Главная » Файлы » ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА |
[ Скачать с сервера (22.6 Kb) · Скриншот ] | 2016-05-13, 8:34 AM |
Коучинг сессиясының жоспары Тақырыбы: Формативтік бағалау арқылы оқу сапасын арттыру І деңгей (ілгері) Сейтжанова К.Н. Өткізетін күні:25.04.2016 Өткізетін жері:№5 гимназиясы Мақсаты: Мұғалімдерге түрлі бағалау тәсілдерін анықтауға көмектесіп, бағалау үдерісін жақсартуға бағыттау. Түйінді идея: Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау. Тренингтер мен ойын түрлерін, тапсырмаларды талқылау үшін тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуіне ықпал жасау. Уақыты Коучинг сессиясының мазмұны Коуч әрекеті Қатысушылар әрекеті бағалауым 1мин Ұйымдастыру кезеңі Мақсаты: Оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін оқу куәліктері жоспарлы және жүйелі жинақталған кез келген қызмет түрлеріне қатысты ұғым туралы түсінік қалыптастыру.Оқыту үшін формативті бағалауды іс-тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау; Өзін-өзі бағалауға, бірін-бірі бағалауға үйрету; 1мин Өз-өздерін таныстыру Топқа бөлу Есімдеріне сын есім тіркеп айтуды ұсыну Қима қағаздар беру Есімдеріне сын есім тіркеп айту Мозаика құрастыру 7 мин 8мин 3мин Кіріспе Ой шақыру « Дейін және кейін» стратегиясы Бағалау түрлеріне слайдтар Мұғалімдерге Ф.П. Решетниковтың «Тағы да екілік» суреті ұсынылады. Мына суретке мұқият қараңыздаршы, ондағы отбасы мүшелерінің әрқайсының көңіл-күйі қандай? Мектептен үйіне тағы да «екілік» бағасын арқалап қайтқан оқушының түр-әлпетінен нені аңғаруға болады? Ол өзін қалай сезініп тұр? Сурет неліктен «ТАҒЫ ДА екілік» деп аталады? Тағы да екілік! Кеше де, бүгін де, ертең де... Әріптестер, қалай ойлайсыздар, бұл баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасы бар ма? Жоқ болса, неге? Оған кім кінәлі, мұғалім бе, оқушы ма? Бүгінгі коучинг семинарда біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі – бағалау мәселесіне тоқталамыз. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден-бір себеп. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімінің жоғалуына жол бермеу. Мұғалімдер дейін стратегиясына өз ойларын постерге түсіруді ұсынамын Қорғап болған постерді бір-біріне бағалату Бағалау критерииін ұсыну • Тақырыптың ашылуы • Дәлелдердің нақтылығы • Бағалаудың мұғалім үшін тиімділігі • Функционалдық сауаттылыққа сәйкестігі • Сабақтың кез-келген тұсында пайдалануға болады • Постердің рәсімделуі Бағалау түрлері бойынша слайд бойынша мәліметтер беру 1. Білім ағашы; 2. Екі жұлдыз, бір тілек; 3. Алты қалпақ; 4. «Бағдаршам» әдісі; 5. Кері байланыс т.б. 6. Бас бармақ 7. Смайликтер Постерға түсірлген ойларын қорғайды. Бірін-бір бағалайды Сол бойынша өз бағаларын және бір-бірін қайта бағалау Слайдттардан өздеріне қажеттерін алады? 15 мин 2мин Топтық тапсырма «Сергіту» сәті» «Кейін»: стратегиясы Екі жулдыз – бір тілек Әр топқа «Кластер жасау» 1-топ:Критериалды бағалауды пайдалану оқушыларға не береді? Критериалды бағалаудан мұғалім не ұтады? 2-топ: Формативтік бағалау оқушы үшін маңызы қандай? Бағалаудың ата-аналарға пайдасы бар ма? Бой жаздыру «Кейін»: мұғалімдерге тағы да өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау туралы өз түсініктерін жазуды сұраймын. Мұғалімдер осы сұрақ бойынша «Дейін» не білгендерін және «Кейін» не біліп шыққандарын салыстырады, қорытынды шығарады. Кластер жасау Бойларын жазады Өз түсініктерін қорғайды, дәлелдейді Екі тілегін бір ұсыныстарын білдіреді 5 мин Рефлексия Әр мұғалімге өзін-өзі бағалау парақшалары үлестіріледі, олар бүгінгі сабақтан алған өз білімдерін берілген критерий арқылы бес балдық жүйе бойынша бағалайды: Бірін-бірі бағалаудың тиімділігін білемін Өзін-өзі бағалау білудің пайдасын түсіндім. Критериалды бағалауды өз тәжірибемде пайдалана аламын Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйрендім (топтық жұмыс, психологиялық ахуал, т.б.) Бағалаудың түрлерін білемін («Білім ағашы», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам», «Кері байланыс», «Алты қалпақ» Бағалау парағын толтыру 3мин Кері байланыс «Үш минуттық тыныштық» Мұғалімдер бүгінгі коучингтен алған әсерлері, не үйреніп шыққандары туралы стикерлерге жазады, тақтаға жапсырады. Топтар бір-біріне екі жұлдыз, бір тілек айтады. | |
Просмотров: 1402 | Загрузок: 19 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|