Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Личности

Ұлылардан Ұлағат
Сынып: 10 «в»
Күні: 09.02.2011ж
Ұлылардан ұлағат.
Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр Әл-Фараби

Сабақтың мақсаты
1)Білімдік: Тарихи тұлға, ұлы ғұлама данышпан Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын қортындылай отырып, ұлы ғұламаның өмірінен алған білімдерін тексеру, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге баулу

2)Дамытушылық: Қазақтың асыл мұрасына жататын ғұламалардың өсиет сөздерімен танысу. Оқушыларға бағыт, бағдар бере отырып, оларды өз бетінше ізденуіне жол ашу, сөйлеу дағдыларын дамыту.

3)Тәрбиелік: Өз заманымыздың озық ойлы, кең өрісті, мәдиниетті азаматты тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта(компьютер, шығармалар жинағы, бүктеме, теледидар бейне-таспа, ұлы ғұламалардың сөздері)

Пән аралық байланыс: 1.әдебиет
2.тарих

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес интеллектуалды сабақ.

Жұмыс түрлері: ұжымдық, жұптық, жеке.

Сабақтың әдісі: сұхбат, қойылым көрсету,
сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу,
сабаққа зейінін аудару
2.Кезекшімен сұхбат
3.Психологиялық дайындық, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа бет бұру
Кіріспе сөз.
Мұғалім:
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді.
Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтар бүкіл шығыс араб-парсы мәдиниетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарға мұра етіп қалдыра білді.
Әлемдік әдебиет пен мәдениеттің алтын қорына өзіндік үлес қосқан Ұлы ғұлама Әл-Фараби өмірінен сыр ашамыз.
Бүгінгі сабақта: Ұлы ғұлама Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын қорытындылай отырып, ұлы ғұламаның өмірінен алған білімдерін, оқушылар шығармашылық жұмыстарына пайдалана отырып, көркем әдеби тілде сөйлеу арқылы, өз ойларын тиянақты жеткізе білуі.
Интерактивті тақтамен жұмыс:

Әбу Насыр Әл-Фараби

Аса көрнекті философ Ғалым
энцеклопедист Ұлы ғұлама

Мұғалім:
Қазір балалар, топқа бөлініп, атақты ғалымның еңбектерін әңгімелеп , оқып, талдап, қанатты сөздер тұрақты тіркестерді, мақалдарды орнымен қолданып, қазақшамыз қалай екенін көрсетейік.

Топпен жұмыс:
I топ - биографтар
II топ - әдебиеттанушылар
ІІІ топ- білім беру эксперттері

Мұғалім:Осы тарау барысында әр топ біраз мағлұмат дайындап
әкелдіңдер.

Бірінші кезең- биографтар кезеңі:
Биографтар:
1-оқушы:
Әл Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Фараб қаласында дүниеге келеді.
Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырар. Арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен.

2-оқушы:
Сырдария бойын мекен еткен қалың қыпшақ тайпасынан шыққан.
Мухаммед Ибн Тархан отбасында дүниеге келген. Әкесі Тархан Ибн осы атақты қала қорғанының бастығы болды, ауқатты, сауатты адам болған.
3-оқушы:
Фарабидің толық аты-жөні Әбу Насыр Мухаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан.
Сондықтан, әйгілі ғалым Фараби өз қолымен “Отырар қаласында туылдым, руым - қаңлы - қыпшақ” деп жазып қалдырған.
4-оқушы:
Он алты жасынан бастап оқу іздеп, керуенге ілесіп Бағдадқа аттанады.
Әл-Фараби Бағдадқа ең әуелі дарынды ақын, музыкант ретінде танылған. Сайф ад Дәула Әмірдің тапсырмасы бойынша музыканың заңдылығын зерттеп он екі тараудан тұратын “Музыканың үлкен кітабы” атты күрделі еңбек жазған.

II топқа кезек берейік.
Әдебиет танушылар тобы
1-оқушы:
Қазақ әдебиеті мен тарих үшін Әл- Фарабидің орны бөлек. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған. Данышпан энциклопедист- ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі – ғалымның жан жақты тұлға екенін көрсетеді.


2-оқушы:
Бүкіл шығыс араб- парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке, ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпаққа мұра етіп калдырды.

3-оқушы: Әл- Фараби өзін тек қана ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады, өлеңдерінен үзінділері сақталған, күйшілік өнері туралы әңгімелер көптеп кездеседі.
Мысалы: “Тамылжыған күй”

III топ
Білім беру эксперті
1-оқушы:
Әл Фараби философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді,ғалымның шығармаларының саны : неміс ғалымы Ш.Штейншнейдер-117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш - 160 еңбек, ал тәжік ғалымы-200 трактат деп көрсетеді.
2-оқушы:
Көп тілдерді жетік білген ғалым мынадай кітаптарды біздерге мұрағып қалдырды: 1.“Ғалымдардың шығуы.”2.“Ғалымдар энциклопедиясы.” 3.“Музыканың үлкен кітабы.”4.“Ақылдың мәні” тағы басқа көптеген еңбектер жазған.
3-оқушы:
Ал тіл ғылымы, логика, психология, география,этика тағы басқа ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше.
Өз заманындағы өнер білімінің ең асылын таңдап ала білді,өз дәуірінің шынайы әнциклопедиясын жасап қалдырды.
Топтардың жұмысына жақсы баға бере отырып қортынды бір-бір сұрақ.
Бірнеше сұрақ-сауалдар

1сауал- Туған қаласында қандай білім ордасы болды?

2сауал- Ғалымның ісін жалғастырған ғылымға берілген шәкірттері болды ма?

3сауал- Өмірдің соңында қай жерде тұрақтайды?

М: Бірінші боп сұрақ- сауалдарға қай топ жауап береді?Жақсы, тыңдайық.

Биографтар тобы: Отырар қаласы IX ғасырда ірі мәдиниет орталығы болған.
Аңызға қарағанда, Отырар кітапханасы кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орында болған. Осы кітапханада Әл-Фараби білімін толықтырған.

2 сауалға: Әдебиеттанушылар жауап береді.
Шәкірттері болды ма?
Иә, әрине. Фарабидің ісін жалғастырып, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен бірінші-Әбу Әли ибн Сина, еңбектерімен сабақтасқан ғалымдар: Бируни, Бозжани, Омар Һайям.

3 сауалға: Білім беру эксперттері жауап береді.
Ғұлама-ғалым өмірінің соңында қай жерде тұрақтайды?
Өмірінің соңына қарай Әл Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып ақырында Шам шаҺарына келіп, тұрақтайды. Осында, қайтыс болады.
М: Рахмет, үш топта жақсы білімдеріңді көрсете алдыңдар.
М: Ал,енді Әбу-Насыр Әл Фараби бөлімінен,әр өткен он тақырыптардан түйген ойларыңды(грамматикалық тапсырмаларды,аударма жұмыстар)ортаға саласыңдар.
Кім бірінші дайын? Ал бастайық.
І. Отырарлық ғалым.
3.тап.57 б.сөз тіркестерді мәтіннен тауып оқып,аудару.
Дүние салды,шежіре кітаптары,дүниежүзіндегі, бірі болды, ұлы ұстаз.
ІІ. Отырарлық кітапхана
2.тап.60 б,берілген сөз тіркестерден,сөйлем құрастыру.
Мысалы: Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.Малика ағылшын тілін жақсы біледі.Жол жүру ережесін бұзбау керек.
ІІІ.Жолаушы жігіт. 3.тап.63б, мәтіннен Әл Фарабидің киімі суреттелген сөйлемдерді оқып бер.Мысалы: Оның үстінде шаруа шапаны,басында бөркі, аяғында кебіс болады.
IV.Тамылжыған күй.
10тап.68 б,мәтінде адамның көңіл күйіне байланысты сөздер бар ма? Оқып бер.
V.Бағдатқа жол.
5тап. 70б,сөйлемдерде біріккен сөздердің астын сыз.
Бірталай-үстеу,атамекен-зат есім,көпсөзділік,ақылсыздық-сын есім.
VI.Ұстаз.
5тап.74б, мәтіннен алынған синоним сөздерді аудар:
шәкірт, оқушы;
ерегіс, ұрыс;
көз іліну, қалғу;
кемшілік, қателік;
қуану, рақаттану;
дос, жолдас;
елшілік, татулық;
VII. Ғылым жолында.
1тап. 75б,жауабын мәтіннен тауып оқы.
Сол мақсаты орындалды ма?
“Бар өмірімді ғылым жолына сарп еттім. “Табиғат пен адамзат” деген ғылымға қызмет еттім. Бағаны кейінг заман берер. Ғылым жолында әркім өзінің ақылы жеткен жеріне бір белгі қалдырып кетуі керек қой.”
VIII. Шәкірт.
5тап. 79б, шәкірт,қобыз сөздерін септеу.
IX. Ғалым.
81бет,грам тапсырма:
Мәтінде аталған қалалар қай септікте тұр, атап айт.
X. Ғалымның шәкірттері.
85бет,грам. тапсырма:
Күрделі етістікті мәтіннен тауып оқы.
Мысалы: пікірлер айтқан, қарамаған тәрізді.
М: жақсы, рахмет.
ІІІ-Сабақты қорыту, бекіту.
Интеллектуалды сайыс.
М: Әр топ алған білімдерін жетілдіру үшін дайындалған сұрақтарға жауап береді.
Ескерту: Жауапты тез, жылдам, анық айту керек.
Сұрақ-жауап
1. Отырар-Фараб қаласының түрікше аты қалай? Қарашоды.
2. Әл-Фарабидің толық аты-жөні? Әбунасыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби.
3. Әл-Фараби бейнесі неде бейнеленген? Ұлттық теңгелерде бейнеленген.
4. Алматыда Әл-Фараби атында нелер бар? Қазақ мемлекеттік ұлттық университет.1993 жылдан бастап Әбу Насыр Әл-Фараби атымен атанған. Әл-Фараби даңғылы,Әл-Фарби сауда-үйі.
5. Ғалымның 1100 жылдық мерей тойы қай қалаларда аталып өтті?
1975 жылы Мәскеу мен Бағдад шаһарында.
6. Әл-Фараби қолжазбалары бар ма? Қайда тапсырылған?
Қазақстан тәуелсіз ел болғалы Фараби қолжазбалары алғашқыда Ираннан тауып әкелген.Алматыда ұлттық университетінің кітапханасына тапсырылған.

М: Жауаптарың қанағаттанарлық, рахмет жақсы.

М:Қазақ халқы ежелден сөзге шешен бай болған халық, мақал-мәтелге ерекше мән берген.Алдарыңдағы мақалдарды дұрыс құрастырып, оқып шығу(Конвертте мақал-мәтел қиындылары жатады)

М: Бүгінгі сабағымызда уақыттың өтіп кеткенін де байқамаппыз.

Қорытынды сөз: Көне сөз-жаңа сөздің қазығы,
сендерVII-VIII ғасырлардағы өмір сүрген ғұлама Әл-Фарабидің еңбектерінен көп білім алдыңдар. Шіркін,арамыз жермен көктей! Балалар тек қана еңбектің арқасында көп, үлкен биіктерге жетуге болады екен.
М: Осындай жақсы көңіл-күймен, жақсы тілектер айтып сабағымызды аяқтаймыз.
Әр оқушы түрлі-түсті қағаздарға жазған тілектерін бір-біріне ұсынады. (Қанатты тілек сөздер)
1. Қазақ тілін жақсы меңгер!
2. Сабақтан жаңалық ал!
3. Ақылың азбай, білімің тозбасын!
4. Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!
5. Әр тіл,өз орнында ұлы!
6. Ана тіліңді жақсы меңгеріп алмай, басқа пәндерді түсіну мүмкін емес!
7. Құнды сөз, құнарлы ойдан тұрады!
8. Күш білімде!
9. Еңбек пен бақыт егіз!
10.Адам мақсатқа өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді!
11.Өнер адамдарды біріктіретін құрал!
12. Оқы да біл, ойна да күл!
13. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.
14. Көне сөз жаңа сөздің қазығы.
Оқушының білімін бағалау.
Үй тапсырмасы:
Әл-Фараби туралы эссе немесе биохат жазып келу.


Сабақтың тақырыбы:Әбунасыр әл-Фараби


Пән: Қазақ тілі
Сынып: 10 «в»
Күні: 09.02.2011ж




Дайындаған мұғалім: Бердибекова Р. И.
Категория: Личности | Добавил: Rihanna (2012-02-26) | Автор: Ұлылардан ұлағат E
Просмотров: 4269 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 0:39 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru