Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Личности

Жеке тұлға
Жеке тұлғаның эстетикалық және көркем мәдениеттің қалыптасуы.
Жеке тұлғаның эстетикалық және көркем мәдениеттің қалыптасуына көркем өнер эстетикалық тәрбиенің маңызды аспектісі болып табылады. Хореография бұл қозғалыстың, дыбыстардың, жарық бояуларының, кастюмдердің әдемілік әлемң, яғни сиқырлы өнер әлемі. Балалар мұны балет спектакльдерінің, шығармашылық альбомдардан, бейне филмдерден көруге ұмтылады. Олардың бұл пікірі құрметке лайық. Дәрігер иСелия Спаржер, «Пнптомия және балет» кітабының авторы, Англияның Королева болетінің бұрынғы кеңксшісі былай деп жазды: «балет мүсінің тәртіппен және әдемі қозғалуында аса қиын тәсіл болып табылады.»Себебі оның оқылуын тек азғана таңдауларғашектеу үшін. Олар текқана әр-түрлі жанрдағы билерді көркем орындау дағдыларын тәрбиелеп дамытпайды, сонымен қатар баланы сұлулық заңдарына.
Сай әдетпен жүріс-тұрыс ережесіне машықтандыру. Хореографиялық өнермен сабақ баланың дене дамуына себеп болады және оларды рухани азықтандырады. Бұл үйлесімді жаттығулар балаларды да ата-аналарды да жаттықтырады, жақындатады..
Тәртіптілік еңбек сүйгіштік және сабырлық- тек хореографиялық сабақта ғана емес, сонымен қатар тұрмыста да қажетті қасиеттер. Бұл сапалар жыл бойы педагог- хореографтарментәрбиеленеді және көптеген жетістіктерге жеткізеді.Өмірде өте қажет жауапкершілік сезімі би мен айналысатын балаларды алға қозғайды.
Хореографиялық оқытудағы ұқыптылық, хореографиялық киімнің тазалығы балалардың ішкі дүниксіне де әсер етеді. Әдептің тәрбиеленуі хореография сабағының бір бқлігі болып саналады. Хореографиялық сыныптағы балалрдың ешқашан үлкенің жолын кеспейтін, ұл балалардың автобустан шыққандарға көмектескенін көру қандай.
Қазіргі заманда мектепке дейінгі бүлдіршіндер арасындағы жалпақ табандылық пен омыртқаның қисаюы сияқты түрлі аурулар кең тараған. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемелердің ең басты мақсаты оқу-тәрбие беру процессінде балалардың денсаулығын нығайту болып табылады. Балаларды түрлі аурулардың алдын алуда күн бойғы әрекетінде денесін шынықтыру және сауықтыру шаралары кіріктіре жүзеге асырылу қажет. Ал, оның ішінде музыкалық ырғақты би сабағы осы өскелең ағзаның толық дұрыс дамуында көп ықпал тигізетіні анық.
Яғни музыкалық ырғақты сабақтарда әсемдік пен қатар баланың бұлшық еттерінің дамуы мен дене сымбатының дұрыс өсуіне тигізер әсері мол.
Дені сау баланың көңіл-күйі де жақсы болатыны анық яғни баланың өз-өзіне сенімділігімен ерекшелігін сезіну жеке тұлға ретінде қалыптасуына маңызды рөл атқарады.
Жұмыстың мақсаты:
1. Музыкалық ырғақты би сабақтарында балалардың эстетикалық тәрбие мен шығармашылық қабілеттерін дамыта отыра денсаулықтарын нығайту және артыру.
Жұмыстың міндеттері:
1. Би арқылы бұлшық ет күші мен иілімділігін және төзімділік қабілеттерін жаттықтыру.Әуенге сәйкес ырғақ пен қимыл үйлесімділігінің көркем де мәнерлі болуын жетілдіру.
2. Балалардың қимыл белсенділіктерін арттыру
3. Әуенге сәйкес дербес би қозғалыстарын ойлау арқылы баланың ой - қиялын және елестету қабілеттерін дамыту.
4. Ырғақты би арқылы еркіндік, шығармашылық пен психологиялық жағымды эмоциясын арттыру.
Мақсатқа жету жолдары:
1. Ойын түрлерін жүйелеу
2. Жалпы дамыту жаттығу кешенін құрастыру
3. Би ырғақтарын іріктеу
4. Конкурстар мен байқауларға қатысу
5. Бағдарламаны құрастырып тудыру
Педагог міндеті:
1. Баланың шығармашылық қызығушылығын арттыру.
2. Жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерді қолдану.
3. Жалпы ережеге, тәртіпке бағына білуге тәрбиелеу.
Ырғақты би сабағының негізгі құрылымы:
1. Реверанс
2. Қол қалыптары.
3. Жалпы дамыту жаттығулары.
4. Ойын ырғағы.
5. Саптың жаттығулары.
6. Би адымдары.
7. Тыныс алу жаттығулары.
8. Еліктеуіш жаттығулар.
Мектепке дейінгі жас адам өміріндегі өте жауапкершілікті кезеңдердің бірі, яғни осы жас шамалық кезеңде баланың денсаулығының негізі, ақыл ойы, психо-физикалық дамуы қаланып, оның жеке тұлғасы қалыптасады. Дәлірек айтар болсақ, бала өсіп дамиды сонымен қатар әуенге сай ырғақты би қозғалыстарына деген қажеттіліктері ұлғаяды. Ал музыка әуеніне қозғалу бұл би. Ырғақты би - бала үшін қозғалыс арқылы өз - өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Себебі мектепке дейінгі жастағы баланың сөздік қоры бай емес, сондықтан да бала өз сезімін, эмоциясын ырғақты би арқылы бейнелеп, қоршаған ортаға жеткізеді. Ал қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын. Қазіргі заманғы балалар биін балабақшада қолданудың тиімділігі ол, балаларды музыкалық, психо-физикалық және эстетикалық тәрбие жағынан әр - түрлі әсерлі формаларды қолдана отырып ырғақты би қозғалыстарын дамыту болып табылады. Ырғақты би қимылы арқылы бала тәрбиелік және білімділік қасиеттерді бойына сіңіреді. Ол баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның рухани бейнесін қалыптастырады. Ырғақты би қимылы тек ептілік әдемілік, шығармашылық мүсін ғана емес, баланы жігерлендіреді. Хореография сабағында тек қана би үйретіліп қана қоймай денсаулықтары нығайып, ой-өрістері дамиды. Бұлшық ет күштері жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері дамиды және дене бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді, әдемілікке деген құштарлықтары артады, яғни ырғақты би қимылы баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді. Мысалы ішкі рухани жағдайы өзгеріп, мазасыздықты басып, қандағы кортизоль деңгейін жақсартып, жалпақ табандылық, омыртқа қисаю ауыруларын алдын алады сонымен қоса балалардың зияткерлік деңгейінің артуына, оның ойлау жылдамдығына ықпалын тигізе отыра есте сақтау қабілеттерін жақсартады. Ырғақты би балаларды эстетикалық құндылыққа тәрбиелейді, эмоцияналдық көңіл-күйін жақсартады. Өздеріңіз білетіндей біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің мінез-құлықтары әр түрлі ашық, шапшаң, белсенді болса ал кейбіеулері ұялшақ, қорқақ, ұяң балалар да болады дәл осындай балалармен ырғақты би сабағында балалардың тұйық мінезін ашып, көңіл-күйлерін жақсартып, өз-өздеріне «МЕН» деген сенімдерін арттыруға болады. Біздің бүлдіршіндеріміз көптеген билерді үйреніп қана қоймай ұлттық салт дәстүрлерді тез қабылдайды. Тәрбиеленушілердің арасында ерекше, биді жоғары орындау шеберлігі мен көзге түсіп жүргендері қалалық, облыс, республика деңгейіндегі сайыс – байқауларына қатысып жүр. Атап айтар болсақ бақшаның мақтаныштары Ә.Айнұр, М.Аружан, А.Анель, К.Мадина, Асанәлі, Б.Әлишер. Олар өздерінің табиғи қабілеттерін жетілдіруде. Қазақ халқы би өнері арқылы қайғы-мұңдары мен қуанышытарын би арқылы жеткізе білген. Әсем әуенді естігенде бойы елітіп би билегісі келмейтін жан болмас. Ырғақты би қимылын қабылдау ерекшелігін белгілі бір деңгейде, дайындық кезеңінде жас ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Барламаның жаңалығы - ырғақты би үйрету дайындық кезеңінде базалық бағдарламаны жоғарлататын мазмұның бірте-бірте қиындауынан, 4-жас шамасынан басталуында. Бағдарлама мектепке дейінгі жастағы балаларды ырғақты би қиылға және әуендік оқытуға дәстүрлі тәжірибенің қолданылуына бағытталған. Бағдарлама мына принциптерді еске ала отырып өңделген: Жүйелілік пен психологиялық жайылылық, жас ерекшеліктері бойынша балалардың дамуына ғылыми әдістеменің есепке алуы отыра баланың жеке тұлға ретінде дамуына негізделуінде.
Сабақ ұзақтығы: Жас шамасына сәйкес стандарт негізінде сақталып жүргізіледі.
Бағдарламаны оқыту 3 жылға бөлінген, осы кезде дидактиканың негізгі принциптері мен әрбір топтың жас ерекшеліктері, физикалық мүмкіндіктері мен 4-7 жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескерілген. Сабақ аптасына екі рет өткізіледі.

Бағдарлама үш бөлімнен тұрады атап айтар болсақ олар
1. Ойын ритмика: жаттығуларды үйрету кезеңі және жеке қозғалыстар.
2. Ойын гимнастика: жаттығуларды тереңдетіп үйрету кезеңі, ол би бейнесі.
3. Ойын би : Жаттығуларды бекіту және одан әрі жетілдіру кезеңі толық би.
Токенова Ж.С. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Назарбаев Зияткерлік мектебі хореография
Категория: Личности | Добавил: жанар (2015-05-11)
Просмотров: 873 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 5:27 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru