты күлдiру, тiл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән бiлмейтiн жастарға берiлетiн жазба есебiнде қолданылған» , – деп жазады белгiлi фольклорист ғалым Мәлік Ғабдуллин, жаңылтпаштың үлкендер арасындағы қолданысы жөнiнде. Дегенмен, жаңылтпаштар негiзiнен балаларға тән мұра. Ол жөнiнде қазақ балалар әдебиетiнiң бiлгiрi Шеген Ахметов: «Бұл жанр тек қана балалар әдебиетiне арналған, көбiне мектеп жасына дейiнгi балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайықты. Олай дейтiнiмiз жеке дыбыстармен айтылуы қиын кейбiр сөздердi дұрыс сөйлеуге үйрету – көбiне балаға ғана тән нәрсе. Мұнда мiндеттi түрде оқыту арқылы ғана емес, баланы талғамы күштi қызық та көркем сөздерге әуестендiру, соған елiктiру арқылы жаттығу жүргiзу үшiн қолданылған шеберлiк бар» , – дейдi. Бұл пiкiр жаңылтпаштың балалар фольклоры құрамындағы функциясын толық ашады. Бiрақ жаңылтпаштың шығу тегi мен оның алғашқы функциясы ғылымда жете тексерiле қойған жоқ. Егер жаңылтпаштың күрделi өлең құрылысына назар аударсақ, оны шығарушылардың ересектер екенiне күмән тумайды. Яғни, ерте заманда пайда болып, үлкендер репертуарында өмiр сүрген жаңылтпаш келе-келе балалар ортасына көшкен.
Жаңылтпаш адамды өнерге, ойын дамытуға, тілін жаттықтыруға үйрететін этнопедогогикалық туынды болып есептеледі. Жаңылтпаш - баланың ойлау қабілетін дамытуда, тілін ширатуда, дүниетанымын дамытуда маңызы зор. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ойы қиялы дамиды, тәлім-тәрбие алады.
Жаңылтпаштың басқа жанрлармен байланысын зерттеу, оның қалыптасуы, даму жолдары, көркемдік ерекшеліктері жайлы ғылыми еңбектер жазу әдебиеттану ғылымына қосылған нәтижелі іс деп білеміз. Жаңылтпаштар фольклордың басқа жанрларымен де тығыз байланысты. Халықтық шығармаларды басқа жанрларымен салыстырудың өзгешеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Басқа жанрлармен байланысты зерттеу арқылы жаңылтпаштардың тарихи шығу жолын, даму және өзгеру жолдарын байқаймыз.
Кейбір шешендік сөздер мен қанатты сөздердің және ертегілер мен мақал-мәтелдердің төркіні осы жаңылтпаштармен де ұштасып, жалғасып жататынын көруге болады.
Жаңылтпаштардың басым көпшілігі халық өлеңдерімен байланысты айтылады. Тіпті аллегориялық сипатта айтылатын халық өлеңдері көбіне жаңылтпаштарға жақын болады. Әсіресе, қазақ халқының айтыс өлеңдерінде жаңылтпашпен айтылатындары өте көп. Мұнда ақындық өнермен қатар, өмірді көп біліп, көп көрген айтысушы адамның парасаттылығы мен білімділігін қажет етеді.
Жаңылтпаш – астарлы сөз, әсем жыр. Жаңылтпашта қарапайым халықтық тіл өрнектеледі. Олай болатын себебі – белгілі бір құбылыс, зат жаңылтпашталғанда, оның сипатын, кескін-кейпін, мейлінше түсінікті тілмен беру көзделеді. Жаңылтпаш – бала тілін дамыту құралы. Жаңылтпаш ықшамдылық талабына мейілінше бұлтартпастай жауап береді.
Мінсіз жаңылтпаш – мінсіз суреткерлік жемісі әрі оның дарындылық белгісі. Бұдан шығатын қорытынды, жаңылтпаш қай жанрға болса да ортақ, ағайындас есепті, солардың бәрімен де қатар дамып, халық ойының данышпандық асыл қазыналарын өз бойына жинаған мұра.
Міне, осындай қазақ фольклорының күллі мәселелеріне арналған еңбектерде де әр қырынан қарастырылса да, әлі күнге дейін біртұтас құрылымы сараланған жоқ. Сондықтан қазақ халқының бай фольклорлық мұрасын зерттеу фольклортану ғылымындағы кезек күттірмес мәселенің бірі болып табылмақ.
Қазақ фольклорының жекелеген жанрлары бойынша көптеген ғалымдарымыз ғылыми зерттеу еңбектер жазды. Жаңылтпаштардың балалар фольклорынан алатын орны айрықша. Бала тәрбиелеуде бұл жанрдың ерекше маңыздылығына халық ертеден үлкен мән берген. Қазақ халқы балалар тәрбиесіне, ұрпағының саналы болып өсуіне жіті көңіл бөлген. Бұл ұғымды саналы ұғынған қазақ халқы ұрпақ тәрбиесін бала дүниеге келген күннен бастаған. Мұндай тәлім-тәрбие жүргізу ерте кезден қазірге дейін жалғасып келе жатқан құнды дәстүріміздің бірі. Мұны, әрине, қазақтың қазыналы ауыз әдебиеті үлгілерінен көре аламыз.
Ұлтымызда балаларға арналған әдебиет пен өнер түрлері аса мол. Олар сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да бағалы жауһарлар санатына жатады. Ауыз әдебиетінің жанрлары көп жағдайда өзара бірігіп, бір-бірімен араласып, бірін-бірі толықтырып, балалар үшін ұтымды қызмет атқарып тұрады. Балалар ауыз әдебиетін жинаушы әрі зерттеуші С. Сейфуллин өзінің «Жұмбақ айтысу», «Жаңылтпаш», «Балалар ойыны», «Жастық ойын, күлкі өлең тақпақтары» деген еңбектерінде бастан-аяқ балалар ауыз әдебиетіне тән мұраларға ғылыми талдаулар жасаған.
«Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-күлкі «дүкенін» құрған орында айтылатын айтыстың бірі – жаңылтпаш. Бұл да – ертек, өлең, жұмбақ айтысу тәрізді жастардың, балалардың тіл ұстартуына, ойнақы, қырлы сөздерді қақпақылша атқылап, билеп еркін сөйлеуге төселулеріне өз әлінше әдемі сабақ, тәжірибе болатын ойын. Ойнақы, қырлы, қиын дыбысты сөздерді билеп еркін сөйлеуге төселу ретінде балаларға, жастарға жас басынан сабақ-ойын болатын нәрсе әсіресе осы – жаңылтпаш» – дейді С. Сейфуллин.
Жаңылтпаш - қазақтың ұлттық құндылығына да, ауыз әдебиетінің құндылығына да тән мұра. Жаңылтпаштар балалардың тілін дамыту және оларды жан-жақты тәрбиелеу қажетінен туып, бала тәрбиесі үшін қызмет еткен. Жаңылтпаштардың ықпалы, тәрбиелік күші жағынан жасөспірімдерді тәрбиелеудің ең маңызды белесіне айналды.
Жаңылтпашты зерттеуші ғалымдардың ой-пікірлеріне, ғылыми тұжырымдарына қарағанда жаңылтпаш та жұмбақ, мақал-мәтел сияқты фольклордың шағын жанрына жатады. Жаңылтпаш сөздер мен дыбыстарды қиындата қайталау, айтқанда тілді мүдіртіп тұтықтандыратын сөйлемді немесе сөйлемнің бөлігін шапшаң, жиі қайталау арқылы тіл ширатуға, тіл ұстартуға лайықталады. Жаңылтпаш дүниежүзі халықтарының бәрінде бар. Бірақ жаңылтпаштың қай тілдегі атауына зер салсаңыз да, оның ауыз әдебиеті үлгісінің ортақ табиғатынан өрістеп жатқанын байқау қиын емес.
Жаңылтпаш тіл дамыту мен ширатудың, әсіресе бала тілін ұстартудың тиімді құралы, дәстүрлі жолы десек, ондағы мағынасыз сөздер мен дыбыстардың ермек үшін айтылатын ретсіз жиынтығы емес. Жаңылтпаштар белгілі бір желіге құрылады да жүйелі өзіндік оқиға нышанын сөз етеді. Жаңылтпаш жанрының дәстүрлі тәлімдік-тәрбиелік мектебіне айналу мәнісі, әрине, оның танымдық қуаты мен тәрбиелік маңызынан, көркем бояулы эстетикалық күшінен, ойлы-сезімді тереңдігімен айқындалады деп түсінеміз. Сонымен қатар, дүние сырларын танытып, білім берерлік, білік-дағды қалыптастырарлық ерекшелігі де бар. Жаңылтпаш ана тілінің бай қорын, мол мұрасын бала жастан игеруге, жатық сөйлеп, тіл саздылығын тануға көмектеседі, көркем сөзді қастерлеуге тәрбиелейді.
Бала танымын кеңейтумен қатар, тілін ұстартып дұрыс сөйлеуге үйретуде жаңылтпаштың орны ерекше. «Жаңылтпаш – ауыз әдебиетінің балалардың тілін жаттықтыру мақсатындағы жанры. Бала тілінің жетігіп-жетілуіне, оралымды, анық сөйлеуіне, ана тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз саптауына баулиды», – деген анықтама берілген. Жаңылтпаш ерте заманда пайда болған жанр. Жаңылтпаштардың алғаш хатқа түскен үлгілерін Ә. Диваев, М.Ф. Гаврилов қолжазбаларынан кездестіреміз.
А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде жаңылтпашқа мынадай түсініктеме береді: «Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә тіл басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма – жаңылтпаш деп аталады». Қай халықта болсын жаңылтпаш сөйлеу аппатаратына күрделендіріліп берілетін синтаксистік жағынан дұрыс құрылған фраза болып есептеледі. Мағыналық жағынан әр түрлі болғаныман дыбысталуы жағынан жақын сөздерден, фонемалардан түзіле отырып, жаңылтпаш белгілі бір ырғақ пен әуезге негізделеді. Жаңылтпашта ырғақтың, аллетерациялық, тәсілдің болуы заңды құбылыс. Қазақ тіліндегі жаңылтпаш жанры туралы аз-кем айтылып қалатыны болмаса, осы уақытқа дейін аталған жанрдың құрылысы мен жасалу жолдары, тәсілдері туралы әлі зерттелмей келеді.
Жаңылтпаштардың шумағы құрылысына қарай қос тармақты, үш тармақты, төрт тармақты және көп тармақты болып келетіндігі белгілі.
Жаңылтпақтың шумағының ең кішісі – екі тармақтан тұрады. Тармақтың толымдысы, толымсызы болады.
Ян-ян-ян
Жүгіріп жүр қоян.
Немесе:
Іске іскер,
Істі
Іскер істер.
Толымсыз шумақтар жаңылтпашта және ауыз әдебиетінің кейбір ұсақ жанрларында ғана кездеседі. Қос тармақты жаңылтпаш шумақтарының кәсібі толымды болып келеді:
Ықылас пен Ыбырай
Ыдыстарын тасымай,
Ырыскүлден үлгі алмай,
Ынтасыз жүр тілді алмай.
Немесе:
Қызыл сиялы қалам сенде,
Көк сиялы қалам менде.
Қызыл сиялы ол алты теңге,
Көк сиялысы ол жарты теңге.
Жаңылтпаш шумақтарында тармақтардың үнемі ұйқасып келуі шарт емес, теңдес мағыналы дербес жаңылтпаштар бірыңғай буын-бунақта тұрып-ақ үш тармақты шумақ құрай алады.
Бір қыз кесте тікті,
Кестесін түсте тікті,
Кеште тікті.
Жаңылтпаштың тармақ саны мен тармақтағы буын саны неғұрлым шағын болса, шумақ соғұрлым жинақы да ширақ естіледі.
Жаңылтпаш құрылысында қайталаулар еркекше орын алады. Олар үш түрлі болып келеді. Дыбыс қайталау, буын қайталау және сөз қайталау. Дыбыс қайталау мен буын қайталау, әдетте жаңылтпаштардың үндестігін арттырып, көркейту қызметін атқарады және көбінесе қайталаудың бұл екі түрі жарыса қатар жүреді. Мысалы:
Класта ақ бор бар,
Көк бор бар,
Көп бор бар.
Немесе:
Тайлақ базардан
Қармақ алмақ,
Көлге бармақ,
Қармақ салмақ.
Жаңылтпаштар құрылысында сөз қайталаудың да мәні зор. Сөздер көбіне тармақтардың аяғында қайталайды және ойды жалғастыру, бір шумақта тұрған тармақтарды бір-бірімен байланыстыру қызметтерін атқарады.
Тау басында тарымды жедім,
Жар басында жармамды жедім.
Сайға түскен соң
Сонан қалғанды жедім.
Немесе:
Құлынтай шығады,
Тай-құнан шығады.
Кейде тай
Құнанға сай шығады!
Қайталау бірде ой мен тармақтар арасын байланыстыру үшін қолданылса, бірде толымсыз буындарды толықтырып, ұйқасты күшейту қызметін атқарады.
Киген тоны –
Оңды тон,
Өңді тон.
Сөйтіп дыбыс, буын және сөз қайталау жаңылтпаш жасаудың және оның мағынасын, байланысын тіпті ұйқасын күшейтудің бір тәсілі болып табылады.
Ал, екі тармақты жаңылтпаш шумақтары үнемі ұйқасқа құрылмайды, бірыңғай буын-бунақта, бір ырғақта тұрып-ақ ұйқассыз құрай алады.
Малға қорек керек,
Оған жарма, кебек те керек.
Өлең сөзді жаңылтпаштардың көпшілігі осындай екі тармақты шумақтан жасалады. Бұған қарағанды үш тармақты шумақтар әлдеқайда сирек кездеседі.
Көпке бекер өкпелеме,
Өкпе етпе,
Тектен-текке өкпелеме.
Төрт тармақты жаңылтпаш шумақтарында шұбыртпалы және аралас ұйқастар да ұшырасады, бірақ ондай ұйқастар төрт тармақтардан көрі үш тармақты, әсіресе көп тармақты шумақтарға тән.
Көп тармақты жаңылтпаш шумағының ұйқасы, әдетте, айнымалы келеді. Бірінде шұбыртпалы ұйқастың, екіншісінде шалыс ұйқастың өлшемі басым болады.
Шуақтаған ботамды,
Шуға апарып шудаладым.
Шудалаған шудасын
Суға салдым,
Судан алдым,
Суға малдым.
Жаңылтпаштың бала тiлiн жаттықтыруға байланысты қызметi – оның басты мiндетi. Бұл орайда, жаңылтпаштың тiлге ауыр оралатын дыбыстардан құралатынын ерекше ескерген жөн. Әсiресе:
Ара, ара, аралар,
Орманның бойын аралар.
Гүлдерден сорып бал алар,
Алысқа ұшып бара алар,
Бал тәттi ғой, балалар! – деп келетiн «Р» дыбысына жаттығуға арналған жаңылтпаштар өте көп. Ендi бiр жаңылтпаштарда:
Есiк алдындағы отынның,
Шырпылырағынан ала кел,
Томарлылығынан ала кел,
Түбiрлiрегiнен ала кел, – сияқты айтуға өте ауыр көп буынды сөздерден құралады. Егер жаңылтпаштар тек тiл жаттықтыру үшiн ғана қолданылатын жанрлық түр десек бiр жақты кеткен болар едiк. Жаңылтпаш бойында сөз ойнатып, балаларды қызықтыра тартатын эмоциялық реңк, қисынды ұйқас бар.
Шiлiктi шаптым,
Жiлiктi астым,
Шiлiктi жақтым,
Жiлiктi шақтым, – дегендегi «шаптым, астым, жақтым, шақтым» сияқты толымды ұйқаспен қоса бұл өлеңде сөздердi мағыналық жағынан да ойнату бар, бала сөздi тез айтуды ғана емес, логикалық қисынды бұзып алмауды да жадында сақтайды.
Жаңылтпаштар да тіл үйренуге өзіндік үлесін қосатынын мамандар жақсы біледі. Жаңылтпаштарды орнымен және тиімді қолдануға болатын ақыл-кеңестерді тыңдап көріңіздер.
Сөйлегенде, өлең, тақпақ айтқанда сөздің және буынның ашық, айқын айтылуына мән беріледі, әдемі сөйлейтін, сөйлеу мақамы жақсы адамдарды тыңдағыңыз келе беретіні де сөзсіз. Қай тілді үйреніп жүрсеңіз де сіз де сөйлеу мақамы жақсы адамдардың қатарына қосылғыңыз келсе, жаттығуыңыз керек. Ол үшін жаңылтпаштарды айтып жаттығып көріңіз.
Тіл үйренуде күнделікті жаңылтпаштарды қайталап жаттығып тұру жақсы нәтиже береді. Осының арқасында сіз қиын дыбысталатын тіркестерді, дыбыстау барысындағы қиындықтарды жеңе аласыз. Әсіресе жаңылтпашты тез айта бастағанда түрлі күлкілі жағдайлар болуы мүмкін.
Жаңылтпаштар тек қана сөйлеу мақамын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге адамның қиялын да дамытуға көмектеседі. Жаңылтпаштармен жұмыс істеген кезде оқушылар (студенттер, ересек адамдар) бір қалыпты, бір сарынды дауыспен оқымаулары керек. Жаңылтпаштарды қолданып өткізген сабақтар қызық ойын түрінде өтуі керек.
Жаңылтпаш мазмұнында халық өмiрiнiң түрлi қырларын таныстыратын танымдық детальдармен қатар, балаларды тағылымдық өнегеге баулитын ғибраттық сарындар да мол кездеседi.
Қамаштан көрiп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты.
Бөлiнсiн десең қалаш тең,Таласпа Жарас, Қамашпен, – тәрiздi кейiнiрек шыққан жаңылтпаштар бұл ойымызға дәлел бола алады. Жаңылтпаштардың өлең құрылысы тым шағын, қарапайым болып келедi. Дегенмен iшiнара:
Жаңбыр жауып келедi қар аралас,
Бiр топ қатын келедi шал аралас.
Тауға қайың бiтедi тал аралас,
Бiр топ сиыр келедi тана аралас, – сияқты қара өлең үлгiсiндегi шумақтар да кездеседi. Немесе:
Айыр атанды жүк қартайтар,
Семiз қойды май қартайтар.
Күйгелек менiң атамды
Жас қартайтпас, ой қартайтар, – тәрiздi нақыл деуге келетiндей жаңылтпаштар да бар. Жалпы, жаңылтпаштың ұйқасты, үйлесiмдi тiлмен келетiн өлеңдiк өрнегi де балаларға үлкен ләззат бередi.
Жаңылтпаш – қазақ балалар өлең-ойындарының iшiнде салмақты орын алатын тәрбиелiк мәнi жоғары, көркемдiк кестесi де күрделi жанрлық түрлердiң бiрi.
«Жаңылтпаштың сөздері айтуға қиын, көбінесе ұяң, қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады. Жаңылтпаштың әрбір сөзі шапшаңдата, тездете айтылуға тиіс... Ол әрбір сөзді жылдамдата айтумен қатар нақышына келтіре, мүлт кетпей оралымын таба айтуға тиіс», - деген ғалым Мәлік Ғабдуллиннің пікірінде жаңылтпаштардың тәрбиелік мәнінің жоғары екендігін дәлелдей түседі.
Зерттеуші педагог С.Ұзақбаева «Балалар ойынының қызықты да пайдалы түрлерінің бірі – жаңылтпаш. Жаңылтпаш жастайынан балаға ана тілінің бай қорын игеруге, таза, майда, анық әуенді, көркем сөйлеуге көмектеседі, сөзді қастерлеуге тәрбиелейді», - дейді. Өйткені халық баласының тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын кеңейту мақсатында жаңылтпаштарды пайдаланып келген. Сәбилік кезеңнен өтіп, мектепке дейінгі жас кезеңде жас баланың тіл байлығы өседі. Сәбилік кезеңімен салыстырғанда мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры үш есеге артады екен. Мұншалықты сөздік қорының өсу тұрмыс және тәрбие жағдайларымен тікелей байланыста болады
Жаңылтпаштар тақырып жағынан алуан түрлі. Тұрмысқа қажетті күнделікті қолданылатын заттар, табиғат және табиғи құбылыстар, шаруашылық түрлері, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі, т.б. тақырыптарды қамтиды.
Шығарма астарында жатқан ойды аңғарып, ой қорытындысын жасау алғашқы кезде балаларға қиынырақ түсуі мүмкін. Бірақ үлкендердің көмегімен бала астарлы мағынаны табуға дағдылана бастайды. Соның нәтижесінде кейін бала өлеңнің, әрбір жұмбақтың, әрбір жаңылтпаш пен өзге де шығармалардың байыбына барып, мазмұнына терең үңіліп, қорытынды шығара білуге үйренеді. Бұл бір жағынан баланың ақыл-ойын, санасын, тілін, логикасын дамытса, екінші жағынан оған этикалық және эстетикалық тәрбие береді.
Айтылмақ ой жаңылтпаш арқылы тыңдаушыға қызықты да әсерлілігімен көкейге қонымды болып, қарапайым жеткізіледі.
Мысалы:

Асан бақша жақтан ақ сабақ асқабақ әкелді,
Басқа жақтан басқарақ асқабақ әкелді.

Мұнда Асанның өз маңдай терін төгіп еңбек еткен бақшасынан алынған асқабақ пен басқа жақтан әкелген асқабағын әдемі де, астарлы, ұтқыр да тапқыр жаңылтпашпен айқындап беріп отыр. Жаңылтпаштар көп жағдайда шағын көлеммен шектеліп, заттың барлық қасиеттерін айтпай-ақ, негізгі белгілерін басшылыққа ала отырып, қысқа да нұсқа түрінде айтылады.
Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымындамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады.
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың тілін ардақтау,сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады. Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге сәйкес шығарған. Тілі шыға бастаған жас бөбекпен, тілі шыққан балдырғандардың тілінде көбінесе «р» дыбысы мен «и» дыбысын, «ш» дыбысын «с» дыбысымен шатастыру байқалады. Әсіресе, тілдің алдыңғы (тілалды) дірілмен айтылатын «р» дыбысын айту алғаш көптеген бөбектерге қиын сияқты болып көрінеді. Сондықтан жаңылтпаштар да, көбінесе сол «р» дыбысы мен «и» дыбысын қатар айтуға құрылған. Бала тіліндегі «ш» дыбысы мен «с» дыбысын шатастырып айтуды түзету үшін халық жаңылтпаштарды шығарған. Сол сияқты «қ-к», «ж-ш», «т-д», «н-ң» т.б. дыбыстарды шатыстырмай айтуға жаттықтыратын жаңылтпаштар бар.
Халық педагогикасының бұл саласын қазақ ақындары дамыта түсті. Олардың бір ерекшеліктері, ол жаңылтпаштар көбінесе әрі тіл ширату, әрі дүние таныту, әрі білім беру, тәрбиелеу. Сонымен бірге жаңылтпаштар баланы табиғатты қорғауға тәрбиелейді, баланың тілін ширатады.
Отбасында балаға жаңылтпаш айтқызып жаттықтырудың бірнеше жолы бар: ең әуелі бала жаттықтырушының айтқан жаңылтпашын жаңылмай, тез-тез айтуға үйренуі керек. Екіншіден, бірнеше баланың жаңылтпаш айтудағы жаңылмай айту қабілетімен қатар, қанша жаңылтпаш білетінін байқау үшін жаңылтпаш айтысуын ұйымдастыра білу керек. Жаңылтпаштарды жаңылмай айтудан, жаңылтпаштарды білуден озып шыққан баланы ынталандырып, мадақтап, сыйлық беріп мерейін арттыру қажет.
Балалар бақшасында тіл ширату, көркем сөз оқу, тақпақ айтуға балдырғандарды жаттықтыру үшін арнайы уақыт бөлініп, эстетикалық тәрбие жұмыстары жүргізіледі, мүмкіндігінше жаңылтпаштарды әнге қосып айтуға да болады. Балалар бақшасында ұйымдастырылған жаңылтпаш айтысудың мәні зор. Ол үшін, тәрбиеші күні бұрын жоспар жасап, керекті жаңылтпаштарды топтай білу керек. Әрине, тілі өте мүкіс, көбінесе логопедиялық дәріс алып жүрген баланы ондайда ұятқа қалдырып, сағын сындырудан сақ болған дұрыс. Өйткені жаңылтпаш айтудың психологиялық әсері де ерекше. Әсіресе, жаңылтпаш жаттығулар арқылы «р» дыбысына тілі келіп, сөзді мүдірмей айтуға баланың қуанышы қойнына сыймай, өмірдің өткелінен өткендей әсер алады.
Балалар бақшасында фольклорлық кеш өткізіп, онда жаңылтпаш айтысуға да тиісті орын беріп, айтқыш балалардың абыройын арттырып отыру керек.
Жаңылтпаштар тек жас балалардың тілін ширату үшін ғана қолданылмайды, сонымен қатар жаңылтпаш айтысып, тіл ұстартуды үлкендер де салтқа айналдырған болатын.
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тіліне деген құштарлығы артып, ойлау қабілеті шыңдалады. Сондай-ақ баланың аңғарымпаздығы, алғырлығы ұштала түседі. Бұлар, бір жағынан баланың ойлауын жетілдірсе, екінші жағынан сөздік қорын да молайта түседі.
Жаңылтпаш (аз қолданылатын атаулары – тез айтқыш, таза айтқыш, тіл сындырғыш) – халық фольклорының әзіл жанры, шағын өзіндік өлең. Жаңылтпаштар өлеңдерден сөздердегі ұқсас және айтылуы қиын дыбыстар мен әріптердің тіркесі мен орын алмастыруына негізделетіндігімен ерекшеленеді.
Жаңылтпаштардың авторы – халық. Бұрын жаңылтпаштар балаларды күлдіру және ойнату үшін ойлап табылатын. Заманауи Қазақстанда қазақша жаңылтпаштарды оқытушылар мен логопедтер мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу қабілетін жақсарту үшін жиі пайдаланады.
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тіліне деген құштарлығы артып, ойлау қабілеті шыңдалады. Сондай-ақ баланың аңғарымпаздығы, алғырлығы ұштала түседі. Бұлар, бір жағынан баланың ойлауын жетілдірсе, екінші жағынан сөздік қорын да молайта түседі. Жаңылтпаштар өз ұлтын, өз мұрасын түсінуге үйретеді. Жаңылтпаштар баланың дүниетанымын, тілін дамытып, кішкене кезден бастап мақсатты іс-әрекетке үйретеді.
Дикцияны қалай жақсартуға болады? деген сұраққа, шешендік өнеріңізбен жұртты таң қалдыру үшін дейді тіпті ең әдемі сөздердің өзі, дұрыс айтылмай тұрса кері әсер қалдыруы мүмкін. Жақсы дикция жұмысқа орналасуға барғанда, достармен араласқанда, бір сөзбен айтқанда әрқашан және барлығына да керек дей келе жаңылтпаштармен жаттығыңыз.
Дұрыс, аузына жаңғақ толтырып алып жаңылтпаш оқыды. Бұл классикалық жаттығулардың бірі. Бірақ оны дәл осылай жасаудың керегі жоқ. Оңайынан тәсіл қолданыңыз, алдымен жаңылтпашты жаңғақсыз айтып көру керек.
Осы сөздерді қиындықсыз айта бастағанда, күрделірек жаңылтпаштарға көшіңіз, содан кейін ғана жаңғақпен жаттығуды бастасаңыз болады.
«Жаңылтпаш айтудың құпиясы ашылды» дейді ғалымдар.
Нейробиологтер жаңылтпаштың миға әсерін тұңғыш рет бақылады. Дыбысталуы бір-бірінен аумайтын тіркестерді ұйқастыра қайталаудың қиын болатыны нейрондардың жұмысына байланысты екен.
Бұл туралы NatureNews хабарлайды. Ғалымдардың электрлі-физиологиялық сынағына эпилеп­­сияның ауыр түрімен ауыратын үш пациент қатысқан. Күрделі операция жасатқалы отырған олардың миының сөйлеу әдісіне, жауапты бөлігіне ми қырты­сындағы қозуды есептейтін электродтар орналастырылды. Олардың көмегімен нейрондар қызметі жөнінде мол мәлімет алынды. Ми қыртысында бірдей дыбыстарды айтуға жауапты нейрондар болады. Жаңылтпашты айтқан кезде бұл нейрондар бейберекет қозып, жұмысы шиеленісе түседі, адам сол себепті сөзінен шатасады. Ғалымдардың айтуынша, спунеризмнің (ұқсас дыбыстары бар екі сөзді айтқан кезде олардың бірінің буынының екіншісіне алмасып кетуі) сыры да осында.

Қорытынды:

Тәрбиелеуде ғасыр бойы пайдаланып келген ауызекі поэтикалық шығармашылығының асыл иректерін – бүгінгі күнге дейін құнын жоймай келген мұраны оқу – тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану көкей тесті мәселе. Себебі, олар біріншіден, оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастырады; екіншіден, логикалық ойлау қабілетін дамытып, ақыл-ой ұшқырлығына, шапшаңдыққа баулиды.
Абай Құнанбаев он тоғызыншы қара сөзінде: «Жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады» дейді. Сондықтан баланы жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет. Себебі, халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Ал халық даналығы тәрбиелік мәні зор жаңылтпаштардан көрініс табады. Қорыта айтқанда жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тіліне деген құштарлығы артып, ойлау қабілеті шыңдалады. Сондай-ақ баланың аңғарымпаздығы, алғырлығы ұштала түседі. Бұлар, бір жағынан баланың ойлауын жетілдірсе, екінші жағынан сөздік қорын да молайта түседі. Жаңылтпаштар өз ұлтын, өз мұрасын білуге үйретеді. Жаңылтпаштар баланың дүниетанымын, тілін дамытып, кішкене кезден бастап мақсатты іс-әрекетке үйретеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мухина В. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы.
1986 ж
2. Әдебиеттану терминдер сөздігі. Алматы, 1998 ж
3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1 том,1948 ж., 23-бет
4. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очерктері. Алматы, 1965. 31-б.
5. Ұзақбаева С. Қазақ халық шығармашылығының балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі мүмкіндіктері. Алматы 1994 ж
6. Байтұрсынов А. Шығармалар жинағы. 1-том. Алматы 2002 ж
7.Дәуітұлы Т. Жаңылтпаш - тәрбие құралы // Ұлағат . - 2009. - Б. 130-136.
8.Жаңылтпаштардың әдеби жанрлық қызметі. http://baq.kz/kk/blog/article.
Категория: Творческие проекты учащихся | Добавил: Эльвирок (2014-11-28) | Автор: Курантаева Эльвира Магауевна E
Просмотров: 7438 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-19, 6:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru