Главная » Файлы » Полезные программки |
2013-02-01, 10:36 AM | |
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.Халық ауыз әдебиентінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз. Қазақтың халық педагогикасын мақал – мәтелдерді болсын жұмбақ – жанылтпаштары мен ертегілері болсын бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.Балалар мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі халық педагогикасын үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу менің міндетім болып саналады.Қиял дүниесінен туған ғажайып, оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ – жанылтпаштар бәрі де мектепалды даярлық тобында кең пайдаланылатың дүниелер. Мен мектеп алды даярлық тобында жұмыс етемін.Халық педагогикасының элементтерін өте жиі қолданамын. Оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстарын, әңгімелеп беруге үйретемін. Ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс – әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай айта білуге екі адамның диологында кездесетін сұрақ, қорқыныш, талап – тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу талап етемін. Балалардың ой – өрісін дамытуға қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға өте жиі: ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар халық ойдарын, өтірік өлеңдердің пайдасы ұшантеңіз.Қазақтын халық педагогикасы балалардың ой – өрісін, дүние танымын кеңейтеді. Балаларды адагершілікке, еңбек тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіпеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. 1. Қиял - ғажайып ертегілер. 2. Хайуанаттар жайындағы ертегілер. 3. Тұрмыс - салт ертегілер. 4. Аңыз ертегілер. Осы ертегілерді мен сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өткіземін, себебі мұндағы мақсат – ертегіні ауыз екі әңгімелеуге тәсілдене отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйретемін.Оқылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен түрлі көңіл көтеру ойындардын, қуыршақ театры, көлеңке театры, ертегіні драмалау. Саусақ театры, үн – таспа жазылып алынған ертегіні тындатамын және радио арқылы берілетін ертегілер, көркем саз шеберлерінің оқыған үн – таспаларды балаларға тындатамын. Балалар өте жақсы әсер алады.Мысалы мен жұмбақтарды балаларға олардың дүние тану қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу мақсатымен үйретемін. Жұмбақ оқу жеке сабақ түрінде емес, баланың білімін тиянақтау үшін сабақ процесінде оқимын. Әсіресе, зат таныту сабақтарында қолданамын. Ал енді жанылтпаштар мен ана тілі сабағында және сабақтан тыс уақыттарда тіл ұстару, сөздің дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс, тез, шебер айта білуге жаттықтырамын, сөздің мағынасын түсіне білу мақсатымен пайдаланаын.Мақал – мәтел, нақыл сөздер – халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс – әрекеті, мінез – құлқына жасаған бақылауларына туған дана сөздерді. Бұларды мен балалардың түрлі іс – әрекетіне, мінез – құлқына байланысты тәрбие құралы ретінде пайдаланамын. Мен мектепалды тобында жұмыс істегеннен, балаларым «Бөбектер жыры», «Тұсау кесер» жырларын айтқанын өте жақсы көреді, себебі айтудың мәні зор «Бөбектер жыры» балалардың көңіліне нұр құяды, оларды елге, жерге деген сүйіспеншілікке баулып, патриоттық сезімін оятады. Халық ойына келсек – ойынның балаларды тәрбиелеуге алатын орны ерекше. Ойын арқылы тапқырлық, шапшандық, мергендік, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттермен қатар ақыл – ой тәрбиесі де жүзеге асырылады. Серуен кезінде және ертеңгіліктерде музыка ырғағымен, ойнатумен қатар, қазақтың қимыл ұлттық ойындарын қолданамын. Қазақ халық педагогикасы – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Оның халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. | |
Просмотров: 1118 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|