Главная » Файлы » ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА |
[ Скачать с сервера (19.8 Kb) ] | 2014-12-23, 6:05 PM |
Мукатова Дамет Мукаметхановна, химия,биология пәні мұғалімі. №21 жалпы орта білім беретін орта мектеп, Семей қаласы,ШҚО 9 сынып Сабақтың тақырыбы: Көміртек қосылыстары,қолданылуы Сабақтың мақсаты:көміртектің маңызды қосылыстары,олардың қасиеттері,қолданылуы жөнінде оқып,білу. Күтілетін нәтиже:1.Көміртектің қосылыстарының формуласын жаза алады. 2.Көміртек қосылыстарының қолданылуын біледі. 3.Оқулықпен өздігінен жұмыс жасай алады. 4.Өзін-өзі тексеріп,бағалай алады. 5.Тақырыпқа сай тапсырмаларды орындай алады. Көрнекіліктері: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі (кесте), слайдтар,бағалау парағы, коллекция,таратпа материалдар,стикер,маркер,ақ қағаздар. Сабақ түрі: жаңа тақырыпты меңгеру Сабақ әдістері: өзін-өзі оқыту, дидактикалық ойындар Пәнаралық байланыс: биология, математика,география. Сабақ барысы І.Ұйымдастыру. «Жақсы сөз –жарым ырыс» оқушылар тілектерін айтады. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 1.Сандар сөйлейді. Сандар көрсетіледі. Ол сандар туралы не айтуға болады? 2. «Менің тұжырымым дұрыс па?» химиялық диктант. Сұрақтар оқылады, оқушылар иә,жоқ деп жауап береді. Дұрыс жауаптары беріледі, оқушылар өз жауаптарын тексеріп бағалайды. Химиялық диктант: 1.Көміртек –металл. Жоқ 2.Сыртқы қабатында 4 электрон бар. Иә. 3.Табиғатта бос және қосылыстар түрінде кездеседі. Иә. 4.4 аллотропиялық түрөзгерісі бар: карбин,графит,фуллерен, алмаз. Иә. 5.Металмен қосылыстары карбид деп аталады. иә. 6.Алмаздың мол қоры Якутияда, Африкада. Иә. 7.Түссіз,ток өткізбейтін,ең қатты зат-графит. Жоқ. 8.Бір элементтің бірнеше жай зат түрлері аллотропиялық Түрөзгерістер деп аталады. иә. Бағалау: 8 дұрыс «5»; 7,6 дұрыс «4»; 5,4 дұрыс «3»; 3 -1 дұрыс «2». ІІІ.Жаңа тақырыпты оқыту. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Оқушыларды сабақ жоспарымен таныстыру. Әрқайсысына жеке парақтар беріледі. Онда оқушыға өзін-өзі оқытуға арналған тапсырмалар,нұсқаулықтар берілген. 1.Оқулықтан §23 оқи отырып, көміртектің маңызды қосылыстарын анықта. Дәптерге формуласын,атын жаз. 2. Көміртек (ІІ) оксидінің физикалық қасиеттерін, ағзаға әсерін оқы. Неліктен улы болатынын түсіндір. Иіс тиген жағдайда қандай көмек көрсетіледі? 3.Көміртек(ІҮ) оксидінің молекулалық,құрылымдық формуласын дәптерге жаз. Қалай аталады? Физикалық қасиеттері қандай? Бөлмеде көмір қышқылы газының мөлшері көбейсе не болады? Неге? 4. Көмір қышқылының молекулалық,құрылымдық формуласын дәптерге жаз. Диссоциациялану қалай жүреді? Реакция теңдеуін дәптерге жаз. Неліктен әлсіз электролитке жатады? 5.Көмір қышқылының химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін жаз. Тұздары қалай аталады? Ең көп тараған қосылысының формуласын жаз. Минералды тау жыныстарының үлгілерін қарап,физикалық қасиеттерін сипатта.Карбонат-ионды қалай анықтауға болады? Реакция теңдеуін жаз. Тәжірибе көрсетіледі. 6. Көміртек қосылыстарының қолданылуын оқулықтағы суреттен,слайдтан қарап, оқы. IV.Бекіту. 1. «Кім шапшаң?» сәйкестік тест. Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Дұрыс жауап беріледі. Жұппен тексереді. Ұпай саны параққа қойылады. 2. «Жоғалған формулалар». Бос тұрған ұяшықтарға формула қойылады. Ақ қағазға маркермен жазады. Дұрыс жауабын тексереді. 3. Химиялық жұмбақ. 4. Химиялық эстафета Мына өзгерістердің реакция теңдеулерін кезекпен тақтаға жазыңдар: C → CO → CO2→ Na2CO3→ CaCO3→ CaCI2 2C + O2→ 2CO 2CO + O2→ 2CO2 CO2 + Na2O →Na2CO3 Na2CO3 + CaCI2→ CaCO3 + 2NaCI CaCO3 + HCI → CaCI2 + H2O + CO2 Ү.Қорытынды,рефлексия.(2 минут) Тақырыпты түсіндім,себебі.... Сабақтан алған әсерім....(түрлі-түсті қағаздар тақтаға) Тоқсары: «сабақ мен үшін өте жақсы өтті. Мен жақсы түсініп, барлық тапсырмаларды орындадым. Тиісті бағамды алдым». Қызғылт: «сабақ қызықты болды. Мен белсенділік көрсеттім. Мен үшін пайдалы жақтары көп болды. Тапсырмаларды орындадым. Өзімді еркін сезіндім». Жасыл: « Үй тапсырмасына жауап беруге тырыстым. Берілген тапсырмаларды орындай алмадым. » ҮІ.Үйге тапсырма: §23 оқуға Бағалау(компьютерге).(1 минут) | |
Просмотров: 1657 | Загрузок: 38 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|